Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 21:48, лабораторная работа
Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды. Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.
Мөлшері бойынша тұнбаның болуы: тұнба жоқ, аздаған, байқалатын, үлкен тұнба; сапасы бойынша – үлпек, сазбалшықты, құмды, сазды және т.с.с түсін көрсете отырып (сұрғылт, қоңыр, қара және сол сияқты) сипатталады.
28-кесте – Судың физикалық қасиеттерін зерттеу нәтижелерін жазу
Көрсеткіштер |
МЕМСТ нормативтері |
Су сынамасы | ||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 | ||
Температурасы, 0С |
||||||
Мөлдірлігі, см |
||||||
Лайлылығы, мг/л |
||||||
Түсі, град |
||||||
Иісі, балл |
||||||
Дәмі, балл |
||||||
Тұнбасы |
Жұмыстың мақсаты: тұздың химиялық құрамын (су тұздарын) зерттеуге қажетті әдістермен, құралдар және аппаратурамен танысу.
Судың химиялық құрамының көрсеткіштері
судың сапалылығын санитарлық-
Судың химиялық құрамын зерттегенде келесі көрсеткіштерді: судың реакциясы, аммиак, нитраттар мен нитриттерді, сульфаттар мен хлоридтерді, судағы темірді анықтайды.
4.2.1 Судың реакциясы (рН)
Сапалық сынама – екі пробиркаға шетіне дейін зертелетін суды толтырып алады да оларға бір бір жолақтан қызыл және көк лакмус қағаздарын салады. 5 минуттан кейін оларды дәл сондай, бірақ дистилденген суға шыланған қағаздармен салыстырады.
Қызыл қағаздың көгеруі сілтілі реакцияны, көк қағаздың қызаруы – қышқыл, қағаздардың түстерінің өзгермеуі – бейтарап реакцияны білдіреді.
рН сандық анықтау– зертханалық
рН-метр (потенциометр) көмегімен жүргізіледі.
Өлшеуді құралды қолдану нұсқау
Жақсы судың реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтілі (рН 6,0–9,0) болады.
4.2.2 Аммиакты анықтау
Суда альбуминоидты (белокты) аммиак пен минералды текті аммиак кездеседі. Малдарға органикалық текті аммиак уландырғыш әсер көрсетеді.
Сапалық анықтау – пробиркаға 10 мл зерттелетін су құяды да, 6 тамшы (0,3 мл) 50 %-ті сегнет тұзының ертіндісін, 6 тамшы (0,3 мл) Несслер реактивін қосады. Сынаманы әбден араластырады. Ертіндінің лайлануы немесе түсінің сарғыштан сары – қоңырға өзгеруі аммиак барлығын көрсетеді.
Сандық анықтау – дәл сол сынамада 10 минуттан кейін, колориметрлік кестені қолдана отырып, аммиак мөлшерін сары түстің қарқындылық дәрежесі бойынша мг 1 л суға есептеп (мг/л) анықтайды. Сапалы суда аммиактың тек иісі ғана рұқсат етіледі.
4.2.3 Нитриттерді анықтау
Суда азотты қышқылдардың тұздарының (нитриттердің) болуы оның органикалық ыдыраған қосылыстармен ластануын және суда органикалық заттарды минералдайтын оттегінің мөлшері жеткіліксіздігін көрсетеді.
Сапалық анықтау – пробиркаға 10 мл зерттелетін су құяды да, 2 тамшы күкірт қышқылын (1 : 3 сұйылтуда), үш тамшы 3 % йодты калий ертіндісін және үш тамшы 1 % крахмал ертіндісін қосады. Пробирканың ішіндегісін сілкиді.
Азотты қышқыл йодты сутегі қышқылыны бос йод бөліп ыдыратады. Бөлінген йод крахмалды көк түске бояйды, бұл суда нитриттер барлығын көрсетеді.
Сандық анықтау – Пробиркаға 10 мл зерттелетін су мен 10 тамшы (0,5 мл) Грисс реактивін құяды, содан кейін сұйықты су моншасында 5 минут бойы 70-800 С дейін қыздырады. Қыздырусыз бөлме температурасында анықтауды Грисс реактивін қосқаннан кейін 20 минут өткенде жүргізеді. Әртүрлі қарқындылықтағы қызғылт түстің пайда болуы нитриттер барлығын дәлелдейді.
29-кесте – Судағы нитриттерді анықтау
Бүйірінен қарағандағы пробиркадағы судың боялуы |
Жоғарыдан қарағандағы пробиркадағы судың боялуы |
Нитриттер мөлшері, мг/л |
1 |
2 |
3 |
Жоқ |
Жоқ |
0,001 |
Әрең байқалатын қызғылт |
Шамадан тыс әлсіз қызғылт |
0,002 |
Өте әлсіз қызғылт |
Әлсіз қызғылт |
0,004 |
29 кестенің жалғасы | ||
1 |
2 |
3 |
Әлсіз қызғылт |
Ашық қызғылт |
0,02 |
Қызғылт |
Қою қызғылт |
0,07 |
Қою қызғылт |
Қызыл |
0,2 |
Қызыл |
Ашық қызыл |
0,4 |
Сапалы суда МЕМСТ бойынша нитриттердің ізі ғана рұқсат етіледі (0,001 – 0,002 мг/л).
4.2.4 Нитраттарды анықтау
Азот қышқылының тұздары суға өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтары ыдырағанда түседі. Олардың суда болуы аммиак пен нитриттер болмаған жағдайда судағы азотты заттардың толық минерализацияға ұшырағандығын көрсетеді. Егер нитраттармен бірге суда бірмезгілде аммиак пен нитриттар болса, онда бұл су көзінің жүйелі түрде тоқтаусыз ластануын көрсетеді.
Егер суда бірмезгілде нитраттармен бірге хлоридтер мен сульфаттар болса (аммиак пен нитриттер болмаған жағдайда), онда бұл минерализация (нитрификация) үрдісінің аяқталғанын көрсетеді. Бұл жағдайда су сапалы деп есептеледі, бірақ қайта ластануды болдырмау үшін бұл су көзінен суды кезеңді тексеруден өткізіп тұру қажет.
Сапалық анықтау – таза пробиркаға 1 мл зерттелетін су құяды, оған 2 мл (екі ретке) концентрлі дифениламинді күкірт қышқылын қосады. Зерттелетін суда нитраттар болса, дифенилнитрозоамин түзілуі салдарынан қою-көк түс пайда болады.
Сандық анықтау – түссіз шыныдан жасалған пробиркаға 1 мл зерттелетін су мен 1 мл сульфофенол қышқылын тамшылары тек су бетіне таматындай етіп қосады. Қоспаны араластырып, 20 минутқа қалдырады, содан кейін боялу дәрежесі бойынша кестені қолданып, азот нитраттарының шамамен мөлшерін анықтайды. Түсінің өзгеруін бақылау үшін дәл сондай пробиркаға дистиллденген су құйып, оған сульфофенол қышқылын қосады.
30 -кесте – Судағы нитраттарды анықтау
Жоғарыдан қарағандағы түсі |
азот нитраттарының мөлшері, мг/л |
1 |
2 |
Бақылаумен салыстырғанда ғана байқалады |
0,5 |
Әрең білінетін сарылау |
1 |
30 кестенің жалғасы | |
1 |
2 |
Шамадан тыс әлсіз сарылау |
2 |
Өте әлсіз сарылау |
3 |
Әлсіз сарылау |
5 |
Әлсіз сары |
10 |
Ашық сары |
25 |
Сары |
50 |
Қою сары |
100 |
МЕМСТ бойынша азот қышқылы тұздарының (нитраттар) зерттелетін судағы мөлшері 45 мг/л мөлшерінде рұқсат етіледі.
4.2.5 Сульфаттарды анықтау
Сульфаттар (күкірт қышқылының тұздары) суда ыдыраған белокты заттардың тотығуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін, сондай ақ, су көздеріне шаруашылықтық-тұрмыстық және өндірістік қалдық сулардың түсуінде пайда болады. Судағы сульфаттар минералды текті –гипс түрінде де болуы мүмкін.
Сапалық анықтау – пробиркаға 10 мг зерттелетін суды қосады, 2 тамшы тұз қышқылымен сұйылтып, 5 тамшы 10 %-ттік хлорлы барий ертіндісін қосады. Суды қайнағанша қыздырады. Сульфаттар бар болса, органикалық және минеральдық қышқылдарда ерімейтін күкірт қышқылды барийдің ақ лайы пайда болады.
Сандық анықтау –стаканға 10 мл зерттелетін су құяды. Лай суды мөлдірленгенше алдын ала сүзеді. Содан кейін суға 2 тамшы тұз қышқылы мен 5 тамшы хлорлы барий қосады. Стаканның ішіндегісін шыны таяқшамен 30 секунд бойы араластырып, стаканды А. В. Озерновтың ең ұсақ шрифтына қояды. Стакандағы сұйықтық тыныштық күйге келгенше номері жақсы көрінетін шрифтқа ашық күндізгі жарықта немесе электрлі жарықтандыруда қарайды.
Егер суда сульфаттар көп болса, суда №5 шрифт көрінбесе, онда суды екі есе сұйылтып, бағалағанда түзету енгізеді.
Органикалық текті сульфаттардың рұқсат етілетін мөлшері 80 мл/л көп емес, ал минералды –500 мг/л көп емес.
4.2.6 Судағы темірді анықтау
Жер асты суында топырақ минаралынан және қазба кендерінен шыққан темірлі қосылыстар жиі кездеседі. Олардың мөлшері 1 л суда 1,5 мг болса, судың дәмі жағымсыз болып, сия дәміне ұқсап кетеді. Май дайындауда темірлі су майлардың үдемелі ыдырауына әкеп соғады және майға металл татымын береді.
Темірді толығымен сапалық анықтау. Темірдің шала тотығын тұздар тотығына ауыстырады, сонда олар роданды аммоний немесе калиймен қосылып, қызыл түс береді.
Пробиркаға 10 мл зерттелетін су құйып, оған 2 тамшы концентрлі тұз немесе азот қышқылын қосады. Пышақтың ұшымен 1-2 тамшы 3 %-ті сутегі асқын тотығын немесе аммоний персульфатын қосады. 4 тамшы 50 %-ды роданды калий немесе роданды аммоний қосылады. Темірдің шамамен мөлшері кесте бойынша анықталады.
31-кесте – Судағы темірді анықтау
Бүйірінен қарағандағы пробиркадағы судың боялуы |
Жоғарыдан қарағандағы пробиркадағы судың боялуы |
Темір мөлшері, мг/л |
Боялу жоқ |
Боялу жоқ |
0,05 кем |
Әрең білінетін сарғыш-қызғылт |
Өте әлсіз сарылау -қызғылт |
0,1 |
Өте әлсіз сарылау -қызғылт |
Ашық- сарылау -қызғылт |
0,25 |
Әлсіз сарылау -қызғылт |
Әлсіз сарылау -қызғылт |
0,50 |
Ашық- сарылау -қызғылт |
Сарылау |
1,0 |
Сарылау-қызғылт |
Сарылау-қызыл |
2,5 |
Ашық сарылау-қызыл |
Ашық-қызыл |
5,0 |
Сондай ақ, шала тотыққан және тотыққан темірді анықтауға болады.
Тотыққан темірді анықтау оның жиынтығын анықтау сияқты жүргізіледі. Айырмасы сутегі асқын тотығы немесе аммоний персульфатынан тұратын тотықтырғыш қосылмауында.
Шала тотыққан темірдің мөлшері жиынтық және тотық темірдің арасындағы айырмашылық бойынша анықталады.
32-кесте – Судың
химиялық құрамын зерттеу
Көрсеткіш |
Су сынамасы | ||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 | |
Су реакциясы |
|||||
Аммиак мөлшері, мг\л |
|||||
Нитриттер мөлшері, мг/л |
|||||
Нитраттар мөлшері, мг/л |
|||||
Хлоридтер мөлшері, мг/л |
|||||
Сульфаттар мөлшері, мг/л |
|||||
Темір тұздарының мөлшері, мг/л |
Жұмыстың мақсаты: далалық жағдайда судың тотығуын анықтау әдістемесін меңгеру. Марганец қышқылды калий ертіндісімен титрлеу әдісі бойынша судың тотығуын анықтау әдістемесін меңгеру.
Судың тотығуы оның органикалық заттармен ластануының маңызды санитарлық-гигиеналық көрсеткіші болып табылады. Суда органикалық заттарды тікелей анықтау қиынға түседі, сондықтан олардың мөлшерін судың тотығуы бойынша бағалайды. Судың тотығуы деп судағы органикалық заттардың тотығуы үшін қажетті оттегіге мұқтаждықты түсінеді. Судың тотығуы 1 л судағы заттардың тотығуына шығындалатын оттегі мөлгері көрсеткішімен беріледі. Неғұрылым органикалық заттар көп болса, соғұрылым оттегі көп қажет болады, сәйкесінше, титрлеуге KMnO4 ертіндісі көп қажет. KMnO4 ертіндісінің ыдырауының аяғы оның түссізденіп бітуімен танылады.
Реактивтер: 1) 1 мл қышқыл ортада 0,08 мг оттегіні беретін
0,01 нормальды KMnO4 ертіндісі; 2) 1 мл
тотығу үшін 0,08 мг оттегіні қажет ететін
0,01 нормальды қымыздық қышқылының ертіндісі;
3) 25%-ті күкірт қышқылының ертіндісі.
4.3.1 KMnO4. титрін анықтау барысы:
KMnO4 көбінесе химиялық таза препарат болып табылмауына байланысты, оның титрін қымыздық қышқылы бойынша анықтайды. Осы мақсатпен, сыйымдылығы 100 мл болатын конус колбаға таза дистиллденген су құйып, оған пипеткамен 5 мл 25 %-тті күкірт қышқылының ертіндісін және шыны бұрандалы бюреткадан– 8 мл 0, 01 нормальды KMnO4 ертіндісін қосады. Колбадағы сұйықты қайнау мерзімінен бастап тағы да 10 минут қыздырады. Содан кейін колбаға бюреткадан 10 мл қымыздық қышқылының титрленген ертіндісін қосады, сонда колбаның қызғылт түске боялған ішіндегісі түссізденеді. Түссізденген ыстық сұйықтықты KMnO4 ертіндісімен әлсіз сұйық рең пайда болғанша титрлейді.