Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 08:48, реферат
Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың негізгі саласының бірі болып табылады. Сондықтан халықаралық қатынастарды реттейтін қазіргі халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қағидалары мен нормалары, сондай-ақ Әлемдік мұхит кеңістіктері мен ресурстарын игеру процесіндегі мемлекеттердің қатынастары мен қызметтері – құқықтық реттеудің негізі болады.
Теңіз құқығы туралы БҰҰ-ның бірінші Конференциясы Женевада 1958 жылдың 24 ақпанынан 27 сәуір аралығында өтті. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті резолюциясының негізіне сәйкес Мәселенің тек заңдық жақтары ғана емес, сонымен қатар, техникалық, экономикалық, биологиялық және саяси жақтарын ескере отырып теңіз құқығын қарастыру үшін шақырылды. Ол теңіз кеңістіктерін пайдалану және зерттеу бойынша жұмыстар жүргізуге қажет еді. Конференцияда 79 мемлекеттің делегациялары және 16 халықаралық ұйымдардан бақылушылар қатысты. Халықаралық құқық Комиссиясы дайындаған теңіз құқығына қатысты баптардың жобалары Конференция жұмысының негізін қалады.
Конференция ғылыми-техникалық революцияның
басталған кезінде өтіп жатты, ол
мемлекеттердің теңіздегі қызметтері
үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді, бостандық
алған елдерге конференция
Қабылданған конвенциялар теңіз қызметінің негізгі жақтарын қамтып, мемлекеттердің Әлемдік мұхиттағы бейбіт достастығын дамытуға бағытталды. Жоғарыда аталған конвенциялар қолданыстағы халықаралық теңіз құқығының негізгі қайнар көздері болды. БҰҰ-ның І конференциясы халықаралық құқықтың үдемелі дамуына және кондификациялануына тарихи үлес қосты. Конференция нғтижелерінің жақсы бағалануы, оның қабылдаған конвенцияларымен халықаралық теңіз құқығының барлық мәселелері шешіледі немесе олардың барлық ережелері мғңгілік және өзгермес дегенді білдірмейді.
Теңіз құқығы бойынша Екінші Конференция
Женева қаласында 1960 жылдың 16 наурызынан
26 сәуірге дейін жұмыс істеді.
Бұл конференция сулар мен
балық аулау аймақтарының шектік
ендерін шартта бекіту үшін шақырылды.
Оған 84 мемлекет қатысты. Кейбір мемлекеттер
қалыптасқан әдеттегі құқықтық норманы
бекітуді және аумақтық теңіздің 12 мильдік
шек енін мойындауды ұсынды. Егер мемлекеттер
аумақтық сулардың аз енін бекітетін
болса, онда оларға аумақтық теңіздегі
тірі ресурстарға деген құқықтары
сияқты балық аулау аймағын 12 миль
шегінде бекітуге деген тап сондай
құқықтар берілетіндігін мойындау
керек болды. Осы ұсыныстарды
Азия мен Африканың көптеген мемлекеттері
сонымен бірге, Мексика және Венесуэла
да қолдады. Ал, 200 милдік аумақтық теңіздерге
талап қойған басқа латынамерика
мемлекеттері, аумақтық теңіз бен
балық аулау аймағына біртұтас ендік
шектер бекітілуіне қарсы шықты.
АҚШ және басқа да батыс мемлекеттері
ең жоғары дегенде 6 милдік шекте бекітуге,
ал жағалаудағы мемлекеттердің балық
аулау аймағындағы құқықтарын 10
жыл мерзімге шектеу салу сипатындағы
келісімге келгендей сыңвй
Көзқарас қайшылықтарына байланысты ұсынылған ұсыныстардың бірде біреуі кңпшілік дауыстан қажетті 2/3 дауысты жинай алмады, сөйтіп конференцияның алдыға қойған мақсаттары іске аспай қалды.
Теңіз құқығына қатысты барлық мәселелер бойынша конвенциялар қабылдау үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюцияларына сәйкес 1982 жылғы желтоқсан айында теңіз құқығы бойынша ‡шінші Конференция шақырылған болатын. ¦лттық юрисдикция әрекеттерінің шегінде теңіз бен мұхит түбін бейбіт қолдану бойынша Комитет конференцияда талқыланатын тақырыптар мен мәселелердің тізімін анықтады.
Конференцияның міндеттерін
Конференцияның іс-жосық
Конференцияда халықаралық жалпыадамзаттық проблемаларды шешуде екі өзара қарама-қайшы тәсілдер бой көрсетті. АҚШ терең сулы аудандардың стратегиялық шикізат түрлерін шығаруды монополизациялауға және әлемдік мұхитта өзінің теңіздегі үстемдігін орнатуға талпынды. КСРО АҚШ ұстанымына қарама-қарсы Әлемдік мұхиттағы тұрақты құқықтық тәртіп, бейбітшілік және өзара тиімді ынтымақтастық үшін нық сеніммен ңз ұстанымын көрсетті.
Қазіргі заманғы кезеңде теңізде
жүзу және теңіз ортасын қорғау
саласындағы халықаралық
Халықаралық қоғамдастық теңіздер мен мұхиттарда халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін саяси-құқықтық мәселелерге, олардың тек ерекше бейбіт мақсаттарда қолданылуына ерекше назар аудара бастады. Мұндай тғсілдің нәтижесі ретінде 1963 жылғы ядролық қарудың үш ортада сыналуына тыйым салатын шартта бекітілген, тиісті халықаралық-құқықтық нормалардың қабылдануын; 1971 жылғы теңіздер мен мұхиттар түбінде және оның қойнауларында ядролық қару және жаппай қырып-жою қаруларының басқа да түрлерін орналастыруға тыйым салу туралы 1971 жылғы шарт; теңіз кеме қатынасының қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілер мен күресу туралы 1988 жылғы Рим Конвенциясын және континенттік қайранда орналасқан стационарлық платформалардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күресу туралы Хаттаманы айтуға болады
15.2. Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары.
Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары халықаралық құқықтың басқа да көпшілік мойындаған қағидаларымен өзара байланысты. Мұндай байланыс халықаралық құқықтық тәртіптің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Әлемдік мұхитта құқықтық тәртіптің үлкен маңызға ие болуымен негізделеді.
Ашық теңіз еркіндігінің қағидасы. Осы қағидаға сәйкес аумақтық теңіздің сыртқы шегіндегі теңіз кеңістіктері ашық теңіз болып саналады. Ол іс-жүзіндегі халықаралық құқықта анықталған жағдайлар бойынша барлық мемлекеттердің еркін және тең пайдалануына ашық. Ешқандай мемлекет ашық теңіздің бір бөлігін өзінің иелігіне алуға, бағындыруға құқығы жоқ. Бұл ереже 1958 жылғы ашық теңіз туралы Женева Конвенциясында бекітілген.
Ашық теңіз еркіндігінің қағидасы әлемдік мұхиттың түрлі су кеңістіктерінің құқықтық мәртебесі мен тәртібін анықтады және белгіледі. Бұл қағида теңіздің, оның түбінің табиғи қорларын игеруге, құқықтық реттеуге маңызды әсерін тигізді. Ашық теңіз еркіндігі кеме қатынасының, балық шаруашылығының, кабель және құбырлар жүргізудің, теңізде ғылыми зерттеулер жүргізудің, жасанды аралдарды және басқа құрылыстарды салу еркіндігінің пайда болуына, әры қарай бекуіне негіз болды. Осы қағида ашық теңіз және халықаралық бұғаздардың үстінен ұшып өту еркіндігінің пайда болуын және іске асуын анықтады.
Адамзаттың ортақ мұраларының қағидасы. Оның мазмұнының ажырамас элементі ретінде терең су қорларының құқықтық мәртебесін анықтайтын және халықаралық аудандағы теңіз түбіндегі мемлекеттің нақты қызметін реттейтін жеке ережелерді айтуға болады. Төмендегі ережелер осы қағиданың негізгі мазмұны болып табылады:
Әлемдік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасы. Бұл қағида конвенциялық сипаттан пайда болды. Күш қолдануға немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасауға тыйым салу қағидасы осы қағиданың басты ережелері болып табылады. Әлемдік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасының заңды мағынасының өзі осында жатыр.
Теңіздің тірі қорларын тиімді пайдалану және сақтау қағидасы. Ашық теңіздің барлық кеңістігінде әрбір мемлекеттің тең құқылы негізде осы кғсіппен айналыса алатын қағидасына сәйкес, балық аулау еркіндігі бұл қағиданың арқауы болып табылады. әлемдік мұхиттың тірі қорларының кәсібі теңіздің тірі қорларының ауланатын түрлерінің көбеюін қолдауды, болмаса қалпына келтіруді қамтамасыз ететіндей етіп, барлық мемлекеттердің жүргізуі керек.
Теңіздің тірі қорларын тиімді пайдалану және сақтау қағидасы мемлекеттердің екіжақтық немесе көпжақтық негізде кең халықаралық ынтымақтастығын қарастырады. Сонымен қатар, мұндай ынтымақтастық осы қағиданы іс-тәжірибеде жүзеге асыру үшін халықаралық ұйымдардың шеңберінде мүмкін болады. Экономикалық аймақта және ашық теңіздің басқа да аудандарында кәсіптің шарттарын келісу жолымен, ғылыми ақпараттармен, аулау деңгейінің, кәсіптік күштер туралы статистикалық мәліметтермен алмасу жолымен жетуге болады. Сонымен осы қағиданы жүзеге асыра отырып, мемлекеттер Әлемдік мұхиттың тірі қорларын сақтау, қалпына келтіру үшін өз күштерін үйлестіреді.
Ғылыми зерттеулер еркіндігінің қағидасы. Теңіз құқығы бойынша өткізілген БҰҰ-ның ІІІ конференциясы және 1982 жылғы ол әзірлеген Конвенция осы қағиданың мазмұнының бастауы болды. Алғаш рет ғылыми зерттеулер еркіндігі ашық теңіз еркіндігінің бірі болып табылатындығы белгіленді. Ол - әрбір мемлекеттің өзінің географиялық жағдайына қарамастан және құзіретті халықаралық ұйымдардың ғылыми зерттеулер мен іздестірулер жүргізе алатындығын білдіреді. Бұл ретте, мемлекеттер теңіз кеңістігінде ғылыми зерттеулерге көмектесу үшін рұқсат етілген, ақылға қонымды ережелер мен орындау тәртібін қабылдауы керек, теңіздегі ғылыми-зерттеулер үшін жол ашуы керек. Ғылыми зерттеулер мен іздестірулер жүргізудің негізгі шарттары болып: біріншіден, оларды тек бейбіт мақсатта жүргізу; екіншіден, тиісті ғылыми әдістер мен құралдарды пайдалану; үшіншіден, барлық ғылыми зерттеулер мен іздестірулерді халықаралық теңіз құқығының конвенциялық нұсқасында белгіленген жалпы қабылданған ережелерге қатаң сәйкестікпен жүргізу; төртіншіден, жүргізілетін ғылыми жұмыстар басқа құқыққа сай жұмыс түрлеріне кедергі келтірмеуі болып табылады.
Теңіздің қоршаған ортасын қорғау қағидасы. Халықаралық теңіз құқығында бұл қағиданың пайда болуына алғашқы әрекет теңіздің мұнаймен былғануының алдын алу бойынша халықаралық конвенция қабылдауға байланысты 1954 жылы жасалды. Кейіннен осы қағида заң жүзінде көптеген конвенцияларда бекітіліп, жаңа маңызға ие болды. Мысалы, бұл қағида теңіз ортасын мұнаймен, радиоактивті және басқа зиянды заттармен былғануының алдын алуды қамтамасыз етеді. Теңіз ортасын қорғау қағидасы ядролық қаруды ауада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынауға тыйым салады. Бұл қағида теңіз құқығының дербес институтын – теңіз ортасын қорғау құқығын құрайтын көптеген табиғат қорғау қағидаларының жүйесіне басшылық жасайды. Сонымен қатар, бұл қағида халықаралық құқықтың жалпы қағидаларының бірі – қоршаған ортаны қорғау қағидасының құрамдас бір бөлігі болып табылады.
15.3. Теңіз кеңістіктерінің түрлері.
Теңіз кеңістіктері олардың халықаралық-құқықтық тәртібі мен мәртебесіне байланысты жіктеледі. Теңіз кеңістігін жіктеудің бірінші критерийнің негізіне теңіздегі аумақтық тәуелсіздіктің бар не жоқ болуы қаланған. Осыдан, теңіз кеңістіктерін: мемлекет аумағының құрамына кіретін және иелену объектісі болып табылмайтын және оған егемендігін жүргізе алмайтын ашық теңіз деп үшке бөлуге болады.
Осы екі негізгі санаттың әрқайсысы өз ішінде бөлінеді. Мемлекеттік аумақтың бір бөлігі болып табылатын теңіз кеңістігінің құрамына аумақтық теңіз және тарихи шығанақтар мен басқа тарихи аумақтары бар ішкі сулар кіреді.
Аумақтық теңіз (аумақтық сулар) деп – негізгі шектен есептелінетін, жағадағы мемлекет аумағының құрамына кіретін және халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған ережелерін есепке алып оның толық егемендігіндегі белгілі ендіктегі жағалық теңіз алабын айтады. Осы теңіз кеңістігінің сыртқы шекарасы туралы мәселе ұзақ уақыт бойы даулы болып келді. Теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясына сәйкес әрбір мемлекет өзінің аумақтық теңіз ендігін 12 теңіз милі көлемінде белгілеуге құқы бар. Аумақтық теңіз ендігі осы қағиданың ережелеріне сәйкес белгіленген негізгі сызықтан өлшенеді.
Аумақтық судың құқықтық тәртібі
аумақтық теңіз және жағалық
аймақ туралы Конвенциямен реттеліп
отырады. Осы Конвенцияға, сондай-ақ
Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясына
сәйкес, аумақтық теңіздегі тәуелсіздікті
жағалаудағы мемлекеттер
Кейбір жағдайларда, жағалаудағы мемлекеттер аумақтық суларда аталған конвенциялармен реттелетін, қылмыстық және азаматтық юрисдикцияны жүзеге асырады.
Тарихи сулар – бұл халықаралық-құқықтық доктринаға және мемлекеттер іс-тәжірибесіне сәйкес, кейбір жағдайларда тарихи қалыптасқан құқықтық негізге байланысты ішкі сулар болып жариялануы мүмкін теңіз сулары. Тарихи шығанақтар үшін де айрықша жағдай осы негізде болуы мүмкін. Шығанақтардан басқа, кішігірім теңіз сулары, кішкене шығанақтар, бұғаздар, кірмелер, қойнаулардың жағалары бір мемлекеттің иелігінде болса тарихи болып жариялануы мүмкін. Тарихи шығанақтар институтына қарағанда, тарихи сулар тұжырымдамасы конвенциялық бекітілген жоқ.
Қолданыстағы халықаралық