Зоология зоогигиена

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 21:48, лабораторная работа

Описание работы

Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды. Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.

Файлы: 1 файл

48953.doc

— 3.72 Мб (Скачать файл)

Жарықтануды өлшеуді  тәулігіне үш рет (10, 13 және 16 сағатта) далада және қорада жануарлар орналасқан жерде (мал тұратын орынның немесе станоктардың әрбір қатарында және қора ортасында), еденде және еденнен 0,5-1,6 м биіктікте жүргізеді. Құсты торда ұстағанда – азық астауларында батареялардың сыртқы, ортаңғы және жоғарғы қабаттары деңгейінде өлшейді.

2.5.1 Жасанды  жарықты өлшеу

Жасанды жарықты анықтау үшін қорадағы шамдар санын есептеп, олардың ваттпен берілген жалпы қуатын анықтайды. Бұл көлемді қора ауданына (м2) бөледі де,  1 м2 –қа ватт бойынша үлес қуатын табады  (Вт/м2). Содан кейін шамдардың үлес қуатын люкстер санын көрсететін, 1 Вт/м2 үлес қуаты сәйкес келетін коэффициентке (е) көбейтеді де, нәтижесінде люкспен берілген жарықтануды алады. 

 

7-кесте – Вт/м2   люкске айналдыруға арналған коэффициент мәні

Шамдар қуаты,

ватт

Желідегі 220 вольт кернеудегі коэффициент мәні

қыздыру шамдары

люминесцентті шамдар

100 дейін

2,0

6,5

100–ден жоғары

2,5

8,0


 

8-кесте – Жарықтануды  зерттеу нәтижелерін жазу 

Көрсеткіштер

Зерттеу аймағы

Жарық коэффициенті, СК, 1/Х

                Түсу бұрышы

                Саңылау бұрышы

 

Табиғи жарықтану коэффициенті, КЕО, %

 

Жасанды жарықтану коэффициенті, Вт/м2

 

 

 

2.5.2 ИҚ және УК сәулелердің жасанды көздері

Жаңа туған төлдерді өсіргенде, әсіресе өндірістік мал  шаруашылығы жағдайында қысқы байлап ұстау кезеңінде, оларды ұстау орынында локальды температуралық тәртіпті сақтап тұрудың маңызы зор. Бұл мақсат үшін инфрақызыл сәулелердің жасанды көздерін қолданады (кесте 9). Жаңа туған төлдердің бейімделу–қорғаныс реактивтілігін белсендіру және стимулдеуші әсерді қамтамасыз ету үшін, ИҚ–сәулелермен қыздыру тәртібі үзілісті болуы керек.

Бұзауларды сәулелендіргенде алғашқы бес күнде шамдарды еденнен 135-145 см, содан кейін 150-170 см биіктікке іледі. Екі жеке көршілес торға бір шам қою ұсынылады, ал бұзауларды топтап өсіргенде– 4 м2 еден ауданында бір шам қойылады. Бұзауларды тәулік бойы 10-15 күндік жасқа жеткенше келесі тәртіппен: 1 сағат қыздыру және 0,5 сағат үзіліспен қыздырады.

Аналық шошқалар ұсталынатын  қорада торайларды демалу бокстарында– екі көршілес боксқа бір инфрақызыл шам қойып қыздырады. Сәулелендіргішті еденнен 50-70 см биіктікте іледі де, торайлар өскен сайын 100 см биіктетеді. Торайларды тәулік бойы 1,5 сағат қыздыру және 0,5 сағат үзіліс тәртібімен  26-45 тәулік бойы қыздырады.

Қозыларды туғаннан кейінгі  алғашқы үш күнде тәулігіне 20 сағатқа  дейін, ал кейінгі күндері 10 сағатқа  дейін қыздырады, мұнда шамдарды әрбір 3 сағат сайын бір сағат ұзақтықта өшіріп отырады.  

Инфрақызыл сәулелендірудің  қарқындылығы минутына 0,3-0,5 кал/см2 аспауы қажет. Шамдарды ілу биіктігін малдың жасына және қораның ауа температурасына қарай өзгертіп отыру қажет. Әдетте қуаты 250 Вт болатын шамдарды жануар арқасынан 70 см  , ал 500 Вт – 100-120 см биіктікте іледі.

 

9-кесте – Инфрақызыл шамдар мен сәулелегіштер

ИҚ –сәуле көздері

Инфрақызыл сәулелендіргіштер

ИКЗ – 220 - 500

ОРИ – 1

ИКЗК – 220 - 250

ОЭИ,  ИКУФ – 1

ТЭН - 700 и 1200

ОКБ – 1376А

КГ – 220 - 1000

Латв. ИКО

ИКЗ – 220 - 375

ОРИ – 2

Газ жанғышы

ГИИВ – 1, ГИИ – 19А, ГК – 1-38, “Звездочка”


 

Малды ұстаудың өнеркәсіптік технологияларында жабық қораларда мал тұратын орында қысқы кезеңде ұстауда табиғи ультракүлгін сәулелердің өткір жетіспеушілігі байқалады. Осы мақсатпен, малдан және құстан алынатын өнімділікті жоғарылату және көбеюге қабілеттіліктерін арттыру үшін, зат алмасуды, азықтардың сіңуін және қорытылуын жақсарту үшін, солайша азық шығынын және мал өнімінің өзіндік құнын төмендетуге қол жеткізу үшін ультракүлгін сәулелермен жасанды сәулелендіру қолданылады.

УК - сәулелендіруді жүргізу ұсынылады:

А) құстардың инкубациялық жұмыртқаларына– қысқы және ерте көктем айларында (қарашадан сәуірдге дейін), сонымен қатар құстардың балапанын шыққаннан кейін алғашқы екі күнде;

Б ) жұмыртқалайтын тауықтарды, ірі мүйізді малды, шошқалар мен қойларды – қарашадан сәуірге дейін; бұзаулар мен торайларды – қазаннан мамырға дейін; құстардың торда немесе серуендетпей ұстауда – жыл бойы.

УК-сәулелендірудің қажетті шарты– оның мөлшерлемесін  
УК-сәулелендірудің ұсыныстарына негізделген экспозициясының ұзақтығын қатаң сақтау (кесте 11).

Бұзауларды, сиырларды және өндіруші-бұқаларды, шошқаларды және қойларды сәулелендіру үшін жанғышы бар эритемді сәулелендіргішті немесе механикаландырылған қондырғыны,  сонымен қатар тасымалды сәулелендіргіштерді қолданады немесе оларды тұрған малдың арқасынан 1,2-1,8 м биікке іліп қояды: екі сиырға бір сәулелендіргіш немесе екі бұқа немесе екі мегежін төлімен мал тұратын орындарда немесе жеке станоктарда ұстағанда, ал топтап ұстау кезінде бір сәулелендіргішті 15-20 м2 аудан үшін бұзауларға және 10-12 м2 ауданға сиырлар мен шошқаларға қойылады.

Балапандар мен жұмыртқалайтын тауықтарды еденде ұстағанда сәулелендіру үшін еденнен 2 м биіктікте біркелкі етіп есептеп: бір сәулелендіргішті балапан қорасының 20-25 м2 ауданына және бір сәулелендіргішті 15-20 м2 ауданға жұмыртқалайтын тауықтардың сәулелендіру үшін орналастырады.

Малды және құсты 2-3 күнде бір мәрте сәулелендіреді.

УК - сәулеленуді анықтау кезінде өлшеудің –  сәулелі, эритемді және бактерицидті үш мәнін пайдаланады.

 

10-кесте – УК- сәулелендіргіштер мен қондырғылар типтері

УК- сәулелендіргіштер мен қондырғылар типтері

Қолданылатын шамдар типтері

Тұтынылатын қуат, Вт

ЭО1 – 3ОМ

ЛЭ – 30 – 1

40

ОЭ – 1 и ОЭ – 2

ЛЭ – 30 – 1

40

ОЭСПО2 – 2 х 40 (аралас УК және жарық)

ЛЭР – 40

және  ЛБР - 40

 

100

ОРК

ДРТ - 400

500

ОРКШ

ДРТ - 400

500

УО – 4

ДРТ - 400

2000

УОК – 1

ДРТ - 400

1500

ИКУФ – 1

(аралас ИҚ және УК сәулелендіру)

ЛЭ – 15 (1 шам)

және ИКЗК-220-250

(2 шам)

520


 

Малдарды УК- сәулелендіруде эритемді мәнді қолданады. УК- сәуленің энергиясын УК-ағын деп аталады, ол ваттпен өлшенеді. Эритемді ағын бірлігі эр болып табылады, ол толқын ұзындығы 297 нм және қуаты 1 Вт болатын УК- сәулелендіру ағынына тең. Жануарға сәулелендіруде түсетін эритемді ағын тығыздығын эритемді сәулелендірілу (Fэ) деп атайды. Ол түсетін эритемді ағынның мәндерінің сәулелендіретін бет көлеміне қатынасына тең.

 

 

11-кесте – УК сәулеленудің  ауылшаруашлығы малдары мен құстарына  ұсынылатын мөлшерлері 

Жануар түрі

ДРТ-400

(ПРК-2) типті шам

ЛЭ (15-30) типті шам

мөлшер,

   мэр·сағат/м2

сәулелену уақыты, мин

мөлшер    мэр·сағат/м2

сәулелену уақыты, сағат

Сиырлар мен бұқалар

270-290

25-30

270-290

5-6

Тайыншалар мен құнажындар

180-210

20-25

180-210

4-5

6 айдан үлкен бұзаулар

160-180

15-20

160-180

4

6 айға дейінгі бұзаулар

120-140

15-20

120-140

3-3,5

Емшектегі торайлар

20-25

5-10

20-25

1-1,5

Енесінен айырған торайлар

60-80

10-15

60-80

2-2,5

Бордақыдағы мегежіндер мен шошқалар

80-90

15-20

80-90

3-4

Саулықтар

240-260

30-35

240-260

5-6

Енесінен айырмаған  қозылар

220-240

25-30

220-240

4-5

Жұмыртқалайтын тауықтар: еденде

торда

 

20-25

40-50

 

10-15

5-10

 

20-25

-

 

2,5-3

-

Балапандар:      еденде

торда

15-20

20-25

3-5

5-7

15-20

-

1-2

-


 

Эритемді сәулелендіруді 1 м2 тағы эрмен немесе 1 м2 тағы мэрмен (1 эр 1000 мэрге тең) өлшейді. Сәулелену уақытына эритемді сәулеленудің туғызылуы эритемді сәулелену мөлшері (Нэ) деп аталады. Егер сәулелену мөлшері, мысалы шошқаларда 60 мэр·сағат/ м2тең болса, эритемді сәулелену 30 мэр/ м2 болады. Онда сәулелендіру ұзақтығы 2 сағатты құрады.

Эритемді сәулелену  мен  эритемді сәулелену мөлшерін уфиметр және уфидозиметрмен өлшейді.

2.6 Қорадағы көмірқышқыл газын анықтау

 

Жұмыстың мақсаты:

Қора ауасындағы көмірқышқыл  газын анықтауға арналған қондырғылармен немесе құралдармен, қолда бар әдістермен  танысу.

Қора ауасындағы көмірқышқыл  газының мөлшері  – ауа тазалығы көрсеткіштерінің бірі. Көмірқышқыл газы (СО2) – иісі мен түсі жоқ улылығы аздаған газ. Бір литр газ 0оС температура мен 760 мм сынап бағанасы қысымда 1,9769 мг салмақта болады, ал 1 мг газ 0,509 мл көлемді алып жатады. Оның ауадағы рұқсат етілетін концентрациясы  0,25% көп емес.

Ауадағы көмірқышқыл  газын анықтау үшін бірнеше әдістерді  қолданады. Газоанализаторлар көмегімен жүргізілетін көлемдік әдістер (Холден, Кудрявцев, Калмыков және басқалары) арқылы зерттелетін ауа сынамасын сілті ертінділерінен өткізгенде көмірқышқыл газын сіңіріп, көлемінің азаюы бойынша ауадағы көмірқышқыл газы мөлшерін анықтайды. Д.В. Прохоров әдісі ауадағы көмірқышқыл газын бағдарлап анықтау үшін қолданылуы мүмкін. Бұл әдістің принципі – қора ауасы мен сыртқы атмосфера ауасының құрамын салыстырмалы тексеру, мұнда СО2 мөлшері қала ауасында 0,04% деңгейінде, ауылды жерде 0,03% шамасында сақталады.

Қора ауасындағы көмірқышқыл  газын анықтау үшін көлемдік әдістермен қатар, жеткілікті дәл нәтижелер  беретін Субботин-Нагорскийдің титрометрлік әдісін қолданады.

Әдіс принципі күйдіргіш барийдің (Ва(ОН)2) титрленген ертіндісінің белгілі бір ауа көлемінен көмірқышқыл газын сіңіруіне негізделген. Барий ертінділерінің көмірқышқыл газын сіңіргенге дейінгі және одан кейінгі титрлерінің айырмасы бойынша оның зерттеуге алынған ауа көлеміндегі мөлшерін анықтайды.

Ыдыс, құралдар мен реактивтер: 1. Дәл калибрленген, сыйымдылығы 2 л болатын шыны құмыра. Тығында шағын флакон өлшемі бойынша саңылау жасалған; 2. Сыйымдылығы 120 мл дейінгі калибрленген, тегіс (бұрандасыз) мойынды және тығынды шағын флакон; 3. Біреуіне бюретканы Ва(ОН)2 ертіндісімен толтыруға арналған резина грушаны  жалғауға болатын, натронды әк салынған түтік кигізілген, сыйымдылығы 50 мл екі бюретка; 4.Термометр; 5.Барометр; 6. 1 мл ертінді 1 мг көмірқышқыл газын байланыстыратындай етіп дайындалған Ва(ОН)2 ертіндісі; 7. 1 мл ертіндісі 1 мг СО2 тура сәйкес келетін қымыздық қышқылының (С2Н2О4·2Н2О) ертіндісі; 8. Индикатор –сілтілі ортада қызыл түске боялатын, ал қышқыл ортада түссіз күйде қалатын фенолфталеиннің 1% спирттік ертіндісі.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Зоология зоогигиена