Зоология зоогигиена

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 21:48, лабораторная работа

Описание работы

Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды. Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.

Файлы: 1 файл

48953.doc

— 3.72 Мб (Скачать файл)

3.1.3 Топырақтың  құрылымын анықтау

Құрылымдық деп топырақтың жеке әртүрлі мөлшерлі және пішінді кесектерге ыдырай алу қабілеті аталады. Құрылым деп өзара цементтелген механикалық элементтер – құм, шаң, лайдан тұратын кесектердің өздері (агрегаттар) аталады. Құрылымның аса маңызды қасиеті оның суға төзімділік дәрежесі, яғни судың шаюшы әрекетіне қарсы тұра алуы болып табылады.

Суға төзімді агрегаттар нағыз агрегаттар деп аталады  және топырақтың нағыз құрылымын  анықтайды, суға төзімсіздер – жалған және топырақтың жалған құрылымын құрайды.

Талдауды жүргізу: Химиялық стаканның жартысына дейін су құяды да, оған зерттелетін топырақ агрегаттарын (кесектерін) салады. 15 мин. қалдырады. Егер агрегат жеке механикалық элементтерге ыдыраса, ол жалған құрылымға жатады, егер ыдырамаса – нағыз құрылым.

Топырақтың механикалық  құрамы мен құрылымына топырақтың су мен ауа өткізгіштігі, бостығы мен тығыздығы, жылулық және биохимиялық қасиеттері байланысты болады.

3.1.4 Органолептикалық  көрсеткіштері

Түсі. Топырақ ондағы органикалық заттар мен қоспалардың мөлшеріне байланысты күңгірт (қара), ашық-сұр, қоңыр және басқа реңді болуы мүмкін. Күңгірт түсті топырақта органикалық заттардың, яғни гумус пен көңмен күшті тыңайтылған топырақтың қарашірігі көп мөлшерде болады. Мұндай топырақта қара топырақпен салыстырғанда патогенді микроағзалар жиі кездеседі. Гумусқа, органикалық заттарға тапшы топырақтар ашық-сұр (күлді топырақ) немесе ашық-сары (құмды, сазды топырақ) реңді болады. Мұндай топырақта органикалық заттар ғана тапшы емес, сонымен қатар  биологиялық белсенді минералды қосылыстар– кальций, фосфор, калий мөлшері де аз болады.

Иісі. Гигиеналық тұрғыда таза, ластанбаған топыраққа тән емес: нәжіспен, несеппен, тазаланбаған қалдық сулармен, мал өлекселерімен, химиялық қосылыстармен жаңа ластану кезінде пайда болатын шіріген, аммиакты, күкіртті сутекті иістері бар.

Иісті орта сынама алынуы кезінде сол орында анықтайды. Зертханада топырақтың жас сынамасын колбаға салады да, ыстық су құяды, тығынмен жабады, сілкілеп, содан соң ашады және иісті анықтайды.

Температурасы. Гигиеналық мақсатта топырақ температурасын сирек өлшейді, бірақ оның жазғы мал тұратын орынды, лагерьлер мен ерте көктемде немесе қара күзде жайылымда, сондай ақ загондардағы түнгі тұрақты таңдап алуда маңызы бар. Бұл мақсатқа арнайы термометрлер қолданылады.    

3.1.5 Топырақтағы  саңылаулардың көлемін анықтау  (кеуектілігі)

Топырақтың  кеуектілігі деп алынған топырақ көлеміне пайызбен берілген топырақ бөлшектерінің  арасындағы барлық бос аралықтардың жалпы сомасын айтады.

Топырақтың кеуектілігі  топырақ бөлшектерінің мөлшеріне, олардың пішіні мен құрылымына байланысты болады. Ұсақ кесекті топырақтарда ірі кесектімен салыстырғанда кеуектілік жоғарырақ, себебі топырақ дәндерінің мөлшері азайған сайын олардың арасындағы саңылаулар саны артады.

Топырақ кеуектілігінің үлкен санитарлық - гигиеналық маңызы бар, өйткені оған топырақ су және ауаны өткізгіштігі тәуелді болады.

Топырақтардың әртүрлі  түрлерінің кеуектілігі әртүрлі: құм  топырақтарда – 30-40 %; сазды – 50 % жоғарырақ; батпақтыда – 84 % болады.

 Талдауды жүргізу: Градуирленген 500 мл цилиндрге 250 мл топырақ салып, оған 250 мл су құяды.

Топырақ пен су араласып, барлық саңылаулары толғаннан кейін  қоспа көлемін анықтап, есептеуді  жүргізеді.

 

Р = (А – Б) – К  / В х 100

 

мұнда: Р – топырақтың кеуектілігі, %; А – топырақ көлемі, мл;  
Б – су көлемі, мл; К – топырақ пен су қоспасының көлемі, мл;  
В – топырақ пен су көлемдерінің жиыны, мл.

3.1.6 Топырақтың  ылғал сыйымдылығын анықтау

Топырақтың  ылғал сыйымдылығы деп топырақтың өзінде белгілі бір мөлшерде суды сыйғызып, ұстап тұру қасиетін айтады. 

Талдауды жүргізу: Түбі тор цилиндр алып,  өлшейді. Өлшенген цилиндрді ¾ көлемде құрғақ  топырақ салады да тағы өлшейді.

Топырағы бар цилиндрді  суы бар ыдысқа салып, ыдыстағы су деңгейін цилиндрдегі топырақта  деңгейіне дейін жеткізеді. Су топыраққа  сіңгеннен кейін, артық суды ағызып, цилиндрдің ылғалданған бетін сүртіп, өлшейді де есептеуді жүргізеді.

 

А = 100 (с - в) / (в - а)

 

мұнда: А – топырақтың ылғал сыйымдылығы, %; а – бос  цилиндр салмағы, г; в – суға салғанға дейінгі топырағы бар цилиндр  салмағы, г; с – сумен қаныққанан кейінгі топырағы бар цилиндр салмағы, г.

3.1.7 Топырақтың  капиллярлылығын анықтау

Капиллярлылық деп топырақтың капиллярлармен төменгі қабатынан  жоғарыға қарай суды көтеру қабілетін  айтады, ол топырақтың механикалық құрамына байланысты, яғни топырақ бөлшегі неғұрылым ұсақ болса, соғұрылым ылғалдың капиллярлық көтерілуі жоғары болады. Жоғары капиллярлылық салдарынан сәйкес шаралар (гидроизоляция) қолданылмаса, төсеніш пен қоралар сыз тартуы мүмкін.

Талдауды жүргізу: Штативке бірқатар (топырақ үлгілеріне байланысты) диаметрлері 2-3 см болатын, биік 50 – 100 см сантиметрлерге бөлінген шыны түтіктерді орнатады. Әрбір түтікті зерттелетін топырақпен толтырады.

Түтіктердің төменгі  ұштарын матамен орап, суы бар  астауларға 0,5 см тереңдікке батырады. Топырақ түсінің өзгеруі бойынша су көтерілуінің жылдамдығы мен биіктігін бақылайды. Су деңгейін сантиметрмен 5; 10; 15; 20 и 60 минут сайын, кейіннен әрбір сағат сайын су көтерілуі тоқталғанша белгілейді.

3.1.8 Топырақтың  су өткізгіштігін анықтау

Су өткізгіштік деп  топырақтың суды жоғарғы қабатынан төменге өткізу қабілетін айтады. Су өткізгіштік (фильтрациялық қабілет) уақыт бірлігінде белгілі бір топырақ қабытынан өткен су мөлшерімен анықталады және топырақ дәндерінің мөлшеріне, коллоидты бөлшектер болуына, сондай ақ топырақ үстіндегі судың биіктігіне байланысты.

Құмды топырақтың су өткізгіштігі – 5-8 мин, сазды топырақта – 15 мин  және одан  көп.

Талдауды жүргізу: Диаметрі 3-4 см, биіктігі 25-30 см болатын шыны түтікті алады.

Түтіктің төменгі ұшын матамен орап, 20 см биіктікке дейін құрғақ ұсақталған топырақпен толтырады да, түтік қабырғасын шертіп біркелкі орналастырады.

Топырағы бар түтікті  штативке бекітеді де топырақ үстіндегі  су деңгейін 4 см етіп түтіктің мата түбінде  алғашқы су тамшысы пайда болғанша тұрақты ұстап, су құяды.

Су өткізгіштікті анықтау  барысында суды құюды бастағандағы уақыт пен  алғашқы тамшы пайда  болған уақытты белгілейді. Уақыт  айырмасы 20 см топырақ қабатынан  судың өту жылдамдығын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

17-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу 

 

 

 

Топырақ сынамасы номері

Топырақтың физикалық  қасиеттері

 

Температурасы, оС

 

Түсі

 

Иісі

 

Кеуектілігі,

%

 

Су сыйымдылығы,

%

 

Капилярлылығы,

с/мин

 

 

Су өткізгіштігі, сек

               
               
               
               

 

3.2 Топырақты су сығындысы  бойынша санитарлық бағалау 

 

Жұмыстың мақсаты: Топырақты су сығындысы бойынша химиялық құрамы мен қасиеттерін анықтауға арналған әдістермен, құралдармен және аппаратурамен   танысу.

Топырақтың органикалық заттармен ластану деңгейін, оның ыдырауының дәрежесі мен белсенділігін топырақтағы қандай да болмасын органикалық - минералдық қосылыстардың болуы көрсетеді.

Органикалық заттардың минералды заттарға айналуы: топырақтың өздігінен тазару үрдісінің динамикасы, белсенділігі мен жылдамдығы оның ластану деңгейіне байланысты болады. Топырақты бағалауда топырақ сапасының санитарлық көрсеткіштерін білу қажет.

 

18-кесте – Топырақтың ластану уақытын анықтау

NH3

Жаңа ластанған

NH3; Cl

Ластану жақында болған

NH3; Cl; HNO2

Органикалық заттардың  ыдырау үрдісі

NH3; Cl; HNO2; HNO3

Ластану сәтінен біршама уақыт өткен, бірақ жаңа ластану да бар

Cl; HNO2; HNO3

Жаңадан ластану жоқ, органикалық заттардың минерализациясы жүріп жатыр

HNO2; HNO3

Ластану сәтінен көп  уақыт өткен 

HNO2

Органикалық заттардың  толық минералдануы


 

19-кесте – Топырақтың  ластануының санитарлық көрсеткіштері  (100 г)

Көрсеткіштер 

Топырақ

Салыстырмалы таза

Аздап ластанған

Қатты ластанған

Жалпы азот, мг

100 төмен

100 жоғары

200

Органикалық аммиак, мг

20 төмен

25 жоғары

50 жоғары

Органикалық заттардың  көміртегі, мг

300 төмен

300 жоғары

500 жоғары

1 г топырақтағы бактериялар саны

10000

Жүз мыңдай

Миллион

Ішек таяқшасы

1000мг біреу

50 мг біреу

1-2 мг біреу


 

3.2.1 Су сығындысын  даярлау

Су сығындысын даярлау  үшін 100 г топырақты өлшеп алып, 500 мл дистиллденген суды құяды да, қоспаны 3 минут бойы шайқайды. Түссіздендіру үшін 1 мл 13 % күкіртқышқылды аллюминий ертіндісін қосады. Түссізденгеннен кейін сығындыны ыстық сумен жуылған тығыз қағаз сүзгімен сүзеді. Алынған фильтратпен аммиакты, нитраттарды, нитриттарды, хлоридтерді, тотығуын анықтайды.

3.2.2 Нитриттерін  анықтау

Пробиркаға Грисс реактивінің 0,5 мл мен 10 мл сығындыны құяды. 20 минуттан  кейін (мүмкіндігінше су моншасында қыздырып) боялу деңгейі бойынша кестені қолдана отырып, нитриттердің мөлшерін шамамен анықтайды:

20-кесте – Нитритерді анықтау

Бүйірінен қарағандағы  боялуы 

Жоғарыдан қарағандағы  боялуы

Нитриттер мөлшері, мг/л

Жоқ

Жоқ

0,001

Жоқ

Дистильденген сумен  салыстырғанда әзер  байқалатын қызғылт 

0,002

Жоқ

Әзер байқалатын қызғылт 

0,004

Өте әлсіз қызғылт

Әлсіз қызғылт

0,02

Әлсіз қызғылт

Ашық қызғылт

0,04

Ашық қызғылт

Қызғылт

0,07

Қанық қызғылт

Алқызыл

0,20

Алқызыл

Ашық қызыл

0,40


 

3.2.3 Аммиакты анықтау

Пробиркаға 10 мл сығынды, 0,3 мл сегнет тұзын және 0,2 мл Несслер  реактивін құяды. 10 минуттан кейін  кесте бойынша аммиак мөлшерін анықтайды:

 

21-кесте – Аммиакты  анықтау

Бүйірінен қарағандағы  боялуы 

Жоғарыдан қарағандағы  боялуы

Аммиак мөлшері, мг/л

Жоқ

Жоқ

0,05 аз

Жоқ

Ерекше әлсіз сарғыш

0,1

Ерекше әлсіз сарғыш

Әлсіз сарғыш

0,2

Өте әлсіз сары

Сарғыш

0,4

Әлсіз сарғыш

Сары

0,8

Ашық сары

Ашық сары

2,0

Сары

Қарқынды қоңыр сары

4,0

Лайлы өткір сары

Қоңыр, ертінді лайлы

8,0

Қарқынды қоңыр, лайлы

Қоңыр лай

20,0


 

3.2.4 Хлоридтерді анықтау

Информация о работе Зоология зоогигиена