Зоология зоогигиена

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 21:48, лабораторная работа

Описание работы

Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды. Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.

Файлы: 1 файл

48953.doc

— 3.72 Мб (Скачать файл)

Газ анализаторының жұмыс істеу принципі озиянды әсер ететін газдары бар ауаны арнайы ұнтақпен толтырылған индикатор түтік арқылы соруға негізделген. Түтіктегі индикатор ұнтағының түсі өзгеруі түтік арқылы сорылған газ бен индикатор ұнтақтың реактиві арасындағы реакция нәтижесінде жүреді. Түтіктегі индикатор ұнтақтың боялған бағанасының ұзындығы ауадағы талданатын газдың концентрациясына пропорциональды болады және мг/м3 ауамен градуирленген шкала бойынша өлшенеді. Ауа соратын құрылғының негізгі бөлігі қорапшаның ішінде орналасқан сифонды созылған күйінде ұстап тұратын жаншылған пружинасы бар резина сифон (баллон) болып табылады.

Зерттелетін ауа индикатор түтіктер арқылы сифон насостың көмегімен  жылғашалы арнайы металл стержень  – штокпен сифонды белгілі бір мәнге алдын ала басқаннан кейін сорылады. Сифонның қысылу дәрежесі штоктың бағыттаушы жылғашасында орналасқан екі бекіткіш саңылаудың арасындағы арақашықтықпен анықталады. Бекіткіш саңылаулар арасындағы арақашықтық штоктың бір шұңқырдан екіншісіне өтуі кезінде сифон берілген газды талдауға қажетті зерттелетін ауа мөлшерін алатындай етіп есептелген.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 12 – УГ-2 типті әмбебеп газ анализаторы

1 – калибрлі шток; 2 – резина түтік; 3 – фиксатор;  
4 – индикаторлы түтік

Ауадағы талданатын газдың концентрациясын анықтауға арналған индикатор түтік  ұзындығы 92 мм ішкі диаметрі 2,5-2,6 мм болатын, түтікте екі мақта және мыс сымнан жасалған тығынмен ұсталып тұратын сәйкес индикаторлы ұнтақпен толтырылған шыны түтіктен тұрады.

Талдауды бастамас бұрын, түтікті индикатор ұнтақпен толтыру  үшін шыны түтіктің бір ұшына метал мыс стержень, ал қарама қарсы жағына – гигроскопиялық мақтадан жасалған қабатты салады. Метал мыс тығынды арнайы істікпен мақтаға жақындатады. Содан кейін құрғақ, газдалмаған, жақсы желдетілетін бөлмеде түтікке индикатор ұнтақты себеді. Түтікте ұнтақты қабырғаларын ұра отырып, тығыздағаннан кейін үстінен дәл сондай мақта қабат салып, тығынмен бекітеді. 

Индикатор ұнтақты бөгде  әсерлерден сақтау үшін түтіктің ашық ұштарын алюминийлі жылтыр қағазбен астарлаған кеңсе сургучынан жасалған қалпақшалармен герметизациялап тастайды, оны талдау алдында ғана ашады. 

Анықтау барысы

Штокты ауа сорғыш құрылғының бағыттайтын төлкесіне  салады. Қол қысымымен штокты итеріп, сифонды стопор штоктың жылғашасының жоғарғы шұңқырымен дәл келгенше қысады. Индикаторлық түтікті сургуч бұғауынан (қалпақшалардан) босатады, ұнтақ бағанасы және мақта қабатынын арасындағы саңылауды жою үшін түтіктегі ұнтақты нығыздайды. Ауа сорғыш құрылғының резеңке түтігін индикаторлық түтіктің кез-келген ұшымен қосады, шток қалпағына алақанмен сәл басып стопорды ысырады, кейіннен шток жоғары қарай қозғала бастайды. Осы кезде зерттелетін ауаның индикаторлық түтік арқылы сорылуы жүреді. Стопор оқтамасы жылғашаның төменгі шұңқырына енгенде, шерту естіледі және шток қозғалысы тоқтайды.

Көмірқышқыл газының  рұқсат етілетін шекті концентрациясын  анықтау үшін сорылатын ауаның көлемі 400 мл, аммиакты анықтауда –250 мл, күкіртті сутекте –300 мл және көміртегі тотығы үшін –220 мл құрауы керек. Улағыш концентрациялар  үшін сәйкесінше: 100;30;30 және 60 мл.

Қандай да болмасын зиянды әсерлі газы бар зерттелетін ауа  индикаторлық түтік арқылы сорылғанда, индикаторлы ұнтақ бағанасының  ауа кірген жағы басқа түске боялады (аммиак ықпалымен ұнтақтың сары түсі көкке ауысады, күкіртті сутегі болса, ақ ұнтақ қоңыр түске ие болады, ал көміртек тотығында –қоңыр сақина көрінеді).

Сорылу аяқталғанда  индикаторлық түтікті резеңке түтіктен шешеді де, түтіктегі индикаторлық ұнтақтың боялған бағанасының төменгі  шекарасы шкаланың ноль бөлінуімен дәл  келетіндей етіп шкалаға басады. Боялған бағананың жоғарғы шекарасы шкалада анықталатын газ концентрациясын мг/ м3 көрсетеді. Концентрацияны санауды түтік арқылы жіберілген зерттелетін ауа көлеміне тәуелділікте белгілі бір шкала бойынша жүргізеді. Барлық жағдайларда қайта анықтаулар жүргізу қажет, олар талданатын газ концентрациясының өзгерісін көрсетеді.

Газ анализаторының негізгі  техникалық деректері, қолдану кезінде  күту талаптары, сонымен қатар талдауға арналған индикаторлық түтіктердің  жабдықталуы әрбір құралға ұсынылатын нұсқауда толық баяндалған.

Қора ауасында газдардың мөлшерін өлшеу принципі: мал шаруашылығы қораларының ауасындағы газдардың концентрациясын тәулігіне үш рет: таңертең, түсте және кешке анықтайды. Талдауды екі – үш аймақта температура мен ылғалдылықты анықтаумен ұқсас жүргізеді.

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары

 

1 Микроклимат және  оны анықтайтын факторлар дегеніміз  не?

2 Ауа температурасының гигиеналық мәні неде?

3 Ағза мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу қалай жүреді?

4 Ересек мал мен төлдерде жылу реттелуі қалай жүзеге асады?

5 Мал қораларында ауа температурасын өлшеу ережелері қандай?

6 Ауа температурасын өлшеуге арналған құралдарға сипаттама беріңіз?

7 Термографтың құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай?

8 Қора ауасы ылғалдылығының мал ағзасына әсері қандай?

9 Қора ауасындағы ылғалдың жиналу көздерін атаңыз?

10 Мал қорасындағы ауаның жоғары ылғалдылығымен қандай күрес шаралары жүргізіледі?

11 Температура мен ылғалдылықтың әртүрлі үйлесімі мал ағзасына қалай әсер етеді?

12 Қандай гигрометрлік көрсеткіштерді білесіз?

13 Ауаның ылғалдылығын анықтауға арналған құралдарға сипаттама беріңіз?

14 Мал қораларында ылғалдылықты өлшеу қалай жүргізіледі?

15 Гигрографтың құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай?

16 Ауаның қозғалысы мал ағзасына қалай әсер етеді?

17 Мал қораларындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы қандай факторларға байланысты?

18 Мал қораларында ауаның қозғалыс жылдамдығын реттеудің қандай әдістерін білесіздер?

19 Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтауға арналған құралдардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай?

20 Мал ағзасына күн сәулесінің биологиялық әсерін сипаттаңыз?

21 Фотопериодизм және ағза биоритмдері дегеніміз не?

22 Мал шаруашылығындағы ультракүлгін және инфрақызыл сәулелердің маңызы қандай?

23 Жарықтандырудың қандай түрлерін білесіз?

24 Қораларды жарықтандыруды анықтаудың қандай әдістерін білесіз?

25 Атмосфералық ауаның құрамы қандай және ол қора ауасынан несімен ерекшеленеді?

26 Мал ағзасына көмірқышқыл газы мен аммиак қалай әсер етеді?

27 Мал қорасы ауасында көмірқышқыл газы жиналуының қандай негізгі көздерін білесіздер?

28 Мал қорасы ауасындағы зиянды газдармен күресудің қандай әдістер бар?

29 Қора ауасындағы көмірқышқыл газын анықтаудың қандай әдістерін білесіздер?

30 Қора ауасындағы аммиакты анықтаудың қандай әдістерін білесіздер?

31 Көмірқышқыл газы мен аммиакты титрометрлік әдіспен анықтаудың принципі қандай?

32 Қора ауасындағы зиянды газдардың мөлшері УГ-2 құралымен қалай анықталады?

33 Шаңның жіктелуін беріңіз және оның мал ағзасы үшін маңызын көрсетіңіз?

34 Қора ауасындағы микроағзалар жиналудың көзін атаңыз?

35 Қора ауасындағы микрағзалар мал ағзасына және өнімінің сапасына қалай әсер етуі мүмкін?

36 Шаңдалу және микробтық ластанумен күресудің қандай шараларын білесіздер?

37 Қора ауасының шаңмен және микробтармен ластануын анықтаудың қандай әдістерін білесіздер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Топырақты санитарлық-гигиеналық  бағалау

 

 

Топырақ – бұл өнімділік, яғни өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ету  қасиетіне ие жер қыртысының (литосфераның) беткі қабаты. Топырақ – бұл үнемі физикалық-химиялық үрдістер, биохимиялық реакциялар, әртүрлі айналымдар жүріп отыратын ең күрделі табиғи зертханалардың бірі.

Топырақ – әртүрлі өсімдік, жануар, шаруашылықтық –тұрмыстық және өндіріс  қалдықтарын қабылдаушы және сіңіруші, көптүрлі микрофлора мен микрофаунаның көзі мен қоры. Ол малдардың денсаулығы мен өнімділігіне үлкен тікелей және жанама әсер көрсетеді. Топырақтың гигиеналық мәні зор, және ол оның механикалық құрамымен,  физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерімен анықталады.

Топырақты зоогигиеналық  бағалау мақсатымен жер учаскелеріне физикалық, химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық зерттеу  әдістерінен тұратын зертханалық  талдау үшін топырақ сынамасын ала  отырып, санитарлық-топографиялық зерттеу жүргізеді.

Санитарлық-топографиялық  зерттеуге учаскенің жер бедерін, су қоймаларына қиыстауын және жарыққа  қатысты зерттеу жатады. Бұдан  басқа, тексергенде өсімдік  жабынын, елді мекендерге қатысты орналасуын, топырақ типі мен су тәртібін зерттейді, топырақтың мүмкін болатын ластану көздерін анықтайды (қоқыстар, көң сақтау орындары және т.с.с.).

3.1 Топырақтың механикалық  құрамы мен физикалық қасиеттерін  анықтау

 

Жұмыстың мақсаты: топырақтың механикалық құрамы мен физикалық қасиеттерін анықтауға арналған әдістермен, құралдармен және аппаратурамен танысу.

3.1.1 Топырақтың  орта сынамасын алу. Сынама белгілі бір учаскеге тән болуы керек. Бүкіл учаске бойында біртекті топырақ болса, шахмат ретімен орналасқан әртүрлі жерден бірнеше ойық немесе учаскенің ортаңғы сызығымен әртүрлі тереңдікте алады.

Топырақ сынамасын арнайы бұрғымен немесе таза күрекпен алады. Салмағы 2-3 кг болатын әрбір сынаманы үйкелген қақпақты шыны ыдыстарға, таза қапқа немесе тығыз орама қағаздың  қос қабатына салады да, мерзімі, үлгіні алған жер мен алу тереңдігі көрсетілген жапсырма қағазбен қамтамасыз етеді. Зертханада топырақтың таңдалып алынған сынамаларын қағаз беттерге жұқа қабат етіп себеді, кесектерін ұсатып, ауада кептіреді. Талдау үшін 0,5-1,0 кг топырақ алынады. Зертханалық зерттеулер алдында топырақтан тамырлар және басқа да тән емес қоспаларды тазартады да, пайыздық қатынасын анықтау үшін оларды өлшейді.   

3.1.2 Топырақтың  механикалық құрамы мен кесектерінің  көлемінің анықтау

Топырақ түзілу шартына  және топырақ түзетін жыныстардың  сипатына байланысты әртүрлі механикалық құрамды болады. Механикалық құрам деп топырақтағы әртүрлі диаметрлі механикалық элементтердің салыстырмалы мөлшерін айтады.

Топырақ массасы әрқашан  әртүрлі мөлшердегі– бірнеше  миллиметрден бірнеше микронға немесе миллимикронға дейінгі бөлшектерден түзіледі. Бұл бөлшектердің минералогиялық және химиялық құрамы әртүрлі болады, топырақта дамитын физикалық - химиялық және биологиялық үрдістерге қатысты әртүрлі белсенділікке ие болады, оның су, ауа, жылу және қоректік тәртіптеріне үлкен ықпалын көрсетеді. Топырақтың жеке кішкентай бөлшектерін, яғни минералдардың жеке кесектері мен тау жыныстарының сынықтарын механикалық элементтер деп атайды, олар топтарға немесе фракцияларға бірігеді.

Әрбір фракция оны  басқа фракциялардан айыратын физикалық қасиеттердің жиынтығымен сипатталады. Жіктеу мақсатында көбінесе 0,01 мм ірі бөлшектердің барлығын физикалық құм фракциясына, ал 0,01 мм кіші бөлшектердің барлығын ұсағырақ – физикалық сазбалшық фракциясына біріктіреді.

“Физикалық” термині  қандай да болмасын фракцияда құм немесе сазбалшықтың физикалық қасиеттерінің барын білдіреді, фракцияның химиялық құрамын болжамайды.

Сонымен қатар, әдетте барлық 1 мм кішкентай бөлшектер топырақ  ұсағы деп, ал 1 мм ірі бөлшектер  – топырақ қаңқасы деп  аталады.

 

15-кесте – Механикалық  элементтердің жіктелуі (Фадеев-Вильямс-Сабаниннің  әдісі, Н.А.Качинскийдің өзгертуімен)

Бөлшектер көлемі, мм

Механикалық элементтер атауы

1

2

3,0

Тас

3,0 - 1,0

Қиыршық тас

1,0 - 0,5

Ірі құм 

15 кестенің жалғасы

1

2

0,5 – 0,25

Орташа құм

0,25 – 0,05

Ұсақ құм

0,05 – 0,01

Ірі тозаң

0,01 – 0,005

Орташа тозаң

0,005 – 0,001

Ұсақ тозаң

0,001 – 0,0005

Қатты лай

0,0005 – 0,0001

Жұқа лай

0,0001 және кіші (0,1 мк)

Коллоидтар


 

16-кесте – Топырақтың механикалық құрамын жіктеу (Н.А.Качинский бойынша)

Топырақ атауы

Физикалық сазбалшық мөлшері, %

Сазды

50 және көп

Саздауыт

40 - 50

Орташа сазды

30 – 40

Жеңіл сазды

20 – 30

Құмдауыт

10 – 20

Құмды

10 және аз


 

Талдауды жүргізу: Топырақ кесектерінің көлемін анықтау үшін бірінің үстінде бірі орналасқан және диаметрлері 10, 7, 5, 3, 2, 1,  0,5, 0,25 мм тесікті Кнопптың електер жинағын қолданады.

Ең үлкен мөлшерлі тесіктері бар жоғарғы елеуішке 100 г ауалы құрғақ топырақ салады және бүкіл жиынтық арқылы біртіндеп елейді.

Топырақты елегеннен кейін әрбір порцияны өлшейді де нәтижесін пайызбен көрсетеді. Нәтижелер бойынша, №1,2,3 елеуіштерде диаметрмен 3 мм үлкен бөлшектер (тас, қиыршық тас); 
№ 4, 5 – диаметрі 1 - 3 мм болатын бөлшектер (ірі құм);  № 6, 7 – диаметрі 0,25 - 1 мм (орташа құм); терім түбіне ұсақ құм және шаң түсетіндігін ескеріп, әртүрлі мөлшерлі барлық бөлшектерінің арақатынасын, топырақтың механикалық құрамын және типін анықтайды.

Информация о работе Зоология зоогигиена