Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 22:11, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық пәні бұл – өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:
Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.
Жеке мүліктік емес қатынастар- адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.

Файлы: 1 файл

Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі.docx

— 229.38 Кб (Скачать файл)

Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.

2. Заңды тұлғаның  құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын  құрылтайшылары бекiтедi. Егер коммерциялық  ұйымның құрылтайшысы бiр адам  болса, құрылтай шарты жасалмайды.

3. Коммерциялық  емес ұйым мен мемлекеттiк кәсiпорынның  құрылтай құжаттарында заңды  тұлға қызметiнiң мәнi мен мақсаты  белгiленуге тиiс.

Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғамы мен өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн.

4. Құрылтай  шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлға құруға мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет  тәртiбiн, оның меншiгiне (оралымды  басқаруына) өз мүлкiн беру және  оның қызметiне қатысу ережелерiн  белгiлейдi. Егер осы Кодексте  немесе заңды тұлғалардың жекелеген  түрлерi туралы заң актiлерiнде  өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар  арасында таза табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың  шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның жарғысы  бекiтiледi.

Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсуi бойынша басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн.

4-1. Жалғыз  құрылтайшының шешiмi мүлiктердi меншiкке  беру (шаруашылық жүргiзу, оралымды  басқару) шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шешiмдердi қамтуға тиiс.

Жалғыз құрылтайшының - заңды тұлғаның шешiмiн Қазақстан Республикасының заңдарына және осы заңды тұлғаның жарғысына сәйкес оның осындай шешiм қабылдауға құқығы бар органдары қабылдайды.

5. Заңды тұлғаның  жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты  орны, оның органдарын құру тәртiбi және олардың құзыретi, оның қызметiн  қайта құру мен тоқтату ережелерi белгiленедi.

Егер заңды тұлғаны бiр адам құрса, онда оның жарғысында мүлiктi құру және кiрiстердi бөлу тәртiбi де белгiленедi.

Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн.

6. Бiр заңды  тұлғаның құрылтай шарты мен  жарғысы арасында қайшылықтар  болған жағдайда:

1) егер олар  құрылтайшылардың iшкi қатынастарына  қатысты болса, құрылтай шартының;

2) егер олардың  қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен қатынастарында маңызы  болса, жарғының ережелерi қолдануға  тиiс.

7. Барлық  мүдделi адамдар заңды тұлғаның  жарғысымен танысуға құқылы. 

 

 

13)Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу. 42-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және

қайта тiркеу

1.  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi.

2. Мемлекеттiк тiркеу деректерi, соның iшiнде коммерциялық ұйымдар  үшiн фирмалық атауы заңды тұлғалардың  бiрыңғай мемлекеттiк регистрiне  енгiзiледi.

3. Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден  өткен кезден бастап құрылды  деп саналады.

4. Филиалдар мен өкiлдiктер заң  құжаттарында белгiленген тәртiппен  тiркеледi.

Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады.

5. Заңды тұлға құрудың заңда  белгiленген тәртiбiн бұзу немесе  оның құрылтай құжаттарының заңға  сәйкес келмеуi заңды тұлғаның  мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға  әкелiп соқтырады. Заңды тұлға  құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп  тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.

6. Заңды тұлға мынадай жағдайларда:

1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;

2) атауы өзгергенде;

3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс.

Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады.

Құрылтай құжаттарына басқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген ретте заңды тұлға бұл туралы тiркеушi органды бiр айлық мерзiмде хабардар етедi.

 

Заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігі. 43-бап. Филиалдар мен өкiлдiктер

1. Заңды тұлғаның  тұрған жерiнен тыс орналасқан  және оның мiндеттерiнiң бәрiн  немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде  өкiлдiк мiндетiн жүзеге асырушы  оқшау бөлiмшесi филиал болып табылады.

2. Заңды тұлғаның  тұрған жерiнен тыс орналасқан  және оның мүдделерiн қорғау  мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады.

3. Филиалдар  мен өкiлдiктер заңды тұлға  болмайды. Бұларға өздерiн құрған  заңды тұлға мүлкi берiледi және  оның бекiткен ережелерi негiзiнде  жұмыс iстейдi.

4. Қоғамдық  бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары  қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында  және оның филиалдары немесе  өкiлдiктерi туралы ережеде көзделген  тәртiппен сайланады.

Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни бiрлестiктердiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.

Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдарды мен өкiлдiктерiнiң басшыларын заңды тұлға уәкiлдiк берген орган тағайындайды және оның сенiмхаты негiзiнде жұмыс iстейдi.

 

 Заңды  тұлғаны құру және қайта құру  әдісі. 45-бап. Заңды тұлғаны қайта құру

1. Заңды тұлғаны  қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп  шығару, өзгерту) оның мүлкiн меншiктенушiнiң  немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген  органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның  құрылтай құжаттарында уәкiлдiк  берiлген органның шешiмi бойынша, не заң құжаттарында көзделген  реттерде сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Заңдарда қайта  құрудың басқа да нысандары  көзделуi мүмкiн.

Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.

Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.

2. Қайта құру  ерiктi түрде немесе ықтиярсыз  жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Заң құжаттарында  көзделген реттерде ықтиярсыз  қайта құру сот органдарының  шешiмi бойынша жүзеге асырылуы  мүмкiн.

Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады.

4. Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын  реттердi қоспағанда, жаңадан пайда  болған заңды тұлғалар тiркелген  кезден бастап қайта құрылған  деп есептеледi.

Заңды тұлғаны оған екiншi бiр заңды тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiне бiрiктiрiлген заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың бiрiншiсi қайта құрылған деп есептеледi.

Заңды тұлғаның таратылуында мирасқорлық. 46-бап. Заңды тұлғаларды қайта құрған кездегi құқықты

мирасқорлығы

1. Заңды тұлғаларды  қосқан кезде олардың әрқайсысының  құқықтары мен мiндеттерi өткiзу  құжатына сәйкес жаңадан пайда  болған заңды тұлғаға ауысады.

2. Заңды тұлғаны  екiншi бiр заңды тұлғаға бiрiктiрген  кезде бiрiктiрiлген заңды тұлғаның  құқықтары мен мiндеттерi өткiзу  құжатына сәйкес соңғысына ауысады.

3. Заңды тұлғаны  бөлген кезде оның құқықтары  мен мiндеттерi бөлу балансына  сәйкес жаңадан пайда болған  заңды тұлғаларға ауысады.

4. Заңды тұлғаның  құрамынан бiр немесе бiрнеше  заңды тұлғаларды бөлiп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың  әрқайсысына қайта құрылған заңды  тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi ауысады.

5. Заңды тұлғаның  бiр түрiн екiншi түрдегi заңды тұлғаға  өзгерткен кезде (ұйымдық-құқықтық  нысанды өзгерткенде) қайта құрылған  заңды тұлғаның құқықтары мен  мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес  жаңадан пайда болған заңды  тұлғаға ауысады.

 Заңды  тұлғаны тарату және оның негізі. 49-бап. Заңды тұлғаны тарату негiздерi

1. Заңды тұлғаның  мүлкiн меншiктенушiнiң немесе  меншiк иесi уәкiлдiк берген органның  шешiмi бойынша, сондай-ақ құрылтай  құжаттарында шешiм қабылдауға  уәкiлдiк берiлген заңды тұлға  органының шешiмi бойынша заңды  тұлға кез келген негiз бойынша  таратылуы мүмкiн.

Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорын, арнайы қаржы компаниясын, мақта өңдеу ұйымын тарату Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры, секьюритилендіру және мақта саласын дамыту туралы заңнамасында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.

2. Соттың  шешiмi бойынша заңды тұлға:

1) банкрот  болған;

2) заңды тұлғаны  құру кезiнде заңдардың түзетуге  келмейтiн сипатта бұзылуына жол  берiлуiне байланысты оны тiркеу  жарамсыз деп танылған;

3) заңды тұлғаның  жарғылық мақсаттарына қайшы  келетiн қызмет үнемi жүзеге асырылған;

4) тиiстi рұқсат  алынбаған (лицензиясыз) қызметтi, не  заң құжаттарында тыйым салынған  қызметтi жүзеге асырған, не қызметiн  заңдарды бiрнеше рет немесе  өрескел бұза отырып жүргiзген  жағдайларда, соның iшiнде заңда белгiленген  табыс ету мерзiмiнен кейiн бiр  жыл өткен соң корпорациялық  табыс салығы туралы (жиынтық  жылдық табыс пен жасалған  шегерiмдер туралы) декларация немесе  оңайлатылған декларация табыс  етпеген, заңды тұлға орналасқан  жерi бойынша немесе нақты мекен-жайы  бойынша болмаған, сондай ақ заңды  тұлға бiр жыл ішінде оларсыз  жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар  болмаған;

5) заң құжаттарында  көзделген басқа да жағдайларда  таратылуы мүмкiн.

3. Осы баптың  екiншi тармағындағы аталған негiздер  бойынша заңды тұлғаны тарату  туралы талапты заң актiлерiнде  осындай талап қоюға құқық  берiлген мемлекеттiк орган, ал  банкрот болған жағдайда несие  берушiлер де сотқа беруi мүмкiн.

Заңды тұлғаны тарату туралы сот шешiмiмен заңды тұлғаны таратуды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер оның мүлкiн меншiктенушiге, меншiк иесi уәкiлдiк берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органға, не сот тағайындаған басқа органға (тұлғаға) жүктелуi мүмкiн.

4. Егер заңды  тұлға жөнiнде осы баптың 1-тармағында  белгiленген тәртiп бойынша оны  тарату туралы шешiм қабылданып, оның мүлкiнiң құны несие берушiлердiң  талаптарын қанағаттандыру үшiн  жеткiлiксiз болса, ондай заңды  тұлға банкроттық туралы заңдарда  белгiленген тәртiппен таратылуы  мүмкiн.

5. Заңды тұлғалардың  жекелеген түрлерi мемлекет уәкiлдiк  берген тиiстi органның шешiмiмен  заң актiлерiнде көзделген негiздер  бойынша таратылуы мүмкiн.

 

Заңды тұлғаның дәрменсіздігі. 52-бап. Банкроттық

Банкроттық - борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.

Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның ақшалай мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi сот белгілеген оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi. 

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі