Нормативтi құқықтық актiлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 21:57, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы “ Құқықтың қайнар көздері ”. Курстық жұмысымның мақсаты – нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу, түрлерін анықтау және қазіргі кездегі жетілдіру мәселелерін анықтау. Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланған.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................................4
1. Құқықтың қайнар көздері........................................................................................5
1.1. Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, мәні........................................................6
1.2. Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама............................................7
2. Нормативтi құқықтық актiлер.................................................................................8
2.1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі, түрлері..........................................8
2.2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңды күшiнiң уақыты,
кеңiстiгi және адамдарды қамтуы............................................................................26
Қорытынды.................................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................29

Файлы: 1 файл

Құқықтың қайнар көздері.docx

— 57.94 Кб (Скачать файл)

Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және осы Заңмен белгiленедi.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң  әр алуан түрлерiн қабылдау тәртiбiнiң  ерекшелiктерi сонымен қатар:

1) кодекстер үшін - осы  Заңмен.

Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек  отырыстарында өз кезегімен қарау  арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады;

2) заңдар үшiн - Қазақстан  Республикасының Конституциясымен,

Қазақстан Республикасының  Парламентi туралы, Қазақстан

Республикасының Президентi туралы, референдум туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, оның iшiнде  Парламент пен оның палаталарының  регламенттерiмен;

3) Қазақстан Республикасы  Президентiнiң Жарлықтары үшiн  - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президентi  туралы заң актiсiмен, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Президентiнiң  осы тәртіптi реттейтiн актiлерiмен; 

4) Қазақстан Республикасы  Үкіметiнiң қаулылары үшiн –  Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Үкімет туралы заң актiсiмен,  Қазақстан Республикасы Президентiнiң  және Үкіметiнiң актiлерiмен;

5) орталық атқарушы және  өзге де орталық мемлекеттiк  органдарының Қазақстан Республикасы  Үкіметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, оның iшiнде Қазақстан  Республикасы ұлттық Банкiнiң  нормативтiк құқықтық актiлерi  үшiн - Үкімет пен осы органдар  туралы заң актiлерiмен, Қазақстан  Республикасы Президентiнiң және  Үкіметiнiң актiлерiмен, Қазақстан  Республикасы Президентiнiң Жарлықтарымен,  Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң  осы органдардың қызметiн реттейтiн  қаулыларымен;

6) Қазақстан Республикасы  Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк  қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының  Конституциялық Кеңесi туралы  заң актiлерiмен;

7) Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары  үшiн - Қазақстан Республикасының  соттары туралы заңдармен;

8) Орталық сайлау комиссиясының  (Референдум өткiзу жөнiндегi комиссияның)  нормативтiк қаулылары үшiн - сайлау  және референдум туралы заң  актiлерiмен;

9) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы  органдардың нормативтiк шешiмдерi  үшiн - осы органдар туралы заң  актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен,  Қазақстан Республикасы Президентiнiң  және Үкіметiнiң актiлерiмен айқындалады.

Нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу тәртiбi нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде белгiленуi мүмкiн.

Нормативтiк құқықтық актiнiң  қабылдануына байланысты бұрын қабылданған  барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң  немесе олардың құрылымдық бөлiктерi, егер олар жаңа актiге енгiзiлген құқық  нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күшi жойылды деп  танылуға, өзгертiлуге немесе толықтырылуға  тиiс.

Нормативтiк құқықтық актiнiң  қабылдануына байланысты күшi жойылды  деп танылуға тиiстi актiлер мен  олардың бөлiктерiнiң тiзбесi не актiнiң  өзiнде, не оны күшiне енгiзу тәртiбi туралы актiде болуға тиiс.

Жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп танылуға, өзгертiлуге немесе толықтырылуға тиiстi және жаңа актiмен бiр деңгейдегi актiлердiң  немесе олардың бөлiктерiнiң (тарауларының, баптарының, тармақтары мен тармақшаларының) саны едәуiр болған жағдайда олардың  тiзбесi жеке актiмен ресiмделедi. Мұндай актiнiң жобасын негiзгi актiнiң  жобасын әзiрлеушiлер дайындап, сонымен  бiр мезгiлде табыс етедi.

Жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп танылуға, өзгертiлуге немесе толықтырылуға тиiстi және жаңа актiден деңгейi неғұрлым төмен актiлердiң  немесе олардың бөлiктерiнiң (тарауларының, баптарының, тармақтары мен тармақшаларының) саны едәуiр болған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк органға  олардың актiлерiнiң күшi жойылды  деп тану, оларды өзгерту мен толықтыру  туралы актiлер қабылдауды (шығаруды) олардың қабылдану (шығарылу) мерзiмiн  көрсете отырып тапсырады. Мұндай тапсырманың жобасын уәкiлеттi органға жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын енгiзетiн орган дайындайды.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң  ресми мәтiндерiне мынадай лауазымды  адамдар:

1) Қазақстан Республикасының  Конституциясына, конституциялық  заңдарына, кодекстерiне, заңдарына,  Қазақстан Республикасы Президентiнiң  Жарлықтарына, оның iшiнде Конституциялық  заң немесе Заң күшi бар Жарлықтарына - Қазақстан Республикасының Президентi;

2) Қазақстан Республикасы  Парламентiнiң қаулыларына – Мәжiлiстiң  төрағасы;

3) Қазақстан Республикасы  Үкіметiнiң қаулыларына – Қазақстан  Республикасының Премьер-Министрi;

4) мәслихаттың шешiмдерiне  – мәслихат сессиясының төрағасы;

5) әкімияттың қаулыларына,  әкімнің шешімдеріне - әкім;

6) өзге де нормативтiк  құқықтық актiлерге - оны қабылдаған (шығарған) органның басшысы қол  қояды.

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы және Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы ресми басылымдар болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілерді  ресми жариялауды Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген тәртіппен конкурстық негізде мұндай құқық алған мерзімді баспа басылымдары да жүзеге асырады. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және олар жариялайтын мәтіндер Қазақстан  Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткізілген жағдайда жүзеге асырады. Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртібі осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде аталған, нормативтік құқықтық актілердің  мәтіндерін кейіннен ресми жариялау қажеттілігі туралы өз бетінше шешім қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды. Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуы тиіс.Нормативтік құқықтық актілердің бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында, сондай-ақ белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми  жарияланады. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері белгіленген тәртіппен мерзімді баспа басылымдарында жарияланады. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1997 жылғы 4 желтоқсандағы                                           №1680 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ережесіне сәйкес айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi деректерiнiң базасы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы барлық қажеттi мәлiметтердi қамтитын амортизацияланған ақпараттық жүйенi бiлдiредi. Мемлекеттiк тiзiлiмдi жүргiзу Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарына жүктеледi. Мемлекеттiк тiзiлiмдi ұстаушы Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi орталықтандырылған жинақтауды, есепке алуды және оның деректер базасын қалыптастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық хабарлама орталығы болып табылады.

Мемлекеттiк тiзiлiм Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бiрыңғай эталондық банкiн қалыптастыру, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бiрыңғай мемлекеттiк есебiн жүргiзу мақсатында құрылады.

Нормативтiк құқықтық актiлер  Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясы; конституциялық заңдар; кодекстер; заңдар; Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары; Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң нормативтiк қаулылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;Ұлттық Банктiң, ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, орталық атқарушы органдардың азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғайтын немесе ведомствоаралық сипаты бар нормативтiк құқықтық актiлерi; Республика облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының және астанасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарында тiркелген нормативтiк құқықтық актiлерi, «Қызмет бабында пайдалану үшiн», «баспасөзге арналмаған», «жариялауға жатпайды» деген белгiсi бар нормативтiк құқықтық актiлер  мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге тиiс.

«Аса маңызды», «өте құпия», «құпия» деген белгiсi бар нормативтiк  құқықтық актiлер Мемлекеттiк тiзiлiмге  енгiзуге жатпайды.

      Нормативтік құқықтық актілер — ресми заңды нормативті мемлекеттік күші бар нормалар.

Нормативтік-құқықтық акт - мемлекеттік органның қабылдап бекіткен актілері. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігін осы нормативтік актілер арқылы реттеліп, баскарылады. Себебі: біріншіден - нормативтік актілер арқылы ықшамды түрде норманың мазмұнын түсінікті көрсетуге болады; екіншіден - кұқықтық нормаларды уақытында өзгертуге, толықтыруға, жаңартуға өте ыңғайлы.

Заң ғылымында норма, нормативтік актілер, құқық деген ұғымдар бар. Олардың өздерінің жеке-жеке мазмұндары бар.

Норма дегеніміз - бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже.  Нормативтік актілер қоғамның салалық қатынастарын реттеп, басқаратын нормалар жиынтығы. Құқық - қоғамдағы барлық қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың жиынтығы.

Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын қоғамның халықтық мүде-мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші құрал. Оның құқықтың басқа негіздерінен ерекшелік белгі-нышандары:

- нормативтік актілер  мемлекеттің өкілетті органдарының  бекіткен немесе жалпы халықтық референдумда қабылданған нормалар;

- нормативтік актілердің мемлекеттік күші бар құжаттары ерікті орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;

- нормативтік актілер  ресми түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т.б. болып шығады, олардың  заңды нысандары болады;

- нормативтік актілер  жалпы қоғамдық, күрделі қатынастарды  реттеп, басқарады.

Нормативтік актілердің түрлері:

  • заңды күшіне қарай нормативтік актілер екі топқа бөлінеді:
  • заңдар және заңға тәуелді нормалар. Мемлекеттің дәрежесі жоғарылаған сайын нормативтік актілердің де заңды күші жоғарылай береді.
  • нормативтік актілер мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді: өндірістік, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени т.б. қоғам-ның салаларына сәйкес;
  • нормативтік актілердің іс-әрекетінің шеңберіне қарай үш түрі болады: қоғамдық іс-әрекеттер, шектеулі іс-әрекеттер, төтенше іс-әрекеттер;
  • субъектілеріне қарай (нормаларды қабылдаған мемлекеттік оргаңдар) нормативтік актілер үш топқа бөлінеді: заңды шығарушы оргаңдардың актісі; заңды орындайтын органдардың актілері, сот жүйесінің актілері.

Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың "Атасы"- деуге болады. Заңның белгі-нышандары:

  1. Заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
  2. Заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады;
  3. Заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге тиісті);
  4. Заңды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды;
  5. Заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.

Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, тәртіп қамтамасыз етіледі. Заң арқылы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс жүзіне асады. Заң арқьлы адамдардың бостан-дығы мен Құқықтары, демократияның басқа да талаптары қалып-тасады.

Қазақстан Республикасының Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы (49-6. 1-т.). Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.

Информация о работе Нормативтi құқықтық актiлер