Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінуі: негізі және тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2013 в 11:34, курсовая работа

Описание работы

Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған бірлескен меншікке құ-қығы туралы норма диспозитивті.Ерлі-зайыптылар арасындағы шарттарда, оның ішінде некелесу шартында мынадай мүлік олардың үлесті меншігі бо-лып табылады,не меншік құқығында олардың біреуіне тиесілі, не тиісті бөлік-терінде ерлі-зайыптылардың бөлектелген меншігі болып табылады деп көр-сетілуі тиіс.Бірлескен меншік шарт бойынша емес,тек заңға сәйкес белгілене-тін болғандықтан,ерлі-зайыптылардың бірге тұрмаған кезде жинаған мүлікті немесе олардың біреуінің бөлектелген меншікке алған мүлікті бірлескен мен-шік деп тану туралы келісім жасауына жол берілмейді. Мұндай мәмілелер заңсыз.

Содержание работы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………...............3-4
І. Некеге тұрудың шарттары мен тоқтатылу түсінігі.................................5-14
1.1 Неке туралы жалпы түсінік...............................................................................5-8
1.2 Некелік шарттың түсінігі және оның бұзылуы............................................8-10
1.3 Некені тоқтату және оның негізі..................................................................10-14
II. Ерлі зайыптылардың ортақ мүлік мәселелері және бөлу негіздері....15-23
2.1 Ерлі зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу тәртібі........................................15-18
2.2 Ерлі зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу мәселелері.................................18-22
2.3 Сот мүліктік дауды шешу барысында, сотпен некенің бұзылуы кезіндегі некенің тоқтатылу кезеңін дұрыс анықтамау мәселесі....................................22-23
Қорытынды.........................................................................................................24-25
Сілтемелер................................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27
Қосымша А..........................................................................................................28-29

Файлы: 1 файл

некеге тұру.doc

— 217.00 Кб (Скачать файл)

Осы көрсетілген  Заңдардың тәртібі бойынша, ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлiктер бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады және  азаматтардан  алған  қарыздары, банкіден алған  несиелері олардың ортақ қарызы деп есептеледі.

Ерлi-зайыптылардың  ортақ мүлкi ерлi-зайыптылар арасында олардың келiсiмi бойынша бөлiнуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың қалауы бойынша олардың ортақ мүлiктi бөлу туралы келiсiмi нотариат арқылы куәландырылуы мүмкiн болмаған жағдайда сотқа жүгіну керек. 
Сотқа,  зайыбы  ортақ мүлікті бөлуді талап етіп арыз берген,  онда жұбайының қалада пәтері болғанын,  үйленген соң пәтерге күрделі жөндеу жүргізілгенін көрсете келе, пәтерді ортақ мүлік деп танып,  екіге бөлуді сұраған.   Сот, талап арызды қанағаттандырусыз қалдырған, өйткені пәтерге  жөндеу жүргізілген, алайда, жөндеу  жүргізілгендіктен пәтердің құны едәуір артты деп тануға негіз болмаған.

Сотқа,  зайыбы  ортақ мүлікті бөлуді талап етіп арыз берген,  онда жұбайының қалада жеке үйі болғанын,  үйленген соң үйге күрделі жөндеу жүргізілгенін көрсете келе, үйді ортақ мүлік деп танып,  екіге бөлуді сұраған.   Сот, талап арызды қанағаттандырған, өйткені үйге  күрделі жөндеу жүргізілген, үйдің бөлмелерінің қабырғалары өзгертілген,  жаңадан бөлмелер қосылған, яғни үйдің құны  едәуір артты деп тануға негіз болған.

Сотқа,  зайыбы  ортақ мүлікті бөлуді талап етіп арыз берген,  жұбайы да талап арыз беріп, бірге тұрған кезінде банктен алған кредитті жақтарға бөлуді сұраған.  Сотта, жақтардың бір жыл бұрын ажырасып,  екі  бөлек тұрып жатқаны анықталған,  сондықтан сот, некеде тұрған уақытта алған пәтерді ортақ мүлік деп және жақтардың үлестері тең деп таныған.  Банктен алған кредитті некеде тұрған уақытта алынып, отбасының керегіне жұмсалғандықтан екіге тең бөлген. Алайда, жақтар бір жылдан бері бөлек тұрғандықтан, жұбайы несиені осы уақытта өзінің ғана табысынан төлеп жатқандықтан,  сот, жақтардың бірге тұрған кезіндегі банкке қайтарылған соманы жалпы несие сомасынан алып тастап, қалған соманы екіге тең бөліп, жұбайының бір жылдан бері төлеген сомасының жартысын зайыбынынан жұбайының пайдасына өндірген.

Сотқа,  зайыбы  ортақ мүлікті бөлуді талап етіп арыз берген.  Сотта, жақтардың бұрын ажырасып,  екі  бөлек, екі үйде  тұрып жатқаны анықталған,  сондықтан сот, некеде тұрған уақытта алынған  үйлерді ортақ мүлік деп, жақтардың үлестері тең деп таныған.  Көрші адамнан  алған қарызды некеде тұрған уақытта алынып, отбасының керегіне жұмсалғандықтан екіге тең бөлген. Алайда, зайыбы үлкен үйде,  ал жұбайы кішкентай үйді алғандықтан, жұбайы бөлек тұрған кезде малдарын сатып  қарызды қайтарғандықтан,  екі үйді бағалап, бағаларының айырмашылығын және қарыздың жартысы сомасын,  зайыбынынан жұбайының пайдасына өндірген.

Ортақ мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару кезiнде, егер заң   актiлерiмен немесе қатысушылардың келiсiмiн шартта өзгеше көзделмесе, олардың үлестерi тең деп танылатынын жоғарыда келтірілді, енді осы  көрсетілген Заңдардың тәртібі бойынша, ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлiктері  ортақ меншiгi болып табылғанымен, үлестерін тең емес деп тануға болатын жағдайларға негіз болатын заң талаптарын қарастырсақ.

Ерлi-зайыптылардың  некеге тұрғанға дейiн тиесiлi болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезiнде сыйға тартылған немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлкi олардың әрқайсысының меншiгi болып табылады. Қымбат бағалы киімдер,  әсемдiк (алтын, күміс, қымбат тастардан жасалған) заттарын қоспағанда, жеке пайдаланудағы заттар (киiм-кешек, аяқ киiм және т.б.), некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, олар пайдаланып жүрген  жұбайының меншiгi деп танылады.     Кәмелетке толмаған балалардың ғана қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатып алынған заттар (киiм-кешек, аяқ киiм, мектеп және спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар кiтапханасы және басқалары) бөлiнуге жатпайды және бала бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз берiледi. 
 Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң есебiнен ерлi-зайыптылар өздерiнiң кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына салған салымдары сол балаларға тиесiлi болып есептеледi және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлген кезде есепке алынбайды.

Сот, кәмелетке  толмаған балалардың мүдделерiн сәйкес, егер жұбайлардың бiрi дәлелсiз себептермен табыс таппаса немесе ерлi- зайыптылардың ортақ мүлкiн отбасының мүдделерiне залал келтiрiп жұмсаса, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеуге құқылы.

Ерлi-зайыптылардың  ортақ мүлкiн бөлу кезiнде ерлi-зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздерiне берiлген үлеске қарай бөлiнедi.  
Дау туған жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың сол мүлiктегi үлестерiн анықтау сот тәртiбiмен жүргiзiледi.  
      Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлiк берiлуге тиiс екендiгiн анықтайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, басқа жұбайға тиiсiнше ақшалай немесе өзге де өтемақы берiлуi тиіс.

Ерлi-зайыптылардың  некеде тұрған кезде жинаған мүлкiне, олардың үлестері сатып алу мәмілесінде, немесе олардың арасындағы шартта көрсетілмесе, олардың бiрлескен меншiгi болып  табылатыны белгілі, алайда осы теңдіктің сақталмайтын жағдайлары бар. 

Егер сот, ерлi-зайыптылардың  бiрi ортақ мүлiктi иелiктен шығарғанын немесе өз қалауы бойынша, жұбайының  қарсылығына және отбасының мүддесiне қарамастан сатып жiбергенiн немесе мүлiктi жасырғанын анықтаса, онда бөлу кезiнде бұл мүлiк немесе оның құны есепке алынады.  
Сотқа, жұбайы талап арыз беріп, ортақ мүлікте екіге тең бөлуді сұраған.

Сотта, пәтер  ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезінде  сатып алынғаны,  алайда зайыбы  пәтерді банктен несие алып  сатып алардан бұрын жұбайы бас бостандығынан айрылуға сотталғаны  және несиені  зайыбы төлеп болғаннан кейін  түрмеден босатылғаны  анықталған,  сондықтан сот пәтерді зайыбының мүлкі деп таныған.

Сотқа,  жұбайы талап арыз беріп, пәтерді ортақ мүлік деп танып, екіге  бөлуді сұраған. Сотта, пәтер ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезінде мемлекеттен алынғаны, алайда жұбайы  бас бостандығынан айрылуға сотталған кезінде,    зайыбы пәтерді жекешелендіріп, жұбайы   түрмеде болған кезінде  сатып жібергені анықталған,  сондықтан сот пәтерді  ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкі деп танып,  пәтердің құнының жартысын ақшалай өндірген.

Сотқа жұбайы талап  арыз беріп, зайыбы отырған үйді ортақ  мүлік деп тануды сұраған. Сотта, даулы үй  ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезінде сатып алынғаны, алайда ерлi-зайыптылардың шын – мәнісінде ажырасып, бөлек тұрып жатқан кездерінде зайыбы бауырларынан қарыз алып, үйді сатып алғандықтан,  сот  үйді  ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкі деп тануды сұраған арызды  қанағаттандырусыз қалдырған.

2.2 Ерлі зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу мәселелері

 

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 209-бабына сай  екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен  тиесілі болады.

Мүлік меншік иелерінің  әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілене отырып (үлесті меншік) немесе ондай үлестер белгіленбей (бірлескен меншік) ортақ меншікте болуы мүмкін.

Ортақ меншік екі  немесе бірнеше адамның меншігіне  мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше  бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды. Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады.

Ерлі-зайыптылардың  ортақ меншігі ерекше мәртебеге  ие.

Заңның жалпы  ережесі бойынша ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен меншігі болып табылады. Ерлі зайыптыларға некеде тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады [АК-ның 223-бабының 1 және 2-тармақтары]. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың  некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі- зайыптылардың ортақ мүлкіне): ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатқызылады.

Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың  ортақ мүлкіне мыналар жататындар:

  • ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер;
  • бағалы қағаздар;
  • жарналар;
  • салымдар;
  • несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер;
  • ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік.

Ерлі-зайыптылардың  ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған  немесе басқа да дәлелді себептермен  жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.

Егер некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың  ортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің құнын едәуір арттырған қаражат  жұмсағаны (күрделі жөндеу, қайта  жаңғырту, қайта жабдықтау, т.б.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен меншігі болып табылады.

Қымбат бағалы және басқа әсемдік заттарын қоспағанда жеке пайдаланудағы заттар (киім-кешек, аяқ киім, т.б.) некеде тұрған кезінде  ерлі-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншігі деп танылады.

Жұбайлар ортақ  бірлескен меншікке иелену, пайдалану  және билік ету құқықтарын тең  дәрежеде иеленеді. Бұл құқықтарды жүзеге асыру үшін біріншісінің екіншісінен  арнайы рұқсат сұрауы міндетті емес, қатысушылардың бірі өз мүлкіне келісім жасау үшін мүлкіне билік ете береді. Бірақ та қозғалмайтын мүлік және басқа мүліктерге байланысты біріншісі екіншісінен алдын ала келісімін алу керек.

Балалар ата-аналарының мүлкіне иелік жасай алмайды. Алайда олар ата-аналарымен бірлесіп ортақ меншікті иелене алады. Мұның өзі ортақ қаржы және еңбек жұмсау нәтижесінде және заңда көрсетілген ретте жүзеге асады. Мұндай жағдайда бұл ортақ бірлескен меншік болып табылады.17

Ерлі-зайыптылардың  кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде  жұбайлардың бірі екінші жұбайдың келісімімен іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың атынан әрекет етеді, келісім дара кәсіпкерді тіркеу кезінде расталуы немесе дара кәсіпкердің қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетіліп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың біреуінің іскерлік айналымда ерлі-зайыптылар атынан әрекет етуіне екіншісінің келісімі болмаған кезде іскерлік айналымда әрекет ететін жұбай дара кәсіпкерлікті өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратындығы көзделеді. Жай серіктестік нысанын пайдаланатын дара кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Дара кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады. Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде өзіне меншік құқығымен тиесілі барлық мүлкімен, соның ішінде ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлесімен жауапты болады. Жеке тұлға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне де қолданыла алады. Жұбайлардың жеке кәсіпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкі өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұбайының біреуінің борыштары бойынша өндіріп алуды қолдану нысанасы бола алмайды. Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндіріп алу олардың қайсының іскерлік айналымда әрекет ететініне қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қолданыла алады.18

Аудандық және оған теңестірілген соттармен ортақ  меншіктегі мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару туралы санаттағы  азаматтық істерді қарау барысында  АК-нің 218, 221- баптарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1997 жылғы 18 шiлдедегi «Азаматтардың тұрғын үй-жайларды жекешелендiру жөнiндегi заңдарды соттардың қолдану тәжiрибесi туралы», 1999 жылғы 9 шілдедегі «Тұрғын үйге меншік құқығы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы», 2000 жылғы 28 сәуірдегі «Соттардың некені бұзу туралы істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулыларында белгіленген талаптары негізінен сақталған.

Азаматтық істер  бойынша аталған санаттағы істер  істерді қарауда заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесінде қиыншылықтар жоқ.

Соттар некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ  мүлкін Қазақстан Республикасының  АК-нің 218- бабында белгіленген ережелер бойынша бөлген. Тараптар өзара келіспесе, сот бөлінетін мүліктің құнын сарапшылардың, оның ішінде мүлікті бағалау жөніндегі мемлекеттік органның қорытындысы негізінде анықтаған.

Ерлi-зайыптылардың  тұрғын-жайын бөлгенде, сот кәмелетке  жасы толмаған балалардың мүдделерiн  және де (немесе), егер ерлi-зайыптылардың  бiреуi негiзсiз себептермен табыс таппаса немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкін жанұя мүддесiне зиян келтiрiп пайдаланса, ерлі-зайыптылардың бiрiнің мүддесiн сақтай отырып, ерлi-зайып үлестерiнiң тепе-теңдiгi бастамасын сақтамауға құқылы, ерлi-зайыптылардың бiрлескен меншiгi болып саналатын тұрғын үйдi салуға олардың бiреуiнiң туыстарының қатысқаны, ерлi-зайыптылардың бiреуінің үлесiн көбейтуге негiз бола алмайтынын ескерген. 

Мысалы, талап  қоюшы Д. Карекенова сотқа талап  арыз жолдап, онда жауапкер Г.Жумагалиевпен арадағы жұбайлардың ортақ меншігіндегі Атырау қаласы, Алиев-Құрманғазы көшесі, 55 үйдегі және маркасы «ВАЗ-21150» мемлекеттік белгісі Е 485 ЕАМ автокөліктегі өзінің үлесін кәмелетке толмаған балаларының үлесін ескеріп, 65 пайызын ақшалай өтемақы ретінде өндіруді сұраған.

Дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар Б. Жумагалиев, З. Жумагалиева  сотқа талап арыз жолдап, онда Атырау қаласы, Алиев-Құрманғазы көшесі, 55 үйді ортақ үлестік меншіктегі мүлік  деп танып, үлестерінің мөлшерін анықтауды сұраған.

Атырау қалалық  сотының (әрі қарай-сот) 2010 жылғы 16 сәуірдегі  шешімімен Д. Карекенованың пайдасына  Г.Жумагалиевтен Атырау қаласы, Алиев-Құрманғазы көшесіндегі 55 үйдегі және маркасы  «ВАЗ 21150» мемлекеттік белгісі  Е485 ЕАМ автокөлігіндегі үлесінің 60 пайызы ретінде 5 658 647 теңге ақшалай құны, 9 956 теңге сот шығыны, 50 000 теңге өкілдің көмегіне шыққан шығын өндірілген. Атырау қаласы, Алиев-Құрманғазы көшесіндегі 55 үй және маркасы «ВАЗ 21150» мемлекеттік белгісі Е 485 ЕАМ автокөлік Г. Жумагалиевтің меншігінде қалдырылған.

Информация о работе Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінуі: негізі және тәртібі