Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 14:58, курсовая работа
Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар.
Кіріспе
I тарау. Құқықтағы мерзімдер ұғымы.
1.1 Талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі
1.2 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі.
ІІ Тарау Қылмыстық процестердегі мерзім.
2.1 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі.
2.2 Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік-құқықтық салдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ұзақтығы белгілі мерзімдерге (немесе белгілі мерзімдер) мерзім-кезеңдер шегінде іс-қимылдар жасалуы қажетті кезеңнің қаншалықты уақытқа созылатынының дәл атап көрсетілу тән: сағат, тәулік, апта, ай, жыл.
2. Мерзім белгілеу
әдісімен байланысты негіз
Заңмен белгіленген мерзімдер заң нұсқамаларын орындаушы нақты өкілетті адамның құкықтық жағдайына қарамастан барлық қылмыстық істер бойынша міндетті. Мәселен, ҚІЖК-тің 184-бабына сәйкес қылмыс туралы арыз немесе хабар қабылдаған прокурор, тергеуші, анықтау органы ол түскен күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей шешім қабылдауға міндетті. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, сондай-ақ өзге де іс-әрекеттер жүргізу үшін бұл мерзімнің он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда — бір айға дейін ұзартылуы мүмкін, ол туралы жиырма төрт сағаттың ішін деп прокурорға хабарлануға тиіс.
Өкілетті адам белгілеген мерзімдер уақыт жағынан, заңмен белгіленген мерзімдер секілді, шектеусіз емес. Бұл жағдайда іс-әрекеттерді орындау мерзімі туралы шешімді қабылдауға өкілетті адам құқылы. Мысалы, КІЖК-тің 153-бабында аудандық (қалалық). облыстық прокурорлар мен оларға теңестірілген прокурорлардын қамауға алуды ұзартудың түрлі құқықтары көзделген: "үш айға дейін", "алты айға дейін". Мұның өзі тиісті прокурор ең жоғары мерзімнен аса алмайтынын, бірақ ең жоғары мерзім шегінде одан аспайтын кез келген мерзім белгілей алатынын білдіреді.
3.1с жүргізушілік кепілдіктер жасалуына байланысты негіз бойынша мерзімдер мынадай түрлерге бөлінеді: а) сот ісінің, тез жүргізілуінің кепілдері; ә) процеске қатысушылар құқықтары мен заңды мүдделері сақталуының кепілдіктері; б) пәрменді прокурорлық қадағалаудың жүзеге асырылатынының кепілі.
Сот ісінің тез жүргізілуінің кепілдіктері ретіндегі мерзімдер жалпы іс жүргізушілік маңызы бар бірқатар нормаларда орнықтырылған. Оларғамына мерзімдер жатады: кылмыстык іс козғау туралы мәселені шешу мерзімі (ҚІЖК-тің 184-бабы). ондағы ең төмен мерзім — жиырма төрт сағат, ен жоғары мерзім — бір ай; анықтау және алдын ала тергеу мерзімі (КДЖК-тің 196, 285-бабы); істі апелляциялық немесе кассациялық сатыларда қарау мерзімі (К.ІЖК-тің 399-бабы) жәнет.т.
Процеске қатысушылардын құқықтары мен занды мүлделері сақталуының келілдіктері ретіндегі мерзімдер, әдетте, адамның сот ісін жүргізудегі құкыктық жағдайының мәселелеріне белгілі бір жағдайда қатысты іс жүргізу әрекеттерін орындауға бағдарланған. Бұл түрге: сезіктіні ұстау және одан жауап алу (ҚІЖК-тің 68-бабы); айыпталушыға айыптау қорытындысының көшірмесін табыс ету (ҚІЖК-тің 284-бабы); процеске қатысушылардың шағымдарын қарау (КДЖК-тің 399-бабы) мерзімдері мен т.б. мерзімдер жатады.
Пәрменді прокурорлық қадағалау жүзеге асырылатынының кепілі ретіндегі мерзімдер қылмыстык процесті жүргізуге өкілетті органдар мен адамдардың зандылықты сақтауын қадағалау үшін тиімді жағдайлар жасау мақсатын көздейді. Бұл түрде: анықтау органы бастығының анықтау мерзімін ұзартуы туралы прокурорды хабардар ету (К,ІЖК-тің 285-бабы); қылмыстық іс қозғау, істі іс жүргізуге қабылдау, анықтауды тоқтата тұру немесе қысқарту туралы қаулылардың көшірмелерін прокурорға жіберу (ҚТЖК-тің 188, 50, 51-баптары) сияқты және басқа мерзімдер бар.
Іс жүргізу мерзімдерінің келтірілген түрлері одан әрі саралауға арналған негіздердің бәрін түгел қамтымайтынын айта кету керек. Одан әрі саралау іс жүргізу мерзімдерінің қылмыстык процестегі орны мен маңызын неғұрлым терең түсіну мен ұғыну үшін алғы шарттар жасау үшін қажет.
Ғылыми пікірталастар
Әдетте іс жүргізу мерзімдеріне екінші дәрежелі мән беріліп, сол себепті бір ізге салу, сараптау проблемалары мен өзге де мәселелерді талдап зерттеу іс жүзінде осы ғасырдың 70-ші жылдарының орта тұсына дейін жүргізілген жоқ. Атап айтқанда, М.С Строгович іс жургізу мерзімдерін тек "тиісті іс жүргізу әрекетінің тиісті әсері болуы үшін қажетті шарт" деп бағалады1. Одан бұрын М. А. Чельцов былай деп атап көрсетті: "Процестегі мерзім дегеніміз —осы сөздің кең мағынасында, іс жүргізу әрекеті орындалуға тиісті уақыттың белгілі бір аралығын білдіреді". Мұндай көзқарастар "мерзім" ұғымының іс жүргізушілік-құқықтық маңызынан гөрі этимологиялық маңызына көбірек негізделген.
Іс жүргізу мерзімдерінің мәні мен маңызы А. П. Гуляевтің еңбектерінде барынша терең ашып керсетілген. Оның тұжырымдарын Р.X. Якупов, ішінара Ю.А. Костанов, В. В. Назаров және басқа зерттеушілер дамытып толықтырды.
1.2 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі.
Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі КДЖК-тің 54-бабында белгіленген. Мерзімдер сағаттармен, тәуліктермең, айлармен және жылдармен есептеледі.
КДЖК-тін 54-бабынан мерзімді "есептеу" және иерзімнін "өтуі" мәнінің бірдей емес екенін көреміз. Мерзімнің өтуі іс жүргізу әрекеті жүзеге асырылғаннан кейін белгілі бір уақыт өткенін немесе өтіп жатқанын білдіреді, оны есептеуге болады. Ал мерзімді есептеу ден қойылып отырған уақытқа оны сағаттармен, тәуліктермен, айлармен және жылдармен есептеудің заңда белгіленген ережелерін қолдануға болатынын білдіреді.
Іс жүргізу мерзімдерін есептеудің өзіндік ерекшелігі күндер мен тәуліктер арасындағы айырмашылықта. Мұның алдында, мерзім-кезеңдердің маңызына сипаттама берген кезде, біз заң шығарушының "күн", "бір күн ішінде", "келесі күні" сияқты ұғымдарды пайдаланғанын атап көрсеткен болатынбыз (КІЖК-тің 209, 212-баптары) және т.т. Сонымен бірге ҚІЖК-тін 54-бабының 1-бөлігіңде мерзімдер сағаттармен, тәуліктермен, айлармен, жылдармен есептелетіні айқын атап көрсетілген. Бұл бапта мерзімнің күнмен есептелетіні айтылмаған. "Күн" ұғымының мазмұнын, сірә, тәуліктің жергілікті уақыт бойынша сағат жиырма екіден алтыға дейінгі бөлігін құрайтын "түнгі уақыт" ұғымымен қамтылмаған тәуліктің бір бөлігі деп түсіну қажет шығар. Жалпы ереже бойынша мерзімді тәулікпен есептеу кезінде ол соңғы тәуліктегі жиырма төрт сағатта бітеді.
Мерзімдер есептеу механизмін түсінудің практикалық манызы бар, әйтпеген жағдайда заң талаптарының өрескел бұзылуы мүмкін. Осыған байланысты мерзімнің өтуі басталатын сағатпен тәулік есепке альшбайтынын, бұған ұстау кезіндегі мерзімдерді есептеудің қатысы жоқ екенін ескеру қажет. Бұл нұсқаға мерзімнің өтуі іс жүзіңде оны есептеуден бұрын басталатыңын бітдіреді. Атап айтқаңда, Р.Х.Якупов былай деп атап көрсетеді: "мерзімдерді есептеудің мұндай тәртібін заң шығарушы кездей-соқ белгілемеген. Сағаттармен есептелетін мерзім өте бастайтын уақыт толық емес сағат, ал тәуліктермен және айлармен есептелетін мерзім өте бастайтын уақыт — толық емес тәулік болуы мүмкін. Сондықтан сағаттармен, соңдай-ақ тәуліктермен және айлармен есептелетін мерзімнің соңғы сәтін белгілеу мерзім бітетін минуттарды және тіпті секунттарды есептеумен қиындатылған болар еді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде осындай дәл есептеулер жасау мүлдем жөнсіз. Мерзімдер есептеудің қабылданған жүйесі есетеуді жеңілдетеді".
Мерзімдерді дұрыс есептеудің маңызды екенін регламенттелуінде іс-қимыл жасалатын уақыт атап көрсетілген бірқатар нормалар дәлелдейді. Мәселен, қылмыс жасады деген күдік келтірген адамды ұстау хаттамасында ол ұсталған сағат, минут, күн, жыл және ай, хаттама жасалған уақыт көрсетілуі қажет (КІЖК-тің І34-бабы).
Сағатпен есептелетін мерзімдер. Бұл мерзімдер белгіленген категорияларға жатқызылады, олар: 1 сағат (ҚІЖК-тің 212-бабы); 3 сағат (КІЖК-тін. 134-бабы); 4сағат (ҚІЖК-тің212-бабы); 6 сағат (ҚІЖК-тің 150-бабы); 24 сағат (КІЖК-тің 232-бабы); 48 сағат (ҚІЖК-тің 496,497-баптары); 72 сағат (КІЖК-тің 136-бабы).
Заңда іс жүргізу әрекеттерін жергілікті уақыт бойынша сағат 22-ден 6-ға дейінгі түнгі уақытта (кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырудан тартыңу көзделген. Сөйтіп, түнгі уақыттың ұзақтығы 8 сағатқа, ал күңдізгі уақыттан ұзактығы 16 сағатка тең. Демалу және үзіліс жасау уақыты көрсетілген нормаларды орындау кезінде осы жағдайларды ескеру қажет. Мысалы, КДЖК-тің 370-бабында былай делінген: "Жұмыс уақыты аяқталған соң, соңдай-ақ жұмыс күні ішінде сот (судья) демалу үшін кенесу бөлмесінен шығып, үзіліс жасауға құқылы". Ондай уақыт деп түнгі уақытты немесе ұзақтығы әдетте 8 сағат болатын жұмыс күні деген ұғымға жатпайтын кез келген уақытты таңуға болады. Сонымең бірге соттың қысқа үзіліс жариялауы мүмкін.
Сағатпен есептелетін ең көп қолданылатын мерзім 24 сағатқа тең. Бұл мерзім КДЖК-тің бірқатар баптарыңда атап керсетілген. Мысалы, қылмыс туралы арыз бойынша шешім ол берілген күннен бастап жиырма төрт сағаттаға кешіктірмей қабылдануға тиіс. Мәселен, егер арыз 2 сәуірде 12 сағат 20 минутта келіп түскен болса, бұл мерзімнің өтуі 2 сәуірдегі 13 сағаттан басталып, 3 сәуірдегі 13 сағатта аяқталады. Ал мерзімнін өтуі басталатын сағат есепке атылбайды. Бұл жағдайда ол — 12 сағат.
Заңмен 48 және 72 сағаттық іс жүргізу мерзімдері сирек белгіленеді.
Белгілі бір іс-әрекеттерді "кідіріссіз", "дереу" немесе "тез арада" орындауды ңұскайтын нормалардағы белгісіз мерзімдер біршама қиындықтар туғызады. Мұндай нұсқаулар, мысалы, ҚІЖК-тін 142, 216, 222, 235, 237-баптарында бар. Мәселен, КДЖК-тің 216-бабынын 2-бөлігінде былай деп атап керсетілген: . "Егер сезікті ұсталған немесе күзетпен қамауға алынған болса, ол өз айғақтарын корғаушының қатысуымен баяндауға құқылы. Қорғаушының қатысуын тез арада қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тергеуші оның қатысуын сезікті ұсталғаннан немесе ол күзетпен қамауға алынғаннан кейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қамамасыз етуге міндетті". Қарапайым талдау "кідіріссіз", "тез арада" ұғымдарымен белгіленетін мерзім қалай болғанда да жиырма төрт сағаттан аз уақытты кұрайтынын көрсетеді. Сонымен бірге "кідіріссіз", "тез арада", "дереу" сөздерінің тікелей түсінігі бойынша белгілі бір іс-әрекеттерді тікелей құқықтық негіздер пайда болған сәтте орындау керек. Бірақ бірқатар жағдайларда ол мүмкін болмайды. Осыған байланысты, А. П. Гуляевтің пікірі бойынша іс-әрекет 24 сағаттан кешіктірілмей орындалуға тиіс. Сонымен, "дереу" сөзінің әдеттегі ұғымы бұл мерзімнің КІЖК-тегі қазіргі ұғымына сәйкес келеді.
Тәулікпен және күнмен есептелетін мерзімдер. Бұдан бұрын атап көрсетілгеніндей, мерзім есептеудегі күн 24 сағат деп саналады, мерзім тәулікпен есептелгенде ол соңғы тәуліктердегі 24 сагат ішінде бітеді. Күндер мен тәуліктер есептеудегі негізгі айырмашылық міне, осында.
"Күн" мен "тәулік" ұғымдарының үйлеспейтінін бір нормаларда тәуліктік мерзімдердің, өзге нормаларда — күндермен есептелетін мерзімдердің белгіленуі сияқты фактілер дәлелдейді. Мысалы, КДЖК-тің 212-бабына сәйкес жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс". Жауап алу жалпы ереже бойынша күндізгі уақытта жүргізілетінін ескергенде, күн ұғымына, сірә, жергілікті уақыт бойынша сағат алтыдан жиырма екіге дейінгі уақыт кіруге тиіс болар. Сонымен бірге, кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, жауап алуды түнгі уақытта да жүргізуге болады. Бұл жағдайларда күн ұғымына жауап алу басталған сағаттан кейінгі сағаттан бастап есептелетін 24 сағат кіреді.
Мерзімдерді тәуліктермен және күндермен есептеу тәртібіне түсініктер енгізу қажет екенін КІЖК-тің әңгіме мерзім-кез жайында болған кездегі қатынастарды реттейтін бірсыпыра нормалары дәлелдейді- Мысалы, КДЖК-тің 209-бабына сәйкес "айдап әкелінген айыпталушыға айып айдап әкелінген күні тағылады". Бұдан бұрын қаралған ережедегідей күн жауап алу басталған сағаттан кейінгі сағаттан бастап есептелетін 24 сағатгы қамтиды. Күндізгі уақытқа келер болсақ, бұл жерде айыпталушыға тағылған айыптың мәнін мүмкіндігінше ертерек білу құқығын жүзеге асыруға оның мүдделі екенін ескеру керек.
Келтірілген мысалдарға орай А. П. Гуляевтін мына бір ескертуі зейін қоярлық: "Заң шығарушының бірдей уақыт аралығы үшін "жиырма төрт сағат" және "тәуліктік мерзім" деген түрлі терминдер қолдануы, сірә, кездейсоқ болмаса керек. Бірдей уақыт аралығын белгілеу үшін түрлі термиңдер қолдана отырып, зан шығарушы аталған мерзімдерді есептеудің түрлі тәртібін белгілеген. Мұндай тұжырымның дұрыс екенін ұсталған адамды қамауға алуға немесе оны босатуға рұқсат беру туралы мәселені прокурордың шешуі үшін, мысалы, айып тағу үшін көзделгеніндей екі тәулік емес, ал кырық сегіз сағат белгіленген де көрсетеді. Сонымен, тәуліктік мерзім, біздің ойымызша, тәуліктермен есептелетін мерзімдердің бір бөлігі болып табылады. Мұның өзі тәуліктік мерзімді есептеу кезінде мерзімнің өтуі басталатын тәуліктер есепке альшбайтынын білдіреді". Заң шығарушы Іс жүзінде "жиырма төрт сағат", "бір күн", "жетпіс екі сағат", "үш тәулік" сияқты және т.б. мерзімдерді бір мезгілде колданады. Орнына, маңызына және құқықтық салдарына байланысты әр түрлі іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру мерзімдерін саралауға мүмкіндік беретін ерекше мән міне, осында.
Айлармен және жылдармен есептелетін мерзімдер. КІЖК-тің 54-бабына сәйкес ай мен жыл күнтізбе бойынша есептеледі; мерзімді айлармен немесе жылдармен есептеу кезінде мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Ал егер айлар бойынша есептелген мерзім тиісті күні болмайтындай айға келетін болса, мерзім сол айдың соңғы күні аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күні емес (демалыс, мереке) күнге келсе, одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің ақырғы күні болып саналады. Бұл ереже ұстау, қамауға алу, үйінде қамауда ұстау және медициналық немесе арнаулы оқу-тәрбие мекемесінде болу оқиғаларына қатысты емес.
Қылмыстық іс жүргізу заңында айлармен есептелетін мерзімдер көзделген; 1 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 184-бабы). 2 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 1-бөлігі), 3 ай (мысалы, КІЖК-тің 153-бабының 2-бөлігі), 9 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 3-бөлігі). Ұзақтығы 1 жыл іс жүргізу мерзімі ҚІЖК-тің 153-бабының 4-бөлігінде көзделген.
Мерзімнің ескіруін белгілеу кезіңде іс жүргізу мерзімдерін есептеудің кейбір ерекшеліктері бар. Мәлім болып отырғандай, егер ҚК-те белгіленген ескіру мерзімі өткен болса қылмыстық іс қозғауға болмайды (КІЖК 37-бап, 1-бөлік, 4-тармақ), сонымен бірге, ақтау үкімін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға тек қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі ескіруінің заңда белгіленген мерзімдері ішінде және жаңа мән-жайлар ашылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей жол беріледі (ҚІЖК-тің 473-бабы). ҚК-тін 69-бабына сәйкес мерзімнін ескіруі жылдармен есептеледі: кішігірім қылмыс жасалған күннен бастап 2 жыл; орташа қылмыс жасалған күннен бастап 5 жыл; ауыр қылмыс жасалған күннен бастап 10 жыл; аса ауыр қылмыс жасалған күннен бастап —15 жыл.
Информация о работе Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні