Нормативтi құқықтық актiлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 21:57, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы “ Құқықтың қайнар көздері ”. Курстық жұмысымның мақсаты – нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу, түрлерін анықтау және қазіргі кездегі жетілдіру мәселелерін анықтау. Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланған.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................................4
1. Құқықтың қайнар көздері........................................................................................5
1.1. Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, мәні........................................................6
1.2. Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама............................................7
2. Нормативтi құқықтық актiлер.................................................................................8
2.1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі, түрлері..........................................8
2.2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңды күшiнiң уақыты,
кеңiстiгi және адамдарды қамтуы............................................................................26
Қорытынды.................................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................29

Файлы: 1 файл

Құқықтың қайнар көздері.docx

— 57.94 Кб (Скачать файл)

                                 Мазмұны

 

Кіріспе...........................................................................................................................4

1. Құқықтың қайнар көздері........................................................................................5

1.1. Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, мәні........................................................6

1.2. Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама............................................7

2. Нормативтi құқықтық актiлер.................................................................................8

2.1. Нормативтік құқықтық  актілердің түсінігі, түрлері..........................................8

2.2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңды күшiнiң уақыты,

кеңiстiгi және адамдарды қамтуы............................................................................26

Қорытынды.................................................................................................................28

Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Кiрiспе.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы “ Құқықтың қайнар көздері ”. Курстық жұмысымның мақсаты – нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу, түрлерін анықтау және қазіргі кездегі жетілдіру мәселелерін анықтау. Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланған.

Қазіргі заманда құқықтың қайнар көздері туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға  байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа  дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқықтың қайнар көзі туралы негізгі  бағытта тарихи тұрғыдан қарасақ  бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның  барлығын бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.

Демократиялық қоғам мен  құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан  бүгінгі таңда жауапты да тарихи кезеңді бастан кешіруде. Әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси  демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам  басқан ел өмірінде көптеген маңызды  әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістер орын алды. Қатынастар жаңа қарқын алып, олардың мәні түбегейлі  өзгерді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін  алуына байланысты еліміздің әлеуметтік, саяси, құқықтық және экономикалық өмірінің барлық саласы түгелімен өзгерді. Қоғамның жан жақты даму процесінде ерекше орынды құқық, яғни Конституция мен  нормативтік құқықтық актілер иеленеді. Онсыз құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекеттің құрылуы  мүмкін емес.

Заң құқықтың қайнар көзі ретінде  оқу өзектілігін жоғалтпай қазіргі  таңда теориялық және тәжірибелік  тұрғыда ерекше зерттеліп жатқан ғылыми зерттеулердің бағыты болып  табылады. Себебі мұның барлығы объективті факторларға, яғни соның ішінде маңызды  болып табылатын Қазақстан қоғамының  құқықтық жүйесінің қайта құрылуы, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ететін әсерлі механизмдердің және мемлекеттің қағидаларын нақты бекітілуіне байланысты.

Құқық қайнар көздері туралы мәселе құқық теориясы ғылымында  басты орын алады және құқық түсінуде басты орынға ие. Кеңестік құқық  ғылымында бұл мәселе кластық  құқықтық түсінік төңірегінде зерттеліп, құқық қайнар көздерінің жүйесі нормативтік  құқықтық актілердің жиынтығымен, яғни заң шығару жүйесімен алынып тасталып отырды.

Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясында заңдар мен басқа да нормативтік  құқықтық актілерімен қатар халықаралық  шарттардың құқық қайнар көзі ретінде  халықаралық құқықтың нормасы мен  жалпы танылған қағидаларын бекіту барлық жалпы теориялық түсініктер мен құқық қайнар көздерін қайта  саралауға себеп болды.

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           1.Құқықтың қайнар көздерi.

        1. Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi,  мәні.

        Мемлекет  билік жүргізу барысында қоғамдық  қатынастарды реттейтін құқықтық  нормаларынан қабылдайды. Құқықтың  қайнар көздеріне құқық жасаушылық  барысында қабылданған, бекітілген  нормативтік құқықтық кесімдер  кіреді. Заң әдебиеттерінде құқықтың  қайнар көздерін екі мағынада  айқындап, түсінік береді. Біріншісі  материалдық, екіншісі формальдық. Материалдық мағынада алып қарағанда  құқықтың қайнар көздері қалыптасқан  материалдық жағдайлардың жиынтығынан  туындайтын мемлекеттің құқық  жасау барысындағы қызметі. Бұл  жерде материалдық жағдайлар  құқықты тікелей қалыптастырмайды, керісінше, құқықтың қайнар көздері  материалдық мағынада мемлекеттік  билік болып қабылданады. Қазіргі  уақытта құқықтың қайнар көздерін  материалдық мағынада қабылдау, оны мойындау өте сирек кездеседі. 

“ Құқықтың қайнар көздерін формальдық мағынада алып қарағанда мемлекеттік биліктің мінез-құлық ережелерін бәріне бірдей екендігін құқық нормалары арқылы бекіту. Бірақ, қазіргі құқықтық мемлекет құру барысында құқықтың қайнар көздерін тек ғана мемлекеттік – биліктік қызметтің нәтижесінде болатын көрініс деп танымай, керісінше, әдет – ғұрыптарды мойындау құқықтың жаңа көздерін қалыптастыруда. Қазіргі кезде нарықтық қатынастардың заңдары құқықтық қатынастардың субъектілері іскерлік қатынастарды орнату сияқты көріністерді заң талаптары бекітпеген позитивтік әдеттік құқық деп бағалауға құлшыныс таныту көрінісі байқалады ”[ 1 ].

Мемлекет және құқық теориясында  құқықтың қайнар көздеріне талдау жасап, баға бергенде ең алдымен халықтың мүддесі қалай заңнан шешімін  табады ? Құқық нормалары қалай  бекітіледі ? – деген сұрақтарға нақтылы жауап беруі тиіс. Халықтың еркі, тілек – талаптары, қажетті  мүдделері құқықтық нормаға айналу үшін бұл көріністер объективтітендірулері  тиіс. Оған дейінтек идея жүзінде болады, құқықтық норма санатына ие емес. Құқықтық идеяның құқық нормаларына айналуы  үшін мемлекеттің ерекше кесімі керек. Тек содан кейін ғана идея құқық  нормаларына айналады.   

Құқықтың қайнар көздерi деп мемлекеттің қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау үшін қабылдаған және бекіткен нормативтік кесімдердің біртұтастықтағы жиынтығын айтады. Құқықтың қайнар көздерiне ресми сипат көрiнiсi тән,  олар мемлекетпен  танылады  және құрамындағы нормаларға мемлекеттен қолдау көрсетiледi. Құқықтың қайнар көздеріне тек қана мемлекеттік органдардың жоққа шығарылғанға дейін қолданылатын, құқық нормасы бар, бәріне бірдей міндетті мінез – құқық ережелері, бекітілген нормативтік құқықтық кесімдер жатады. Ал, құқық негізінде қабылданатын дара кесімдер бір ғана оқиға, сәттерге пайдаланылады.

“ Өз кезінде қазақ мемлекеттілігінің құқығы нормативтік актілер,  үлгі істер, құқықтық әдеттер арқылы қалыптасқан. Оған дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (XV ғ.), "Есім ханның ескі жолы" (XV ғ.), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ коғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді карағанда күші бар құқықтық норма ретіңде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде Құқықтық нормалар жазылып, нормативтік актілер ретіңде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ коғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған” [ 2 ].

 

           1.2. Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама.

Нормативтi Құқықтық акт – ол арнайы мемлекеттiк органмен шығарылған ресми құжат, құқық норма  көрiнiсінде қоғамдық қатынастарды анықтауға және реттеуге бағытталған. Оларға Конституция, заңдар, жай заңға негiзделген актiлер жатады.

Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттін қалыптасу кезеңінде өмірге келген күқық иысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында көп жылдар пайдаланып, өмірде жан-жақты тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты. Мысалы: Ману заңы, Орыс правдасы, "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" т.б. Әдет-ғұрып нормалары арқылы қазіргі кезеңде де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп, басқарылып жатыр.

Әдет-ғұрып нормаларды қолдану  жөнінде басым түрде бір пікір  жоқ. Біраз мемлекеттер қарсы  пікірде. Әлем көлеміндегі елдердің көпшілігі бұл нормаларды пайдаланып келеді. Оның ешқандай зияндығы жоқ деуге болады. Әдет-ғұрып нормаларын қолдануға мемлекеттік органның нұсқауы немесе рұқсат болса ол нормалар құқықтық әдет-ғұрыпқа айналады.

Әдет-ғұрыптың бірнеше түрі бар: әдет, әдептілік т.б.

Әдет - адамның қажеттілігіне айналып қалыптасып кеткен тұрақты әрекет. Ешбір адам өмірге жақсы немесе жаман әдетпен келмейді. Әдет өмір жемісі, тәрбие нәтижесі. Әдет жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді.

Әдеттілік — моральдық нормаларды жақсы орындау. Әдептілік өте қажетті қасиет, сезім мөлшерінің негізгі белгісі. Әдеттілік ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл, әділетті болу сияқты жалпы халықтық нормаларды да дұрыс атқара білуді керек етеді. Әдет-ғұрып нормалары ресми заңдармен қатар қолданылады және бұл нормаларды бұзушылар жауапқа тартылады.

“ Прецеденттік құқық нысаны — белгілі бір іске байланысты қабылданған шешім және бұл шешім кейін соған ұқсас істерді қарағанда басшылыққа алынып отырады. Оның екі түрі бар: а) соттық прецедент; ә) әкімшілік прецедент (басқару органдарының шығарған шешімі) “ [ 3 ].

Заң ғылымы (құқықтық доктрина) - кұқықтың жақсы қалыптасуына, дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана - сезімнің деңгейін көтеруге зор әсер етеді. Мұсылмандық елдерде бұл доктрина өте кең шеңберде қолданылады.

Нормативтік шарттар - қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады... Мысалы: ГФР — ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.

Референдумда  қабылданған нормативтік актілер заңның бір түрі. Сондықтан бүл актілер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдумның түрлері: жалпы мемлекеттіқ, жергілікті. Референдум өте саяси жауапты жұмыс, ол саяси күрестің бір түрі.

 

2. Нормативтiк құқықтық актiлер.

2.1. Нормативтiк құқықтық актiлердің түсінігі, түрлері.

      Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңға сәйкес мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) нормативтiк құқықтық  акт - референдумда қабылданған  не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң  лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық  нормаларды белгiлейтiн, олардың  қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын  немесе тоқтата тұратын белгiленген  нысандағы жазбаша ресми құжат;

2) заңдар - белгiленген тәртiппен  қабылданған нормативтiк құқықтық  актiлердiң жиынтығы;

3) құқық нормасы (құқықтық  норма) - нормативтiк құқықтық актiде  тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға  арналған және нормативтiк реттелген  ахуал шеңберiнде барлық тұлғаларға  қолданылатын жалпыға мiндеттi  мiнез-құлық ережесi;

4) нормативтiк құқықтық  актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық  актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер  сатысындағы өзiнiң заң күшiне  қарай алатын орны;

5)  Қазақстан Республикасының  Конституциясына өзгерiстер мен  толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан  Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;

6) Конституциялық заң  - Қазақстан Республикасы Конституциясында  конституциялық деп аталған, Қазақстан  Республикасы Конституциясы 62-бабының  4-тармағында белгiленген тәртіппен  қабылданатын заң;

7) заң - қоғамдық қатынастарды  реттейтiн, Қазақстан Республикасы  Конституциясы 61-бабының 3-тармағында  көзделген түбегейлi принциптер  мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан  Республикасының Парламентi, ал Қазақстан  Республикасы Конституциясы 53-бабының  4) тармақшасында көзделген жағдайларда  Қазақстан Республикасының Президентi  қабылдайтын нормативтiк құқықтық  акт;

8) заң актiсi - Конституциялық  заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң  Конституциялық заң күшi бар  Жарлығы, Кодекс, Заң,

Қазақстан Республикасы Президентiнiң  Заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан  Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;

9) кодекс - бiртектес қоғамдық  қатынастарды реттейтiн құқықтық  нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген  заң;

10)  заңға тәуелдi нормативтiк  құқықтық актiлер - заң актiлерi  болып табылмайтын, Қазақстан  Республикасының Конституциясы  мен заң актілерінің негізінде  және соларды орындау үшін  шығарылған, өзге де  нормативтiк  құқықтық актiлер; 

Информация о работе Нормативтi құқықтық актiлер