Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 14:58, курсовая работа
Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар.
Кіріспе
I тарау. Құқықтағы мерзімдер ұғымы.
1.1 Талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі
1.2 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі.
ІІ Тарау Қылмыстық процестердегі мерзім.
2.1 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі.
2.2 Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік-құқықтық салдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әскери қылмыстар тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты мына төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді:
Бағыныштылық тәртібіне және әскери кызметшілердің жарғылық ережелеріне сай қарым-қатынасына қол сұғатын кылмыстар: Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап). Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны кызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап). Бастыққа қатысты күш колдану іс-әрекеттері (369-бап). Бір-бірінін арасында бағыныштылық катынастары болмаған кезде әскери кызметші-лердің, арасындағы өзара қарым-қатынастардың. жарғылық ережелерін бұзу (370-бап). Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап).
Әскери қызметті өтеу тәртібіне карсы бағытталған кылмыс-тар: Бөлімді немесе кызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап). Кашкындық (373-бап). Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери кызметтен жалтару (374-бап).
Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар: Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-бап). Шекаралық кызмет аткарудың ережелерін бұзу (376-бап). Қарауыл (вахта) кызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (377-бап). Ішкі кқзмет аткарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (378-бап). Қоғамдық тәртіпті ■ қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті камтамасыз ету бойыңша кызмет аткарудың ережелерін бұзу (379-бап).
Кару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселер, әскери мүліктерді, техниканы пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсьг қылмыстар: Әскери мүлікті қасақана кұрту немесе бүлдіру (387-бап). Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру (388-бап). Әскери мүлікті жоғалту (389-бап). Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (391-бап). Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (390-бап). Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (393-бап). Кеме жүргізу ережелерін бұзу (393-бап).
Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы кылмыстар: Әскери құпияны жария ету немесе әскери құпиясы бар құжаттарды жоғалту (386-бап).
Әскери лауазымды кылмыстар: Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра колданылуы немесе әрекетсіздігі (380-бап). Қызметке селқос карау (381-бап).
Шайқас даласында және соғыс жүріп жаткан ауданда әскери кызметті атқару тәртібіне қарсы кылмыстар: Құрып бара жаткан әскери кемені тастап кету (382-бап). Жауға соғыс жүргізу кұралдарын беру немесе тастап кету (383-бап). Тұтқынға өз еркімен берілу (384-бап). Тонаушылық 385-бап).
Әскери кылмыстар объективтік жағынан алғанда әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамдары формальдық та, материалдық та болып кездеседі. Оларға жеке құрамдарға талдау жасағанда толық тоқталамыз. .
Субъективтік жағынан алғанда бүл қылмыстардың көпшілігі қасақанлықпен, азын-аулағы абайсыздықпен істеледі. Енді осы кылмыстардың жекелеген тобына және түрлеріне талдау жасайық.
Қылмыс объективтік жағы бойынша: бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, кызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп, өзгедей әдейі орындамауы арқылы сипатталады. Бұл жерде екі бірдей қылмыс құрамы көрсетіліп тұр. Оның біріншісі бағынбау, яғни бастықтың занды бұйрығын орындаудан ашық, қасақана бас тарту. Екінші бұйрықты өзгедей әдейі орындамау — яғни бастықтың белгіленген тәртіппен, занды түрде берілген бұйрығын, яғни бағыныштының әдейі орындамауы болып табылады. Әдейі орындамауға ашық түрде, ешбір негізсіз заңға сәйкес берілген бұйрықтағы талаптарды істемеуі, немесе бұйрықтағы талапка карсы баска әрекетті істеуі, немесе бұйрықты кешіктіріп орындау немесе жартылай орындаулар жатады.
Бағынбау мен бұйрықты өзгедей әдейі орындамау іс-әрекетінен қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірілуі қажет. Зиян мүліктік немесе ұйымдастырушылық, я болмаса басқадай түрде орын алуы мүмкін. Егер іс-әрекеттен әскери тәртіпте ойсырауы орын алса, бастықтың бағыныштының, алдында беделі түссе, адамдардың денсаулығына әртүрлі дәрежедегі жарақат келтірілсе немесе әскери бөлімде, оның мүлкіне, техникасына залал келтірілсе зиян елеулі деп танылады.
Бұйрыкқа бағынбаудан немесе оны әдейі орындамаудан келтірілген зиянның арасында себепті байланыс болуы шарт.
Қылмыс кұрамы материалдық. Субъективтік жағынан қылмыс қасаканалықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады.
Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп баскадай өзара қактығыстықтан пайда болған өшпенділікті жүзеге асырулар жатады. Көрсетілген қылмыс бастықтың қызмет бабына байланысты жасалады. Және оған карсы күш колдану әрекетімен ұласады. Күш қолдану ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру жолымен немесе өзге де күш қолдану (қолын бұрау, байлап кою, бетін тырнау т.с.с.) арқылы көрініс табады.
Кылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықлен жасалады.
Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз
байласқан адамдар тобы не-
месе ұйымдасқан топ жасаса;
б) қару қолданып жасаса;
в) денсаулықка ауыр немесе
орташа ауырлықтағы зиян не-
месе өзге ауыр зардаптар келтірсе, осы
қылмыс құрамынын
ауырлататын түріне жатады (396-баптың 2-тармағы).
Бүл
көрсетілген жағдайлардың түсінігіне
ҚК-тің 363-бабын талда-
ғанда тоқталғанбыз.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер көрсетілген кылмыстың аса ауырлататын түрі болып табылады (369-баптың 3-тармағы).
Бір-бірінін арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери кызметшілердін арасындағы өзара қарым-қатынастардын жарғылык ережелерін бұзу(370-бап)
Қылмыс объективтік жағы бойынша бір-бірінің арасында бағыныштылык катынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-катынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу, денсаулыкқа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш колдану, не ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні масқаралауға байланысты бұзу — арқылы сипатгалады.
Заң бір-бірінің арасында бағыныштылық катынастары болмаған кезде әскери кызметшілердің арасындағы өзара қарым-катынастардың жарғылык ережелер шеңберінде жүзеге асырылуын талап етеді, бұл ережелерді бұзып осы баптын диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу көрсетілген қылмыстың кұрамын құрайды. Көрсетілген ережелерді бұзу нәпсікүмарлык, сипаттағы зорлық әрекеттерімен немесе жәбірленушінің киім-кешегін, тамағын, басқа заттарын тартып алумен ұштасқан жағдаида кінәлінің іс-әрекеті қылмыстардың жиынтығын құрайды. Дәл сол әрекеттер:
а) бірнеше рет.
б) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;
в) адамдар тобы, алдын ала сөз
байласқан адамдар тобьг не-
месе ұйымдаскан топ жасаса (ҚК-тін 31-бабы).
г) кару колданып жасаса;
д) денсаулыққа орташа ауырлыктағы
зиян келтірсе (КК-тің
104-бабы), осы талданып отырылған кылмыс
кұрамының ауыр-
лататын түріне жатады (370-баптың 2-тармағы).
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттерге (370-баптын 3-тар-мағы) талданып отырылған кылмыстың өте ауырлататын түріне жатады. Ауыр зардаптарға мәжбүрленушінің денесіне ауыр дене жарақатын келтіру, абайсызда кісі өлімінің болуы, жәбірленушінін өзін-өзі өлтіруі жатады. Осындай іс-әрекет-тен касақана кісі өлтіру болса, онда іс-әрекет ҚК-тің 96-бабы бойынша саралануға жатады.
Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап)
Кылмыс объективтік жағынан әскери қызмет міндеттерін аткару кезінде немесе оны аткарумен байланысты бір әскери қызметшінің екіншісіне тіл тигізуі арқылы сипатталады.
Тіл тигізу деп әскери кызметшінің ар-намысын аяққа басатын, кадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетін әрекеттерді айта-мыз. Көрсетілген баптың диспозицияеына сәйкес бір әскери қызметшінің екінші бір әскери қызметшіге тіл тигізуі кылмыс деп қарастырылады. Бұл кылмыс кұрамы бойынша іс-әрекетті саралау үшін күш колданудын орын алуы шарт емес. Әскери кызметшінің тіл тигізуі жәбірленушінің әскери қызметін атка-румен байланысты немесе әскери кызмет міндеттерін аткару кезінде болуы кажет.
Егер бағыныштының бастыққа, сол сияқты әскери кызмет міндеттерін аткару кезінде немесе оны атқарумен байланысты бастықтың бағыныштыға тіл тигізуі орын алса, онда мұндай іс-әрекеттер осы қылмыстың, ауырлататын түріне жатады (371-баптың 2 тармағы).Көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істеледі.
Бөлімді-немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап) Қылмыс объективтік жағынан шақыру бойынша әскери кызмет өткеруші, әскери кызметшілер жұмыс жасаған бөлімді немесе кызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сиякты бөлімнен босатылған кезде, тағайундау, ауыстыру кезінде іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке екі тәуліктен ұзақ, бірак он тәуліктен артык емес уакытқа дәлелді себептерсіз мерзімінде келмеу арқылы сипатталады. Әскери кызметшінің бөлімді немесе кызмет орнын өз бетімен бастықтын рұксатынсыз тастап кетуге құқы жоқ.
Бөлім немесе кызмет орнына әскери бөлім орналасқан жерлер, аумактар жатады. Сондай-ақ кызмет орнына әскери бөлім орналасқан жерлерден тыскары жерлерде әскери қызметшілердің әскери міндетін өтейтін орындары да (уакытша жүмыс орны: эшелон, поезд, жылжымалы маршрут т.с.с.) жатады.
Әскери кызмет өткеруші бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кетсе, сол сияқты бөлімнен рұқсат бойынша босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен кызметке екі тәуліктен ұзақ, бірақ он тәуліктен артық емес уақытқа дәлелді себептерсіз келмесе онда онын. әрекетінде осы баптың 1-бөлігінде кәрсетілген қылмыс кұрамы бар. Бұл құрамның субъектілері шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші — жауынгерлер, матростар, сержанттар, старшиналар.
КК-тің 372-бабының 2-тармағының субъектілері болып тәртіптік әскери белімде жазасын өткеріп жатқан әскери кызметшілер танылады.Шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша әсқери қызмет атқарушы әскери қызметшілер жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке он тәуліктен артық, бірақ бір айдан көп емес уакытқа дәлелді себептерсіз мерзімінде келмеу үшін жауаптылық КК-тің 372-бабынын, 3-тармағында көзделген. Баптың бұл бөлігінің субъектілері болып шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші жауынгерлер, сержанттар матростар, әскери құрылысшылар-ды, старшиналар немесе келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеруші жауынгерлер, матростар, әскери кұрылысшылар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер, кәсіптік әскери білім беретін' мекемелердін, курсантгары, мамандар, офицерлер танылады Осы баптың үшінші белігінде көзделген әрекетгер, егер өз бетімең тастап кету бір айдан астамға созылса, сол сияқты тәртіптік әскери бөлімде жазасын өткеріп жатқан әскери қыз-метші жасаған дәл сол әрекет, егер өз бетімен тастап кету он тәуліктен артыққа созылса кінәлінін, әрекеті ҚК-тін, 372-ба-бының 4-тармағы бойынша саралануға жатады.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уакытында жасаған әрекеттер, егер өз бетімен тастап кету бір тәуліктен артыққа созылса, онда кінәлі КК-тің 372-бабы-ның 5-тармағы бойынша ауырлататын жағдайдағы қылмыстык жауаптылыққа және жазаға тартылады.
Бөлімді немесе кызмет орнын ұрыс жағдайында ұзақтығына карамастан өз бетімен тастап кету осы кұрамның өте ауырлататын түрі болып табылады. Мұндай ретте кылмыстын субъектісіне шакыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша әске-ри қызмет өткерушілер жатқызылады және бұл іс-әрекет үшін көтеріңкі жаза мөлшері белгіленген. ҚК-тің 372-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші немесе үшінші бөліктері-нде кезделген әрекеттерді жасаған әскери кызметші, егер бөлімді өз бетімен тастап кетуі ауыр жағдаяттардың себептері-нен болса және егер ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуы мүмкін.
Ауыр жағдаяттарға әскери кызметшінің ауыр науқасқа душар болуы, жақындарымен болған бақытсыздық оқиғалар, жарғылық қатынастарға байланысты емес қатынастардан пайда болған өмір мен денсаулыққа төнген қауіптің болуы, тойтарылмайтын күштердің әсер етуі т.с.с. жатады. Қашқындық (373-бап)
Қылмыстык заңда қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай максатпен кызметке келмеу деп белгіленген (373-баптың 1-тармағы).
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Отанды қорғау әрбір азаматтың міндеті және азаматтық борышы әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы зандарға сәйкес азаматтар Қарулы күштер қатарына олардың еріктілік жағдайында шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша жүзеге асырылады. Заңмен белгіленген тәртіп бойынша әске- ри қызметші болып танылғандар өз бетімен әскери қызметтен заңсыз жалтару максатымен әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кетуге, сол сиякты осындай мақсатпен қызметке демалыстан, іссапардан, емделіп шықканнан кейін келмей қоюға кақысы жок. Бұл міндеттерді орындаудан жалтару кашқындық деп танылады. Кашқындык кұрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады және ол созылмалы қылмыс болып табылады. Қылмыс әскери қызметшінің бөлімді немесе кызмет орнын тастап кеткен немесе белгіленген мерзімде қызметке келмеген уакыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қашқындық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен — әскери қызметген жалтару аркылы сипатталады.
Қылмыстың субъектісі әскери кызметші — шақыру немесе келісім-шарт бойынша өтеп жүрген әскери кызметшілер.
Қашкындық, яғни әскери кызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе кызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен кызметке келмеу осы қылмыс құрамынын ауырлататын түрі болып табылады (377-баптың 2-тармағы).
Информация о работе Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні