Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 09:36, реферат
Парламент биліктің өзге тармақтарымен, қоғамдық ұйымдармен ұтымды жұмыс істеуге және ішкі бірлік пен палаталардың келісімді байланысын сақгауға шақырылған орган. Ол бәрінен бұрын атқару билігінің күшті және бақыланатын билік болуына көмектесуі керек. Себебі, нақ атқару билігінің өзі мемлекеттік биліктің үш тармағы жүйесінде негізгі жүзеге асырушы күш болып табылады, ал ол күшсіз әрекет ететін заңдар болмайды. Олай болса, заңдылық, реформа немесе қоғамның жаңаруы да болмайды.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТ НЕГІЗГІ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ОРГАН РЕТІНДЕ
1.1 Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні..........................................................5
1.2 Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде..........13
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары.....................................................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары.....................................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................................................35
ҚР – дағы заң шығару үрдісі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТ НЕГІЗГІ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ОРГАН РЕТІНДЕ
1.1 Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні..........................
1.2 Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде..........13
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Парламенттің заң шығару
2.2 Қазақстан Республикасы
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. 1990 жылы қазанның 25 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қабылдау арқылы, өзінің егемен мемлекеттігін жариялаған, 1993 жылғы Конституцияда оны бүкіл әлемге паш еткен жас егемен Қазақстан Республикасының әр кездегі жоғары, басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне, ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту, Республика халықтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту болып табылады. Бұл мақсаттарға тиісінше идеяларға қаныққан реформаларды қарқынды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал түбегейлі республикалық реформаларды іске асыру берік, жетік заңдылық базасын жасамай мүмкін емес. Реформалардың жүзеге асырылуы заң шығару процесінің тиімді тетіктерін орнықтырумен, заң шығару қызметін жетілдірумен, республикада заң шығармашылығының деңгейін ең бір жетік жоғары сатыға көтерумен байланысты. Демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату бағыты заң жүйесін терең қайта бағдарлауды, бүкіл құқықтық институттарды негізді түрде реформалауды, бұрын басталған реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап етеді. Осы орайда, бүгінде Республикада қалыптасқан саяси-қоғамдық, құқықтық жағдайлар мен мемлекет алдында тұрған міндеттер заң шығармашылығының ең бір жетік және қолайлы тетіктерін жасауға, заң шығару процесін жетілдіру мен заңның жоғарылығын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді өз уақытында зерттеуді, құқықтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды дер кезінде керекті заңмен қамтамасыз етуді қажет етеді.
Заң шығару міндеттілігі
ең алдымен негізгі заң шығарушы
орган Қазақстан
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының Парламентімен заң шығару қызметінің жүзеге асырылуы мен заң шығармашылығының процесі табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. ҚР – дағы заң шығару үрдісін толық зерттей отырып, тақырыпты жазу.
ҚР Парламентінің заң шығару қызметін Конституция, "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заң және өзге актілер реттейді ("Нормативтік құқықтық актілер туралы" заң, Парламент, Сенат және Мәжіліс регламенттері). Бұлардың ішінде Конституцияның орны бөлек. Ол заң шығармашылығына, ағымдағы заңдылықтардың дамуы мен қызмет етуіне зор әсер етеді. Заң шығармашылығына қатысты айтсақ, Конституция жоғарыда көрсеткеніміздей заң шығармашылығының пәні болып табылатын қатынастар шегін, заң шығармашылығының жолдарын, заң шығару тәртібін, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, Парламенттің заң шығармашылығына өзге органдардың қатысын анықтайды. Сонымен қатар, Конституция ағымдағы заңдылықтың қоғамдағы өзгермелі жағдайларды ескеруіне бағдар бере отырып оған әсер етеді. Яғни, бұл дегеніміз Конституцияның өзі белгілі бір объективтік және субъективтік қажеттіктермен қажеттеле отырып, тиісінше қажеттілік ұсынған талаптарға өз мазмұнында көрініс бере отырып, ағымдағы заңдылықтарға бағдарлық негіз болады.
Парламент биліктің өзге тармақтарымен, қоғамдық ұйымдармен ұтымды жұмыс істеуге және ішкі бірлік пен палаталардың келісімді байланысын сақгауға шақырылған орган. Ол бәрінен бұрын атқару билігінің күшті және бақыланатын билік болуына көмектесуі керек. Себебі, нақ атқару билігінің өзі мемлекеттік биліктің үш тармағы жүйесінде негізгі жүзеге асырушы күш болып табылады, ал ол күшсіз әрекет ететін заңдар болмайды. Олай болса, заңдылық, реформа немесе қоғамның жаңаруы да болмайды.Көпұлтты халқымыздың игілікті болашағы үшін заңдылық алғышарттарын жасау да Парламенттің алдыңғы кезекті міндеті.
Міндеттері:
- құқық шығармашылығы ұғымы, мәні ;
- Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары
- Қазақстан
Республикасы Парламентінің
1-тарау. ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТ НЕГІЗГІ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ОРГАН РЕТІНДЕ
1.1. Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні
Құқық шығармашылығы құқықтық реттеу жүйесінде негізгі бір орталық орынды алады. Ол қоғам өміріне қажет нормаларды өмірге әкеліп, кемшілік-кемістігі барларын өзгертіп, уақыты жеткенін жаңарта отырып, барлық қоғамдық, мемлекеттік институттардың құқықтық негізін жасайды. Мұның өзі ғылым аддында құқық шығармашылығымен байланысты мәселелерді терең, жан-жақты зерттеу қажеттігін белгілейді. Құқық шығармашылығына байланысты мәселелерді зерттеуге қай кезеңде болмасын ғалымдар кең, мол назар аударып отыр. Құқықтың жалпы теориясы саласында құқық шығармашылығының мазмұнына және жағдайына терең зерттеулерді Кеңес заманында С.С. Алексеев, О.А. Гаврилов, А.В. Мицкевич, Р.О. Халфина т.б. көптеген ғалымдар жүргізсе, бүгінде құқық шығару, оның бір түрі - заң шығару мәселесін кеңінен зерттеп, жетілдіру жолдарын ұсынып отырған ғалымдар да жеткілікті. Олар - белгілі ғалым-заңгерлер: С.З. Зиманов, В.А. Ким, Ғ.С. Сапарғалиев, С.К.Амандықова, С.С. Сартаев, М.Т. Баймаханов, С.А. Табанов, М. Құл-Мұхаммед т.б.
Құқықтың жалпы теориясы мамандарының еңбектеріне сүйене отырып құқық шығармашылығын анықтасақ, ол мемлекеттік құқықтың және оның жеке салаларының дамуын және жетілуін қамтамасыз ететін, халықтың еркін көрсететін тәртіп ережесін жасау мен нормативті бекітудің тұрақты процесін білдіреді. Құқық шығармашылығы - қоғамдық қатынастарды жеткілікті құқықтық реттеуді жүзеге асырудың табиғи алғышарты болып табылады. Құқық шығармашылығының түпкі нәтижесі - құқықтық нормалардың мәтінінде көрініс тапқан жаңа (өзгертілген немесе нақтыланған) ережелер.
Құқық шығармашылығы тікелей мағынада құқықты жасау ретінде, нәтижесі қоғамда әрекет етуші құқықты белгілеу болып табылатын қызмет ретінде анықталады. Бұл тұрғыдан құқық шығармашылығы ұғымын ашу жалпы «құқық», «қоғамда әрекет етуші құқық» түсініктеріне тоқталу, оларды анықтау міндетін қояды.
Мемлекет және құқық теориясы іліміне сәйкес құқық та мемлекет секілді қосымша өнімнің болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, адамдардың мүліктік және әлеуметтік теңсіздігі, рулық әдет-ғұрыптардың жалпыға міндетті құқықтық ережелерге айналуы т.б. нәтижесінде пайда болды. Мемлекет рулық әдет-ғұрыптарға кұкықгық ереже нысанын берумен қатар, жаңа жүріс-тұрыс ережелерін шығарды. Ол осы ережелердің талаптарының орындалуын, адамдар өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалану үстінде заңдарды бұзбауын талап етеді. Демек, құқық - ол мемлекетпен белгіленетін, қорғалатын жалпыға міндетті ережелердің жүйесі. Ол қоғамды реттеп, басқарудың құралы. Теория заң ғылымында "құқық" термині бірнеше мағынада қолданылатындығын көрсетеді. Біздің тоқталып отырған мәселемізге қатысты ашсақ, құқық - ол бәрінен бұрын құқықтық нормалардың бір жүйеге келтірілген жиынтығы. Ол реттеушілік касиеті арқылы қоғамдық қатынастарға, адамдардың іс-әрекеттеріне, қоғамның дамуына әсер етеді. Құқық - ол жеке жүріс-тұрыс ережелері емес, ол құқық нормаларының біртұтас жиынтығы. Қазақстан Республикасында әрекет етуші құқықтың мазмұны Конституциямен ашылған. Яғни, Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай белгілейді: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кенесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (4-бап).
Демек, құқық - бұл нормативтік актілерде көрініс тапқан, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі. Ал, құқық нормаларының мұндай жүйесін, яғни құқықты пайда болғызатын қызмет - ол кұқық шығармашылығы болып табылады.[10.624]
Заң ғылымында құқық шығармашылығын билікке ие болатын халықтың немесе билік етуші таптың еркінің заңға, нақтырақ айтсақ, жалпыға міндетті ережеге айналуы деп түсінетін пікір бар. Мұндай таптық мазмүнды көзқарасты марксизм бағытындағы барлық дерлік ғалымдар қолдайды деп айтуға болады. Кеңес өкіметінің орта шеніне қарай құқық шығармашылығын таптық сипатта емес, мемлекеттік қызметтің нысаны ретінде анықтайтын пікірлер етек жайды. Мемлекеттік билік, мемлекет құқық нормаларының пайда болуының тікелей факторы, құқықты жасайтын күш болып танылды. Расында да біртұтас мемлекеттік билік құқықты жасайтын әлеуметтік-саяси күш болып табылады. Мемлекеттік билік мемлекеттің әлеуметтік-саяси қызметінің мазмұны - құқықтың қалыптасуының тікелей қайнар көзі. Мемлекеттік билік — бұл мемлекеттің тікелей өзімен немесе өкілеттік беру арқылы тұрғылықты халықпен жүзеге асатын қоғамдық биліктің бір түрі болып табылатындықган, нақ осы мемлекеттік билік - қызметі құқықты жасайтын күш. Кейбір жағдайларда мемлекет құқық нормасын жасауды тікелей халыққа береді. Алайда, халықтың референдум арқылы құқық нормасын қабылдауы мемлекеттің қатысуынсыз болмайды. Демек, мемлекет өз халқымен бірге құқық шығармашылығының әлеуметтік субъектісі, ал оның қызметі - құқық шығарудың тікелей күші болып табылады.
Құқық шығармашылығын мемлекеттік биліктің мазмұнымен ғана байланыстыра отырып анықтау жеткіліксіз деп есептейді ғалымдардың келесі бір тобы. Олардың ойынша құқық шығармашылығы мемлекеттік қызметтің мазмұны ғана емес, ашып айтсақ, мемлекеттік биліктің саясаты қандай болса, оның белгілеген құқықтық нормаларының мазмұны да сондай болады деп қана анықтау емес, сонымен қатар ол мемлекет қызметінің ұйымдық - құқықтық нысаны да. Тиісті көзқарасты ұстанушы ғалымдардың бірі - А.В.Мицкевич өз пікірін былай негіздейді: «Құқық шығармашылығы тиісті қоғамда құқықтық нормаларды қандай органдар, қандай тәртіппен жасайтынын белгілеуге мүмкіндік беретін белгілі ұйымдық нысандарда көрсетілген. Құқық шығармашылығын мемлекеттік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысаны ретінде үғыну оның құқық жасау процесінде алатын орнын анықтау үшін маңызды». Осы топтағы көзқарастардың ішінде құқық шығармашылығын кеңінен толығырақ анықтайтын мына бір пікірге тоқталу жөн болар. Яғни "құқық шығармашылығы - бұл халықтың еркін білдіретін, қоғам дамуының мақсаттарына жетуте бағытталған, қоғамдық қатынастарды нормативтік құқықтық реттеуге деген қажеттіктерді анықтау жөніндегі және анықталған қажеттіліктерге сәйкес жаңа құқық нормаларын шығару, әрекет етудегі құқықтық нормаларды өзгерту мен жою жөніндегі мемлекеттің үйымдық рәсімделген қызметі".
Құқық шығармашылығы - бұл мемлекеттің жалпы заңды реттеу, пісіп-жетілген қажеттіліктерді құқықтық нормаларға айналдыру арқылы зандық нормаларды қалыптастыру жөніндегі қажеттіліктерді тануы, мойындауы. Мұндай қажеттіліктерді тани отырып, мемлекет тиісінше актілердің қабылдануын анықтайды. Мемлекетпен, оның органдарымен қабылданған нормалар ғана жалпыға міндетті ереже сипатында болады, мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен қорғалады. Референдум арқылы құқық шығармашылығын қоспағанда құқықты жасау - бұл мемлекет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобасын жасау, өңдеу, қабылдау, жариялау жөніндегі қызметі. Мұны Конституциядан, Парламент, Үкімет, орталық атқарушы органдар туралы т.б. заң актілерінен көруге болады. Алайда, Кеңестік заңгерлердің ой-пікірлерін зерттеу құқық шығармашылығы - мемлекеттік орган қызметінің бір жағы деген түсінікті жоққа шығаратын көзқарастардың бар екендігін байқатады. Мұндай көзқарасты ұстанушылардың бірі Н.Я. Соколов құқық шығармашылығын мемлекеттен бөлек өздігінен қалыптасып, өрбитін жағдай ретінде, нақты тоқталсақ ол құқық шығармашылығы деп тиісті құзыретті органдардың қызметін емес, қоғамның құқықтық көзқарастарының қалыптасуын және олардың тиісті нормативтік актілерде байқалуы мен бекітілуі процесін қамтитын қоғам өміріндегі өзіндік құбылысты анықтайды. Құқық шығармашылығын бұлай түсіну дүрыс емес. Өйткені, нормативтік актілерде құқықтық көзқарастар емес қоғамдық қатынастар бекітіледі және құқықтық сананың (көзқарастың) қалыптасуы құқық нормасын жасамайды, шығармайды. Сондай-ақ, аталмыш анықтамада жанама көрсетілгендей, құқық шығармашылығы құқықтық сананың қандай да бір бөлшегі емес және ол өзіндік құбылыс та емес. Құқықтық сана (көзқарас) - бұл қоғамда қалыптасатын әлеуметтік құбылыс, ол заң шығармашылығына әсер етуі мүмкін, бірақ заң шығармашылығы қызметінің нәтижесі болып табылмайды.[19.77]