Нормативтi құқықтық актiлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 21:57, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы “ Құқықтың қайнар көздері ”. Курстық жұмысымның мақсаты – нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу, түрлерін анықтау және қазіргі кездегі жетілдіру мәселелерін анықтау. Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланған.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................................4
1. Құқықтың қайнар көздері........................................................................................5
1.1. Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, мәні........................................................6
1.2. Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама............................................7
2. Нормативтi құқықтық актiлер.................................................................................8
2.1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі, түрлері..........................................8
2.2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңды күшiнiң уақыты,
кеңiстiгi және адамдарды қамтуы............................................................................26
Қорытынды.................................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................29

Файлы: 1 файл

Құқықтың қайнар көздері.docx

— 57.94 Кб (Скачать файл)

11)” уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңдарда белгiленген өз  құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және  атқарушы органдар Қазақстан Республикасының ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар) ” [ 4 ]

12) нормативтік құқықтық  актілердің ресми мәтіндерін  кейіннен жариялау - Қазақстан Республикасы  нормативтік құқықтық актілерінің  эталондық бақылау банкіне сәйкестік  сараптамасынан өткен нормативтік   құқықтық актілерді баспа басылымында  жариялау.

Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк  құқықтық актiлердi әзiрлеу мен табыс  ету, қабылдау, тіркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын  тоқтату немесе тоқтата тәру, оларды жариялау ерекшелiктерi олардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайтын мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы органдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерiмен, басқа да  нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.

Халықаралық шарттарды, оның iшiнде құқықтық нормаларды қамтитын шарттарды дайындау, жасасу, орындау  және күшiн жою тәртiбi реттелмейдi.

Осы Заңның 1-бабының 2) тармақшасында  келтiрiлген талаптарға сай келмейтiн  және құқықты iске асыру және құқық  қолданушылық мәнi бар нормативтiк  құқықтық актiлердi, атап айтқанда:

1) мемлекеттiк емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктер  мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының  нормативтiк актiлерiн;

2) уәкiлеттi орган болып  табылмайтын мемлекеттiк ұйымдардың  нормативтiк актiлерiн;

3) техникалық және технологиялық  нормалар мен стандарттар қамтылған  нормативтiк актiлердi әзiрлеу, табыс  ету, қабылдау, күшiне енгiзу, қолдану,  жариялау, өзгерту, толықтыру және  олардың қолданылуын тоқтату   тәртiбi  белгiленбейдi.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы наурыздың 24-інде қабылданған  << Нормативтік құқықтық актілер >> туралы Заң меммлекетте қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді екі түрге бөліп қарайды:

  1. Негізгі.
  2. Туынды.

Негізгісіне мыналар  жатады:

1) Конституция, конституциялық  заңдар, кодекстер, заңдар;

2) Қазақстан Республикасы  Президентiнiң Конституциялық Заң  күшi бар Жарлықтары; Қазақстан  Республикасы Президентiнiң Заң  күшi бар Жарлықтары; Қазақстан  Республикасы Президентiнiң өзге  де нормативтiк  құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы  Парламентi мен оның палаталарының  нормативтiк қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы  Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы  Сотының және Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының  нормативтiк қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының  министрлерi мен өзге де орталық  мемлекеттiк органдар басшыларының  нормативтiк бұйрықтары;

7) Мемлекеттiк комитеттердiң нормативтiк қаулылары, өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк қаулылары;

8) Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

Туынды түрлері  мынандай тізімді қамтиды:

1) Регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;

2) Ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;

3) Қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;

4) Нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей - тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.

Туынды түрлердегi нормативтiк  құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң  нормативтiк құқықтық актiлер сатысында  алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен  анықталады.Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының  Президентіне тікелей бағынатын  және есеп беретін мемлекеттік органдардың  аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ. Мемлекеттік  органдар мен лауазымды адамдар  қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер  болып табылмайды.

Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң  заң күшiнiң арақатынасы мынадай  төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:

1) Конституцияға өзгерiстер  мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:

2) Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңдары мен   Қазақстан Республикасы Президентiнiң  Конституциялық заң күшi бар  Жарлықтары; Қазақстан Республикасының Кодекстерi;

3) Қазақстан Республикасының  Заңдары, сондай-ақ Қазақстан  Республикасы Президентiнiң Заң  күшi бар Жарлықтары;

4) Қазақстан Республикасы  Президентiнiң нормативтiк Жарлықтары;

5) Қазақстан Республикасы  Парламентiнiң нормативтiк қаулылары;

6) Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

7) Министрлердiң нормативтiк бұйрықтары; мемлекеттiк комитеттердiң нормативтiк қаулылары; өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк бұйрықтары, қаулылары;

8) Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

Төменгi деңгейдегi нормативтiк  құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге  қайшы келмеуге тиiс.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк  қаулылары аталған сатыдан тыс. Әкiмшiлiк - аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк шешiмдерi, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары  тек Қазақстан Республикасының  Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келмеуі керек. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.

Заңдар нормаларының Қазақстан  Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.

Бір деңгейдегі нормативтік  құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар  болған кезде қолданысқа кейінірек  енгізілген актінің нормалары қолданылады.

Қазақстан Республикасының  орталық атқарушы және өзге де орталық  мемлекеттiк органдарының Қазақстан  Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң  де, кiрмейтiндерiнiң де, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң  жобаларын дайындауды жобалаудың ерекшелiктерiн  осы органдардың әрқайсысы айқындайды.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң  жобаларын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi органдар өз бастамашылығымен немесе жоғары тәрған мемлекеттiк органдардың  тапсырмалары бойынша әзiрлейдi. Өзге де барлық мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен адамдар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу жөнiнде ұсыныс жасауға немесе мұндай актiлердiң бастамашылық жобаларын уәкiлеттi органдардың қарауына беруге құқылы. Уәкiлеттi органдар оларды өздерi әзiрлейтiн жобалар үшiн негiз ретiнде қабылдауы немесе олардың одан әрi әзiрленуiн және жобалардың қабылдануын жөнсiз деп тануы мүмкiн.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң  мынадай реквизиттерi болуға тиiс:

1) Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк Елтаңбасы;

2)Актiнiң нысанына нұсқау; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы; Кодекс; Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Сенаттың қаулысы; Мәжiлiстiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; Министрдiң бұйрығы; Мемлекеттiк комитеттiң қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда немесе өзге де заңдарда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң басқа бiр атауы;

3) Осы нормативтiк құқықтық акт реттейтiн iстi бiлдiретiн тақырып;

4) Нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күнi;

5) Нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;

6)Тиiстi нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлдiк берiлген адамның қолы;

7)Нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасы әдiлет  министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiн тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету;

8) Елтаңбалы мөр.

Нормативтік құқықтық актінің  баптары жекелеген құқық нормаларын қамтитын тармақтарға, ал тармақтар тармақшаларға бөлінуі мүмкін.

Баптардың, тармақтар мен  тармақшалардың ішінде бөліктер құқықтың қисынды аяқталған, абзацтармен  бөлінген жекелеген нормалары болуы  мүмкін.

Мәтіннің мағыналық жағынан  тұтастығы бар, бірінші жолда  азат жолмен бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанд абзац деп саналады. Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі үтірмен аяқталады.

Нормативтiк құқықтық актiнiң  баптары - жекелеген құқық нормалары  бар тармақтарға, ал тармақтар тармақшаларға  бөлiнуi мүмкiн. Баптардың, тармақтардың және тармақшалардың iшiнде абзацтар арқылы бөлiнетiн бөлiктер болуы мүмкiн.

Нормативтiк құқықтық актiнiң  әрбiр бабы (тармағы), сондай-ақ тараулары, бөлiмдерi мен бөлiктерi араб цифрларымен  нөмірленедi.

Баптардың (тармақтардың) нөмірленуi бүкiл нормативтiк құқықтық актiнiң  басынан аяғына дейiн реттелiп  жасалады. Нормативтiк құқықтық актiнiң  бөлiмдерi мен бөлiктерiнiң нөмірленуi де дербес және басынан аяғына дейiн  реттелiп жасалады.

Нормативтiк құқықтық актiнiң  мәтiнi әдеби тiл мен заң терминологиясының  нормалары сақтала отырып жазылады. Көнерген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды  қолдануға, сөздердi қысқартуға жол  берiлмейдi. Баптың (тармақтың) мәтiнi басқа  баптарда (тармақтарда) қайталап жазылмайды.

Қажет болған жағдайда нормативтiк  құқықтық актiде өзге актiлердiң баптарына (тармақтарына) сiлтемелер жасауға жол  берiледi, сондай-ақ жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерден сол  актiлерге сiлтеме жасала отырып, олардың жекелеген ережелерi келтiрiледi.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы 61-бабының 1-тармағына  сәйкес заң шығару бастамашылығы  құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiнде ғана iске асырылады. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы Мәжiлiске мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде енгiзiледi.

Жоба бойынша табыс  етiлетiн материалдарда мынадай  қосымшалар болуға тиiс:

1) жобаны дайындаған мемлекеттiк  органның немесе ұйымның атауы;

2) жобаны қабылдаудың  қажеттiгi негiзделiп, мақсаттары, мiндеттерi, негiзгi ережелерi кеңiнен  сипатталған түсiндiрме жазба;

3) жұмыс тобының құрамы;

4) мүдделi мемлекеттiк органдармен  келiсу парағы;

5) егер жобаға сараптама  жүргiзiлсе, ол жөнiндегi сараптама  қорытындылары;

6) жобаның қабылдануына  байланысты өзгертiлуге немесе  күшi жойылды деп танылуға тиiс  заң актiлерiнiң тiзбесi және жобаны iске асыру үшiн қажеттi нормативтiк  құқықтық актiлер әзiрлеу туралы  ұсыныстар;

7) әдетте, жобаға қаржы-экономикалық  есептеулер, статистикалық мәлiметтер  қабылданатын нормативтiк құқықтық  актiнi қолданудың ықтимал экономикалық, әлеуметтiк, заңдық, экологиялық  салдарларының болжамдары қоса  тiркеледi.

Қолданылып жүрген заңдарға өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы енгiзiлген жағдайда баптардың бұрынғы  және жаңа редакцияларының салыстырма кестесi табыс етiледi.

Нормативтiк құқықтық актiлер  жобаларының ғылыми сараптамасын тиiстi бейiмдi ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, қаралатын жобаның  мазмұнына қарай ғалымдар мен  мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргiзедi. Сараптама жүргiзу бiр немесе бiрнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкiн.

Информация о работе Нормативтi құқықтық актiлер