Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 14:58, курсовая работа
Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар.
Кіріспе
I тарау. Құқықтағы мерзімдер ұғымы.
1.1 Талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі
1.2 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі.
ІІ Тарау Қылмыстық процестердегі мерзім.
2.1 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі.
2.2 Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік-құқықтық салдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыбы: Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні.
Жоспар
Кіріспе
I тарау. Құқықтағы мерзімдер ұғымы.
1.1 Талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі
1.2 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі.
ІІ Тарау Қылмыстық процестердегі мерзім.
2.1 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі.
2.2 Қылмыстық
процесте мерзімді өткізіп
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар. Талап мерзімі азаматгық құқықтық категория ретінде, ал екінші ұғым іс жүргізу құқығының негізінде анықталатын қағида, яғни құқығы бұзылған тұлғаның сотқа талап қою құқығы. Заңның мағынасынан көрініп отырғандай, талап қою мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан, сот құқығы бұзылған субъектіні құқығын қорғау туралы талабын қабылдауға міндетті (Азаматтық Кодекстің 179-бабы).
Талап қою мерзімі институты азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларына өз міндеттерін дер кезінде орындауға ықпал жасайды.
Өкілетті тұлға өз міндеттемесін дұрыс атқармайтын борышқорды бақылау үшін өз мүмкіндігін күшейтуге ықпал жасайды.
Талап қою мерзімдері және оларды есептеу тәртібі заңмен көзделеді және олардьг тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды.
Тараптар өздерінің келісімдері бойынша талап қою мерзімін қыскартуға немесе ұзартуға мүмкіншіліктері жоқ, өйткені талап қою мерзімінің ережелері занда көрсетілген яғни бұл нормалар императивтік мағынада анықталған.
Талап мерзімінің ағымы. Талап қоюдын жалпы мерзімі азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілік құрамына қарамастан үш жыл көлемінде белгіленген. Сонымен қатар, міндеттеменің жекелеген түрлері үшін заң құжаттарында талап қоюдың жалпы мерзімімен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері де белгіленуі мүмкін. Мәселен, АК-тің 216-шы бабында көрсетілгендей, үлесті сатып алулын басым құқығы бұзылған жағдайда, талап қою мерзімі үш ай шенберіңде анықталған.
Талап қою мерзімінің уақыты және оны реттеу тәртібі заңмен белгіленеді. Талап қою мерзімін реттейтін нормалар міндетті сипатқа ие болғандықтан, бұлар тараптардын өзара келісімімен өзгертілмейді.
Талап қою мерзімін дұрыс пайдалану үшін оның бастапқы кезенің анықтауымыз қажет. Азаматтық Кодекстін 180-ші бабында толық қамтылғандай, талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Орындалу мерзімі анықталған міндеттемелер бойьшша талап қою мерзімі олардын орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін басталады. Орындалу мерзімі белгіленбеген не талап ету кезімен белгіленген міндеттемелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы міндеттемені орындау үшін женілдік мерзімі берілсе, онда талап мерзімін есептеу аталған мерзім аяқталғаннан кейін басталады.
Міндеттемедегі тұлғалардың өзгеруі заңда нақты көрсетілгендей талап қою мерзімі мен онын есептеу тәртібін өзгертуге жол бермейді.
Заңда анықталған ережелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы тоқтаталуы, үзілуі және қалпына келтірілуі де мүмкін.
Талап қою мерзімінің тоқтатылуы — талап қоюға кедергі келтіретін жағдайлардың салдарынан есепке алынбайтын уақыт. Мерзімді тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар жойылған күннен бастап, талап қою мерзімінің ағымы одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса — талап мерзіміне дейін ұзартылады.
Талап қою мерзімі заңмен белгіленген мына темендегі жағдайлар бойынша тоқтатылады:
1) егер де талап қоюға осы жағдайдағы төтенше және тойтаруға болмайтын оқиға (бой бермейтін күш) кедергі жасаған болса, мысалы, жер сілкіну, топан су, сел ағыны немесе басқадай табиғи апаттар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленуімен міндеттемені орындау кейінге қалдырылса (мораторий);
3) егер де талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса;
4) егер де әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;
5) егер де тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуы тоқтатылса.
Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімінің ағымы азаматтың зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті органға жолдануына байланысты зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындалғанға не оларды тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Жоғарыда керсетілген негіздерден басқа мән-жайлар талап қою мерзімінің тоқтатылуына әкеліп соқтырмайды, яғни Азаматтық Кодекстің 182-ші бабына кеңейтілген мағынада түсініктеме беруге болмайды.
Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті тоқтату мерзімінен айыра білу керек.
Талап қою мерзімнің өтуі белгіленген тәртіппен талап қою, сондай-ақ міндеткер адамның борышты немесе өзге міңдеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады, үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа мерзім пайда болады.
Талап қою мерзімін қалпына келтіру тек ерекше жағдайларда, яғни талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (мәселен: ауыр науқас, дәрменсіз халде болу, сауатсыздық және т. б.) бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген дәлелді себептер болған жағдайда соттың ғана талап қою мерзімін қалпына келтіру мүмкіншілігі бар. Көрсетілген негіздер осы қатармен ғана аяқталып қоймайды, оның шеңберін кен түсінгеніміз жөн болар.
Талап қою мерзімі азамаптық құқық объектілерінін барлығына бірдей қолданыла бермейді. Азаматтық зандарымызда аталып көрсетілгендей (Азаматтық Кодекстің 187-ші бабы) талап қою мерзімі кейбір талаптарға мүлдем қолданылмайды.. Мысалы: заңда көзделгеннен басқа реттерді есепке алмағанда, мүліктік емес жеке құқықтарға, салымшылыардың банкіге салған салымдарды беру туралы талаптарға және т. б.
Мұндай талаптар мерзім уақытына қарамастан, әруақытта да қорғалуға жатады. Ол сондай-ақ азаматтын өміріне немесе денсаулығына келтірілген заңды өндіріп алу талаптарына да қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар алғашқы талап қойылған кезден үш жылдан аспайтын уақыт ішінде қанағаттандырылуы қажет.
В. 3- Лукашевичтің анықтамасы бойынша "заңда көзделген іс жүргізу мерзімдері қылмыстың шапщаң және толық ашылуын, кінәлілердің әшкереленуі мен әділ жазалануын қамтамасыз етуге, яғни қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін әрбір қылмыстық іс бойынша ең қысқа мерзімде, бірақ оны тергеу мен шешудің жан-жақтылығына, толықтығына және объектавтілігіне нұқсан келтірместен орындауға бағытталған'". Іс жүргізу мерзімдері деп В.Т.Томин мен Р. X. Якупов сот ісін жүргізудің жеткілікті түрде тез жүргізілуін қамтамасыз ету әдістерінің бірі, сондай-ақ кең мағынасында алғанда белгілі бір іс жүргізу
Советский уголовьный процесс. Л., 1989. С. 189. әрекеттерін жүзеге асыру үшін белгілеңген уакыт деп түсінеді. Кейінірек бұл түсінікке Р. X. Якупов анықтама енгізді: "Қылмыстық іс жүргізу мерзімдері қылмыстық іс жүргізу қызметінің белгілі бір қарқында жүргізілуін реттейтін, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдастыру құралы болып табылады. Ұйымдастыру құралы ретінде мерзім процеске барлық қатысушылардын іс-қылығын тәртіпке салатын әсер етеді, сөз бұндаға қарсы күресудің құралы болып табылады... Іс жүргізу мерзімдерін қатаң түрде және дәл сақтау теория мен заң шығару практикасында қылмыстык істер бойынша істердің тез жүргізілуің қамтамасыз ету құралдарынын бірі деп саналып келді".
Іс жүргізу мерзімдерін осылайша бір мағыналы, шын мәнінде дұрыс түсіну қылмыстық іс жүргізу заңында тұжырымдалған қылмыстык сот ісін жүргізу міндеттерімен байланысты. Атап айтқанда, КІЖК-тің 8-бабында қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі ретінде "қылмыстарды тез және толық ашу"' аталған.
Сонымен, ғалымдардың көпшілігі іс жүргізу мерзімтдерінің мәнін мынаған саяды: сот ісінің тез жүргізілуін қамтамасыз ету құралы;
сот ісінің белгілі
бір қарқынмен жүргізілуін
реттеудің
ұйымдық құралы.
Қаралып отырған категорияның неғұрлым кең ұғымын біз Ю. В. Кореневскийден табамыз, ол қылмыстық сот ісін жүргізудегі іс жүргізу мерзімдері — ақиқатты аныктау, іске қатысушы адамдардың құқықтарын қорғау (бөліп көрсеткен — Б.Т.) мақсаттарында қандай да болсын іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру, сот процестерінің тәрбиелеу, алдын алу мүмкіндіктерін арттыру үшін занда белгіленген уақыт. Іс жүргізу мерзімдеріне сот ісіне қатысушылардың құқықтарын қорғау сияқты белгінің берілуі олардың мәндік жағын едәуір байыта түседі.
I тарау. Талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі.
Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар. Талап мерзімі азаматгық құқықтық категория ретінде, ал екінші ұғым іс жүргізу құқығының негізінде анықталатын қағида, яғни құқығы бұзылған тұлғаның сотқа талап қою құқығы. Заңның мағынасынан көрініп отырғандай, талап қою мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан, сот құқығы бұзылған субъектіні құқығын қорғау туралы талабын қабылдауға міндетті (Азаматтық Кодекстің 179-бабы).
Талап қою мерзімі институты азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларына өз міндеттерін дер кезінде орындауға ықпал жасайды.
Өкілетті тұлға өз міндеттемесін дұрыс атқармайтын борышқорды бақылау үшін өз мүмкіндігін күшейтуге ықпал жасайды.
Талап қою мерзімдері және оларды есептеу тәртібі заңмен көзделеді және олардьг тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды.
Тараптар өздерінің келісімдері бойынша талап қою мерзімін қыскартуға немесе ұзартуға мүмкіншіліктері жоқ, өйткені талап қою мерзімінің ережелері занда көрсетілген яғни бұл нормалар императивтік мағынада анықталған.
Талап мерзімінің ағымы. Талап қоюдын жалпы мерзімі азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілік құрамына қарамастан үш жыл көлемінде белгіленген. Сонымен қатар, міндеттеменің жекелеген түрлері үшін заң құжаттарында талап қоюдың жалпы мерзімімен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері де белгіленуі мүмкін. Мәселен, АК-тің 216-шы бабында көрсетілгендей, үлесті сатып алулын басым құқығы бұзылған жағдайда, талап қою мерзімі үш ай шенберіңде анықталған.
Талап қою мерзімінің уақыты және оны реттеу тәртібі заңмен белгіленеді. Талап қою мерзімін реттейтін нормалар міндетті сипатқа ие болғандықтан, бұлар тараптардын өзара келісімімен өзгертілмейді.
Талап қою мерзімін дұрыс пайдалану үшін оның бастапқы кезенің анықтауымыз қажет. Азаматтық Кодекстін 180-ші бабында толық қамтылғандай, талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Орындалу мерзімі анықталған міндеттемелер бойьшша талап қою мерзімі олардын орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін басталады. Орындалу мерзімі белгіленбеген не талап ету кезімен белгіленген міндеттемелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы міндеттемені орындау үшін женілдік мерзімі берілсе, онда талап мерзімін есептеу аталған мерзім аяқталғаннан кейін басталады.
Міндеттемедегі тұлғалардың өзгеруі заңда нақты көрсетілгендей талап қою мерзімі мен онын есептеу тәртібін өзгертуге жол бермейді.
Заңда анықталған ережелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы тоқтаталуы, үзілуі және қалпына келтірілуі де мүмкін.
Талап қою мерзімінің тоқтатылуы — талап қоюға кедергі келтіретін жағдайлардың салдарынан есепке алынбайтын уақыт. Мерзімді тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар жойылған күннен бастап, талап қою мерзімінің ағымы одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса — талап мерзіміне дейін ұзартылады.
Талап қою мерзімі заңмен белгіленген мына темендегі жағдайлар бойынша тоқтатылады:
1) егер де талап қоюға осы жағдайдағы төтенше және тойтаруға болмайтын оқиға (бой бермейтін күш) кедергі жасаған болса, мысалы, жер сілкіну, топан су, сел ағыны немесе басқадай табиғи апаттар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленуімен міндеттемені орындау кейінге қалдырылса (мораторий);
3) егер де талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса;
4) егер де әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;
5) егер де тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуы тоқтатылса.
Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімінің ағымы азаматтың зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті органға жолдануына байланысты зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындалғанға не оларды тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Жоғарыда керсетілген негіздерден басқа мән-жайлар талап қою мерзімінің тоқтатылуына әкеліп соқтырмайды, яғни Азаматтық Кодекстің 182-ші бабына кеңейтілген мағынада түсініктеме беруге болмайды.
Информация о работе Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні