Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 08:58, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Мемлекеттің пайда болуының себептері мен жолдары................................5
1.2 Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялар........................................6
1.3 Мемлекет анықтамасының әртүрлілігі............................................................9
2 МЕМЛЕКЕТ МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы.........................................................15
2.2 Мемлекет белгілері..........................................................................................16
2.3 ҚР-сы – демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет.........20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................29
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Мемлекеттің пайда болуының
себептері мен жолдары.......................
1.2 Мемлекеттің пайда болу туралы
негізгі теориялар.....................
1.3 Мемлекет анықтамасының әртүрлілігі...................
2 МЕМЛЕКЕТ МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Мемлекет мәні, әлеуметтік
құндылығы.....................
2.2 Мемлекет белгілері.....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің əлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен əлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші əрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің əртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.
Тұтасымен мемлекеттің түсініктемелі сипатын екі бағытта өткізуге болады:
а) «жоғарыдан төмен»- мемлекетің қоғамдық-ру
құрылымындағы билік
б) «көлденең»- мемлекеттің қоғамдағы басқа саяси ұйымдардан өзгешілігі.
Мемлекеттің негізі туралы көптеген пікірлер бар. Саяси ойларда акцентті таптыққа, не мемлекеттің жалпы әлеуметтік табиғатына аударған. Қандай оқиғада болмасын, қоғам даиуының белгілі кезінде мемлекет оны ұйымдастыратын қажетті жол, оның өмір сүруінің және өмірлік әрекетінің бөлінбейтін жағдайы. Мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі қиындығы оның түсіндігінің көп жақты екедігін қамтамассыз етеді. Кейінгі кездегі, оқулық әдебиеттерде мемлекеттің түсіндірілуі: «Белгілі бір тəртіпті қорғауға арналған табиғи жолмен пайда болған билік ету ұйымы» (Гуиплович) , «Белгілі бір аумақ шегінде ерікті адамдарға жеке дара мəжбүрлі билік етуді білдіретін қоғамдық одақ» (Коркунов, Шершеневич, Трубецкой ) немесе «Қоғамдағы саяси биліктің ұйымдасқан нысаны, егемендікпен және құқық негізінде, арнайы тетіктердің көмегімен қоғамды басқарушы» (А.Иванов) немесе «Мемлекет көпшілік-құқықтық және егеменді билік ұйымы, барлық тұрғындардың ықыласын қамтамасыз етуші және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі» (В.И.Гойман-Червонюк)
Мемлекет – бұл арнайы басқару жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
І МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1. Мемлекеттің пайда болуының себептері мен жолдары
Алғашқы қауымдық құрылыстың ұзаққа созылған даму процесі біртіндеп, оның сапа жағынан өгеруіне алғы шарттар жасады. Еңбек құралдарының жетілуіне байланысты, өндірушілік дағдылар қалыптасып, еңбек өнімділігі, мәдениеттілік, адамгершілік негізінде дамиды. Қоғам мүшелерінің мүдделері әртүрлі болып, қарама-қайшылықтар туа бастайды.
Алғашқы қауымдық құрылыстан, сапалы жаңа өндіріске көшуде ең маңызды роль атқарған қоғмдағы еңбектің бөліну процесі, себебі, әйел мен еркектің арасындағы еңбектің қызметі олардың табиғатына қарай белгіленгендігінде. Ең бірінші, үлкен қоғамдық еңбектің бөлінуіне мал бағумен, жерді игеру жұмыстарының бір –бірінен даралануы жатады. Келе – келе жерден кәсіпкерлік бөлінді. Кейіннен, белгілі адамдар тобы дараланып тауар айналымымен шұғылдана бастайды, оларға саудагерлер жатады [1,15б].
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- қалың бұқараның, қаналушы таптың үсемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып,
Қоғамдық еңбектің бөлінуі және соған байланысты еңбек құралдарының жетілуі, еңбек өнімділігінің өсуіне түрткі болды. Осындай жағдайда жеке адамдардың өз өміріне қажеттілігінен артық өнімдер көбейіп, жеке меншіктің пайда болуына әкеліп соқтырды. Бай адамдар мен кедей адамдар пайда болып, олардың мүдделері бір –біріне қарама - қайшы келе бастайды. Әр жанұя өзінің тәуелсіз жағдайын өзгертуге ұмтылатын болды.
Бұл экономикалық жағдай рулық – тайпалық билікті құруға мүмкіндік бермеді. Қоғамдық билік, мүдделері сәйкес келмейтін адамдарды басқаратын қоғамға әлі икемделмеген еді. Сондықтан, қоғамға өзінің әрбір мүшелерінің мүдделерінің ерекшеліктерін, басқа мүшелерінің есебінен қамтамасыз ететін өкімет органдары қажет болады. Қоғамдық қатынастарды үйлестіру, мұндай жағдайда, өзінің тепе – теңдігін жоғалтады. Қоғам мүшелерінің экономикалық жағдайларына байланысты топтарға (кластарға) бөлінуі объективті түрде, бірінші жағынан, үстем таптың мүддесін қорғай отырып, екінші жағынан, экономикалық тәуелді жақпен арадағы қарсылықты басып отыратын органдар құруды талап етеді.
Қоғамнан бөлініп шыққан мұндай органға мемлекет жатады. Ф.Энгельс осы жөнінде, мемлекеттің арқасында, экономикалық жағынан үстем тап, саяси үстем тапқа айналды, деген болатын.
Мемлекеттің ерекше қоғамдық ұйым ретінде, алғашқы қауымдық құрылыстағы, өкімет құрылымынан айырмашылығы, қоғамдық жұмыстарды басқарумен тұрақты шұғылданатын арнайы органдардан тұратындығында.
Қоғамның мемлекеттік – құрылымдағы бірінші нысанына құл иеленуші, құл және құл иеленушіге бөлінген қоғам жатады. Олардың келісімге келмейтін мүдделерін үйлестірген құлиеленуші мемлекет болды. Оның құрамы, мазмұны, қызметі сол кездегі қоғам дамуының деңгейіне сәйкес келді.
В.И.Лениннің анықтамасы бойынша «Мемлекет дегеніміз келісімге келмейтін таптық қарама- қайшылықтың көрінісі және нәтижесі» [2,83б].
Мемлекет пен құқық сияқты әлеуметтік институт тұрақты болды ма? Осы сұрақтарға жауап беру қажет. Тек осындай әдістемелік жағдай ғана тарихи принциптерді іске асырады және мемлекеттің пайда болуының себептерін, нысандарын, оның өзіне тән негізін, қоғам өміріндегі бұрынғы ұйымдастырылған нысандардан өзгешелігін көруге мүмкіндік береді.
Өзіміз білетініміздей, мемлект о бастан – ақ өзінің пайда болған кезінен үстем таптың саяси ұйымы, халықтың қанаушы таптары мен топтарына өктемдік жасау құралы болып табылды. Әрбір мемлекеттің мәні өкімет басында қандай тап немесе қандай топтар тұрғанына ғана байланысты болады.
Тіпті құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық мемлекеттерді айтпай –ақ өзімізге қанық болған социалистік (кеңестік) мемлекет те қоғамдық таптардың бірінің саяси өкіметінің қаруы есебінде пайда болды – оның бұрынғы мемлекеттермен ұқсастығының өзі осындай, оны мемлекет деп атайтынымыз да сондықтан.
Мемлекет алғашқы қоғамның белгілі бір даму кезеңдеріндегі экономикалық және әлеуметтік құрылымдар өзгерістерінің нәтижесінде пайда болып, өзгеріссіз қала алмады. Ол дамыды, әр түрлі тарихи сатыларды жаңа қасиеттерге толыды.
Мемлекеттің даму барысында халықтын аумақтык принципі біратар мемлекеттік-құқықтық институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс орната алды, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған еді.
Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиесілілігі бекітілген азаматтық институты ерекшеленеді. Басқа тұлғалардың бәрі шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың арқасында мемлекет халықты «өзіміздікі» және «өзіміздікі емес» деп дифференциялаңды. Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (автономиялық және әкімшілік-аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктін кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік ету институты анықталады.
Мемлекет баска ұйымдардан коғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институттарымен, егемендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның кұрылымдары мен институттарынан жоғары қойып, оған өзіндік басымдық, қайталанбас ерекшелік береді. Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік.
Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады. Аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекеттің басымдық ролін мойындайды, өздерін оның мәртебесі мен маңызынан төмен кояды. Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тәртібін сақтауға міндетті.
Мемлекетке
тиесілі аумақта бірде бір ұйым
Тәуелсіздік ұғымынын, ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымны мемлекеттік биліктің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.
1.2 Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялар
Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады:
1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді;
2) тар мағынасында
басқару құрылымының,
Мемлекет – саяси жүйенің
Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс – бұрыс деуге болмайды. Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жан Маритен т.б.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы – әке, мемлекеттің басшысы – монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер, Михайловский т.б.).
Органикалық теория – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. ІV-ІІІ ғ.). Бірақ теория толық түрде ХІХ ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г.Спенсер, Вормс, Прейс т.б.
ХІХ ғасырдағы ғылымның
Табиғи құқықтық теория – ХVII-ХVІІІ ғғ. Қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радищев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.).
Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория – ХІХ ғ. Бұл теорияны уағыздаған: Ч.тард, Л.И.Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.