Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 14:58, курсовая работа

Описание работы

Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар.

Содержание работы

Кіріспе
I тарау. Құқықтағы мерзімдер ұғымы.
1.1 Талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі
1.2 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі.

ІІ Тарау Қылмыстық процестердегі мерзім.
2.1 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі.

2.2 Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік-құқықтық салдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Дип.-Ерекше-талап-қоюмен-іс-жүргізудің-түсінігі-және-мәні.doc

— 367.50 Кб (Скачать файл)

Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті тоқтату мерзімінен айыра білу керек.

Талап қою мерзімнің өтуі белгіленген тәртіппен талап қою, сондай-ақ міндеткер адамның борышты немесе өзге міңдеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады, үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа мерзім пайда болады.

Талап қою мерзімін қалпына келтіру тек ерекше жағдайларда, яғни талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (мәселен: ауыр науқас, дәрменсіз халде болу, сауатсыздық және т. б.) бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген дәлелді себептер болған жағдайда соттың ғана талап қою мерзімін қалпына келтіру мүмкіншілігі бар. Көрсетілген негіздер осы қатармен ғана аяқталып қоймайды, оның шеңберін кен түсінгеніміз жөн болар.

Талап қою мерзімі азамаптық құқық объектілерінін барлығына бірдей қолданыла бермейді. Азаматтық зандарымызда аталып көрсетілгендей (Азаматтық Кодекстің 187-ші бабы) талап қою мерзімі кейбір талаптарға мүлдем қолданылмайды.. Мысалы: заңда көзделгеннен басқа реттерді есепке алмағанда, мүліктік емес жеке құқықтарға, салымшылыардың банкіге салған салымдарды беру туралы талаптарға және т. б.

Мұндай талаптар мерзім уақытына қарамастан, әруақытта да қорғалуға жатады. Ол сондай-ақ азаматтын өміріне немесе денсаулығына келтірілген заңды өндіріп алу талаптарына да қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар алғашқы талап қойылған кезден үш жылдан аспайтын уақыт ішінде қанағаттандырылуы қажетІс жүргізу мерзімдерінің мәніне терең түсінік берген А. П. Гуляев, ол былай деп жазады: "Іс жүргізу мерзімдері... кепілдіктер жүйесінің бір бөлігін құрады. Олардың ерекшелігі қылмыстык іс жүргізу қызметін белгілі бір уақыт аралығын белгілеу жолымен регламенттеу әдісінің өзгешелігінде, сол уақыт аралығында тисті іс жүргізу әрекеттерінің орындалуына жол беріледі. Мерзімдерді есептеудің тәртібі және өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы жалпы ережелер бар заң нормалары іс жүргізу мерзімдерінің нақ осы ерекшелігімен байланысты...

Жоғарыда баяндалған ережелер қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген мерзімдерді қандай да болсын іс жүргізу әрекеттерін орындау уақытын шектейтін іс жүргізушілік кепілдіктерінің бір түрі деп белгілеуге негіз береді. Бұл айқындама М. М. Выдряның пікірімен үйлеседі, ол іс жүргізушілік кепілдіктерінің жалпы саяси маңызын бағалай келіп, былай деп жазды: "Жалпы мемлекетгік тұрғыдан алғанда іс жүргізушілік кепілдіктерін сот төрелігінің қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар жүйесі деп санауға болады".

Қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу заңына жасалған талдау іс жүргізу мерзімдері туралы жалпы норма жоқ екенін дәлелдейді. Сонымен бірге КІЖК-те мерзімдерді есептеу туралы (54-бап), өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы (45,56-баптар), іс жүргізу мерзімдерін сақтау туралы(55-бап), іс жүргізу мерзімдерің өткізіп алудың құқықтық зардаптары туралы (56-бап), қамауға алудың мерзімдері мен оларды ұзартудың тәртібі туралы (153-бап), алдын ала тергеу мерзімі туралы (196-бап), үкімге щағымдану мерзімдері туралы (399-бап) және т.б. дербес нормалар бар. КІЖК-тегі жүзге жуық нормада қылмыстық процесте уакытты регламенттеудің жекелеген элементтері бар. Жалпы мен жалқының осындай арақатынасы жағдайында мерзімдер мәні, орны және манызды мәселелерінің және оларды бұзудың кұқықтық зардаптарының қате түсіндірілуі мүмкін. Соңғысы зандылыкты сақтау тұрғысынан ерекше маңызды. Мәселен, сотталушы кассациялық шағымды берілген он тәуліктік мерзімді бұза отырып жасаған жағдайда оның заңдық күші болмайды және бірінші сатыдағы сот шығарған үкімнің күшін жою және оны өзгерту үтпін тіпті нақты негіздер бар болған жағдайдын өзінде, іс жүргізушілік-құқықтық нәтижелер бермейді. Нақ сондықтан іс жүргізушілік мерзімдерді кепілдіктер түріне жатқызу оларға қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесін қамтамасыз ету тұрғысынан мүлдем ерекше мән береді. Іс жүргізушілік мерзімдерінің қос ұдайылық табиғатына назар аударған Ю- А. Костанов пек В. В. Назаровтың пікірі осы көзқарас тұрғысынан маңызды. Атап айтқанда, олар былай деп жазды: "Занда қандай да болсын іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру немесе іс жүргізу шешімдерін қабылдау мерзімдерін, сот ісін жүргізудің жекелеген сатыларының мерзімдерін керсету, бір жағынан, іс бойынша іс жүргізілуін тездетудің құралы болып табылады, ал екінші жағынан, процеске қатысушьшар құқықтарына кепілдіктер береді, өйткені, біріншіден, іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының, сондай-ақ жалпы іс бойынша іс жүргізудің мерзімін шектейді, екінші жағынан, жекелеген іс жүргізушілік құжаттарымен (айыптау қорытындысымен, үкіммен, сот отырысының хаттамасымен) танысу үшін қатысушыларға берілуге тиіс уақыттың ең темен шегін белгілейді.

Келтірілген қолданбалы жай-жапсарлармен қатар іс жүргізу мерзімдерінің жалпы мақсатын белгілеудің маңызы зор. Іс жүргізу мерзімдері — заңды уақытта қолдану нысандарының іс жүргізу міндеттерін реттелетін құқық қатынастарының кеңістікке ғана емес, сондай-ақ уақытқа қатысты мерзімімен өзара байланыста шешуге бағытталған бір түрі.

Егер жалпы алғанда біртұтас заң ретінде ҚІЖК қолданылуы ол қабылданған және күшіне енген уақыттан заң тәртібімен күші жойылғанға дейін белгіленетін болса, оның жекелеген ережелері нақты нормалардын қолданыуын өз күшін жоймаған жалпы Кодекс шегінде белгілеген. КІЖК қолданылатын уақыт — уақыт категориясының жалпы бағыты, оның жекелеген ережелері қолданылатын уақыт — сол категорияның жеке, қолданбалы көрінісі.

Сонымен, занда іс жүргізу мерзіндерін белгілеудін салалық максаты—қандайда болсын іс-әрекеттің дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету. Мысалы, ҚІЖК-тің ІІІ-бабында прокурордың, тергеушінің, анықтау органынын жасалған немесе әзірленіп жатқан кез келген қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға міндетті екені көзделген. Заң осы бөлігінде қылмыс туралы әрбір хабарды және арызды тиісті органның (өкілетті адамның) қарауын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Одан соң 184-бапта арыздар мен хабарлар қаралуға жәңе шешімдер қабылдануға тиісті шекті мерзім белгіленген. Бұл жердегі мақсат — қылмыстылар туралы арыздар мен хабарлардың дер кезінде қаралуын қамтамасыз ету.

Іс жүргізу мерзімдерінің негізгі маңызы мынада:

— олар: а) процеске катысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын; ә) сот ісінің тез жүргізілуін; б) пәрменді прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру шарттарын қамтамасыз ететін іс жүргізушілік ерекше кепілдіктер береді;

- қылмыстық процесте жүйелеу функциясын орындауға бағытталған құкықтық құрал болып табылады;

сот ісінің жүргізілуіне белгілі бір қарқын беретін ұйымдық 
құрал болып табылады.

Іс жүргізу мерзімдерінің белгілері сот ісін жүргізудегі белгілі бір уақыттың бәрінің бірдей іс жүргізушілік манызы бола бермейтініне байланысты маңызды. Іс жүргізу мерзімдерін өзге мерзімдерден оқшаулайтан негізгі белгілерге мыналар жатады:

  - іс жүргізу мерзімдерін белгілі бір құкықтық жағдайларда 
(мәселен, кассациялық шағым беруге немесе кассациялық наразылық білдіруге бөлінген он тәуліктік мерзімнің өтіп кетуі 
соттың үкімді жүзеге асыруына себеп болады; сезіктіге бұлтартпау шаралары қолданылған сәттен бастап он тәулік өткенге дейін айыпталушыға айып тағылмауы тергеушінің бұлтартпау шараларының күшін дереу жоюына әкеліп соғады) "дербес заң фактісі немесе күрделі заң кұрамы элементтерінің бірі ретінде"' тану мүмкіндігі. Іс жүргізу мерзімін зандық факт ретінде тануға себеп болатан құқықтық жағдай — іс жүргізу қатынастарына қатысушылардың заңмен белгіленген құқыктары мен міндеттерінің пайда болуы немесе доғарылуы түріндегі құкықтық салдарлардың басталуы;

- заңмен белгіленген мерзімдерді сақтау міндеттілігі (ол 
мерзімдерді сақтамау сот ісін жүргізудегі зандылык принципін 
бұзу деп бағаланады), қажет болған жағдайда мәжбүрлеу қолданылуы мүмкін;

мерзімдерді есептеу мен қалпына келтірудің ерекше тәртібі;

тергеліп жатқан қылмыстық істің категориясына байланысты мерзімдерді заңмен саралау.

Іс жүргізу мерзімдері негіздерге байланысты түрлерге бөлінеді. Түрлі авторлар түрлі сараптама береді, бірақ бірқатар сараптама негіздері бір-бірімен үйлеседі. Осы жағдайға сүйене отырып, іс жүргізу мерзімдерінің мына түрлерге бөлінуін мүмкін деп санаймыз:

1. Қылмыстық іс жүргізу қызметін регламенттеу әдісіне байланысты негіздер бойынша мерзімдер мына түрлерге бөлінеді: а) мерзім-кез; ә) мерзім-кезең2.

Мерзім-кез әрдайым іс жүргізу мерзімдері белгіленбеген әлдебір іс жүргізу әрекетімен үнемі байланысты. Мерзімдердің бұл түрін іс жүргізілетін уақытты көрсететін ерекше терминология бойынша белгілеуге болады. Сондай терминдердің анықтамалары мыналар "кез" (мысалы, КІЖК-тің 70-бабына сәйкес, "қорғаушы айып тағылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі" немесе ҚІЖК-тің 69-бабы бойынша "өзінен алғашқы жауап алудың алдындаға кезден бастап корғаушымен жолыға алады"); "кез келген сәт" (мысалы, ҚІЖК-тің 348-бабының 3-белігі бойынша "сот сотталушыға нақтылау сұрактарын жауап алудың кез келген сәтінде қоюы мүмкін"); "дереу" (мысалы, КІЖК-тің 142-бабының 1-бөлігі бойынша "айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей айып тағылмаса, бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылады" деп белгіленген; КІЖК-тің 150-бабының 6-бөлігі бойынша "прокурордың санкциясы немесе санкция беруден бас тарту туралы белгісі бар қаулы тергеушіге, анықтаушыға, айыпталушыға (сезіктіге) жолданады және жедел атқаруға жатады"; "кідіріссіз" термині өзінің мәні жағынан "дереу" терминіне жақын (мысалы,КІЖК-тін150-бабының З-бөлігі бойынша "бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау туралы қаулы материалдары прокуратураға түскен кезден бастап алты сағаттың ішінде прокурордың кідіріссіз қарауына жатады"; "тез арада" терминінің мәні соған ұқсас (мысалы, КІЖК-тін 216-бабынын 2-бөлігі бойынша "қорғаушының қатысуын тез арала қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тергеуші оның қатысуын сезікті ұсталғаннан немесе ол күзетпен қамауға алынғаннан кейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті"; "аяқталғаннан кейін бірден" (мысалы, ҚІЖК-тің 203-бабының 1-бөлігі бойынша "тергеу іс-әрекетінің хаттамасы тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында немесе ол аяқталғаннан кейін бірден жасалады"); әлдебір іс-әрекет басталардың "алдында" (мысалы, КІЖК-тің 203-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу іс-әрекетінің хаттамасында ғылыми-техникалық кұралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың хабардар етілгені көрсетілуге тиіс'"); әлдебір іс-әрекеттен "кейін" (мысалы, ҚІЖК-тін 258-бабыньгн 2-бөлігі бойьшша "сараптамалык зерттеудін үлгілері сол адамнан, бірак аталған іздер калдьірылуы мүмкін жағдайлар туралы одан куә (жәбірленуші) ретінде жауап алғаннан кейін ғана алынуы мүмкін"); әлдебір іс-әрекетаен "бір мезгілде" (мысалы, КІЖК-тің 206-бабының 2-бөлігі бойынша "тергеуші айыпталушыға айьштағылған күнтуралы хабарлаНды және сонымен бір мезгілде оған қорғаушыны шақыру құқығын түсіндіреді"); іс жүргізу "аяқталғаннан кейін"(мысалы, ҚІЖК-тің 213-бабының 4-бөлігі бойынша "еркін баяндау аяқталғаннан кейін жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар ашылуы мүмкін"); "тәмамдалғаннан кейін" терминінін мәні "аяқталғаннан кейін" терминіне жақын (мысады, К.ІЖК-тін 362-бабынын. 1-бөлігі бойынша "төрағалық етуші дәлелдемелерді зерттеу аяқталғаннан кейін іске қатысутыларға бұдан былайғы іс-қимыл барысын түсіндіреді"); әлдебір іс-әрекетке "дейін" (мысалы, ҚІЖК-тін 214-бабьшын 1-бөлігі бойынша "тергеуші бір іс бойынша шақырылған куәлар, жәбірленушілер жауап алу басталғанға дейін өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданады"); уақыт шеңберлері нақты жағдайды негізге ала отырып белгіленетін қандай да болсын жағдайдын өзара байланысты көрсетілетін "уақытында" (мысалы, ҚІЖК-тің 222-бабының 3-бөлігі бойынша "тергеуші уақытында келе алмайтын жағдайда тексеруді анықтаушы немесе арыз немесе хабар келіп түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жүргізеді"); "кешіктірмей" (мысалы, КІЖК-тің 235-бабының 5-бөлігі бойынша "почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындаудың күшін бұл шараға қажеттілік жойылған кезде тергеуші немесе прокурор бірақ кез келген жағдайда тергеу аяқталғаннан кейін кешіктірмей жояды"); "анықталғаннан кейін" (мысалы, ҚІЖК-тің 354-бабынын 5-бөлігі бойынша "төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін сарапшыға жазбаша түрде сұрақ беруді ұсынады").

Мерзім-кезеңдерді мынадай терминдермен білдіруге болады: әлдебір іс әрекет жасалған "күні" (мысалы, КІЖК-тің 209-бабының 2-бөлігі бойынша "айдап әкелінген айыпталушыға айып айдап әкелінген күні тағылады"); "күндізгі уақытта'", "бір күн ішінде" (мысалы, ҚІЖК-тін 212-бабының 2-бөлігі бойынша "жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында күндізгі уақьпта жүргізіледі"; КІЖК-тің 212-бабынын 3-бөлігі бойынша "жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзактығы сегіз сағаттан аспауға тиіс"; "белгілі бір уаңьптан аспайтын мерзімде" (мысалы, ҚІЖК-тің 134-бабының І-бөлігі бойынша "ұсталған адамды анықтау органына немесе алдын ала тергеу органына әкелгеннен кейін үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы хаттама жасайды"); "белгілі бір уақыт ішінде" (мысалы, ҚІЖК-тің 136-бабының 2-бөлігі бойынша "ұсталу кезінен бастап жетпіс екі сағаттың ішінде сезіктіге қатысты осы Кодексте белгіленген тәртіппен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс немесе ол босатуға жатады"); "белгілі бір тәулік ішінде" (мысалы, КІЖК-тің 222-бабының 13-бөлігі бойынша "тұрғын үйді тексеру тергеушінің қаулысы бойынша жүргізілуі мүмкін, бірақ кейін оның заңды екенін тексеру үшін жүргізілген тексеру туралы бір тәулік мерзімде прокурорға хабарланады"); "белгілі бір тәуліктерден кешіктірілмей" (мыса-лы, КІЖК-тің 142-бабының 1-бөлігі бойынша"айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей тағылуға тиіс"); "белгілі бір сағаттарда" (мысалы, КІЖК-тін. 212-бабының 3-бөлігі бойынша "жауап алуды демалуға арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол беріледі"); "белгілі бір мерзімнен аспау" (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 5-бөлігі бойынша "қамауға алу мерзімі қылмыстык заңда көзделген бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімінен аспауға тиіс"); "белгілі бір айлар мерзімінен кешіктірілмей" (мысалы, ҚІЖК-тің 196-бабының І-бөлігі бойынша "қылмыстық істер жөніндегі алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс") және т.т.

Мерзім-кезендер өз тарапынан: а) белгісіз мерзімдерге; ә) ұзақтығы белгілі мерзімдерге бөлінеді.

Белгісіз мерзімдер, әдетте, сот ісін жүргізудің қандай да болсын іс-әрекет жасалуы қажетті әлдебір кезеңін көрсетеді. Мерзімдердің ең ерте және ең кеш шектері өзара байланысты іс-қимылдар аралығындағы кезеннің қаншалықты уақытқа созылатынымен айқындалады. Мәселен, КІЖК-тің 121-бабына сәйкес заттай дәлелдемелер "үкім немесе істі тоқтату туралы қаулы заңды күшіне енгенге дейін" істе қалады, бұл жағдайда ең ерте мерзім затгай дәлелдемелер іс материалдарына қосылған мерзіммен тұспа-түс келетіні, ал ең жоғары мерзім үкім заңды күшіне енген уақытпен немесе істі тоқтату уакытымен айқындалатыны мегзелген.

Информация о работе Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні