Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінуі: негізі және тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2013 в 11:34, курсовая работа

Описание работы

Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған бірлескен меншікке құ-қығы туралы норма диспозитивті.Ерлі-зайыптылар арасындағы шарттарда, оның ішінде некелесу шартында мынадай мүлік олардың үлесті меншігі бо-лып табылады,не меншік құқығында олардың біреуіне тиесілі, не тиісті бөлік-терінде ерлі-зайыптылардың бөлектелген меншігі болып табылады деп көр-сетілуі тиіс.Бірлескен меншік шарт бойынша емес,тек заңға сәйкес белгілене-тін болғандықтан,ерлі-зайыптылардың бірге тұрмаған кезде жинаған мүлікті немесе олардың біреуінің бөлектелген меншікке алған мүлікті бірлескен мен-шік деп тану туралы келісім жасауына жол берілмейді. Мұндай мәмілелер заңсыз.

Содержание работы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………...............3-4
І. Некеге тұрудың шарттары мен тоқтатылу түсінігі.................................5-14
1.1 Неке туралы жалпы түсінік...............................................................................5-8
1.2 Некелік шарттың түсінігі және оның бұзылуы............................................8-10
1.3 Некені тоқтату және оның негізі..................................................................10-14
II. Ерлі зайыптылардың ортақ мүлік мәселелері және бөлу негіздері....15-23
2.1 Ерлі зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу тәртібі........................................15-18
2.2 Ерлі зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу мәселелері.................................18-22
2.3 Сот мүліктік дауды шешу барысында, сотпен некенің бұзылуы кезіндегі некенің тоқтатылу кезеңін дұрыс анықтамау мәселесі....................................22-23
Қорытынды.........................................................................................................24-25
Сілтемелер................................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27
Қосымша А..........................................................................................................28-29

Файлы: 1 файл

некеге тұру.doc

— 217.00 Кб (Скачать файл)

Іс құжаттарына  қарағанда талап қоюшы Д. Карекенова мен жауапкер Г.Жумагалиев 1998 жылғы 24 сәуірде некеге отырған.

Тараптардың некеден 1998 жылғы 07 қыркүйекте туған Н. Жумагалиева, 2004 жылғы 05 ақпанда туған А.Жумагалиева атты балалары бар.

2009 жылғы 01 шілдедегі  сот шешімімен тараптардың арасында  неке бұзылған.

Тараптар некеде болған кезде Атырау қаласы, Алиев-Құрманғазы көшесіндегі 55 жер телімін алып, ол жер теліміне үй салып, үйге меншік құқығын тіркеген, 2005 жылы «Альянс Банк» АҚ-ы арқылы несиеге маркасы «ВАЗ-21150» мемлекеттік белгісі 485 ЕАМ автокөлігін алып, несиені толық жапқан.

Демек, даудағы  Атырау қаласы, Алиев- Құрманғазы көшесіндегі 55 үй және маркасы «ВАЗ 21150» м/б  Е485 ЕАМ автокөлік тараптардың  неке кезінде жинаған мүлкі, яғни олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылға

Сот сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге баға беріп, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан  Республикасының Заңының 34,36,37-баптарын, Атырау облыстық ғылыми-өндірістік сот  сараптамасы зертханасының 2010 жылғы 26 ақпандағы, 02 наурыздағы №0177, 0178 сараптама қорытындыларын басшылыққа алып, тараптардың кәмелетке толмаған балаларының мүддесін, олардың қазіргі кезде анасының тәрбиесінде және тұрақты баспаналары жоқ екенін ескеріп, талап қоюшы Д. Карекенованың талабын дұрыс қанағаттандырған.

Қорытындылай  келгенде, ерлі-зайыптылардың ортақ  меншігі меншікке иелену, пайдалану  және билік ету құқықтарының теңдігіне  негізделген. Осыған сәйкес ортақ меншік жұбайлар арасында тең бөлінуімен қатар  оны ортақтасып пайдалану да көзделген болатын. Бұлардың барлығы азаматтық заң актілерінде көрініс табады.

2.3 Сот мүліктік дауды шешу  барысында, сотпен некенің бұзылуы  кезіндегі некенің тоқтатылу  кезеңін дұрыс анықтамау мәселесі

 

 Б. Ж-ға  қатысты пәтерді ортақ бірлескен меншік деп тану және оның үлесін бөліп беру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 2005 жылғы 15 тамыздағы  шешімімен талап қанағаттандырылды. Сот Алматы қаласының Ақсай-1 шағын  ауданындағы пәтерді тараптардың ортақ бірлескен меншігі деп таныды. Б-ның пәтердің  бөлігіне меншік құқығы танылып  оның үлесі бөлініп берілді.

Алматы қалалық  сотының азаматтық істер жөніндегі  алқасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысымен бастапқы шешімнің күші талаптан бас  тарту туралы жаңа шешімнің шығарылуымен жойылды.

 Алматы қалалық  сотының қадағалау алқасының  2005 жылғы 28 қарашадағы қаулысымен  азаматтық істер жөніндегі алқаның  қаулысы өзгеріссіз қалдырылды [8, 54б].

Алматы қалалық  сотының қадағалау алқасы тараптардың  арасындағы неке Қаскелең аудандық сотының 1998 жылғы 30 маусымдағы шешімінің заңды күшіне енген кезінен бастап тоқталған, сондықтан 2002 жылы сатылып алынған даулы пәтер ерлі-зайыптылардың бірлескен мүлкі болып табылмайды деген тұжырымға келген.

Қалалық соттың апелляциялық және қадағалау алқалары ерлі-зайыптылардың арасындағы некенің тоқтатылу кезін анықтай отырып, 1998 жылғы 17 желтоқсандағы редакциядағы «Неке және отбасы туралы» Заңның неке сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады деген ережесіне сүйенген.

Тараптардың арасындағы неке Алматы облысы Қаскелең аудандық сотының 1998 жылғы 30 маусымдағы шешімімен, яғни «Неке және отбасы туралы» Заң  қабылданған кезге дейін тоқтатылған. Осыған байланысты  1998 жылғы 17 желтоқсандағы  «Неке және отбасы туралы» Заңның әрекеті «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 37 - бабына сәйкес оның қолданысқа енгізілгенге дейінгі пайда болған қатынастарына таратылмайды.

Істі қарау  кезінде қолданыста болған Қазақ  ССР-інің Неке және отбасы туралы Кодексінің 40 - бабының талаптарына сәйкес неке ажырасуды тіркегеннен кейін тоқталған болып танылады. Осы кезден бастап неке қатынастарынан туындайтын ерлі зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.  Б. некені бұзу туралы куәлікті 2005 жылғы 5 мамырда, ал Ж. 2004 жылыалған. Осылайша Б. мен Ж-ның арасындағы неке 2004 жылы тоқтатылған болып танылады.

Жауапкердің шешім  шыққаннан кейін ерлі зайыптылардың  бөлек тұрғандығы және даулы пәтерді 2002 жылы оның жеке өзінің сатып алғаны туралы дәлелдемелерін тексеру кезінде сот тәртібіменнеке бұзылғаннан кейін тараптар Каменка ауылында бір отбасы болып бірге тұрған, балалары да сонда оқыған. Даулы пәтердегі тұруды тіркеу кезінде тараптар отбасы жағдайы туралы бір-бірін ері мен әйелі ретінде көрсеткен. Бір отбасы болып бірлесіп тұрғандары куәлардың айғақтарымен және коммуналдық қызметтер төлемдері туралы түбіртекпен расталған.

Осы мән - жайлар ескеріліп Жоғарғы Соттың қадағалау  алқасының1 қараша 2006 жылғы қаулысымен Алматы қалалық сотының апелляциялық және қадағалау алқаларының сот актілерінің күштері жойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмысты  қортындыла келе, мен ерлі зайыптылардың  ортақ мүлкін қалай бөлетіндігін қарастырдым. Ортақ мүлікті бөлу кезіндегі мәселелерді толық  шешуді білдім. Ерлі-зайптылар ажырасқан кезде ортақ меншікті бөлу негіздерін талқыладым. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған бірлескен меншікке құқығы туралы норма диспозитивті. Ерлі-зайыптылар арасындағы шарттарда, оның ішінде некелесу шартында мынадай мүлік олардың үлесті меншігі болып табылады,не меншік құқығында олардың біреуіне тиесілі, не тиісті бөліктерінде ерлі-зайыптылардың бөлектелген меншігі болып табылады деп көрсетілуі тиіс. Бірлескен меншік шарт бойынша емес,тек заңға сәйкес белгіленетін болғандықтан, ерлі-зайыптылардың бірге тұрмаған кезде жинаған мүлікті немесе олардың біреуінің бөлектелген меншікке алған мүлікті бірлескен меншік деп тану туралы келісім жасауына жол берілмейді. Мұндай мәмілелер заңсыз. Бірақ, ерлі-зайыптылардың өздерінің некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне бірлескен меншік режимін емес, басқа құқықтық режим белгілеу туралы шарттарын тоқтату жөніндегі келісімдері заңды деп танылады.

Жұбайлардың бірлескен  қызметі нәтижесінде ортақ меншікке айналған мүлік неке бұзылған кезде  бөлінеді, жұбайлардың бірінің міндеттемелігі бойынша немесе жасалған қылмысқа байланысты залалдың орнын толтыру керек болғанда жұбайлардың бірі екіншісіне неке бұзылғанына қарамастан өз үлесін алуға талап қоя алады.

Бірлескен меншікке қатысушылардың келісімі бойынша, ал келісімге қол жетпеген жағдайда-сот шешімі бойынша ортақ меншікке осы адамдардың үлесті меншігі белгіленуі мүмкін.19

Егер үлесті меншікке қатысушылар үлестерінің  мөлшері заң құжаттары негізінде  анықталуы және оған барлық қатысушылардың келісімімен белгіленуі мүмкін болмаса, үлестері тең деп саналады. АК-нің 221-бабына сай ортақ меншiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың біреуінің үлесiн бөлiп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлiкке құқығындағы үлесi алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару кезiнде, егер заң   актiлерiмен немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, олардың үлестерi тең деп танылады.

Ортақ мүлікті  бөлу және одан үлесті бөліп шығару негiздерi мен тәртiбi АК-нің 218-бабының ережелерiмен белгiленедi, өйткенi ол осы Кодекспен, басқа да заң құжаттарымен бiрлескен меншiктiң жекелеген түрлерi үшiн өзгеше белгiленбеген және бiрлескен меншiкке қатысушылар қатынастарының мәнiнен туындамайды.

Заңда ерлі-зайыптылардың  некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың  табыстары (жалақысы, зейнетақысы, материалдық  көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, т.б.). осы табыстардың  негізінде жиналған мүліктер (орталық мүлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі)т.б.жатады.

Жалпы тәртіп бойынша  және халықаралық жеке құқытағы отбасы және некен қатынастарын реттейтінзаңнамалар  бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемделенуіне, ол заттың қандай мақстақа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шарауашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да тиесілі дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.

Бірге тұрған кезде жинаған  ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптыларлардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі  болады және оған өздері дара билік  етеді. Мұндай неке дара мүліктерге ері  мен әйелдің некеге тұрғанға дейінгі  немесе ерлі-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған немесе мұрагерлік жолымен иемденегн заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім т.б.)ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрі жатады. Мысалы, әйелінің құндыз пальтосы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады.

Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікті иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі бойынша басқа жұбайдың келісімін алуы қажет. Ортақ мүлікке байланысты нотариалды рәсімдеуді талап ететін мәміле жасау үшін (мәселен, тұрғын үйді сату кезінде) екінші жұбайдың жазбаша келісімі қажет.

Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы  некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ  мүлікті бөлісуді талап етуге  құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда, олардың үлестері тең болуы тиіс. Жоғарыда көрсетлігендей, отбасының жалпы табысына ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайларда сотқа кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделерін немесе сотқа кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың үлестерінің теңдігі негізін ескермеу құқығы берілген.

Ерлі-зайыптылардың талап  етуінен басқа ортақ мүлікті  бөлу несие беруші ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.

Ортақ мүлікті бөлген кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына  қандай заттың берілетінін сот айқындауы керек. Егер ерлі-зайыптылардың біріне беретін зат құны жағынан оның үлесінен артып кетіп жатса, онда екіншісіне бұл үшін тиісті өтемақы төлейді.

 

Сілтемелер:

 

[1] Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі : (Жалпы және Ерекше бөлімдер); 2007 жылғы 1 ақпанға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген нұсқасында / жауапты шығ: М. Қаймолдинова, Б. Хайдаров.- 2-бас.- Алматы: Жеті жарғы, 2007.- 488 б.

[2]Азаматтық құқық : оқулық. (академиялық  курс). І-том. / орыс тілінен ауд.: С.Әжібаев, Қ.Байділдайұлы ; жауапты ред. М. К. Сүлейменов, Ю. 435 бет

[3] Г.Басин.-  толықт., 2-ші бас.- Алматы: [Б.о.ж.],2003.- 736 б.

[4] Жайлин Ғ.А. Қазақстан   Республикасы  Азаматтық   құқығы.   Оқулық.  Ерекше  бөлім. I. том.- Алматы: Заң  әдебиеті, 2003

[5] Қазақстан   Республикасының  Конституциясы   30 тамыз  1995 ж.

[6] Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтық  кодексінің 1  шілде  1999 ж.

[7] Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі : Жалпы бөлімі. Ерекше бөлімі; 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 225-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен берілген.- Алматы: Юрист, 2007.- 292 б.

[8] Жайлин Ғ.А. Қазақстан   Республикасы  Азаматтық   құқығы. Оқулық.  Ерекше  бөлім. I. том.- Алматы: Заң әдебиеті, 2003. Қазақстан Республикасының"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2 шілде 2003 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

Нормативтік құқықтық актілер:

 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі : (Жалпы және Ерекше бөлімдер); 2007 жылғы 1 ақпанға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген нұсқасында / жауапты шығ: М. Қаймолдинова, Б. Хайдаров.- 2-бас.- Алматы: Жеті жарғы, 2007.- 488 б.

2.   Қазақстан   Республикасының  Конституциясы   30 тамыз  1995 ж.

3.  Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтық  кодексінің 1  шілде 1999 ж.

4.  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі : Жалпы бөлімі. Ерекше бөлімі; 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 225-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен берілген.- Алматы: Юрист, 2007.- 292 б.

 

Негізгі әдебиеттер:

 

1.  Азаматтық құқық : оқулық. (академиялық  курс). І-том. / орыс тілінен ауд.: С.Әжібаев, Қ.Байділдайұлы ; жауапты ред. М. К. Сүлейменов, Ю. 435 бет

2. Г.Басин.-  толықт., 2-ші бас.- Алматы: [Б.о.ж.],2003.- 736 б.

3. Жайлин Ғ.А. Қазақстан   Республикасы  Азаматтық   құқығы.   Оқулық.  Ерекше  бөлім. I. том.- Алматы: Заң әдебиеті, 2003

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс № 2-227-07                                                                                        көшірме                                           

 

ШЕШІМ

                               Қазақстан Республикасының атынан

 

2007  жылы  шілденің 17  күні                        Сарқан қаласы

 

Алматы облысы,  Сарқан аудандық соты құрамында төрағалық  етуші  судья С.Н.Нұрқасымова, хатшылыққа  А.Нургалиеваны     ала отырып,  талап қоюшы  Ж.И.Джадированың, жауапкер Д. А. Джадировтың  қатысуымен  өзінің ашық сот мәжілісінде, сот залында талап қоюшы Джадирова Жазира Искаковнаның жауапкер Джадиров Даулет Агалиевичпен  некесін бұзуды талап еткен талап арызымен азаматтық ісін қарап , соттың 

анықтағаны:

Талап қоюшы  Джадирова Жазира Искаковна мен  жауапкер Джадиров Даулет Агалиевич   2002  жылы қаңтардың 05  күні  Алматы облысы, Саркан ауданы , Алмалы ауылдық  округінде  тіркелген № 1 санды  некеде тұрады.  Бұл некеден жасы кәмелетке толмаған 1 балалары бар. Агалиева Айман Даулетқызы  1999  жылы мамырдың 30 күні  туған.

Талап қоюшы  Ж.И. Джадирова мен  Д.А.Джадиров 2006 жылдан  бастап бірге тұрмайды,  екеуі мінездері келіспей 2003 жылы ажырасып кеткен,  жауапкермен  жанұя  болып тұра алмайтынын,  сондықтан  өзінің   жауапкермен некесін бұзуды сұрайтынын айтып  талап қоюшы  сотқа арыз жазған.

Информация о работе Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінуі: негізі және тәртібі