Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 22:11, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық пәні бұл – өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:
Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.
Жеке мүліктік емес қатынастар- адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.

Файлы: 1 файл

Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі.docx

— 229.38 Кб (Скачать файл)

ҚР 21.01.97 ж. № 68-I; 29.06.98 ж. № 238 Заңдарымен 53-бап өзгертiлдi

53-бап. Банкрот деп тану

1. Банкроттық  ерiктi түрде немесе мәжбүр ету  тәртiбiмен танылуы мүмкiн.

2. Банкроттықты  ерiктi түрде тану борышкердiң  сотқа берген өтiнiшi негiзiнде  жүзеге асырылады.

3. Мәжбүр  ету тәртiбiмен банкрот деп  тану несие берушiнiң, ал заң  актiлерiнде көзделген жағдайларда  өзге де адамдардың сотқа өтiнiш  беруi негiзiнде жүзеге асырылады.  

Сырттан қадағалау әдісі. 54-1. Сырттай байқау

Сырттай байқау рәсімін сот:

борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету;

әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау;

борышкердің - қаржылық жай-күйіне, төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігін немесе мүмкіндігінің жоқтығын айқындауға және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талдау жүргізу;

кредиторлар тарапынан борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйіне және олардың қайта ұйымдастыруды жүргізуіне бақылау жасау;

негізгі құралдарды иеліктен шығару, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге де мәмілелер жасауға бақылау жасау мақсатында енгізуі мүмкін.

Сырттай байқауды қолдану Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

14)Шаруашылық серіктестіктері ұғымы және түрлері. 58-бап. Шаруашылық серiктестiк туралы негiзгi ережелер

1. Жарғылық  капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық  ұйым шаруашылық серiктестiк деп  танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ  шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған  мүлiк меншiк құқығы бойынша  серiктестiкке тиесiлi болады.

2. Шаруашылық  серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында  құрылуы мүмкiн.

3. Толық және сенім серіктестігінен басқа, шаруашылық cepіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.

Толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық серіктер азаматтар ғана бола алады.

4. Құрылтай  шарты мен жарғы шаруашылық  серiктестiктiң құрылтай құжаттары  болып табылады.

Жарғы бiр адам (бiр қатысушы) құрған шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

5. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын шаруашылық серіктестігін қоспағанда, шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиіс.

6. Шаруашылық  серiктестiктiң құрылтай құжаттарында  осы Кодекстiң 41-бабының 4 және 5-тармақтарында аталған мәлiметтерге қоса әрбiр қатысушының үлес мөлшерi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшерi, құрамы, мерзiмi және тәртiбi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны үшiн қатысушылардың жауапкершiлiгi туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.

7. алынып тасталды

8. Шаруашылық  серiктестiк, заң құжаттарында көзделген  реттердi қоспағанда, басқа шаруашылық  серiктестiктердiң құрылтайшысы болуы  мүмкiн.

9. Шаруашылық серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысымен шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу шартын жасасуға құқылы.

Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.

Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.

Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына қатысу үлесiне құқықтар шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнде осы құқықтардың тiркелген кезiнен бастап туындайды.

Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.  

Шаруашылық серіктестіктерін басқару. 60-бап. Шаруашылық серiктестiктi басқару

1. Шаруашылық  серiктестiктiң жоғары органы оның  қатысушыларының жалпы жиналысы  болып табылады.

Толық серіктестіктен және сенім серіктестігінен басқа, бір тұлға құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi оның бiрден бiр қатысушысына тиесiлi болады.

2. Шаруашылық  серiктестiкте оның қызметiне күнделiктi басшылық жасайтын және оның  қатысушыларының жалпы жиналысына  есеп берiп отыратын атқарушы  орган (алқалық және (немесе) жеке-дара  құрылады). Жеке-дара басқару органы  оның қатысушылары арасынан сайланбауы  мүмкiн.

Серiктестiктiң алқалы органдары ретiнде:

1) басқарма (дирекция);

2) байқаушы  кеңес;

3) заң актiлерiнде  немесе шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының  жалпы жиналысының шешiмiнде көзделген  жағдайларда басқа да органдар  құрылуы мүмкiн.

3. Шаруашылық  серiктестiктiң органдарының құзыретi, оларды сайлау (тағайындау) тәртiбi, сондай-ақ олардың шешiмдер қабылдау  тәртiбi осы Кодекске, заң құжаттарына  және құрылтай құжаттарына сәйкес  белгiленедi.

4. Шаруашылық  серiктестiгi қаржы есептерiнiң дұрыстығын  тексеру және растату үшiн серiктестiкпен  немесе оның қатысушыларымен  мүлiктiк мүдделер жөнiнен байланысы  жоқ аудиторлық ұйымды тарта алады (сыртқы аудит).

Шаруашылық серiктестiгiн аудиторлық тексеру серiктестiк бiр немесе бiрнеше қатысушысының талап етуi бойынша соның (солардың) есебiнен кез келген уақытта жүргiзiлуге тиiс.

Шаруашылық серiктестiгiнiң қызметiне аудиторлық тексерудi жүргiзу тәртiбi заңдармен және серiктестiктiң құрылтай құжаттарымен белгiленедi. 

 Шаруашылық  серіктестіктерінің жарғылық капиталына  салым және қатысушының үлесі. 59-бап. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталындағы және мүлкiндегi қатысушының үлесi

1. Ақша, бағалы  қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк  қызмет нәтижесi құқығын қоса  алғанда және өзге де мүлiк (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын ислам арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.

Шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушының салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн.

Серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi.

Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану төлемiмен анықталады.

Салымдарды мүлiктiк емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игiлiк түрiнде, сондай-ақ қатысушылардың серiктестiкке қойған талаптарын есептеу жолымен енгiзуге жол берiлмейдi.

2. Егер құрылтай  құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық  қатысушылардың үлестерi және тиiсiнше  олардың шаруашылық серiктестiгi мүлкiнiң құнындағы үлестерi (мүлiктегi үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына  барабар болады.

Шаруашылық серiктестiкке қатысушы серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып қоюға және сатуға құқылы.

3. Жарғылық  капиталға салым салудың тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық  капиталды құру жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшiн жауапкершiлiк  заң құжаттарында және (немесе) құрылтай  құжаттарында белгiленедi.

4. Шаруашылық  серiктестiгiнiң жарғылық капиталын  азайтуға оның барлық несие  берушiлерiне хабарланғаннан кейiн  жол берiледi. Олар бұл жағдайда  серiктестiктiң мерзiмiнен бұрын  тоқтатылуын немесе тиiстi мiндеттемелерiн  орындауын және оның зиянды  өтеуiн талап етуге құқылы.

Осы тармақта белгiленген тәртiптi бұза отырып жарғылық капиталды азайту мүдделi адамдардың арызы бойынша сот шешiмiмен серiктестiктi таратуға негiз болып табылады.

 

 

15)Шаруашылық серіктестіктерінің қатысушыларының құқық және міндеттері. 61-бап. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Шаруашылық  серiктестiкке қатысушылардың:

1) құрылтай  құжаттарында белгiленген тәртiппен  шаруашылық серiктестiктiң iстерiн  басқаруға қатысуға;

2) шаруашылық  серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат  алуға және құрылтай құжаттарында  белгiленген тәртiппен оның құжаттамаларымен  танысуға;

3) таза табысты  бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бiр немесе  бiрнеше қатысушыны пайданы бөлiсуге  қатысудан шеттетудi көздейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады;

4) шаруашылық  серiктестiк таратылған жағдайда  несие берушiлермен есеп айырысқаннан  кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өздерiнiң үлесiне сәйкес мүлiктiң  бiр бөлiгiн немесе оның құнын  алуға;

5) 1998.02.03.  № 211-1 Заңымен алып тасталды

2. Шаруашылық  серiктестiкке қатысушылар:

1) құрылтай  құжаттарының талаптарын сақтауға;

2) салымдарды  құрылтай құжаттарында көзделген  тәртiп, мөлшер, әдiстер және мерзiмдер  бойынша салып отыруға;

3) шаруашылық  серiктестiк коммерциялық құпия  деп жариялаған мәлiметтердi жария  етпеуге мiндеттi.

Шаруашылық серiктестiктiң қатысушылары  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және  құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттердi атқаруы мүмкiн.

 

 Шаруашылық  серіктестіктерінің қайта құру. 62-бап. Шаруашылық серiктестiктердi қайта құру

1. Шаруашылық  серiктестiктер заң құжаттарында  белгiленген реттер мен тәртiп  бойынша қатысушылардың жалпы  жиналысының шешiмiмен шаруашылық  серiктестiктiң бiр түрiнен екiншi түрi не акционерлік қоғамдар  немесе өндiрiстiк кооперативтер  болып қайта құрылуы мүмкiн.

2. Толық серiктестiк немесе сенiм  серiктестiгi акционерлiк қоғам, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк болып қайта  құрылған жағдайда акционерлiк  қоғамның, жауапкершiлiгi шектеулi немесе  қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң  қатысушысы болған әрбiр толық  серiктес толық серiктестiктен  немесе сенiм серiктестiгiнен акционерлiк  қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi немесе  қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке  көшкен мiндеттемелер бойынша  екi жыл бойы өзiнiң барлық мүлкiмен  субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы  толық серiктестiң өзiне тиесiлi акцияларды (үлестердi) иелiктен шығаруы  оны мұндай жауапкершiлiктен босатпайды

 

16)Толық серіктестік ұғымы. 63-бап. Толық серiктестiк туралы негiзгi ережелер

1. Толық серiктестiктiң  мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда  қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен  ортақ жауапкершiлiкте болатын  серiктестiк толық серiктестiк  деп танылады.

2. Азамат  бiр ғана толық серiктестiктiң  қатысушысы бола алады.

 Толық  серіктестік қатысушысының үлесінің  ауысуы. 66-бап. Толық серiктестiкке қатысушы үлесiнiң үлесiнiң бiр бөлiгiнiң) ауысуы

1. Толық серiктестiкке  қатысушының өз үлесiн (үлесiнiң  бiр бөлiгiн) оның басқа қатысушыларына  немесе үшiншi жақтарға қалған  барлық қатысушылардың келiсiмiмен  ғана беруiне болады.

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі