Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 08:48, реферат
Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың негізгі саласының бірі болып табылады. Сондықтан халықаралық қатынастарды реттейтін қазіргі халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қағидалары мен нормалары, сондай-ақ Әлемдік мұхит кеңістіктері мен ресурстарын игеру процесіндегі мемлекеттердің қатынастары мен қызметтері – құқықтық реттеудің негізі болады.
Ашық теңізді немесе экономикалық аймақты ашық теңізбен немесе экономикалық аймақпен қосатын және халықаралық кеме қатынасы үшін қолданылатын аумақтық сулармен жабылатын бұғаздардың режимі ерекше болып табылады. Бұл теңіз кеңістіктерінің ерекше жағдайы, олардың құқықтық режимдерінің БҰҰ-ның теңіз құқығы жңніндегі Конвенциясының аумақтық теңіз режимдерін реттейтін бңлігімен емес, ал жеке бңліктерімен реттелетіндігінде болып отыр. Халықаралық кеме қатынасы үшін қолданылатын бұғаздарда бұрын дәстүрлі еркін өту тәртібі жұмыс істеген, ал 1982 жылғы Конвенцияға сәйкес бұл бұғаздар арқылы өту транзитті өту болып белгіленді. Мұндай режим осы бұғаздарды құрайтын сулардың құқықтық мәртебесін, бұғазбен шекаралас мемлекеттердің өздерінің егемендігін немесе осындай суларға, олардың үстіндегі ауа кеңістігіне, олардың түбі мен қойнауларына заңды құқықтарын жүзеге асыру қатынасын қозғамайды.
Жағалық мемлекеттер егемендігі жүретін теңіз кеңістігінің тобына архипелаг сулары жатады. Олардың өзгешелігі, мемлекет – архипелагтың егемендігі олардың архипелагтық өту құқығын міндетті түрде мойындауымен шектелгендігінде. Теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясына сәйкес, архипелаг суларына теңізге шығып тұратын және архипелагтың кеуіп бара жатқан рифтерімен қосатын архипелагтық негізгі тік сызықтармен шектелген мемлекет - архипелагтың сулары кіреді. Архипелагтық сулардың құқықтық мәртебесі мемлекет – архипелагтың архипелагтық суларды және жағалық аумақтық теңізді кесіп өтетін теңіз және ауа коридорлары бойынша архипелагтық жолды мойындауымен белгіленген. Теңіз коридорынан тыс архипелаг суларында барлық мемлекеттердің теңіз кемелері бейбіт жол құқығын пайдаланады. Мемлекет-архипелаг түрі немесе мәні бойынша өзінің архипелагтық суларының кейбір аудандарында шетелдің теңіз кемелерінің бейбіт өту құқығының әрекетін ешқандай кемсітусіз өзінің қауіпсіздігін қорғау үшін қажет жағдайларда ғана тоқтата алады. Бұл шешім тиісті жариялаудан кейін ғана заңды күшіне енеді.
Архипелагтық өту жолы – теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы бекіткен архипелагтық сулардың құқықтық тәртібінің құрамдас бөлігі. Бұл барлық теңіз кемелерінің қалыпты кеме қатынасы құқығын тоқтаусыз, тез және кедергісіз ашық теңіздің бір бөлігінен немесе ерекше экономикалық аймақтың басқа бөлігіне транзит жасау мақсатында жүзеге асырылады. Мемлекет-архипелагтың тыйым салуы, қандай-да болсын оны тоқтатуы архипелагтық жолдың маңызды құрамдас элементі болып табылады.
Ашық теңіз – бұл аумақтық суларға, қандай-да болмасын бір мемлекеттің ішкі суларына кірмейтін теңіз кеңістігі. Құқықтық режимі негізін ашық теңіз еркіндігінің қағидасы құрайды. Бұл ашық теңізге бірде-бір мемлекеттің егеменділігінің жүрмейтіндігін көрсетеді. Ол жағалық және теңізге шықпайтын мемлекеттердің барлығының жалпы, тең және еркін пайдалануына ашық болады. Бірде-бір мемлекеттің ашық теңізде немесе оның бір бөлігінде өзінің егемендігін жүргізуге құқығы жоқ. Ашық теңізде кемедегі мемлекет туының ерекше юрисдикция құқығы жұмыс істейді, яғни кеме басқа мемлекеттің юрисдикциясынан иммунитеттің болуын пайдаланады. Бір мемлекеттің теңіз кемесін басқа мемлекеттің әскери немесе арнайы өкілді кемесі тек мынадай белгілі бір жағдайларда ғана тоқтатып, тексере алады. Біріншіден, егер бұл туы ілінген кеме мемлекетінің қатысатын арнайы келісімінде қарастырылса және кемесі аталған әрекеттерді жүзеге асыратын мемлекет болса. Екіншіден, егер ол теңіз қарақшыларымен және құл сатушылармен, кабель мен құбырлар зақымдаушылармен, есірткі қылмыстарымен, кәсіп құқықтарын бұзушылармен күреске қажет болса. ‡шіншіден, егер кемеде шетел туы ілінсе, ал іс-жүзінде ізін суытпай қуғындау құқығын жүзеге асыратын әскери кеменің ұлтынан болса.
Ашық теңіз құрамын былай бөлуге болады: 1) жағалаудағы аймақ; 2) балық аулайтын аймақ; 3) ерекше экономикалық аймақ деп ажыратады.
Жағалаудағы аймақ - жағаға жақын мемлекеттің аумағында болмаса аумақтық теңіз шегінде тиісті ережелерді бұзудың алдын алу мақсатында бақылау жасау үшін аумақтық судың сыртқы шекарасына жақын белгіленген, ашық теңіз ауданы. Ол осы ережелерді аумақ болмаса жағалық мемлекеттің аумақтық суында бұзғандарды жазалау мақсатында белгіленеді. Халықаралық теңіз құқығында жағалық аймақтардың мынадай түрлері бар: кедендік, қазыналық (салықтық), санитарлық, қауіпсіздік аймағы, қылмыстық және азаматтық юрисдикция аймағы, бейтарап аймақ, иммиграциялық, теңізді бақылау аймағы, қорғау аймағы. Аумақтық теңіз және жағалық аймақ туралы Конвенцияға сәйкес, жағалық аймақтың ені 12 мильден аспауы керек, ал теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы бойынша – аумақтық сулар өлшенетін негізгі шектен 24 мильден аспау керек.
Балық аулайтын аймақ – жағалық мемлекет судағы, теңіз түбін жабатын, теңіз түбіндегі және оның қойнауындағы тірі қорларды барлау, өңдеу және сақтау, сондай-ақ осы қорларды басқару мақсатында егемендік не болмаса заңды құқығын жүзеге асыратын аумақтық теңіз сыртындағы және оған жақын жатқан аудан. Теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы мемлекеттердің балық аулау аймағын емес, ал ерекше экономикалық аймақты бекіту мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, конвенция теңіздің тірі қорларына жеке мемлекеттердің өздерінің егемендік құқығын жүзеге асыру үшін балық аулайтын аймағын белгілеуге кедергі жасамайды. Жағалық мемлекеттердің мұндай қорларға деген қатынасы экономикалық аймаққа байланысты конвенцияда қаралған құқықтардан аспаған жағдайда, бұл ереже күшінде болады. Балық аулайтын аймақ ені аумақтық сулар ені өлшенетін негізгі шектен 200 мильден аспауы керек.
Теңіз құқығы бойынша БҰҰ-ның ІІІ
Конференциясында экономикалық аймақ
мәртебесіне байланысты келіспеушіліктер
болды. Қатысушы - мемлекеттердің бір
бөлігі экономикалық аймақты енгізу
туралы келісімге келгенге дейін
аумақтық суларын 200 мильге дейін бір
жақты тәртіпте кеңейтіп алды. Ары
қарай олар өздеріне sui qeneris халықаралық-құқықтық
мәртебемен, яғни аумақтық және ашық теңіз
мәртебесінен бөлек ерекше түрдегі
мәртебені беру жолымен экономикалық
аймақтағы жағалық мемлекеттің
айрықша құзырын мейлінше кеңейтулерін
талап етті. Конференцияға қатысушылардың
басқа бір бөлігі аймақтың ерекше
мәртебесін мойындау, шарттық сипатына
өзгерістер қаупін туғызады, оның тәртібін
аумақтық теңіз тәртібімен теңестіреді
деп есептеді. Бірыңғай көзқарасқа
қол жеткізілмеді, және Конвенция
экономикалық аймақ мәртебесінің ұғымын
бермей, жағалық, сондай-ақ барлық пайдаланушы
мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін
баяндаумен шектелді. Экономикалық аймақ
режимі осы мәртебенің ашық теңіз
еркіндігінен шарттық алып тастаулар
нәтижесінде халықаралық құқық
бекітетін жағалаудағы
Басқа мемлекеттердің кеме қатынасына және ұшуына, су асты кабелдері мен құбырларын жүргізуге және басқа құқықтық жұмыс түрлерінің халықаралық құқық көзқарасының негізіндегі құқықтарды теңгеру ерекше экономикалық аймақ тәртібін анықтайтын элемент болып табылады.
Континттік қайран – бұл жағалық мемлекеттің аумақтық теңізінің сыртқы шекарасынан құрлықтың су асты шетінің сыртқы шекарасына дейін орналасқан немесе аумақтық теңіз ені өлшенетін негізгі шектен 200 мильге дейінгі, құрлықтың су асты шетінің сыртқы шекарасының осындай ұзындыққа жайылмайтын, теңіз түбі мен оның қойнауы.
Егер құрлықтың су астының шеті 200 мильді сызығынан ары қарай жайылса, құрлық қайранінің сыртқы шекарасы аумақтық теңіздің негізгі шегінен 350 мильден болмаса 2500 м. Изобардан 100 миль аспауы керек. Континттік қайранның сыртқы шекарасы туралы карталар мен ақпараттар БҰҰ Бас хатшысына тапсырылады, ол оларды тиісті түрде жариялайды.
Жағалық мемлекет континттік қайранның үстінен оның қорларын барлау мен өңдеу мақсатында егемендік құқығын жүзеге асырады. Бұл құқықтардың ерекшелігі, егер жағалық мемлекет қайран қорларына барлау мен өңдеу жүргізбесе, оны осы жағалық мемлекеттің айқын келісімінсіз ешкім жүргізе алмайтындығында.