Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2013 в 11:34, курсовая работа
Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған бірлескен меншікке құ-қығы туралы норма диспозитивті.Ерлі-зайыптылар арасындағы шарттарда, оның ішінде некелесу шартында мынадай мүлік олардың үлесті меншігі бо-лып табылады,не меншік құқығында олардың біреуіне тиесілі, не тиісті бөлік-терінде ерлі-зайыптылардың бөлектелген меншігі болып табылады деп көр-сетілуі тиіс.Бірлескен меншік шарт бойынша емес,тек заңға сәйкес белгілене-тін болғандықтан,ерлі-зайыптылардың бірге тұрмаған кезде жинаған мүлікті немесе олардың біреуінің бөлектелген меншікке алған мүлікті бірлескен мен-шік деп тану туралы келісім жасауына жол берілмейді. Мұндай мәмілелер заңсыз.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………...............3-4
І. Некеге тұрудың шарттары мен тоқтатылу түсінігі.................................5-14
1.1 Неке туралы жалпы түсінік...............................................................................5-8
1.2 Некелік шарттың түсінігі және оның бұзылуы............................................8-10
1.3 Некені тоқтату және оның негізі..................................................................10-14
II. Ерлі зайыптылардың ортақ мүлік мәселелері және бөлу негіздері....15-23
2.1 Ерлі зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу тәртібі........................................15-18
2.2 Ерлі зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу мәселелері.................................18-22
2.3 Сот мүліктік дауды шешу барысында, сотпен некенің бұзылуы кезіндегі некенің тоқтатылу кезеңін дұрыс анықтамау мәселесі....................................22-23
Қорытынды.........................................................................................................24-25
Сілтемелер................................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27
Қосымша А..........................................................................................................28-29
КІРІСПЕ……………………………………………………………
І. Некеге тұрудың
шарттары мен тоқтатылу түсінігі......................
1.1 Неке туралы жалпы
түсінік.......................
1.2 Некелік шарттың түсінігі
және оның бұзылуы.......................
1.3 Некені тоқтату және оның
негізі........................
II. Ерлі зайыптылардың ортақ мүлік мәселелері және бөлу негіздері....15-23
2.1 Ерлі зайыптылардың
ортақ мүлікті бөлу тәртібі....
2.2 Ерлі зайыптылардың
ортақ мүлікті бөлу мәселелері.
2.3 Сот мүліктік дауды шешу барысында,
сотпен некенің бұзылуы кезіндегі некенің
тоқтатылу кезеңін дұрыс анықтамау мәселесі......................
Қорытынды.....................
Сілтемелер....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Қосымша А.............................
Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі (ағыл. common /joint property of conjoints; нем. Ehegesamteigentum n) - Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік.
Олар:ерлі-зайыптының әрқайсысының еңбек қызметінен,кәсіпкерлік кызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапкан табыстары,ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер,олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек кабілетін жоғалтуына және баскаларына байланысты залалды өтеуге теленген сомалар) жатады.
Сондай-ақ ерлі-зайыптынын ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражатын ерлі-зайыптының қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптынық ортақ мүлкі болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайғада тиесілі.
Курстық жұмыстың объектісі болып некенің тоқтатылуы барысында туындайтын құқықтық қатынастар табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты-ерлі–зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу мәселелерін ашу болып табылады, сондай-ақ некенің тоқтатылуын ашып, зерттеу болып табылады.
Мақсаттан туындаған міндеттерге мыналар жатады:
- некелік шарттың түсінігі және оның бұзылуын ашу;
- некені тоқтату және оның негізін қарастыру;
- некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу тәртібін қарастыру;
- сот мүліктік
дауды шешу барысында, сотпен
некенің бұзылуы кезіндегі
Мүлік ерлі-зайыптыларға бөлектелген, ортақ бірлескен немесе ортақ үлесті меншік құқығында тиесілі болуы мүмкін. Заңның жалпы ережесі бойынша ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен меншігі болып табылады. Ерлі-за-йыптыларға некеде тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың некеде
тұрған кезде жинаған бірлескен
меншікке құ-қығы туралы норма диспозитивті.Ерлі-
Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі-зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді cот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда cот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша ош келісі сәйкес бөледі.
Сот тәртібімен некені бұзу ерлі-зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күнінен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.
Жоғарыда айтылғандай,
некені бұзу нәтижесінде ерлі-
Ерлі-зайыптылардың меншік
құқығының регламентациясы
Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданып жүрсе де, көп жағдайда ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі олардың бірлескен меншік режимі қолданылады.
Қортындыла келе, курстық жұмыс екі тараудан, үш бөлімнен, кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшадан тұрады.
1.1 Неке туралы жалпы түсінік
Неке - ерлi-зайыптылар
арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк
емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын
құру мақсатымен заңдарда белгiленген
тәртiппен тараптардың ерiктi және толық
келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен
әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының
тәртібі бойынша меншiк иелерiнiң өз құқықтарын
жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды
қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексінің тәртібі бойынша
екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады.
Мүлiк меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк
құқығындағы үлестерi белгiлене отырып
(үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей
(бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болады.
Ерлi-зайыптылардың некеде тұрғ
Егер үлестi меншiкке қатысушылар үлестерiнiң
мөлшерi заң құжаттары негiзiнде анықталуы
және оған барлық қатысушылардың келiсiмiмен
белгiленуi мүмкiн болмаса, ерлi-зайыптылардың
үлестер тең деп саналады.
Меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша,
ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда, тек
сот шешiмiмен ғана ортақ меншiк ерлi-зайыптылардың
үлестi меншiгi деп танылады.
Егер некеде
тұрған ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң
есебiнен, мүлiктiң құнын едәуiр арттырған
қаражат жұмсалғаны (үйді күрделi жөндеу,
немесе қайта салу және т.б.) анықталса,
ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi
олардың бiрлескен меншiгi деп сот шешімімен
танылуы мүмкiн.
Жоғарыда көрсетілген Коституция, Азаматтық
Кодекстің тәртібіне сәйкес. Ерлi-зайыптылар
некеде тұрған кезде жинаған мүлiк олардың
бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.
Осы заң тәртібіне ерлi-зайыптылардың
некеде тұрған кезде жинаған мүлкiне (ерлi-
зайыптылардың ортақ мүлкiне) ерлi-зайыптылардың
әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк
қызметтен және санаткерлiк қызмет нәтижелерiнен
тапқан табыстары, ерлi-зайыптылардың
ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың
әрқайсысының бөлек мүлкiнен түскен кiрiстер,
олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар,
сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ
өзге де ақшалай төлемдер (материалдық
көмек сомалары, мертiгу не денсаулығының
өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабiлетiн
жоғалтуына және басқаларына байланысты
залалды өтеуге төленген сомалар) жатады.
Сондай-ақ ерлi- зайыптылардың ортақ кiрiстерiнiң
есебiнен сатыпалынған жылжымалы және жылжымайтын
мүлiктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар,
несие мекемелерiне немесе өзге де коммерциялық
ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер
және ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезеңде
тапқан басқа да кез келген мүлiк ол ерлi-зайыптылардың
қайсысының атына сатып алынғанына не
ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың
қайсысы салғанына қарамастан, ерлi- зайыптылардың
ортақ мүлкi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың
ортақ мүлiкке құқығы некеде тұрған кезеңде
үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi
жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi
себептермен жеке кiрiсi болмаған жұбайға
да тиесiлi.
Егер некеде тұрған уақытта ерлi-зайыптылардың
жеке мүлкi, ерлi-зайыптылардың еңбегi есебiнен
мүлiктiң құны едәуiр артса, яғни мүлікке
күрделi жөндеу жасалса, сол сияқты мән
– жайлар анықталса, ерлi-зайыптылардың
әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен
ортақ меншiгi болып сот арқылы танылуы
мүмкiн.
Осы көрсетілген Заңдардың тәртібі бойынша,
ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған
мүлiктер бiрлескен ортақ меншiгi болып
табылады және азаматтардан алған қарыздары,
банкіден алған несиелері олардың ортақ
қарызы деп есептеледі.
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi ерлi-зайыптылар
арасында олардың келiсiмi бойынша бөлiнуi
мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың қалауы бойынша
олардың ортақ мүлiктi бөлу туралы келiсiмi
нотариат арқылы куәландырылуы мүмкiн
болмаған жағдайда сотқа жүгіну керек.
Сотқа, зайыбы ортақ мүлікті бөлуді талап етіп арыз берген, онда жұбайының қалада пәтері болғанын,
үйленген соң пәтерге күрделі жөндеу жүргізілгенін
көрсете келе, пәтерді ортақ мүлік деп
танып, екіге бөлуді сұраған. Сот, талап
арызды қанағаттандырусыз қалдырған,
өйткені пәтерге жөндеу жүргізілген, алайда,
жөндеу жүргізілгендіктен пәтердің құны
едәуір артты деп тануға негіз болмаған.
Сотқа, зайыбы
ортақ мүлікті бөлуді талап етіп арыз
берген, онда жұбайының қалада жеке үйі
болғанын, үйленген соң үйге күрделі жөндеу
жүргізілгенін көрсете келе, үйді ортақ
мүлік деп танып, екіге бөлуді сұраған.
Сот, талап арызды қанағаттандырған, өйткені
үйге күрделі жөндеу жүргізілген, үйдің
бөлмелерінің қабырғалары өзгертілген,
жаңадан бөлмелер қосылған, яғни үйдің
құны едәуір артты деп тануға негіз болған.
Сотқа, зайыбы ортақ мүлікті бөлуді талап
етіп арыз берген, жұбайы да талап арыз
беріп, бірге тұрған кезінде банктен алған
кредитті жақтарға бөлуді сұраған. Сотта,
жақтардың бір жыл бұрын ажырасып, екі
бөлек тұрып жатқаны анықталған, сондықтан
сот, некеде тұрған уақытта алған пәтерді
ортақ мүлік деп және жақтардың үлестері
тең деп таныған. Банктен алған кредитті
некеде тұрған уақытта алынып, отбасының
керегіне жұмсалғандықтан екіге тең бөлген.
Алайда, жақтар бір жылдан бері бөлек тұрғандықтан,
жұбайы несиені осы уақытта өзінің ғана
табысынан төлеп жатқандықтан, сот, жақтардың
бірге тұрған кезіндегі банкке қайтарылған
соманы жалпы несие сомасынан алып тастап,
қалған соманы екіге тең бөліп, жұбайының
бір жылдан бері төлеген сомасының жартысын
зайыбынынан жұбайының пайдасына өндірген.
Сотқа, зайыбы ортақ мүлікті бөлуді талап
етіп арыз берген. Сотта, жақтардың бұрын
ажырасып, екі бөлек, екі үйде тұрып жатқаны
анықталған, сондықтан сот, некеде тұрған
уақытта алынған үйлерді ортақ мүлік деп,
жақтардың үлестері тең деп таныған. Көрші
адамнан алған қарызды некеде тұрған уақытта
алынып, отбасының керегіне жұмсалғандықтан
екіге тең бөлген. Алайда, зайыбы үлкен
үйде, ал жұбайы кішкентай үйді алғандықтан,
жұбайы бөлек тұрған кезде малдарын сатып
қарызды қайтарғандықтан, екі үйді бағалап,
бағаларының айырмашылығын және қарыздың
жартысы сомасын, зайыбынынан жұбайының
пайдасына өндірген.
Ортақ мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп
шығару кезiнде, егер заң актiлерiмен немесе
қатысушылардың келiсiмiн шартта өзгеше
көзделмесе, олардың үлестерi тең деп танылатынын
жоғарыда келтірілді, енді осы көрсетілген
Заңдардың тәртібі бойынша, ерлi-зайыптылардың
некеде тұрған кезде жинаған мүлiктері
ортақ меншiгi болып табылғанымен, үлестерін
тең емес деп тануға болатын жағдайларға
негіз болатын заң талаптарын қарастырсақ.
Ерлi-зайыптылардың некеге тұрғанға дейiн
тиесiлi болған, сондай-ақ олардың некеде
тұрған кезiнде сыйға тартылған немесе
мұрагерлiк тәртiппен алған мүлкi олардың
әрқайсысының меншiгi болып табылады. Қымбат
бағалы киімдер, әсемдiк (алтын, күміс,
қымбат тастардан жасалған) заттарын қоспағанда,
жеке пайдаланудағы заттар (киiм-кешек,
аяқ киiм және т.б.), некеде тұрған кезде
ерлi-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып
алынғанымен, олар пайдаланып жүрген жұбайының
меншiгi деп танылады. Кәмелетке толмаған
балалардың ғана қажеттерiн қанағаттандыру
үшiн сатып алынған заттар (киiм-кешек,
аяқ киiм, мектеп және спорт жабдықтары,
музыкалық аспаптар, балалар кiтапханасы
және басқалары) бөлiнуге жатпайды және
бала бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз
берiледi.
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң есебiнен
ерлi-зайыптылар өздерiнiң кәмелетке толмаған
ортақ балаларының атына салған салымдары
сол балаларға тиесiлi болып есептеледi
және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлген
кезде есепке алынбайды.
Сот, кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн
сәйкес, егер жұбайлардың бiрi дәлелсiз
себептермен табыс таппаса немесе ерлi-
зайыптылардың ортақ мүлкiн отбасының
мүдделерiне залал келтiрiп жұмсаса, ерлi-зайыптылардың
ортақ мүлкiндегi үлестерiнiң теңдiгi негiзiн
ескермеуге құқылы.
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде
ерлi-зайыптылардың ортақ борыштары олардың
арасында өздерiне берiлген үлеске қарай
бөлiнедi.
Дау туған жағдайда ерлi-зайыптылардың
ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың
сол мүлiктегi үлестерiн анықтау сот тәртiбiмен
жүргiзiледi.
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу
кезiнде сот ерлi-зайыптылардың талап етуi
бойынша ерлi-зайыптылардың әрқайсысына
қандай мүлiк берiлуге тиiс екендiгiн анықтайды.
Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны
оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе,
басқа жұбайға тиiсiнше ақшалай немесе
өзге де өтемақы берiлуi тиіс.
Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде
жинаған мүлкiне, олардың үлестері сатып
алу мәмілесінде, немесе олардың арасындағы
шартта көрсетілмесе, олардың бiрлескен
меншiгi болып табылатыны белгілі, алайда
осы теңдіктің сақталмайтын жағдайлары
бар.
Егер сот, ерлi-зайыптылардың бiрi ортақ
мүлiктi иелiктен шығарғанын немесе өз
қалауы бойынша, жұбайының қарсылығына
және отбасының мүддесiне қарамастан сатып
жiбергенiн немесе мүлiктi жасырғанын анықтаса,
онда бөлу кезiнде бұл мүлiк немесе оның
құны есепке алынады.
Сотқа, жұбайы талап арыз беріп, ортақ
мүлікте екіге тең бөлуді сұраған. Сотта,
пәтер ерлi-зайыптылардың некеде тұрған
кезінде сатып алынғаны, алайда зайыбы
пәтерді банктен несие алып сатып алардан
бұрын жұбайы бас бостандығынан айрылуға
сотталғаны және несиені зайыбы төлеп
болғаннан кейін түрмеден босатылғаны
анықталған, сондықтан сот пәтерді зайыбының
мүлкі деп таныған.
Сотқа, жұбайы талап арыз беріп, пәтерді
ортақ мүлік деп танып, екіге бөлуді сұраған.
Сотта, пәтер ерлi-зайыптылардың некеде
тұрған кезінде мемлекеттен алынғаны,
алайда жұбайы бас бостандығынан айрылуға
сотталған кезінде, зайыбы пәтерді жекешелендіріп,
жұбайы түрмеде болған кезінде сатып жібергені
анықталған, сондықтан сот пәтерді ерлi-зайыптылардың
ортақ мүлкі деп танып, пәтердің құнының
жартысын ақшалай өндірген.
Сотқа жұбайы талап арыз беріп, зайыбы
отырған үйді ортақ мүлік деп тануды сұраған.
Сотта, даулы үй ерлi-зайыптылардың некеде
тұрған кезінде сатып алынғаны, алайда
ерлi-зайыптылардың шын – мәнісінде ажырасып,
бөлек тұрып жатқан кездерінде зайыбы
бауырларынан қарыз алып, үйді сатып алғандықтан,
сот үйді ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкі
деп тануды сұраған арызды қанағаттандырусыз
қалдырған.
Сот, ерлi-зайыптылардың некеде тұрған
кезінде сатып алынған ортақ мүлкін бөлу
кезінде, жұбайының банктен алған несиені
екіге бөлу туралы талап арызын қанағаттандырмай
тастаған, өйткені несиеге алған ақша
толығымен автокөлік сатып алуға жұмсалған,
екі айдан соң жақтар шын- мәнісінде ажырасып
бөлек тұрып жатыр, автокөлікті алғаннан
бастап ажырасқаннан соң да жұбайы пайдаланып
жүргендіктен, несиені жұбайы өтеуге міндетті
деп шешкен.
Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай – ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі – зайыптық қатынстар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру бегілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады.
Қазақстанда мемекеттік АХАТ органында тіркелген неке ғана танылады [1, 87-б].
Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады.
Ерлі – зайыптылар
қатынастарына туыстарының
Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады.
Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күәмнсіз.
Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас.
АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да длелді себептердің болуы мүмкін.
Некеге тұратын
адамдар медециналық, сондай – ақ
медециналық – генетикалық
Болашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде млімдеуі керек. Ал олардың біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді.
Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады.
Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі.
Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс - әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.
Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым.
Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.
Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек.
Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды.
Некеге тұратын
кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі
адамдар) ата – аналарының немесе
қамқоршыларының келісімімен
Некелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.
Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.
Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:
Информация о работе Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінуі: негізі және тәртібі