Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 22:11, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық пәні бұл – өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:
Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.
Жеке мүліктік емес қатынастар- адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.

Файлы: 1 файл

Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі.docx

— 229.38 Кб (Скачать файл)
  1. Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі.

Азаматтық құқық пәні  бұл – өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:         

Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.         

 Жеке мүліктік емес қатынастар  - адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.        

 

1.3 Азаматтық құқық әдістері

Азаматтық-құқықтық реттеу әдістері бұл – қабылдаудың, құралдардың, әдістердің жиынтығы, олардың қатынасымен құқық қоғамдық қатынастарға ықпал етеді, оларды реттейді, бірыңғайлайды және қорғайды.

         Азаматтық-құқықтық  әдісі жалпыға бірдей  болады, оған әсер етудің императивті  әдістері мен тәсілдері де, диспозитивті  әдіс, тсәілдері де енеді, сонымен  қатар мынадай ерекше қабілеттері  болады:         

1) заңды теңдік;           

2) екі жақтың еркіндік  автономиясы;           

3)  екі жақтың мүліктік  дербестігі;.         

4) азаматтық құқықты қорғау;

         5) азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктің мүліктік сипаты.

Азаматтық-құқықтық реттеу әдістері. Азаматтық құқық пәнінің түсінігі азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар туралы мәселелермен байланысты болса, әдіс түсінігі осы қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіні туралы мәселелермен байланысты. Сондықтан құқықтық реттеу пәні мен әдісі арасында қатты байланыс бар. Әдіс құқықтық реттеу пәнінің ерекшеліктерімен қайта анықталады.

Азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзара бағалау сипатына ие. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара бағалауы тек қана бағалаушы тараптар тең болғанда ғана қалыптаса алады. Сондықтан мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастар тараптардың теңдік негізінде реттелсе ғана толық дами алады. Қорытындылай келсек, азаматтық құқықтарда тараптардың заңдық теңдігі әдісі қолданылады. Азаматтық құқықта бұны диспозитивтік қағида деп қарастырады.

Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі дегеніміз – екі қатынасқа түсуші тараптың ешқайсы да азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің осы құқықтық қатынастарда алатын орнын жоғары қоя алмаушылығымен айрықшаланады. Тараптардың заңдық теңдік әдісін қолдану азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушыларға тәуелсіздік қамтамасыз етеді, заңмен рұқсат етілген кез келген әрекеттер орындауға мүмкіндік береді. Бұл нарықтық экономика шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өте маңызды.

 

Мүліктік және мүліктік емес қатынас ұғымы.

Азаматтық кодекстің    1-бабының  1- тармағында  көрсетілгендей, азаматтық заңдармен  тауар-ақша  қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен  қатар, мүліктік қатынастарға  байланысы  жоқ мүліктік емес  жеке  қатынастар да азаматтық  заңдармен  реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес  жеке  қатынастар  мәнінен  туындамайды.

         Жоғарыда  көріп отырғанымыздай,  азаматтық  құқығымен  реттелетін қоғамдық  қатынастардың  негізгісі  болып  табылатыны-  мүліктік қатынастар.   Сондықтан  да айтып  кеткен  жөн болар, кез келген мүліктік  қатынасар емес,  қоғамның  негізін  қалайтын  тауар-ақша қатынастары,  яғни азаматтық құқық субьектілерінің  кез  келгенінің  қатысуымен  және  әртүрлі  көріністерде  (мүлік  беру, жұмыс, қызмет)  байқалатын  мүліктік қатынастар.

           Мүліктік қатынастарға  негізінен,  қоғамдағы өндіріс  құрал-жабдықтарына,  мүліктік иеліктерге  және басқа  да  материалдық  құндылықтарға  байланысты туындайтын  қоғамдық  қатынастар  жатады.

         Мүліктік  емес жеке қатынастар, мүліктік  қатынастарға тығыз  байланысты  мүліктік емес жеке  қатынастар   және   мүліктік  қатынастарға  байланысы  жоқ  мүліктік  емес  жеке  қатынастар  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Азаматтық  заңдармен  реттелетін мүліктік  қатынастарға  байланысты  мүліктік  емес  жеке  қатынастарға  құндық  маңызы  жоқ  қатысушылардың  қоғамдық  сипатын  белгілейтін  материалдық  емес  құндылықтар  жатады.  Мәселен  әдеби  шығармамен,  ғылыми  еңбекпен  айналасушылар  немесе  өнертапқыш  өзінің  авторлығын анықтау  туралы  мәселе  қойса,  өзінің жекелігін  қорғай  отырып,  бұл мәселе  бойынша қоғамдық  дербес  қатынасқа  түседі.  Бұл  қатынас  мүліктік  болып табылмаса  да,  мүлікпен  тығыз  байланысты,  өйткені  өнертабыс  иесінің өнертабысының пайдаланғаны  үшін  онда  авторлық  сыйақы  алу   құқығы пайда  болады.

    Азаматтық  заңдармен  реттелетін  мүліктік   қатынастарға  байланысы жоқ  мүліктік емес  жеке  қатынастарға азаматтың  есімі,  жеке келбет құқығы,  жеке өмірдің  құпиялылығы,  тұрғын  үйге  қол  сұқпаушылық,  азаматтың  немесе  заңды  тұлғаның  абыройына, қадір-қасиетіне,  іскерлік  беделіне  байланысты туындайтын құқықтық  қатынастарды  жатқызуға  болады.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  9-бабында  азаматтың  ар-намысы  мен  қадір-қасиетіне  қол сұғылмаушылық  атап  көрсетілген.

        Сондай-ақ  Ата  Заңның  33-бабы  “азаматтың  жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын”  атай келе,  “азаматтың жеке  өміріне  араласуға, оның ар-намысы  мен  қадір-қасиетіне  қол  сұғуға  тыйым салынады”  десе,  осы  баптың  келесі  тармағында  “тұрғын  үйге  қол сұғуға болмайтындығы”  атап  көрсетілген.   Жоғарыда  көрсетілген  мүліктік  қатынастармен  байланысы  жоқ  жеке  қатынастар,  мүліктік  емес  жеке  қатынастардың  екінші тобын  құрайды.

 

Азаматтық құқық ұғымы, анықтамасы және қағидалары.

Юриспруденцияда  азаматтық құқық түсінігі үш мағынада беріледі:

а) құқық саласы ретінде – бұл құқықтық нормалар жүйесі, ол мүліктік, сонымен қатар онымен байланысты және кейбір байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді, ол қоғамдағы экономикалық қатынастың дұрыс дамуы үшін және  жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін неғұрлым жақсы жағдай жасау мақсатында екі жақтың тәуелсіздігіне, мүліктік дербестігіне және заңды теңдіктеріне негізделеді;

ә) ғылым ретінде – азаматтық құқық бұл  – ғылыми көзқарастар, идеялар, азаматтық-құқықтық құбылыстар, олардың байланысы мен дамуы  туралы білімдер жүйесі. Азаматтық құқық ғылымы (азаматтық құқық ғылымының пәні) мыналарды зерттейді:

- азаматтық-құқықтық  нормаларды;

- азаматтық  құқықтық қатынастар мен  азаматтық-құқықтық  нормалардың қолданылуын;

- азаматтық  құқықтың құқық пен ғылымның  салалары ретінде  дамуының тарихы  мен тенденцияларын;

б) оқу пәні ретінде –  азаматтық құқық ғылымының негізінде азаматтық құқық оқу курсы құрылды, оның міндеті – азаматтық құқықтың оқу орындарында құқықтың және құқықтық ғылымның саласы ретінде оқытылуы.

Азаматтық құқық принциптері бұл – құқықтық актілерде бекітілген жалпыға міндетті ережелер, идеялар, бастамалар, олар барлық азаматтық құқықтан өтеді, қоғамның даму тенденциялары мен қажеттіліктерін көрсетеді және азаматтық құқықты тұтастай сипаттайды. ҚР АК 2 бабында аталған азаматтық құқықтың мына принциптерін атап өтеміз:

- азаматтық құқық қатынасы қатысушыларының теңдік принципі;       

- жеке істерге өздігінен араласуға  шектеу қою принципі – бұл  принцип негізінен  көпшілік билігінің әрекетінен қорғануға бейімделген;       

- келісім еркіндігі: тұлға серіктесті  келісім бойынша өздігінен таңдайды,  екі жақ келісімшартқа отырған  кезде және оның шарттарын  анықтаған кезде еркін болады;       

   - азаматтық құқықтың, оның қалпына келуі мен қорғалуының еш мүлтіксіз жүзеге асуы принципі;     

   - тауардың, қызмет көрсетудің және еңбектің ҚР барлық аумақтарында еркін қозғалысы мен айналымы принципі.

 

 

2)Азаматтық құқықтың басқа аралас құқық салаларынан айырмашылығы.

 

Азаматтық құқық жүйесі.

Азаматтық құқық бұл – құқықтық нормалар жүйесі, бұл олардың тек бірлігін ғана емес, қосалқы сала мен институттарға жіктелуін, сарапталуын  да ұсынады. Жеке қосалқы салалар мен институттың бөлінуі  оларды құраушы нормалардың бір негіздегі  біршама байланыстылығына негізделеді.       

   Азаматтық құқық жүйесі былайша бөлінеді:      

   - жалпы бөлімі, оның нормалары азаматтық құқықтың барлық қалған бөліктері үшін біріктіруші бастама болып табылады (мысалы, заңды және жеке тұлғалары туралы,  азаматтық құқық нысандары туралы, меншіктік құқық туралы, келісімдер туралы, тағы да басқа нормалар);          

- ерекше бөлімі, мына салалардағы қатынастарды реттейді: міндеттеменің жеке түрлері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқық, халықаралық жекеше құқық және т.б.

           Сонымен, азаматтық құқық жүйесі бұл – бөлімдердің, институттардың және нормалардың ішкі логикалық байланыс пен тәуелділіктегі жиынтығы.

 

 

Азаматтық құқық ғылым саласы және оқу пәні ретінде.

Азаматтық құқық саласына қарағанда, азаматтық құқық ғылымы оның дамуын зерттейді, азаматтық заңдарды талдайды, жалпы ғылыми әдістерге, салыстырмалы құқықтану әдістеріне және арнайы әдістерге сүйене отырып әр түрлі ғасырлар, әр түрлі мемлекеттер, әр түрлі құқық жүйелері заңдарын салыстырып бағалайды. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық ғылымының дамуына, оның нормаларының, институттарының қалыптасуына және дамуына, континенттік құқық жүйесінің негізі болып танылатын рим құқығы нормаларының рецепциясы әсер еткен және сонымен бірге соңғы жылдары ағылшын–саксон құқық жүйесінің нормалары да әсер етеді. Соның нәтижесінде, Қазақстанда акционерлік қоғам, мүлікті сенімгерлікпен басқару институттары еңгізілген.

 

3)Азаматтық  құқықтық заңнама ұғымы және  құрылымы.

 

Азаматтық құқықтың уақыт және кеңістік тұрғысынан қолданылуы.

          Мерзімді  кімнің бекітетіндігіне байланысты  олар былайша бөлінеді:

          - заңды;

          - келісімдік;

          - соттық.

          Заңды  мерзімдер  заңды және басқа  да нормативті актілерде тіркеледі. Мұрагерлікті қабылдау үшін немесе  одан бас тарту үшін заңмен 6 айлық мерзім беріледі. Келісімдік  мерзімдер дегеніміз екі жақтың  тарапынан олардың келісімімен  бекітілген мерзімдер. Соттық мерзімдер  дегеніміз сотпен бекітілген  мерзімдер. Сот азаматтың ар-намысы  мен абыройына нұқсан келтіретін  мәліметтерді жоққа шығаруды  жариялау үшін мерзім тағайындауға  құқылы (АК 143 бабы).

         Құқықтық  салдары бойынша мерзімдер былайша  бөлінеді:

         - құқық  тудырушы;

         - құқық  өзгертуші;

         - құқық  тоқтатушы.

         Құқық тудырушы  мерзімнің мысалы ретінде меншік  иесі құқығының пайда болу  кезеңін анықтайтын заттарды  беру кезеңін алуға болады.

         Құқық өзгертуші  мерзімнің өтуі немесе келуі  азаматтық құқық пен міндеттеменің  өзгерісіне әкеледі.

         Затты беру  кезеңінің кешіктірілуі мынаған  әкеліп соғады: заттың кездейсоқ  жоғалу тәуекелі  мерзімнің кешіктірілуіне  әкелген тұлғада жатады. Құқық  тоқтатушы мерзімдер құқық пен  міндеттеменің тоқтатылуына әкеліп  соғады. Мысалы, егер мұра берушінің  кредиторлары  өздерінің наразылықтарын  мұрагерлік ашылған сәттен бастап 6 ай ішінде бермесе,  бұл наразылықтар  қабылданбайды.

         Бұлардан  басқа да мынадай мерзімдер  бар: императивтік және диспозитивтік, абсолюттік анықталған, қатыстық  анықталған және анықталмаған, жалпы  және арнайы.

         Императивтік  мерзімдер дегеніміз екі жақтың  келісімімен ғана өзгертуге келмейтін  мерзім. Оған жататындар – талап  арызының мерзімі (ҚР АК 177 бабы), сатып алу мерзімінің ескіруі (ҚР АК 240 бабы).

         Диспозитивтік  мерзімдер дегеніміз заңмен қарастырылған  болса да, өзгертуге мүмкін болатын  мерзім.  Қарыз алушы адамға  несие берушімен талап етілген  күннен бастап 7-ші күні талап  етілген кеезңмен анықталған  міндеттемелерді орындау тапсырылады (ҚР АК 277 бабы),  бірақ өзінің  келісімімен  тараптар бірден  орындалуын жүзеге асыруға немесе  неғұрлым ұзақ жеңілдік  мерзімін  беруді қарастыруға құқылы.

         Абсолюттік  анықталған мерзімдер нақты дәл  кезеңді қарастырады, онымен заңды  салдарлар байланыстырылады. Мысалы,  күнтізбелік күнмен немесе нақты  бір уақыт кезеңімен белгіленген  мерзімдер. 

        Қатыстық анықталған  мерзімдердің нақтылығы, дәлдігі  азырақ болады, бірақ олар да  нақты бір уақыт кезеңімен  байланысты болады (мұндай мерзімге  жататындар – жеткізілім кезеңі, т.б.).

Анықталмаған мерзімдер заңмен немесе келісіммен қандай да бір мезгілдік бағдар қарастырылмаған жағдайда болады. Мысалы,  мүлік уақытша ақысыз қолдануға немесе жалға осы пайдаланудың нақты мерзімін көрсетпей берілуі мүмкін.

Жалпы мерзімдер – бұл  жалпы маңызы бар мерзімдер, олар азаматтық құқықтың барлық  субъектілеріне таратылады. Мысал – сенімхаттың қызмет етуінің шектеулі мерзімі 3 жыл (ҚР АК 168 бабы).

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі