Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 22:11, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық пәні бұл – өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:
Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.
Жеке мүліктік емес қатынастар- адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.

Файлы: 1 файл

Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі.docx

— 229.38 Кб (Скачать файл)

2. Үлес (үлестiң  бiр бөлiгi) үшiншi жаққа берiлген  жағдайда сонымен бiрге толық  серiктестiктен шыққан қатысушыға  тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң  бүкiл жиынтығы соған ауысады.

3. Толық серiктестiктiң  қатысушысы қайтыс болған ретте  қалған барлық қатысушылардың  келiсуiмен құқықты мирасқор (мұрагер) серiктестiкке кiре алады.

4. Құқықты  мирасқор (мұрагер) қатысушының толық  серiктестiк алдындағы борыштары  бойынша, сондай-ақ серiктестiктiң  үшiншi жақтар алдындағы бүкiл  серiктестiк қызметi кезiнде пайда  болған борыштары бойынша жауапты  болады.

5. Құқықты  мирасқор (мұрагер) толық серiктестiкке  кiруден бас тартқан немесе  құқықты мирасқорды (мұрагердi) қабылдаудан  серiктестiк бас тартқан жағдайда  оған қатысушы қайтыс болған  күнi белгiленген серiктестiк мүлкiндегi үлестiң құқықты мирасқорлық негiзiнде  өзiне тиесiлi құны төленедi.

Бұл реттерде тиiсiнше құрылтай құжаттарында (жарғысында) көзделген мерзiмде құрылтай шартында (жарғысында) аталған серiктестiк мүлкiнiң мөлшерi азайтылады, бiрақ ол үш айдан кешiктiрiлмеуге тиiс.

Толық серіктестіктен шығару. 67-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуы

1. Толық серiктестiктiң  қатысушысы оның өзге де қатысушыларына  заң құжаттарында немесе құрылтай  шартында көзделген мерзiмнен  кешiктiрмей ескерте отырып, серiктестiктен  кез-келген уақытта шыға алады.

2. Егер қатысушы  шығып кеткен уақытта толық  серiктестiк сақталып қалса, оның  шығып кеткен күнiнде жасалған  балансқа сәйкес шығып кететiн  қатысушыға серiктестiк мүлкiндегi үлесiнiң салған салымына тең  құны төленедi. Қатысушының талабы  бойынша және серiктестiктiң келiсуiмен  салымды толық немесе iшiнара заттай  түрде қайтарылуы мүмкiн. Шығып  кеткен қатысушыға оның осы  жылы серiктестiкте болған кезеңiнде  серiктестiктiң сол жылы алған  таза табысының оған тиесiлi бiр  бөлiгi де төленедi.

Серiктестiкке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкi сыйақы төленбей заттай түрде қайтарылады.  

Толық серіктестік қатысушысының жауапкершілігі. 70-бап. Қатысушылардың толық серiктестiктiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi

1. Егер толық  серiктестiк таратылған жағдайда  оның барлық борыштарын өтеу  үшiн нақтылы мүлкi жетпейтiн болса, серiктестiк үшiн жетiспейтiн бөлiгi жөнiнен оған қатысушылар ортақ  жауапкершiлiктi өздерiнiң заң құжаттарына  сәйкес ақы өндiрiп алынатын  барлық мүлкiмен өз мойнына  алады. Толық серiктестiктiң қатысушысы  серiктестiктiң борышы бойынша  егер заң құжаттарында өзгеше  көзделмесе, оған өз кiргеннен  кейiн немесе кiргенге дейiн  пайда болғанына қарамастан жауап  бередi.

2. Серiктестiк  мүлкiндегi өз үлесiнен астам бөлiгiндегi толық серiктестiктiң борыштарын  өтеген қатысушы өзiнiң алдында  серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiнiң  мөлшерiне тең үлестiк жауапкершiлiктi мойнына алатын өзге де қатысушыларға  тиiстi бөлiгiнде керi талап қоюға  құқылы.

3. Толық серiктестiктен  өз қалауымен шыққан немесе  серiктестiктен соттың шешiмi бойынша  шығарылған қатысушы, сондай-ақ қайтыс  болған қатысушының серiктестiкке  кiруден бас тартқан құқықты  мирасқоры (мұрагерi) серiктестiктен  өздерi шыққан кезге дейiн пайда  болған серiктестiк мiндеттемелерi бойынша серiктестiктiң өздерi серiктестiктен  шыққан жыл iшiндегi серiктестiк қызметi туралы есеп бекiтiлген күннен  бастап екi жыл бойы жауап бередi.

4. Өз үлесiн  бiр қатысушыға немесе үшiншi жаққа  беру арқылы, серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiнен несие берушi (несие  берушiлер) ақы өндiрiп алу арқылы  шыққан қатысушы, сондай-ақ қайтыс  болған қатысушының серiктестiкке  қабылдаудан қалған қатысушылар  бас тартқан құқықты мирасқоры (мұрагерi) серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

5. Толық серiктестiк  тоқтатылғаннан кейiн қатысушылар  серiктестiк тоқтатылған күннен  бастап екi жыл бойы ол тоқтатылған  кезге дейiн пайда болған серiктестiк  мiндеттемелерi бойынша жауапты болады.

6. Толық серiктестiктiң  осы бапта көзделген мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жауапкершiлiк  тәртiбiн өзгертетiн қатысушылардың  келiсiмi жарамсыз болып табылады.

 

 

17)Толық серіктестіктен шығару. 67-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуы

1. Толық серiктестiктiң  қатысушысы оның өзге де қатысушыларына  заң құжаттарында немесе құрылтай  шартында көзделген мерзiмнен  кешiктiрмей ескерте отырып, серiктестiктен  кез-келген уақытта шыға алады.

2. Егер қатысушы  шығып кеткен уақытта толық  серiктестiк сақталып қалса, оның  шығып кеткен күнiнде жасалған  балансқа сәйкес шығып кететiн  қатысушыға серiктестiк мүлкiндегi үлесiнiң салған салымына тең  құны төленедi. Қатысушының талабы  бойынша және серiктестiктiң келiсуiмен  салымды толық немесе iшiнара заттай  түрде қайтарылуы мүмкiн. Шығып  кеткен қатысушыға оның осы  жылы серiктестiкте болған кезеңiнде  серiктестiктiң сол жылы алған  таза табысының оған тиесiлi бiр  бөлiгi де төленедi.

Серiктестiкке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкi сыйақы төленбей заттай түрде қайтарылады.  

68-бап. Қатысушыны толық серiктестiктен шығару

1. Толық серiктестiкке  қатысушылар қалатын қатысушылардың  бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша  және оған дәлелдi себептер болған  жағдайда, атап айтқанда оның (олардың) өз мiндеттерiн дөрекi бұзуы немесе iс жүргiзу қабiлетсiздiгi байқалған  жағдайда қатысушылардың бiреуiн  немесе бiрнешеуiн серiктестiктен  сот тәртiбiмен шығаруды талап  етуге құқылы.

2. Толық серiктестiктен  шығарылған қатысушыға осы Кодекстiң 67-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiп бойынша мүлiктiң бiр бөлiгiнiң құны төленедi.

Толық серіктестік қатысушысының жауапкершілігі. 70-бап. Қатысушылардың толық серiктестiктiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi

1. Егер толық  серiктестiк таратылған жағдайда  оның барлық борыштарын өтеу  үшiн нақтылы мүлкi жетпейтiн болса, серiктестiк үшiн жетiспейтiн бөлiгi жөнiнен оған қатысушылар ортақ  жауапкершiлiктi өздерiнiң заң құжаттарына  сәйкес ақы өндiрiп алынатын  барлық мүлкiмен өз мойнына  алады. Толық серiктестiктiң қатысушысы  серiктестiктiң борышы бойынша  егер заң құжаттарында өзгеше  көзделмесе, оған өз кiргеннен  кейiн немесе кiргенге дейiн  пайда болғанына қарамастан жауап  бередi.

2. Серiктестiк  мүлкiндегi өз үлесiнен астам бөлiгiндегi толық серiктестiктiң борыштарын  өтеген қатысушы өзiнiң алдында  серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiнiң  мөлшерiне тең үлестiк жауапкершiлiктi мойнына алатын өзге де қатысушыларға  тиiстi бөлiгiнде керi талап қоюға  құқылы.

3. Толық серiктестiктен  өз қалауымен шыққан немесе  серiктестiктен соттың шешiмi бойынша  шығарылған қатысушы, сондай-ақ қайтыс  болған қатысушының серiктестiкке  кiруден бас тартқан құқықты  мирасқоры (мұрагерi) серiктестiктен  өздерi шыққан кезге дейiн пайда  болған серiктестiк мiндеттемелерi бойынша серiктестiктiң өздерi серiктестiктен  шыққан жыл iшiндегi серiктестiк қызметi туралы есеп бекiтiлген күннен  бастап екi жыл бойы жауап бередi.

4. Өз үлесiн  бiр қатысушыға немесе үшiншi жаққа  беру арқылы, серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiнен несие берушi (несие  берушiлер) ақы өндiрiп алу арқылы  шыққан қатысушы, сондай-ақ қайтыс  болған қатысушының серiктестiкке  қабылдаудан қалған қатысушылар  бас тартқан құқықты мирасқоры (мұрагерi) серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

5. Толық серiктестiк  тоқтатылғаннан кейiн қатысушылар  серiктестiк тоқтатылған күннен  бастап екi жыл бойы ол тоқтатылған  кезге дейiн пайда болған серiктестiк  мiндеттемелерi бойынша жауапты болады.

6. Толық серiктестiктiң  осы бапта көзделген мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жауапкершiлiк  тәртiбiн өзгертетiн қатысушылардың  келiсiмi жарамсыз болып табылады.  

Сенім серіктестігі ұғымы. 72-бап. Сенiм серiктестiгi туралы ережелер

1. Серiктестiктiң  мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл  мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша  жауап беретiн бiр немесе одан  да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне  өздерi салған салымдардың жиынтығымен  шектелетiн бiр немесе одан  көп қатысушыларды да енгiзетiн  және серiктестiктiң кәсiпкерлiк  қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын  серiктестiк сенiм серiктестiгi деп  танылады.

2. Сенiм серiктестiгiне  қатысатын толық серiктердiң құқықтық  ережесi және олардың серiктестiк  мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары  туралы ережемен белгiленедi.

3. Азамат  тек бiр ғана сенiм серiктестiгiнiң  толық серiктесi бола алады.

Сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес толық серiктестiктiң қатысушысы бола алмайды.

4. Сенiм серiктестiгiне  осы Кодекстiң сенiм серiктестiктерi туралы ережелерiне қайшы келмейтiндiктен, осы Кодекстiң толық серiктестiк  туралы ережелерi қолданылады.

 Сенім  серіктестігінің салымшысы және  жарғылық капиталы. 73-бап. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы

1. Сенiм серiктестiгiнiң  салымшысы алғашқы салымын және  қосымша жарналарын (салымдарын) құрылтай  құжаттарында көзделген мөлшерде, әдiс пен тәртiп бойынша салуға  мiндеттi.

2. Сенiм серiктестiгi салымшысының:

1) серiктестiк  таза табысының жарғылық капиталдағы  өзiне тиесiлi үлесiн құрылтай құжаттарында  көзделген тәртiп бойынша алуға;

2) серiктестiктiң  қаржылық есеппен танысуға, сондай-ақ  оның дұрыс жасалуын тексеру  мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап  етуге;

3) жарғылық  капиталдағы өз үлесiн немесе  оның бiр бөлiгiн заң құжаттарында  және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында  көзделген тәртiп бойынша басқа  салымшыға немесе үшiншi жаққа  беруге құқығы бар. Салымшының  өз үлесiн басқа бiреуге түгелдей  беруi оның серiктестiкке қатысуын  тоқтатады;

4) заң актiлерiнде  және құрылтай құжаттарында көзделген  тәртiппен серiктестiктен шығуға.

3. Егер салымшы  сенiм серiктестiгiнiң мүдделерiн  көздеп тиiстi өкiлеттiксiз мәмiле  жасаса, оның әрекеттерiн серiктестiк  мақұлдаған жағдайда мәмiле бойынша  ол несие берушiлердiң алдында  толық көлемiнде жауап бередi. Егер ол мақұлданбаса, салымшы  үшiншi жақтың алдында заңдар бойынша  өзiнiң ақы өндiрiп алынатын  бүкiл мүлкiмен жеке жауап бередi.  

74-бап. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы

1. Сенiм серiктестiгiнiң  жарғылық капиталы оның қатысушылары  салатын салымнан құралады. Шаруашылық  үрдiсiнде жарғылық қор өзгертiлуi мүмкiн. Салымшылардың салымдарын  есептемегенде, жарғылық капитал  толық серiктестердiң сенiм серiктестiгi мүлкiндегi үлесiн белгiлейдi.

2. Жарғылық  капиталдың мөлшерiн сенiм серiктестiгiнiң  толық серiктестерi белгiлейдi және  ол заң құжаттарында белгiленген  ең төменгi мөлшерден кем болмауы  керек.

3. Сенiм серiктестiгiнiң  жарғылық капиталын азайтуға  оның барлық несие берушiлерiне  хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Несие берушiлер бұл ретте тиiстi мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын  тоқтатылуын немесе орындалуын  және өздерi шеккен залалдың орны  толтырылуын талап етуге құқылы. Осы бапта белгiленген тәртiптi бұзып жарғылық капиталды азайту  мүдделi адамдардың арызы бойынша  сот шешiмiмен сенiм серiктестiгiн  таратуға негiз болады. 

 Сенім  серіктестігінің қызметін басқару. 75-бап. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқару

Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқаруды толық серiктестер жүзеге асырады. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн оның толық серiктестерiнiң басқару және жүргiзу тәртiбiн олар толық серiктестiк туралы ережелер бойынша белгiлейдi. Салымшылардың сенiм серiктестiгi iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенiмхат бойынша болмаса, оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенiм серiктестiгi салымшыларының серiктестiк iсiн басқару жөнiнде толық серiктестердiң әрекеттерiне дау жасауға құқығы жоқ.

Сенім серіктестігін тарату. 76-бап. Сенiм серiктестiгiнiң тоқтатылуы

1. Сенiм серiктестiгi оған қатысушы барлық салымшылар  шығып кеткен жағдайда тоқтатылады. Толық серiктестер сенiм серiктестiгiн  таратудың орнына оны толық  серiктестiк етiп қайта құруға  құқылы. Сенiм серiктестiгi толық серiктестiктi тарату үшiн көзделген негiздер  бойынша да таратылады.

2. Салымшылар  сенiм серiктестiгi таратылған кезде  оның несие берушiлерiнiң талаптары  қанағаттандырылғаннан кейiнгi қалған  серiктестiк мүлкiнен салымдарды  алуға толық серiктестер алдында  артықшылық құқығы болады. Сенiм  серiктестiгiнiң бұдан кейiнгi қалған  мүлкi толық серiктестер мен салымшылар  арасында, егер құрылтай құжаттарында  өзгеше тәртiп белгiленбесе олардың  серiктестiк мүлкiне қосқан үлесiне  қарай бөлiнедi.

 

 

18)ЖШС ұғымы. 77-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк туралы негiзгi ережелер

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі