ҚР – дағы заң шығару үрдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 09:36, реферат

Описание работы

Парламент биліктің өзге тармақтарымен, қоғамдық ұйымдармен ұтымды жұмыс істеуге және ішкі бірлік пен палаталардың келісімді байланысын сақгауға шақырылған орган. Ол бәрінен бұрын атқару билігінің күшті және бақыланатын билік болуына көмектесуі керек. Себебі, нақ атқару билігінің өзі мемлекеттік биліктің үш тармағы жүйесінде негізгі жүзеге асырушы күш болып табылады, ал ол күшсіз әрекет ететін заңдар болмайды. Олай болса, заңдылық, реформа немесе қоғамның жаңаруы да болмайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТ НЕГІЗГІ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ОРГАН РЕТІНДЕ
1.1 Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні..........................................................5
1.2 Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде..........13
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары.....................................................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары.....................................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................................................................35

Файлы: 1 файл

КР зан шыгару урдиси.doc

— 252.50 Кб (Скачать файл)

Парламенттің  заң шығармашылығының нәтижесі - заңдардың  тиімді болуының келесі бір алғышарты - Парламенттің заң шығармашылығы қызметін жоспарлау және болжау. Заң жобасы жұмыстарын жоспарлауды жалпы заң шығармашылығы қызметін жоспарлауға кіргіземіз. Заң шығармашылығын жоспарлау мен болжау - оның тиімділігін күшейтетін қажетті жағдайлар. Жоспарлаудың заң шығармашылығының тиімділігіне қатысты рөлі оның заң шығару қызметінде алатын орнымен, жағдайымен анықталады. Яғни, жоспарлаудан заң шығару процесі басталады, заңның сапасы мен жетістіктері байланысты болады. Жоспарлау кезінде алдыңғы кезекте реттелуді қажет ететін қатынастар байқалады, демек ол қатынастарды реттейтін актілердің дер кезінде қабылданылуына мүмкіндік туады. Сонымен қатар жоспарлаудың нәтижесі бола отырып заң актісі тиісті қоғамдық қатынастардың үзіліссіз, кідіріссіз реттеліп отыруына жағдай жасайды. Жоспарлау заң шығармашылығында мынадай оң мүмкіндіктерге қол жеткізеді: заң жобаларын дайындау, қарау және қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру, заң шығармашылығы саласында ғылыми жетістіктерді жоғары дәрежеде пайдалану, заң жобаларының өз уақытында дайындалуына жауаптылық белгілеу, заң шығармашылығына себеп болатын негіздерді неғұрлым толық ескеру, заңның болашақгы жүзеге асырылуы үшін қажетті қаржылық шығындарды өз уақытында анықтау, т.б.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 Қазақстан Республикасының  Парламенті елімізде заң шығару қызметін іске асыратын ең жоғарғы өкілетті орган болып табылады. Еліміз Парламентінің тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі палата –Сенат пен Мәжілістен тұратыны белгілі.

Халықаралық қауымдастық бұл саяси жүйеге біртіндеп келді. Қазіргі демократияның отаны болып саналатын Англияда еркіндіктің Ұлы хартиясы ХІІІ ғасырда қабылданғанымен, ол таза ақсүйектік сипатта болды. Жаңа дәуірде, күн санап күш жинап келе жатқан буржуазия өздеріне саяси құқықтар талап ете бастаған кезде ғана, екі палата – лордтар палатасы мен қауымдар палатасы құрылды.

Унитарлық мемлекет болып табылатын Қазақстан үшін бір палаталы парламент қажет  болып саналуы да мүмкін. Бірақ, әлемдік саяси ақыл- ойдың демократиялық жүйелерді заң шығару, атқару және сот биліктері арасындағы теңестіру және бір-бірін тежеу ұстанымдарына сүйене отырып құрғаны кездойсоқ емес. Осындай теңестіру және бір-бірін тежеу жүйесі заң шығару билігі үшін де қажет. Еліміз Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс жалпыхалықтық сайлау жолымен, 2007 жылдан бастап теңдестірілген сайлау жүйесі арқылы сайланып келеді. Саяси тұрғыдан алғанда, төменгі палата қашанда демократиялық болып табылады, олар өздерін тікелей халық сайлағандықтан, ең алдымен халық мұң-мұқтажын қорғауды парыз санайды. Сол себепті, заң шығару үрдісінде кей кездері саяси популизмге дейін баруы мүмкін. Еліміз өткен, 1990 жылдардың басын еске алатын болсақ, сол кезде ел экономикасы жүйелі түрде ауыр күйзеліс жағдайында болды. Зейнетақы мен бюджеттік қызметкерлер жалақысы уақытында төленген жоқ, халық кеңес кезінде үйреніп қалған көптеген жеңілдіктер тоқтатылды. Депутаттар Үкіметтен зейнетақы, жалақы және жеңілдіктерді қатал талап ете бастады. Мәселе, “ақшаны қайдан аламыз?” деген сұраққа тіреле берді. Заң шығару мен атқару билігі арасында келіспеушілік қаупі туа бастады.

Осындай жағдайда, Конституция өзгертіліп екі палаталы Парламент құрылды. Жаңа Конституцияға сәйкес, Сенат мойнына белгілі бір шекте консервативтік, бірақ, сонымен қатар, тежеуші қызметтер жүктелді. Сенаторлар, өз қызметтерін ең алдымен объективті мүмкіндіктерді ескере отырып, мемлекетті сақтау мен әлеуметтік-экономикалық күйзелістен шығаруға бағыттаған саяси истеблишменттің бір бөлігіне айналды және бұл саясат қазіргі таңда өзін ақтап отыр.

1995 жылғы Конституцияға  сәйкес, Сенатты әр облыс, республикалық  маңызы бар қала және Қазақстан  Республикасы астанасынан екі  адамнан сайланған депутаттар  құрайды. Олар жергілікті өкілетті органдар депутаттарының бірлескен отырысында сайланады және Сенат депутаттары әр үш жыл сайын қайта сайланып отырады.

Сенаттың екінші шақырылымы кезінде өзгерістер болды. Қазақстан Республикасының Конституциясына және “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес және 1995 жылдың желтоқсан айында 4 жылға сайланған Қазақстан Республикасы Сенаты депутаттары өкілеттерінің конституциялық мерзімінің бітуіне байланысты 1999 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының жартысы 6 жыл мерзімге сайланды. 1997 жылдың қазан айында сайланған Сенат депутаттарының жартысының өкілеттік мерзімдері Конституция нормаларына сәйкес, 2002 жылдың желтоқсан айына дейін, екінші шақырылымда да жалғастырылды.

Жаңа конституциялық өзгерістерге сәйкес, Сенат депутаттарының жартысы әр үш жыл сайын қайта  сайланып тұратын болды. 2007 жылғы  Конституциялық өзгерістерден соң, Сенаттың Қазақстан Республикасының Президенті тікелей тағайындайтын депутаттарының саны 7 адамнан 15 адамға дейін көбейтілді және Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 6 жыл болып бекітілді.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы Палатасы – Сенатқа сайлау 2008 жылдың 4 қазанына белгіленіп отыр. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың сәйкесті Жарлығы ресми БАҚ-тарда жарияланды. Енді, сенатор әрі Қазақстанның болашағы толғандыратын мемлекеттік қайраткер ретінде кімді көргіміз келеді. Бұл ел Президенті айқындаған позитивті курс – ұлтаралық және әлеуметтік келісім бағытын толығынан қолдайтын адам болуы тиіс. Қазір біздің елімізге өзін ақтамайтын жоспарлар мен алғышарттар қажеті жоқ.

Қазіргі таңда, әлем күн санап ғаламдық көлем  алып келе жатқан экономикалық тоқырау жолағына түсті. Сондықтан, елімізге сыртқы қатерлі факторлар әсерін тежей отырып, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін саяси бағыт қажет.

Экономикалық  гүлдену негізін, ұлттық ішкі кірістің тұрақты түрде өсіп отыруы құрайды. Бұл үшін ең негізгі фактор несие  қабілетті тұтынушының болуы. Орта және шағын бизнес гүлденген жағдайда ғана, экономикалық тұрақтылық қамтамасыз етіледі. Экономика саласының бірқатар мамандары еліміздің мұнай және қазба байлықтарына иек артып отыр. Мұны қолдай отырып және сонымен қатар, орта және шағын бизнестің мемлекеттің саяси-экономикалық тұрақтылығының негізі болып табылатын орта таптың толыққанды құрылуы мен дамуын қамтамасыз ететіндігін де ұмытпауымыз қажет.

Еліміздің орта және шағын бизнес саласы сапалы және бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Осы мақсатта жоғарғы технологияларды тартуға болады. Жоғары технологиялар туралы сөз болған кезде, еліміздің ғылымы дамуындағы проблемалар да қозғалады. Еліміздің Ғылым академиясы қоғамдық сипатта болған себепті, ғылым жоо-лар мен ғылыми-зерттеу институттарында дамып келеді. Республикада қолданбалы ғылыми салалардың дамуы пайдалы деп санап, іргелі ғылымдардан бас тарту үрдісі белең алып келеді. Бұл пікірдің де өз негізі бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, барлық әлемдік державаларда іргелі және қолданбалы ғылыми салалар бірге дамып келеді.

Еліміз үшін туындап отырған проблемалардың бірі – оның азық-түлік қауіпсіздігі. Қазіргі таңда, бүкіл әлем сурогаттық өнімдерге толып кеткен кезде, Қазақстан ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен даярлауда алдыңғы қатарлы технологияларды дамытуы және сонымен қатар, мал басын өсіру мен мал шаруашылығы өнімдерін даярлауда қазақ халқына тән дәстүрлі әдіс-тәсілдерді қайта тудыруы тиіс.

Азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету ауылдық елді-мекендерді дамытпайынша мүмкін емес. Бұл жерде арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдаумен қатар, аса ірі көлемде қаржы салу және жаңа технологиялар тарту қажет. Сонымен қатар, ауылдық жерлерден қалаға үдере көшу үрдісі де демографиялық тоқырауға әкелді. Ауылды көтеру халық санының өсуіне де әкелетіні сөзсіз. Қазақстанда, дәстүрлі түрде еліміздің ең еңселі азаматтары ауылдан шығып келді.

Еліміздегі  ең күрделі проблемалардың бірі –  бұл халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі. Сондықтан, сенаторлар Президенттің осы бағыттағы бастамаларын тұрақты түрде қолдап отырулары тиіс.

Елімізде, өнеркәсіпке  алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге мүдделі іскер азаматтар бастамасын қолдаудың барлық құқықтық және қаржылық мүмкіндіктері қарастырылған. Сенаторлар орта және шағын бизнестегі позитивті қадамдарды қолдап отырулары тиіс.

Өнеркәсіпте жаңа технологияларды қолдану мысалдары өзіміздің Батыс Қазақстан облысында да бар. СВ ЖШС-інің басшысы С. Өтебалиев өз ісін бастау туралы ұйғарымға келіп, несие алды және осы арқылы темір бетон өнімдерін шығаратын зауыт тұрғызды. Қазіргі таңда, бұл зауыт аймақтағы қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп орындарының бірі болып табылады. Зауытта барлық өндіріс желілері толық автоматтандырылған. Кәсіпкердің болашақ жобасында жеке үйлер, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар үшін қажетті қабырға материалдарын шығару ісі бар.

Сонымен қатар, қолданыстағы нормативті құжаттар мен шенеуіктердің бюрократиялық кедергісі кәсіпкерлер белсенділігін жоққа шығаратын мысалдар да көптеп кездеседі.

Сондықтан, біз сайлаған азаматтар заңдарды жетілдірумен белсенді айналысулары қажет. Осы арқылы құқықтық шеңбер көлемінде әлеуметтік-экономикалық бастамаларды жетілдіруге және бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюға болады.

Үміткерлер бағдарламаларында азаматтық қоғам дамуының мәселелері де көтерілуі тиіс. Үкімет пен іскер топтар үшін жергілікті жерлерде үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қызмет атқарулары тиімді болатындай жағдай жасалуы тиіс. Егер тұрғындар әлеуметтік игіліктер тудыру мәселелерін өз қолдары мен жауапкершіліктеріне алса, мұның атқару билігі үшін де тиімділігі сөзсіз. Сол кезде еліміз гүлденіп, халықаралық қауымдастықта өзінің лайықты орнын алады және халық өз таңдаулылары үшін мақтаныш сезімінде болады.

 

 

 

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1.     Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Конституциясы. – Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-1 заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін. - Алматы: Жеті жарғы, 2002. - 52 б.

2.     Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңы. 02.11.1995ж. /"Заң"ДБ5.0. версия ҚР Әділет Министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы.

3.     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»Конституциялық заңы.16.10.1995ж./ СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі "Юрист". Компания ЮрИнфо 1996 - 2004.

4.     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»Конституциялық заңы.18.12.1995ж./ "Заң"ДБ5.0. версия ҚР Әділет Министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы.

5.     Қазақстан Республикасының «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Конституциялық Заңы. 07.05.1997 /  "Заң"ДБ5.0. версия ҚР Әділет Министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы.

6.     Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы. 24.03.1998 ж. / СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі "Юрист". Компания ЮрИнфо 1996 - 2004.

7.     Абдукаримова З.Т. Проблемы повышения эффективности 
законодательной деятельности Парламента Республики   Казахстан: 
Автореф. к.ю.н.. - Алматы, 2000. - с. 30.

8.     Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. - Астана: Фолиант, 2000. - 176 б.

9.     Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс 
лекции. - М.: Юр. лит., 1997. - с. 400.

10.     Алексеев С.С. Общая теория социалистического права. Вып. 
3 - Свердловск: Средне-Уральское книжное издательство, 1966. - 
с.212.

11.     Әбдікәрімов О. Заң шығару органы және уақыт талабы // 
Заң және заман. - 2000. - № 2. - 4-7 б.

12.     Баймаханов М.Т. О некоторых формах воздействия Конституции на развитие и функционирование текущего законодательства // Право и государство. - 2001. - № 1. - с. 15-18.

13.     Бурлаков     Л.     Законы     должны     отражать     уровень 
демократизации // Юридическая газета. - 2000. - 12 апреля.

14.     Вильчинскас Ш.К. Конституционные основы законодательной деятельности союзной республики: Автореф. к.ю.н., М, 1988. - с. 26.

15.     Елекеев И. Демократизация законотворческого процесса и стабильность законодательства // Заң және заман. - 1997. - № 5. - с. 35-42.

 


Информация о работе ҚР – дағы заң шығару үрдісі