Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінуі: негізі және тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2013 в 11:34, курсовая работа

Описание работы

Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған бірлескен меншікке құ-қығы туралы норма диспозитивті.Ерлі-зайыптылар арасындағы шарттарда, оның ішінде некелесу шартында мынадай мүлік олардың үлесті меншігі бо-лып табылады,не меншік құқығында олардың біреуіне тиесілі, не тиісті бөлік-терінде ерлі-зайыптылардың бөлектелген меншігі болып табылады деп көр-сетілуі тиіс.Бірлескен меншік шарт бойынша емес,тек заңға сәйкес белгілене-тін болғандықтан,ерлі-зайыптылардың бірге тұрмаған кезде жинаған мүлікті немесе олардың біреуінің бөлектелген меншікке алған мүлікті бірлескен мен-шік деп тану туралы келісім жасауына жол берілмейді. Мұндай мәмілелер заңсыз.

Содержание работы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………...............3-4
І. Некеге тұрудың шарттары мен тоқтатылу түсінігі.................................5-14
1.1 Неке туралы жалпы түсінік...............................................................................5-8
1.2 Некелік шарттың түсінігі және оның бұзылуы............................................8-10
1.3 Некені тоқтату және оның негізі..................................................................10-14
II. Ерлі зайыптылардың ортақ мүлік мәселелері және бөлу негіздері....15-23
2.1 Ерлі зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу тәртібі........................................15-18
2.2 Ерлі зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу мәселелері.................................18-22
2.3 Сот мүліктік дауды шешу барысында, сотпен некенің бұзылуы кезіндегі некенің тоқтатылу кезеңін дұрыс анықтамау мәселесі....................................22-23
Қорытынды.........................................................................................................24-25
Сілтемелер................................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27
Қосымша А..........................................................................................................28-29

Файлы: 1 файл

некеге тұру.doc

— 217.00 Кб (Скачать файл)

ерінің қайтыс болуы;

соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;

некенің бұзылуы (ажырасу).

Некенің тоқтату  негіздерінің тізімі толық боып табылады.

Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.

Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға  ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ [4, 52 б].

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын  жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі  төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.

Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.

Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады.

Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары  немесе сотта заңда белгіленген  тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.

Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың  біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.

Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы  қажет:

АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;

кәмелетке толмаған балаларының болмауы;

бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.

   Некені  бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік  тіркеуден өтуді қажет етеді.  Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды [5, 89 б].

Ерлі – зайыптылардың  өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң  жұбайлардың біреуінің өтініші  бойынша некенің бұзудың қарабайыр  оңайлатылған тәртібін де белгілейді.

АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.

Ол мынадай  жағдайларда іске асырылады:

ерлі – зайыптылардың  кәмелетке толмаған ортақ балаларының  болуы;

ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;

егер ерлі –  зайыптылардың біреуі өтініш беруден  бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;

ерлі – зайыптылардың  бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.

Некелік одақтың тұрақты  болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру  жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар  татуластыру мақсат қана емес, отбасын  сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады.

Егер сот неке біржолата  бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға  қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді.

Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің  бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады.

Егер айырылысатын ерлі –  зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде  не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».

   Айырылысатын  жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу  жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі [6, 19б].

   Сот тәртібімен  некені бұзу ерлі – зайыптылардың  некені бұзу туралы өтініш  берген күннен бастап бір ай  өткеннен кейін іске асырылады.

Жоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың  некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен - өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады [7, 65 б].

   Некенің  тоқтатылуы жаңадан некеге тұру  құқығын туғызады.

   Ажырасу жолымен  некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды.

           Әр түрлі дөуірде ажырасу туралы  түсінік те елеулі өзгеріске  ұшырап отырды. Ежелгі Римде неке арнаулы рәсімді қажет етпейтін қарапайым азаматтық мәміле деп есептелді. Ажырасу еркін болды және оған ерлі-зайыптылардың екеуінің немесе біреуінің некелік тұрмыстан бас тартатындығы жөніндегі өтініштерімен жол берілді. Орта ғасырлардағы Еуропада некеге қағидалық түсініктерге шек қойылған негізде және шіркеу билігінің шешімімен жол берілетін. Еуропада қағидалық нормалар, зайырлы зандармен алмастырылғаннан кейінгі қазіргі кезде де ажырасу сирек, әсіресе дін ықпалы күшті елдерде (мысалы, Италия). Ислам шариғаты ажырасуды мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін көптеген шектеулер қойған.

Қазақстан заңнамасы да ажырасуды оңша қолдамайды. Әрбір мемлекет неке мен отбасының сақталуына мүдделі, бірақ, өкінішке орай, біздің елімізде соңғы онжылдықта ажырасудың тұракты өсіп отырғандығы байқалады.

Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген төртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.

АХАТ органдарында некені бұзу

Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі-зайыптылардың  біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда  — жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі-зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай-ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.

Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:

  • АХАТ органдарына ерлі-зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
  • көмелетке толмаған балаларының болмауы;
  • бір-біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.

Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жәніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі-зайыптыларға қабылданған шешім туралы тағы да әбден ойланып-толғану үпгін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартылмайды.

Ерлі-зайыптылардың  өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некені бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.

Мысалы, жүйке  ауруының салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайлардын біреуінен некені бұзу жөнінде оның келісімін алу мүмкін емес. Заң осыған байланысты іс-әрекетке кабілетті жұбайына некені сақтау не бұзу жөнінде екеуінің атынан шешім қабылдауға құқық береді.

Ерлі-зайыптылардың  біреуінің қылмыс жасағаны үшін кем  дегенде үш жыл бас бостандығынан айырылып, сотталып кетуі де некені біржақты бұзуға негіз бола алады. Сотталған жұбайы психологиялық еркін жоғалтпайды, сондықтан некеге өз көзқарасын дербес білдіруге қақы бар. Заң оны некені бұзу туралы құқығынан айырмайды, бірақ жалпы жағдайда ғана.

Сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған адамнан ажырасуға келісім алуға болмайды. Хабар-ошарсыз жоғалып кету фактісінің өзі-ақ некелік қатынастарды сақтау қажеттілігіне күмән туғызады.

АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі-зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.

Некені сот тәртібімен бузу

Ол мынадай жағдайларда  іске асырылады:

§ ерлі-зайыптылардың көмелетке толмаған ортақ балаларынын болуы;

  • ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;
  • егер ерлі-зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;
  • ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптарының болуы.

Некелік одақтың  тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан  да соттарға заң арқылы ерлі-зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтатудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда cот некені бұзады.

Егер cот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі қарауды кейінге қалдырып, ерлі-зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ cот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай белгілейді.

Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады.

Егер айырылысатын ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені cот шешеді. cот балалардың ата-анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата-анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде cот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алуы керек.

II. Ерлі зайыптылардың орталық мүлік мәселелері және бөлі  негіздері

2.1 Ерлі зайыптылардың орталық  мүлікті бөлу тәртібі

 

Неке - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк  емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ болып табылады.  
Қазақстан Республикасының  Конституциясының тәртібі бойынша   меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің   тәртібі бойынша  
екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады.  Мүлiк меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болады.

Ерлi-зайыптылардың  некеде тұрған кезде жинаған мүлкi, егер бұл мүлiк ерлi-зайыптылардың үлестi меншiгi болатыны, не олардың әрқайсысына тиесiлi немесе меншiк құқығында тиiстi бөлiктерде ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi екенi олардың арасындағы шартта көрсетілмесе, олардың бiрлескен меншiгi болып табылады.

Егер үлестi меншiкке қатысушылар үлестерiнiң  мөлшерi заң құжаттары негiзiнде  анықталуы және оған барлық қатысушылардың келiсiмiмен белгiленуi мүмкiн болмаса, ерлi-зайыптылардың  үлестер тең деп саналады. 
Меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда, тек сот шешiмiмен ғана  ортақ меншiк ерлi-зайыптылардың  үлестi меншiгi  деп танылады.                 

Егер некеде тұрған  ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң есебiнен, мүлiктiң құнын едәуiр арттырған қаражат жұмсалғаны (үйді  күрделi жөндеу, немесе қайта салу және т.б.) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен меншiгi деп  сот шешімімен  танылуы мүмкiн.  
Жоғарыда көрсетілген  Коституция,  Азаматтық Кодекстің тәртібіне сәйкес. 

Ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. Осы заң тәртібіне  ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкiне (ерлi- зайыптылардың ортақ мүлкiне) ерлi-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және санаткерлiк қызмет нәтижелерiнен тапқан табыстары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен түскен кiрiстер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертiгу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабiлетiн жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлi- зайыптылардың ортақ кiрiстерiнiң есебiнен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелерiне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлiк ол ерлi-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi- зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiкке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi себептермен жеке кiрiсi болмаған жұбайға да тиесiлi.   
Егер некеде тұрған уақытта ерлi-зайыптылардың жеке мүлкi, ерлi-зайыптылардың  еңбегi есебiнен  мүлiктiң құны  едәуiр артса, яғни  мүлікке күрделi жөндеу жасалса, сол сияқты мән – жайлар анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып   сот арқылы  танылуы мүмкiн.

Информация о работе Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінуі: негізі және тәртібі