Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 08:58, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Мемлекеттің пайда болуының себептері мен жолдары................................5
1.2 Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялар........................................6
1.3 Мемлекет анықтамасының әртүрлілігі............................................................9

2 МЕМЛЕКЕТ МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы.........................................................15
2.2 Мемлекет белгілері..........................................................................................16
2.3 ҚР-сы – демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет.........20

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................29

Файлы: 1 файл

МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.doc

— 226.00 Кб (Скачать файл)

Егеменділік белгілі  бір территорияда нақты халыққа  таратылатын өз күшінде бәрін  қамтитын билік сипатын мемлекеттік  билік деп атауға болады. Егеменділік  пен дербес мемлекеттік билік мәні бойынша синонимдер. Егеменділік – сипат емес, биліктің белгісі де, қағидасы емес, нақты ұғымында бұл мемлекеттік билік. Билік барлығына және барлығы үшін, бір билік жоғары және тұрақты.

Тәуелсіз мемлекеттік  биліктің сапасы біздің пікірімізше, тарихи кейінірек ішкі жоғарғы жақ пен бірліктің бекітілуінен кейін егеменділік табылады. Индивидтің дамуының заңдылығымен және әмбебаптағы әлеумет пен соңғы бір-біріне қатысты жиынтықпен негізделген объективті процесс.

Басымдылық әскерлер дәуірінде мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі шартты түрде болды, өйткені әр егеменділіктің кеңістегі шегі қозғалыста болды (Рим патшалығының әр түрлі мемлекеттік кезеңдерінде Шыңғыс хан, Александр Македонскийдің шапқыншылығы) және де жаңа жерлерді жаулап алу мен соғысты жүргізуге күш егеменділіктің ең жақсы, жалғыз ғана дәлеледемесі болды. Бәрібір нақты түрде мемлекеттік шекаралар біртіндеп айқындала бастады.

Бейбітшілік дәуірінде  халықаралық дәстүрлер мен шарттар  арқылы мемлекеттер арасында құрылушы шекаралар бекітілді. Кейіннен әмбебап саласында шекаралар бұзылмайтындығы түсінігі қалыптасты. Негізінен ХХ ғасырдың ІІ жартысында мемлекеттік ұлттарды бейнелеу, бұл түсінік әлемдік қоғамдастықпен жалпы міндетті қағида, халықаралық құқықтық тәртіптің императивті нормасы ретінде белгіледі.

Егеменділік – мемлекет мәні болып табылады. Егеменділік - өзінің қалыптасуы мен дамуының саяси, мемлекеттік биліктің сапасының  бәрін қамтитын, тұтас дәрежесіне қол жеткізген сапалы арнайы әлеуметтік билік. Егеменділікті мемлекеттің  мәні деп мойындау – яғни егемендікке ие емес немесе «егеменді емес» мемлекеттердің өмір сүруі мүмкін екендігі. Таптардың, әлеуметтік топтардың соқтығысуы арнайы тарихи кезеңдерде егеменділіктің сипаты мен күйін белгіледі. Бірақ осылай әрқашан болса, онда онтогонизмнің перманенттік күйі қайсы бір таптың жеңісі жағдайында ғана жоққа шығушы еді. Таптың технологиялық прогрестің жетістігі негізінде бір-бірін ортақ мүдделеріне әлеуметтік серіктесіп және күштемей ғана қарсы шыққан соң осыдан кейін әлеуметтік топтар, олардың біреулері – үстемдік етуші жеңімпаз, басқалары жеңілгендер, өз егеменділіктері үшін күресін жалғастырады, осылай шексіз болады.

Мемлекеттану және тарихи-құқықтық ғылымның таным объектісі барлық уақытта бірден қалыптасқан объект емес, әрі кеткенде аяқталып бітпеген. Сондықтан бұл ғылымдар зерттеу барысында мемлекеттік-құқықтық болмыстың қалыптасқан нысандарын ғана емес, сондай-ақ олардың нақты тарихи жағдайдағы сапалық деңгейіне дейінгі қалыптасу және даму процестерін де қарастыру қажет. Бұған қоса кез-келген заң ғылымының қалыптасқан таным объектісін объективті және субъективті факторлардың әсерімен жекелеген тұстарымен қатар, бүтіндей алғанда өздігінен дами отырып, қозщғалыста болатындығын ескеру керек.

Егеменділік мәселесі жөнінде  кеңестік дәуірдегі мемлекет танушылардың өте көп жұмыстарының негізгі анализі сипатты бір бөлшекке көңіл аудартқызады. Олардың бәрінде мемлекеттік егеменділік – сипат ретінде сирек белгілі, кейде – мемлекеттің немесе мемлекеттік биліктің жағдайы ретінде ұғынылады және ешқашан мемлекеттің мәні ретінде ұғынылмайды.

Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан  мемлекеттігі деп отырғанымыз –  мемлекеттік егемендік Декларациясының  ресми-саяси тұрғыда жариялануы (25 қазан 1990 ж.) мен КСРО-ң тарау  кезеңдегі және тарағаннан кейін  қабылданған Мемлекеттік тәуелсіздік туралы (16 желтоқсан 1991 ж.) конституциялық заңының жай ғана заңды нәтижесі емес, Қазақстанда адам бостандығынан бастап, жеке меншік құқық-мемлекеттік және соңғы саты – Қазақстан Республикасы мемлекеті сияқты сатылардан тұратын қазақ жеріндегі әлеуметтік-генетикалық буынның бүкіл қалыптасу жолы болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеті де әлеуметтік дамудың  белгілі бір сатысы бола отырып, мемлекеттің нығаюы мен дамуына, әсіресе, Қазақстан қоғамында және мемлекеттер мен халықтардың дүниежүзілік қатынасында өзінің әлеуметтік қызметін іске асыру бағытында шешуші орын алды. «Жаңа мазмұнның нақты тұрғысы деп, қалыптаса бастаған оның белгілі бір деңгейде бастапқы кезеңіндегі нысанымен түйісіп, дамудың қайта бастау қабілетіне ие болатындай нысандары мен әдістерінен өткенін есептеуге болатын шығар».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мемлекет – бұл ар-найы басқару  жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқа-ралық  биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекетті рулық құрылымдағы  əлеуметтік биліктен ажыра-татын төмендегідей белгілері болады:

1. Бұқаралық биліктің болуы.  Міндетті түрде мемлекеттің бас-қару  жəне мəжбүрлеу аппараты болуы  тиіс, себебі, бұқаралық билік –  бұл шенеуніктер, əскер, полиция, түрме мен басқа да меке-мелер.

2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет  өз аумағында өмір сүруші бар-лық  адамдарды өз билігімен жəне  қорғау арқылы біріктіреді. 

3.Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік  аппараттың өмір сүруін қамтамасыз  ету үшін қажет. 

4. Егемендік. Бұл мемлекетке тəн өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тəуелсіздік.

     5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.

Басқа саяси ұйымдардан мемлекетті айыратын, ең алдымен, оның егемендігі. Мемлекеттің егемендігі мына екі жақтың бірлігі болып есептеледі:

а) мемлекеттің сыртқы тәуелсіздігі;

б) мемлекеттің ел ішіндегі үстемдігі;

Мемлекеттің сыртқы тәуелсіздігі басқа  мемлекттердің егемендігімен тежеледі. Мемлекеттің егемендігінен мемлекеттің басқа белгілері шығады, ол оның басқа саяси ұйымдардан бөлек екенлігін көрсетеді:

  • Мемлекет өзінің билігін елдің шекарасына сай барлық аумақтарға таратады;
  • Мемлекеттің тұрғындарымен тұрақты заңды байланыс бар, оларға өзінің билігін жүргізеді және олардың ел ішінде және сырт жерде де қорғалуын қамтамасыз етеді;
  • Тек мемлекет қана жалпыға бірдей міндетті билік ұйымдарын шағара алады;
  • Тек мемлекеттің ғана легалды күш қолдану монологиясымен тұрғындарға қатысты пайдалана алады (оның ішінде дене күшімен мәжбүрлеуге );

Мемлекеттің  мәні-  оның  функциялары арқылы  нақтыланып көрініс табды. Мемлекеттің функциялары -   қоғамдық қатынастарға ықпал ететін мемлекеттің ерекше механизмі.  Ол мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді шешуге негізделген мемлекеттік қызметтің негізгі  бағыттары болып табылады.

Мемлекет билігінің  тармақтарының  бөлінісіне  байланысты функциялар  заң шығару, бақарушы,  және сот ісін жүргізу болып бөлінеді.   Қоғамдық сферасындғы қызметінің бағытына қарай экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдениет сферасындағы іске асырылатын функциялар  болып  жіктелінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 2011ж.
  2. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. –Қарағанды: Болашақ – Баспа, 2010. – 320 б
  3. Азаров Н. И. Теория  государства и права: Конспект и лекций и методические указания. – М 2009г
  4. Венгеров А.Б. Теория права  и государства. -  2008
  5. Жоламанов ХХ:, Тауекеев А.Н., Мухтарова А.К. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы., 2007г
  6. Лазарев В.В Теория государства и права М,2009г.
  7. Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық. Құраст. Е.Баянов. –Алматы: Жеті жарғы, 2010 –624б.
  8. Малько В.А Льготы в праве. Общетеоритический аспект. Поощрение  как правовое средство правоведение 2008г
  9. Теория государства и права. Курс лекции. Под.ред. Матузова Н.И. и Малько А.В.2007г. 450 стр
  10. Табанов С.А. Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. –Алматы, «Айдана» ЖШС –2010ж
  11. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық. – Алматы:Жеті жарғы, 2009 – 464 б.Алексеев С. Теория право 2 – изд М.
  12. Теория государства и права  Под.ред. В.М. Корельского и В.Д. Перевалова. – М., 2007г,
  13. ''Мемлекет және құқық теориясы''. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев.2009ж
  14. ''Мемлекет  және құқық теориясы''.Э. Сапарғалиев, А. Ибраева2008ж
  15. ''Мемлекет  және құқық теориясы''- Авторлар ұжымы - 2001ж.- Жеті жарғы - 2010ж.
  16. ''Қазақстанның Еуропалық елдермен қатынасы''. С.Абдупаттаев - тарих ғылымының докторы. 15бет. N10. ''Ақиқат'' - 2009ж.
  17. ''Асқар асулар  алда'' Назарбаев Н.Ә.4бет. N10. ''Ақиқат'' -2008ж.
  18. ''Адамдар сенімін ардақ тұтамыз'' Қ. Нағманов - солт. Қазақстан облыс әкімі.Егеменді Қазақстан.  3бет. 4 қараша. 2009жыл.
  19. Жамбылов Д.Саясаттану негіздері Алматы. «Жеті Жарғы» 2008жыл
  20. Хан И.Г. Саясаттану оқу құралы. Алматы. ҚазГЗУ 2010жыл
  21. Рақымбаева А.С.Саясаттану әдістер жинағы. Астана. «Фолиант» баспасы. 2010жыл
  22. Жамбылов Д.Саясаттану оқулығы. Алматы «Жеті Жарғы» 2009жыл
  23. Кенжебаев М.Саясаттану негіздері Алматы. «Санат» 2008жыл
  24. Амелин В.Н. Власть как общественная явление. Журнал «Социального – политические науки». №2 2007год.
  25. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. «Егемен Қазақстан», 2008 жыл 9 қазан.
  26. Мухаев Р.Т. Политология: учебник для вузов. М., 2009год
  27. Пугачев В.П., Соловьев А.И. Введение в политологию. М., 2007год
  28. Бурдье П. Социология политики. М., 2008год
  29. Халипов В. Введение в науку о власти. М., 2009 год
  30. Дегтярев А.А.Политическая власть как регулятивный механизм социального общения.Полис. №3. 2007 год
  31. Ильин М.В.,Мельвиль А.Ю. Власть .Полис. №3 2008год

1 Мемлекет және құқық негіздері:Оқулық. Құраст. Е.Баянов. –Алматы: Жеті жарғы, 2001 –624б.-20




Информация о работе Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы