Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 21:57, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы “ Құқықтың қайнар көздері ”. Курстық жұмысымның мақсаты – нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу, түрлерін анықтау және қазіргі кездегі жетілдіру мәселелерін анықтау. Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланған.
Кіріспе...........................................................................................................................4
1. Құқықтың қайнар көздері........................................................................................5
1.1. Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, мәні........................................................6
1.2. Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама............................................7
2. Нормативтi құқықтық актiлер.................................................................................8
2.1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі, түрлері..........................................8
2.2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңды күшiнiң уақыты,
кеңiстiгi және адамдарды қамтуы............................................................................26
Қорытынды.................................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................29
Заңға тәуелді нормативтік актілер - бұл актілер төрт түрге бөлінеді: жалпы қоғамдық, жергілікті, ведомствалық және мекемелік актілер. Жалпы қоғамдық актілер – мемлекеттік әкімшілік - территориясына толық заңды күші бар актілер (Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары). Жергілікті басқару органының актілері — маслихаттың шешімдері, әкімдердің бұйрықтары. Ведомстволық - актілер министрліктердің бұйрықтары, шешімдері, инструкциялары. Мекемелердің өз аппаратының ішкі тәртібін реттейтін актілер.
“ Біздің Қазақстан мемлекетіміздің кұқығының даму процесінде діни нормалардың тәжірибесін және прецеденттік нормаларды өте аз пайдаланады. Дамыған елдердің демократияны дамыту тәжірибелерін өте кең пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының құқық нысанының түрлері:
- құқықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр;
- Құқықтық прецедент;
- нормативтік шарттар;
- нормативтік құқықтық актілер” [ 6 ].
Қазақстан мемлеқетінің нормативтік актілерінің түрлері, жұйелері Конституцияда толығымен көрсетілген. Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, саяси партиялар, еңбек ұжымдары өздерінің құзыретіне, өкілеттілігіне сәйкес нормативтік актілер шығарады. Олар Конституцияға нұқсан келтірмеуге міндетті. Конституцияның талаптарының дұрыс орындалуын Президенттің аппараты мен Конституциялық Кеңес бақылап отырады. Республика Конституциясында көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар және жай жарлықтар шығарады. Республиқа Президентінің жарлықтары Конституция мен Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің жарлығымен:
1. Республика Президентінің
актісін шығаруды талап ететін
Президенттің конституциялық
2. Конституцияда және өкімет органдарының халық алдындағы жауапқершілік заңдарында белгіленген мемлекеттіқ биліктің барлық тармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі:
3. Парламенттің заңды
міндетіне қірмейтін, сондай-
4. Республиқаның экономикалық
және саяси-әлеуметтік дамуы
Республика парламентінің актілері: Парламент Республиқаның бүкіл аумағында міндетті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің Конституциялық және заңдарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі Парламенттің нормативтік қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды, Парламент, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ дара сипатты қаулылар қабылдайды. Парламент пен Палаталар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және заңдық сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауга хақьлы. Парламент заң актілерін және басқадай актілерді палаталар бірлескен отырыстарында қабылдаған кезде дауыс беру Палаталар бойынша бөлек жүргізіледі.
Президенттің актілері. ҚР Президенті Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Президенттің Жарлықтары Конституция мен Республика зандарының негізінде және оларды орындау ушін шығарылады. Республика Президентінің Жарлығымен:
Президент Конституция бойынша заң қабылдайды (53 бап 4 тармағы, 61 бап 2 тармағы). Республика Президентінің өкімдері Конституцияның, зандардың және Президент жарлықтарының негізінде және соларды орындау үшін шығарылады. Оның өкімдерімен әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттагы мәселелерді шешу жүзеге асырылады. Республика Президентінің қүзыретіне сәйкес констиуциялық мәртебесі жоқ лауазымды түлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.
Премьер-Министр шығарған нормативтік актілер жеке өкімдерге жатады. Үкімет норма шығару саласында кұқығын жүзеге асырады.
Министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер бұйрық және инструкцияларды шығарады. Олар мемлекеттік комитеттерінің басшылығын жүзеге асырады, тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді.
Конституциялық Кеңестің актілері шешім түріңде қабылданады. Конституциялық Кеңестің отырысында қабылданатын барлық шешімдері Конституциялық өкілеттіктермен жүзеге асырылатын қорытынды шешімдерге бөлінеді. Конституциялық шешімдер, қаулылар, соның ішінде ҚР қолданылатын Құқықтардың құрамдас бөлігі болып саналатын нормативтік каулылар қорытындылар мен жолдаулар нысанда болады. Конституциялық Кеңестің актілері, оның мүшелерінің көпшілік дауысымен алқалы түрде қабылданады жөне оларға Төраға қол қойғанға дейін Конституциялық Кеңестің мәжіліске қатысқан мүшелерінің қолымен бекітіледі. Конституциялық Кеңестің қаулысы оны қабылдаған күннен күшіне енеді және Республиканың бүкіл аумағында міндетті болып саналады әрі түпкілікті және шағымдануға жатпайды.
Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.
Үкімет актілері - заңдардың және Республика Президенті актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметтің нормативтік актілері және жеке қаулылары. Үқімет актілері алқалық отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр өз құзыреті бойынша жеке өкімдер шығарады. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министрдің өкімдерінің Республиқаның бүкіл аумағында міндетті күші болады. Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкіметтің өзі, ал Премьер-Министрдің өкімдерінің күшін Республика Президенті немесе Премьер-Министр жоя алады.
Нормативтік жүйеде бүл актілер үшінші орында тұрады.
Жоғарғы сот актілері - Республика сот билігінің жоғарғы органының заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл Жоғарғы Соттың Президимуы, Пленумдары мен Төралқасының каулы - шарттары мен өзге де актілері. Сот практикасының мөселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік актілерді Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.
Министрлік-ведомстволар өз құзыреті бойынша бұйрық, нұсқау береді. Өздерінің жүйесінде бұл актілердің заң күші болады. Олардың орындалуын өздері бақылап отырады.
Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері - Кеңестер, Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал губернатор, әкімдер - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды. Конституцияға сәйкес мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе шығысын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Сот билігінің актілері — Конституцияның 75-бабына сәйкес Казақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Сот билігі Республикамыздың нормативтік актілерінің және халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысаңдары арқылы жүзеге асырылады. Соттың шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары сондай-ақ олардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштері Республиканың бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндеті болып табылады.
Нормативтік құқыктық актілердің екінші тобына жататындар — заңға негізделген актілер. Олар заң негізіңде, заңға сөйкес жасалулары қажет, сонымен қатар заңға қайшы болмауы керек. Заңға тәуелді актілер иерархиялық түрде сипатталады. Жоғарғы қатарда Президенттің нормативті жарлығы тұрады. Одан төмен Үкіметтің каулысы. Одан кейін министрліктердің нормативтік бұйрықтары, жергілікті өкілдік және атқару органдарының нормативті шешімдері келеді.
Нормативтік құқықтық актілер жүзеге асырылу үшін оларды қолдану актілері жасалады. Олар құқықтық салдарына байланысты құқықты жүзеге асырушы (мысалы, жоғары оқу орнына қабылдау, қызметке алу), құқық өзгертуші (қызметі бойынша жоғарылату), құқық тоқтатушы (жұмыстан босату) болып бөлінеді. Құқық қолдану актілері субъектілеріне байланысты өкілдік органдардың актілері (Мәжілістің, Сенаттың, Мәслихаттардың) атқарушы органдардың (Үкімет, өкімшілік), соттың, прокуратураның, тергеу орындарының актілеріне бөлінеді. Түріне байланысты қолдану актілері нақтылы қатынастарды реттейтін, нақтылы субъектінің құқығын қорғайтын актілерге бөлінеді.
Құқықтың қандай құбылыс екенін жалпы түрде анықтадық. Ежелден құқықпен қатар заң деген ұғым да қалыптасқан. Екеуі дербес екі әлеуметтік құбылыс болғанымен, бірімен-бірі тонның ішкі бауындай өте тығыз байланысты. Жоғарыда айтылғандай құқық нормалардан, ережелерден, қағидалардан тұрады. Ал құқықтық нормалар ресми түрде қабылданады. Дәлірек айтсақ, құқықтық нормалар нормативті актілерде жазылады. Нормативті актілердің түрлері сан алуан. Мұны Қазақстан Республикасының Конституциясынан да анық көруге болады. Конституцияның өзі де жүйелендірілген мемлекеттің негізгі заңы. Қазақстанда Парламент заңдар қабылдайды. Олар конституциялық және жай заңдар. Президент жарлықтар қабылдайды. Жарлықтар — заң қүші бар және жай жарлықтар болады. Қазақстан Үкіметі қаулылар, шешімдер, ережелер, қабылдайды. Министрліктер мен мемлекеттік комитеттер буйрықтар, нусқаулар, т.б. нормативті ақтілер қабылдайды. Жергілікті мемлекет органдары да шешімдерін, қаулыларын қабыддайды.
Осы аталған нормативті-құқықтық актілердің ішіндегі ең негізгілері — заңдар. Айта кету керек, әдебиетте заң "кең" тұрғыдан және "тар" тұрғыдан түсіңдіріледі. Қең тұрғыдан алсақ, заңға нормативті актілердің барлық түрлері: нағыз заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрыктар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар, т.б. Ал "тар" тұрғыдан қарайтын болсақ, заңға тек қана "заң" деп аталатын нормативті-құқықтық актілер ғаңа жатады. Заң өз мәнінде алатын болсақ, нормативті құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет атқаратын акт болып есептеледі. Былайша айтсақ, "заң"— төрағасы сияқты, басқа нормативті-құқықтық актілердің төрінен орын алатын акт. Оның себебі неде? Біріншіден, заңды мемлекеттің ең жоғары заң шығаратын органы — Парламент шығарады. Екіншіден, заң қоғамдағы ең күрделі қатынастарды ретгеуге бағытталады. Заң реттейтін қоғамдық қатынастардың бүкіл қоғамның мүдделеріне қатысы бар. Үшіншіден, заңның ең жоғары құқықтық күші бар. Заңдар өз ішінде түріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: Конституция, конституциялық, заң, жай заң. Мұның ішінде ең жоғары құқықтық күші бары — Конституция. Мемлекеттегі барлық нормативті актілер Конституция негізінде, соған сөйкес жасалып, қабылдануы керек. Қазақстан Конституциясы бойынша конституциялық заң Конституциядан құқықтық қүші жағынан төмен тұрады. Сондықтан конституциялык заң деп аталса да, Конституцияға өзгерістер, қосымшалар енгізе алмайды. Конституциялық заң Конституцияға сәйкес жасалып, қабылданады. Кұқықтық күшіне қарай конституциялық заңнан кейін жай заң тұрады.
Өзара құкықтық күші әр дәрежеде болса да, аталған зандар ең маңызды нормативті актілер болып саналады. Басқа нормативті актілер зандарға тәуелді актілер қатарына жатады.
Нормативті-құқықтық актілердің құрамында заңдардың ерекше орны болуы, айрықша қызмет атқаруы заң мен құқыктың арақатысың анықтауға мүмкіндік береді.
2.2.Нормативтiк актiлердiң заңды күшiнiң уақыты, кеңiстiгi және адамдарды қамтуы.
Қоғамдағы санқырлы қарым - қатынастарды реттеп, басқаратын нормативтік актілерді заң жүйесі деп атайды. Бұл ресми заң күші бар құқықтық нормалардың қызметін үш түрге бөледі: нормативтік актілердің уақыты, нормативтік актілердің кеңістігі, нормативтік актілердің адамдарды қамтуы. Әр нормативтік актінің мазмұнында осы үш қызметтің қайсысы бар екенін білуге болады. Яғни норманың қанша уақытқа заңды күші болатын, қандай өлкелерге қолдануға болады, қандай мамандағы адамдарды қамтиды? Міне осы сұрақтарға жауапты норманың өзі береді. Өйткені норманың өзінде іс-әрекеттің шеңбері, кеңістігі және қандай қызметтегі, мамандағы, жұмыстағы адамдарға тиісті шығарылады, толық көрсетіледі.
Нормативтік актілердің заңды күшінің басталуы мен аяқталуын, оның қоғамды толық қамти ма немесе бірнеше өкілдерге ғана катысты ма және адамдардың қаншасын қамтитынын халық жақсы білуі қажет. Оның маңызы өте зор. Сонымен осы үш мәселеге жеке-жеке тоқталайық:
1. Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты - бұл мөселені төрт топқа бөліп қарастырған жөн:
1) норманың заңды күшінің басталу уақыты;
2) аяқталу уақыты;
3) заңның кері күші;
4) жойылған норманың күші кейбір жағдайда сақталуы.
Норманың заңды күшінің басталу уақыты: қабылданған немесе ақпараттық құралдарда басылған күннен, норманың өзінде көрсетілген күннен басталады. Кейбір нормаларда басталу уақыты бірнеше түрге бөлінеді: заңның әр бөлімі немесе әр бабы әр уақытта басталуы мүмкін, бұл заңның өзінде көрсетілуі тиіс. Кейбір нормада заңды күшінің басталуы бір уақиғамен байланысты болады, ол да көрсетіледі. Норманың заңды күшінің аяқталуы: уақыты бітсе, жаңа заң қабылданса, заңды күші жойылса, заңды өмірге әкелген оқиға-себептер жойылса. Заңның кері күші - өмірде болған бір оқиғадан кейін қабылданып, күшіне енген заңның сол іске қолданылуы. Әлемдегі мемлекеттердің төжірибесі бойынша, заңның кері күші болмайды. Заңның кері күші болады, егер сол жаңа заңның өзінде анық көрсетілсе. Қылмыстық құқықта, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдету немесе оны анықтау үшін заңның кері күші қолданылады. Жойылған норманың заңды күшінің сақталуы - жаңа нормаға сәйкес қатынасты реттеп бір жолға қойғанша біраз уақыт болады. Осы кезде ескі заң жойылса да өмірде қолданылып жатады. Жаңа заң жергілікті басқару оргаңдарға жетпесе ескі заңға сәйкес мөселе қарала береді - тек жауапкершілік жеңідцейтін болса.