Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 09:36, реферат
Парламент биліктің өзге тармақтарымен, қоғамдық ұйымдармен ұтымды жұмыс істеуге және ішкі бірлік пен палаталардың келісімді байланысын сақгауға шақырылған орган. Ол бәрінен бұрын атқару билігінің күшті және бақыланатын билік болуына көмектесуі керек. Себебі, нақ атқару билігінің өзі мемлекеттік биліктің үш тармағы жүйесінде негізгі жүзеге асырушы күш болып табылады, ал ол күшсіз әрекет ететін заңдар болмайды. Олай болса, заңдылық, реформа немесе қоғамның жаңаруы да болмайды.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТ НЕГІЗГІ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ОРГАН РЕТІНДЕ
1.1 Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні..........................................................5
1.2 Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде..........13
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары.....................................................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары.....................................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................................................35
Қазіргі Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың бәрі дерлік құқық шығармашылығын - қоғамның объективтік әлеуметтік қажеттіліктері мен мүдделерін тануға негізделген, құқық нормаларын жасау, өзгерту және жою жөніндегі мемлекеттік қызметтің ерекше нысаны ретінде анықтайды. Алайда, Ю.В.Мальцев құқық шығармашылығын тек мемлекет қызметінің нысаны ретінде анықтау біржақты және толық емес дейді және өзінің мүндай қорытындыға келуін Л.С.Явичтің пікірі арқылы негіздейді. Яғни, Ю.В.Мальцев "тек қана құқық құру процесі емес, сондай-ақ жеке заңи нормалардың шығу тегі заң шығарушының қызметінің шегінен шығады, себебі әдеттегі көпшілік жүріс-тұрыстың және жаратылысы бойынша құқықтық катынастардың фактілік үлгілерін заң шығарушы ақыл-есте калыптасқан қандай да бір тиянақты императивтен құрастырмайды, ол өмірдің өзінен алады" деп есептейтін Л.С.Явичтің пікірін қолдайды. Ю.В.Мальцев құқық шығармашылығы үғымын анықтауда бұдан өзге мына екі жағдайға да көңіл бөлу керектігін көрсетеді: 1) құқық шығармашылығының процесі материалдық жагдайлармен айқындалады, қоғамдық қатынастармен байланысты. Олар нормативтік жорамалдардың нағыз қайнар көзі болып табылады. Өмірдің өзі мен заң шығарушы ашатын және тұжырымдайтын жүріс-тұрыстың қалыптасқан және байқалған үлгілері заң нормаларының шынайы қайнар көзі болуға тиіс деген түсінік құқық шығармашылығының әдістемелік негізі болып табылуы керек. Қандай да бір доктрина немесе қоғамдық дамудың мақсаттары емес, тек өмір мен ақиқат қана құқық шығармашылығы қызметінде шешуші маңызға ие; 2) мемлекеттің құқық шығармашылығы маңызды, бірақ құқық шығарудың бірден-бір қайнар көзі емес. Құқықтық жүйеге заңи нормаларды енгізудің маңызды қайнар көздері болып сондай-ақ үлгі істер, әдет-ғұрып және шарт табылады. Расында да үлгі істер мен құқықтық әдет-ғұрыптар да құқық шығармашылығы арқылы нормалық актілер жасау секілді құқықтың қалыптасуының жолдары болып табылады. Кеңес заманында құқықтық әдет-ғұрып нормаларының құқық жүйесін құрушылық рөлі жеткілікті дәрежеде кеңінен қоддау таппағанымен, біздің құқық жүйемізде оның орын алғанын жоққа шығаруға болмайды. Күні кешегі тарихымыз -мұның дәлелі. Үлгі істер мен құқықтық әдеттер де құқықтың қалыптасуының жолдары болып табылатындығын көрнекті ғалым Р.С. Сапарғалиев қазақ тарихымен негіздей отырып былай дәлелдейді: "Өз кезегінде қазақ мемлекеттігінің құқығы осы үш жолмен (нормативтік актілер, үлгі істер, құқықтық әдеттер) қалыптасқан.[26.192] Оған дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (ХҮғ.), "Есім ханның ескі жолы" (ХҮғ.), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (ХҮІІІғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативтік актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған". Бүгінде Қазақстанда ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда.
Құқық шығармашылығы
- бұл мемлекеттің құқық
Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі. Бүгінде халық құқық шығармашылығын тікелей референдум арқылы заң шығаруға қатысу, ерік білдіру арқылы жүзеге асырса, күні кешегі тарихымызда бұқараның референдумнан өзге, қоғамдық ұйымдардың қызметтері арқылы мемлекеттің құқық шығармашылығына кеңінен қатысқанын көреміз. Кеңес өкіметі кезінде қоғамдық ұйымдардың, нақты айтсақ, Бүкілодақтық Ленин Комсомол Жастар Одағының, кәсіподақтар мен ерікті қауымдардың т.б. заң шығармашылығының бастамашысы ретінде болуы, ВЦСПС-тің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау мен оларды бекітуге қатысуы, т.б. қоғамдық ұйымдардың құқық шығармашылығы әрекеттерінің кеңінен қоддау тапқандығы соншалық, қоғамдық ұйымдардың нормативтік актілер шығаруы ғылымда жалпы құқық шығармашылығының амалдарының бірі ретінде бекініп, ол құқық шығармашылығын анықтауға негіз болды.
Қоғамдық ұйымдардың нормативтік құқықтық актісі мемлекеттің оған берген өкілеттіктері негізінде шығарылды.[10.624]
Бүгінде де халықтың референдум арқылы құқық шығармашылығы мемлекетпен байланысты жағдайда. Яғни республикалық референдум өткізу туралы шешім болғанда ғана референдуммен заң шығарылуы мүмкін. Ал, ондай шешімді ҚР Конституциясының бабының 10 тармағына сәйкес Республика Президенті болуы тиіс: өзінің, Республика Парламентінің, Үкіметтің және сан жағынан республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде біддіретін республикалық референдумға қатысу құқығы бар екі жүз мыңнан кем емес республика азаматтарының. Тиісті бастамашылықтың болуы республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдауға міндеттемейді.
Қазақстан халқының еркін заңға, жалпыға міндетті құқықтық нормаларға айналдыру - бұл тиісті қызметтің жалпы бағытын көрсететін жетекші, бастапқы идеялармен қатаң сәйкестікте, яғни белгілі бір қағидалар негізінде жүзеге асырылатын процесс. Мемлекеттің кез-келген қызметі секілді құқық шығармашылығы да белгілі бір қағидалармен сәйкестілікте жүзеге асады. Оларды нақты атап айтсақ, жоғарыда тоқталған - құқық шығармашылығының демократиялығы және жариялылығы. Демократиялық қағидасы бұқара халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына катысуының жолдары мен дәрежесін көрсетсе, жариялылық-құқық шығармашылығы қызметінің көпшілік үшін ашық, қолайлы процесс екендігін белгілейді.
Қазіргі ғалымдардың құқық шығармашылығының бастапқы идеясы ретінде көрсететін келесі қағидалары: құқық шығармашылығының кәсіпқойлығы, заңдылығы, ғылымға негізделгендігі және құқық қолдану тәіжрибесімен байланыстығы.
Құқық шығармашылығының
кәсіпқойлығы қағидасы құқық шығармашылығының
сапасымен, құқық шығармашылығы
шешімін қабылдау жолдарының, тетігінің
тиімділігімен тікелей
Құқық шығармашылығының келесі қағидасы - құқық шығару процесінің ғылыми сапасын көтеру (ғылыми негізділігі) қағидасы. Бұл үшін қоғамның саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйелерін жан-жақгы зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгілеу қажет. Ол ғылыми тұжырымдарды тәжірибеден, тексерістен өткізіп алған абзал. Құқық шығармашылығындағы зандылық - құқық шығармашылығының келесі қағидасы. Жаңа қабылданатын нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Тек қана қабылданатын нормалар ғана емес, сондай-ақ оларды (нормативтік актілерді) дайындау, қабылдау және жариялау, яғни бүкіл құқық шығармашылығы процесі Конституция, заң шегінде, нақты талаптарға сәйкестікте жүзеге асырылуы керек.
Құқық шығармашылығының қағидаларының ішінде аталмай қалғаны - оның құқық қолдану тәжірибесімен байланыстығы қағидасы. Бұл қағиданы негізгі ғалымдар тобы құқық шығармашылығының ғылыми негізділігі қағидасымен бірлікте қарайды. Алайда оны жеке бөліп қарайтын ғалымдар да бар. Бұл қағиданың мәні мынада деп айтуға болады: кұқық қолдану практикасы кұқық шығармашылығы қызметінің нәтижесі болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді өмірде жүзеге асыруға бағыттала отырып, құқық шығарушыға өз еңбегінің жемісін бағалауға, оның тиімділігі, сапасы туралы хабардар болуға, құқық шығару қызметін жетілдіріп отыруға көмектеседі. Құқық қолдану тәжірибесімен байланыста ғана құқық шығарушы өзінің кемшіліктерін, қателіктерін анықтайды, құқық шығармашылығына деген қажеттік-мұқтаждықтарды ашады.
Құқық шығармашылығының бұл қағидалары белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу негізінде халықтың еркін нормативтік құқықтық актіге айналдырумен байланысты, нормативтік актілерді дайындау, шығару, өзгерту, жою процестеріне қатысатын органдар мен ұйымдардың қызметінің бастамаларын көрсететін категориялар, жетекші идеялар. Құқық шығармашылығының қағидаларын дұрыс анықтай отырып және олардың іс жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ету арқылы құқық шығарушы тиісті шығармашылықтың тиімділігін көтереді, құқық шығармашылығын ғылыми негіздейді. Аталған қағидалар біріншіден, құқық шығармашылығының негізгі, объективті қажетті жақтарын көрсетеді; екіншіден, құқық шығармашылығы процесіндегі тұрақты заңи байланыстар мен қатынастарды сипаттайды; үшіншіден, өз мазмұнында құқық шығармашылығының нақты нышандары мен ерекшеліктерін қамтвды. Құқық шығармашылығының аталмыш қағидалары (демократиялығы, кәсіпқойлығы, заңдылығы, ғылыми негізділігі жөне кұқық қолдану тәжірибесімен байланыстығы) - қай уақыттың болмасын құқық шығармашылығының бастапқы, анықтаушы идеялары.[15.368]
Нормативтік құқықтық акт - бұл құқық шығармашылығының соңғы аяқтаушы түйіні және тікелей заңды нәтижесі. Қандай нысанда көрсетілгеніне қарамастан, ол белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгілейтін заңдық маңызы бар акт болып табылады. Осы тұрғыдан алсақ, құқық шығармашылығы - бұл сырттай қарағанда нормативтік құқықтық актілерді дайындау, талқылау, бекіту және жариялау амалы ретінде болады. Әрбір жаңа нормативтік акт - құқықтық жүйенің дербес бөлшегі. Құқық шығармашылығының нәтижесінде құқықтық жүйеге жаңа нормативтік акт қосылып отырады.[15.375] Құқық шығармашылығы - бұл бірыңғай, дәйекті іс-қимылдардың тәртібі. Сондықтан құқық шығармашылығына әсер ететін, көмектесетін, ол үшін қажетті шаралар мен жағдайлар жасайтын, бірақ нормативтік актілерді жасау жөніндегі жұмыстың қандай-да бір кезеңі болып табылмайтын іс-әрекеттер құқық шығармашылығы процесіне кірмейді, - деп А.С. Пиголкин дұрыс көрсетеді. Нақты айтсақ, заң актілерін жетілдіру туралы ұсыныстар, қандай-да бір құқық шығарушы органның қызметін жақсартуға байланысты жалпы ұйымдық шаралар құқық шы
Мемлекетте болып жатқан өзгерістер заңи ғылымнан мемлекеттік құқықтық жорамалдарды қайта ойланып-толғану, олардың жұмысқа қабілеттігін тексеру, тексеруден өтпегенінен бас тарту, сондай-ақ бүгінгі күннің қажеттілігімен анықталатын жаңа жорамалдарға ғылыми ізденістерді жүзеге асыруды талап етеді, яғни заңи ғылым алдында жаңа мемлекеттік-құқықтық ойлауды, ой-пікірді қалыптастыру міндеті қойылған. Адамзат өркениеті дамуының нәтижесі ретінде жалпы адамзат қазыналарын жабдықтауға атсалысуда. Құқықтық мемлекет тұжырымдамасы жетілдірілуде, сонымен қатар құқықтық мемлекет құру саяси билікті жүзеге асыру режимі ретінде бекіген.[14.44] Ал азаматтық қоғамға және құқықтық мемлекетке ұмтылыс зандардың реттеуші белсенді әрекеттерін талап етеді. Бұл орайда заңдардың тиімділігін қамтамасыз ету біздің бүкіл саяси жүйеміз қызметінің мейлінше осал буындарының бірі болып қалып отыр.[4.212]
ҚР Парламентінің заңдар шығаруы заң шығармашылығының күнделікті қолданылатын жолы. Парламенттің тиісті қызметті жүзеге асыруынан бұрын, оның шығу тарихына үңілсек ол - халықтың өкілдік институты орта ғасырда, феодалдық құрылыс заманында Англияда, Испанияда т.б. мемлекеттерде пайда болғаны мәлім. Сондай-ақ, "Парламент" сөзі француздың "рагіег"- сөйлеу деген сөзінен шыққаны және біраз елдерде өкілдік мекеменің өзіндік бір аталымы ретінде қолданылғаны да белгілі. Тағы да бір айта кететін ақиқат - социалистік концепцияның "Парламент" терминін өзінен аулақ ұстағаны. Мұның себебі марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылардың бұл институтты шын мәнінде мойындамауымен түсіндіріледі. Парламент алдымен сословиелік-өкілдік орган ретінде қалыптасты (ХІІ-ХІІІ ғ), ал өкілді және заң шығарушы билік органы ретіндегі сипатқа тек 17-18 ғ. буржуазиялық революция кезеңінде ғана ие болады.
Әлемдік тәжірибе көп елдерде екі палатадан тұратын заң шығарушы органның қызмет етуін көрсетеді. Бұл ретте АҚШ Парламенті екі палатадан тұратын және оларды құруда тежеу мен тепе-теңдік жүйесін пайдаланған алғашқы Парламенттерд ің бірі. Мұндай елдерде екінші (жоғары) палата аристократияның өкілдігін және төменгі палатаны тежеу үшін енгізілген. Көптеген ғалымдар жоғары палатаны Парламенттің интегральдық бөлігі ретінде қажет деп белгілей отырып, оны төменгі палатаға қатысты тежеуіш ретінде ойластырылған дейді. Дж. Адамс Сенаттың өкілеттігін төменгі - өкілдер палатасын ауыздықтауы тиістігімен байланыстырса, Медисон "Сенат төменгі палата өз билігін асыра ("во зло") пайдаланған жағдайда қажет" деп жазды. Парламенттің екі палаталы құрамының қажеттігін біраз адамдар мемлекеттік құрылыстың федерация нысанына таңды. Ал унитарлық мемлекеттер үшін екі палатаның болуы ешбір саналы негіздемелерге ие емес деп есептеді.
Қазақстан елінде қызмет атқарған Жоғарғы Кеңестің жалғыз емес екі палаталы болуы қажеттілігі тек 1995 жылы ғана мойындалып, жаңа Конституцияда Парламент екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады деп белгіленеді. Жинақталған біраз әлемдік Парламентаризм тәжірибесіне сүйене отырып, ҚР көрнекті заңгерлері Президенттің бастамашылығымен 1995 жылы осы Конституцияны жазып шығарды. Олай болса, дамудың жоғары сатысына аяқ басқан мемлекеттердегідей бізде де саны бойынша жинақы және сонымен бірге барлық әлеуметтік өлшемдер бойынша өкілді, жұмыс істеуге қабілетті екі палатадан тұратын заң шығарушы орган құрылды. Парламент депутаттарының санының жинақылығына, ықшамдылығына ел басының өзі сындарлы баға береді. Парламенттің кеңестік замандағы Жоғарғы Кеңес секілді 500-ден аса депутаттан емес, 116 депутаттан тұруы, яғни ықшамдылығы - оның тұрақты негізі де өнімді қызмет атқаруының маңызды шарты. Сондай-ақ, мұндай ықшамды құрам заң жобаларының қалыпты талқылануын қамтамасыз етеді және 500 емес, азаматтардың шағын құрамының сайлануы арқылы мемлекеттің қаражатын үнемдеуге де мүмкіндік туғызады. Құрамы бойынша бір емес, екі палаталы Парламенттің қажеттілігі алдымен мына жағдайлармен түсіндірілетіндігін көрсетеді саяси қайраткер Ө. Байгелді: "Қазір Қазақстан ұзақ мерзімге пайдалануға есептелген жақсы ойластырылған, сараланған заңдарды қажет етуде. Осы уақытқад дейін қабылданған заңдардың көбі уақытша, өтпелі сипатта болды, ал қазір өзінің саясаты мен идеологиясын ұзақ мерзімге анықтаған ел үшін берік зандылық базасы қажет. Бір сөзбен айтқанда, қос палаталы Парламент демократия мен Парламентаризмді дамытуда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітуде жаңа кезең ашты.