Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 08:48, реферат
Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың негізгі саласының бірі болып табылады. Сондықтан халықаралық қатынастарды реттейтін қазіргі халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қағидалары мен нормалары, сондай-ақ Әлемдік мұхит кеңістіктері мен ресурстарын игеру процесіндегі мемлекеттердің қатынастары мен қызметтері – құқықтық реттеудің негізі болады.
БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі ІІІ Конференциясы аймақтық теңіздің ең жоғарғы енін 12 теңіз милі ретінде Конвенциялық ережені бекітті. 1982 ж. БҰҰ теңіз құқығы бойынша Конвенциясының күшіне енгенінен кейін аймақтық теңіздің енін 12 теңіз милінен жоғарылатуды ұсынған бірқатар мемлекеттер өз заңдарын Конвенцияға сәйкестіндірді.
БҰҰ Конвенцияға сәйкес, аймақтық суларды есептеудің 3 негізгі тәсілдерін қарастырды:
— судың ең көп қайту сызығынан жағалаудағы мемлекеттің жағасын бойлай;
¾ егер жағалаулық сызық қатпарлы, жырымдалған немесе жағалауға жақын жерде аралдар тобы болса, онда тікелей бастапқы сызық әдісі қолданылуы мүмкін, яғни теңіздегі мейлінше шығып тұрған аралдардың жене жағалаудың нүктесі;
—ішкі теңіз суларынан.
Балық аулау кәсібі, аумақтық теңіз шеңберіндегі тірі ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін жағалау мемлекеті өз қалауы бойынша шешеді. Аумақтық суда шетелдік кемелердің кәсіпшілік қызметіне жол бермейтіндіктен, жағалау мемлекеті кәсіпшілік үшін лицензия бepyi мүмкін. Әдетте, қызметтің мұндай тәртібіне екіжақты келісім негізінде жол беріледі.
БҰҰ конвенциясы шетелдік кемелердің аумақтық теңіз арқылы бейбіт түрде жүріп өту құқығын бекітті, бұл бұрыннан пайда болған және халықаралық әдет-ғұрып ережесі ретінде дамыды. Теңіз дауылы кезінде кемелердің шығанақтарға, койнауларға және өзге де қауіпсіз жерлерге тағалауына мүмкіндік беретін қауіпсіз теңіз жолдары және мейлінше ыңғайлы жолдар мемлекеттердің жағалауында орын алады.
Халықаралық құқықтың дамуы, сонымен қатар теңізде жүзу жетістіктері және оның жүзеге асырылу жағдайлары ескеріле отырып, кейін олар толықтырылып, нақтыланып 1982 жылғы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясының негізгі бөлігіне айналды.
Бейбіт түрде жүріп өту жылдам және үздіксіз болуы қажет. Егер ол жүзудің әдепкі жағдайларымен немесе апатпен, сонымен 6ipгe қауіпті жағдайда қалған аумақтық теңізде апатқа ұшыраған адамдарға, кемелерге және ұшу аппараттарына көмек көрсету қажеттігімен байланысты болса, онда тоқтауға да болады.
1982 жылғы Конвенцияға сәйкес, барлық мемлекетердің кемелері (жағалаулық және теңізге шықпайтын) аумақтық теңіз арқылы бейбіт түрде өту құқығын пайдаланады. Мұндай құқық Конвенция ережелерін сақтаған жағдайда беріледі.
Мынадай жағдайларда жүзіп өтуді жүріп өту деп түсінеді:
a) Ішкі суларға кірместен немесе рейдте, портта тоқтамастан, теңізді кесіп өту;
ә) Ішкі суларға ену немесе шығу, портта, рейдте тоқтап тұру.
Егер жүзіп өту кезінде
Сонымен, шетелдік кемелер бейбіт түрде өту кезінде жағалау мемлекеттің заңдарын және ережелердің сонымен қоса теңіздегі қақтығыстардың алдын алуға қатысты жалпыға танымал ережелерді сақтауға міндетті.
1958 және 1982 жылғы Конвенциялар шетелдік әскери кемелердің бейбіт түрде өту құқығын қарастырады.
1982 ж. Конвенцияның арнайы
Егер шетелдік әскери кеме өту кезінде жағалау мемлекеттің заңдарын және ережелерін сақтамаса, онда мемлекет аталмыш кеменің аумақтық теңізден кетуін талап етуге құқылы.
Барлық әскери кемелер жағалау мемлекеттің азаматтық және қылмыстық юрисдикциясынан иммунитет иеленеді. Юрисдикциядан иммунитет коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланатын мемлекеттік кемелер де пайдаланады.
Белгілі бір жағдайларда, жағалау мемлекет аумақтық теңіз арқылы өтіп жатқан шетелдік: кеме ішінде өзінің азаматтық және қылмыстық юрисдикдиясын жүзеге асырады (27, 28-баптар). Мысалы, 27-бапта жағалау мемлекет өзінің қылмыстық юрисдикциясын жүзеге асыратын негіздер көрсетілген, нақты айтар болсақ:
а) егер қылмыстың зардабы жағалау мемлекетке
тараса;
ә) егер қылмыс елдегі тыныщтықты
бұзатындай немесе аумақтық теңіздегі
бейбіт тәртіпті бұзатындай сипатта болса;
б) егер капитан кемесі дипломаттық агент
немесе
жағалау мемлекеттің лауазымды тұлғасы
жергілікті билік
өкілдерінен көмек сұраса;
в) егер мұндай шаралар есірткінің немесе есеңгірететін заттардың заңсыз саудасының алдын алу үшін қажет болса.
1982 ж. Конвенцияның 27-бабының 2-тармақшасы жағалаудағы мемлекеттің төмендегідей құқығын сақтайды, яғни ішкі судан шығып, аумақтық теңіз арқылы өтіп бара жатқан кемені қамауға алу және тергеу құқығы. Аталған екі кеңістік те жағалау мемлекеттің егемендігінде болғандықтан, мұндай құқық негізделген болып табылады.
Аумақтық теңіздегі шетелдік кемеге қатысты, жағалау мемлекеттің азаматтық юрисдикциясы да шектеулі: аумақтық теңіз арқылы өтіп бара жатқан шетелдік кемені тоқтатуға немесе оның ішіндегі тұлғаға қатысты азаматтық юрисдикцияны жүзеге асыру мақсатында оның жүріс бағытын өзгертуге тыйым салынады. Жағалау мемлекет мұндай кемеге қатысты жазалау шарасын немесе қамауды, тек оның міндеттемелері бойынша немесе аумақық теңізден өтуі үшін осы кеме өзіне қабылдаған жауапкершілігі негізінде ғана қолдана алады.
Іргелес аймақ дегеніміз, аймақ суына жанасып жатқан аудан. Іргелес аймақтың ені, аймақ суының ені өлшенетін бастапқы сызықтан бастап 24 теңіз миль шегінен аспауы керек.
Іргелес аймакты жағалау мемлекеті өз ішкі теңіз суларында және аймақ суларында шетел кемелерінің кедендік, фискальдық, иммиграциялық және санитариялық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін құрады. БҰҰ Конвенциясының 33-бабы бойынша, жағалау мемлекеті оның аймақтық суына жанасып жатқан іргелес аймақта мынадай мақсаттармен бақьлауды жүзеге асыра алады:
а) өз аймағы немесе аумақ суының шегінде кедендік, фискальдық, имиграциялық және санитариялық заңдар мен ережелердің бұзьлуын болдырмау;
ә) өз аймағы немесе аймақ суының шегінде жоғарыда аталған заңдар мен ережелерді бұзғаны үшін жазалау.
Осылайша,
іргелес аймақты, аймақ суы енінің
бастапқы сызығын есептегенде 24 теңіз
мильден аспайтын ені бар және
аймақ суына жанасып жататын,
ашық теңіздің бөлігі болып табылатын,
сонымен қатар сол бөліктің шегінде
жағалау мемлекетіне жеке арнайы
қарастырылған салалар бойынша
бақылау жүргізу кұқығын
Іргелес аймақ пен аймақ суының басты айырмашылығы мынада, аймақтық суы бойынша жағалаудағы мемлекетке оның үстінен толық өкілеттік беріледі, ал іргелес аймақ бойынша тек шектеулі және арнайы құқықтар беріледі.
Сонымен
қатар, ашық теңіз ауданының бөлігі
ретіңде іргелес аймақта, жағалау
мемлекеттің өзі белгілеген белгілі
бір ережелердің сақталуын
Іргелес
аймақта жағалаудағы мемлекет өз
мүддесін қорғай отырып, осы аймақты
қорғау үшін белгіленген зандар мен
ережелерді бұзғаны үшін жазалау
жөне тоқтату, тексеру жүргізу құқығын
иеленеді. Оған қоса, жағалау мемлекеті
осы ережелерді бұзғаны үшін ізіне
түсу құқығын да иеленеді. Мұндай ізіне
түсу іргелес аймақта, егер қудаланушы
кеме жағалаудағы мемлекеттің
Қазіргі уақытта жағалаудағы мемлекетке мынадай іргелес аймақтар белгіленген:
— кедендік аймақ. Ол контрабандамен күрес мақсатында белгіленеді;
— фискальдық (қаржылық аймақ). Ол қаржылық заңдар мен ережелердің бұзылуын болдырмау мақсатында белгіленеді. Кейбір мемлекеттер кедендікке ұқсас фискальдық аймақты белгілейді;
— иммиграциялық аймақ жағалаудағы мемлекеттің шетел азаматтарының кіруі және шығуына байланысты өз зандары мен ережелерінің сақталуын қадағалауы үшін белгіленеді;
—
санитариялық зона теңіз шекарасы арқылы
эпидемиялар мен жұқпалы
Ашық теңіз ұғымы. Аймақтық суының сыртқы шекарасында орналасқан теңіз және мұхит кеңістігі ашық теңіз деп аталады.
Ашық теңіз ұғымының анықтамасы 1958 ж. Ашық теңіз туралы Женева Конвенциясында бекітілген.
Осы Конвенцияның 1-бабына сәйкес, ашық теңіз дегеніміз аймақтық суы мен кез келген мемлекеттің ішкі суларына енбейтін теңіздің барлық бөлігі. Сонымен қатар, Конвенцияның 2-бабына сәйкес, ашық теңіз барлық ұлттар үшін ашық және ешқандай мемлекет оның кез келген бөлігін өз егемендігіне бағындыруды талап етуге құқығы жоқ. ашық теңіз бостандығы халықаралық құқығының нақты баптары және басқа да нормаларымен анықталған жағдайларда жүзеге асырылады. Жекелеп алғанда, олар жағалаудағы және жағалаудағы емес мемлекеттер үшін:
1) кеме қатынасы бостандығы;
2) балық аулау бостандығы;
3) су асты кабельдері және құбырлар қондыру бостандығы;
4) ашық теңіз үстінен ұшу бостандығынан құралады.
БҰҰ-ның теңіз құқығы туралы Конвенциясының жаңа редакциясына, қазіргі талаптарға жауап беретін Ашық теңіз туралы Женева Конвенциясының ережелеріне кейбір толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. БҰҰ Конвенциясының 89-бабы ешқандай мемлекет ашық теңіздің кез келген бөлігін өз егемендігіне бағындыруды талап етуге құқылы емес деген дәстүрлі ережені бекітеді. 87-баптың 1-тармағы ашық теңіз бостандықтарына кеме қатынасы, ұшу, су асты кабельдері мен құбырларын орнату бостандығы және оған жасанды арал және құрылғылар салу, ғылыми зерттеулер жүргізу құқықтары туралы жаңа ережелермен толықтыру арқылы Конвенцияның 2-бабын жаңғыртты.
Ашық теңізде кез келген мемлекеттің жағалауда орналасуына немесе теңізге шыға алмайтынына қарамай, ашық теңізде өз кемесінің туымен жүзуіне құқығы бар. Тумен жүзуге құқығы бар кеме, сол туға ие мемлекеттің ұлттығын иеленеді. Мемлекет пен кеме арасында нақты байланыс болуы тиіс. Сонымен қатар, халықаралық шарттарда тікелей көзделген немесе туымен жүзіп жүрген мемлекеттің айрықша құзіретіне бағынуы туралы БҰҰ Конвенциясының ережелерін қоспағанда, барлық кемелер бір мемлекеттің туымен жүзуі тиіс. Барлық кемелер меншік құқығының басқаға анық түрде өтуін немесе тіркеуінің өзгеруін қоспағаңда, жүзу немесе тоқтау, портқа кіру кезінде өз туын қолдануға құқылы емес.
Конвенцияның
92-бабының 2-тармағында, егер кеме екі
немесе одан да көп мемлекеттің туымен
жүзіп, оны өз қажеттігіне қарай
пайдаланса, басқа мемлекеттерде
бірде-бір тиісті ұлттығын тануды талап
ете алмайды және ұлттықты иеленетін
кемелерге теңестірілмейтіні
Ашық теңізде әскери кемелер туға ие мемлекеттен басқа, кез келген мемлекеттің құзыретіндегі толық иммунитеттерді иеленеді. Сонымең қатар, әскери кемелердің, басқа мемлекеттерге ашық теңіз бостандықтарын занды негіздерде пайдалануға кедергі жасауға және мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқығы жоқ. БҰҰ Конвенциясы әскери кемелерге, теңізде және мүхитта халықаралық құқықтық тәртіпті сақтау және олар бүзылған жағдайда араласу үшін ерекше өкілеттіктерді бөлді.
Кез келген кемені ұстау және тексеру құқығы жеткілікті негіздер болған жағдайда беріледі. Ол негіздер төмендегідей:
а) кеме қарақшылықпен айналысса;
ә) кеме құл сатумен айналысса;
б) кеме рұқсат етілмеген хабарларды жеткізумен айналысса;
в) кеме ұлттықты иеленбесе;
г) кемеде шетел туы көтерілгенімен, ол
кеменің ұлттылығы әскери кеме ұлттылығымен
бірдей болса. Кейбір жағдайларда халықаралық
шарт негізінде әскери кемелер кеменің
туына құқығын тексере алады. Осы мақсатта,
әскери кеме офицер басшылығымен күдікті
кемеге қайық жіберуі мүмкін. Құжаттар
тексерілгеннен кейін күдік сейілмесе,
арықарай
әскери кеме бүкіл кемені тексере алады.
Осы жоғарыда аталған күдік негізсіз болса жөне тексерілген кеме осы күдікті дәлелдейтін ешқандай әрекет жасамаған жағдайда ұсталса, кемеге кез келген келтірілген залал немесе зиян өтелуі тиіс.
Әскери кемелермен қатар, тексеру кұқығын әскери ұшқыш аппараттар және мемлекеттік қызметте тұрғанын дәлелдейтін айқын анықталған белгілері бар уәкілетті кеме жүзеге асырады.