Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 08:58, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Мемлекеттің пайда болуының себептері мен жолдары................................5
1.2 Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялар........................................6
1.3 Мемлекет анықтамасының әртүрлілігі............................................................9

2 МЕМЛЕКЕТ МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы.........................................................15
2.2 Мемлекет белгілері..........................................................................................16
2.3 ҚР-сы – демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет.........20

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................29

Файлы: 1 файл

МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.doc

— 226.00 Кб (Скачать файл)

Күштеу теориясы – ХІХ ғ. Қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады – деп түсіндіреді.

Матералистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, сбептері:қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы.

Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде – мақсатты қорғауы. Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік.

Оның себептерін қоғамдағы  болып жатқан объективтік  факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.

 

 

1.3 Мемлекет  анықтамасының әртүрлілігі

 

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.

Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

1) өз аумағында бүкіл қоғамның  жалғыз ресми өкілі ретінде  халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;

2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;

3) заң күші мен құқық нормаларын  шығару, құқық шығарма мемлекетке  ғана тән;

4) билеуші органдарының болуы.  Оның органдарында тек қана  басқару ісімен шұғылданатын  арнайы қызметкерлері болады. Қоғам  тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;

5)мемлекет органдары мен онда  қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын  арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;

6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол  аумақта билігі жүреді, өмір сүреді  және оны қорғау мақсатында  тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды  тиімді жүзеге асыру үшін аумақты  әкімшіліктерге бөледі.

7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.

Оларды жасап, қабылдайтын  мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу  тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдықдеп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

Ассоциацияланған мемлекет - мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге  қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі.

Буферлік мемлекет - екі  немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.

Көпұлттық мемлекет - территориясында әртүрлі этностар - ұлттар, халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын мемлекет.

Ұлттық мемлекет - белгілі  бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында  пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.

Құқықтық мемлекет - бұқаралық-саяси  биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуі және оның құқық субъектілері ретіндегі индивидтермен өзара қатынасынын құқықтық формасы.

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық  бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс  түрі.

Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән:

елдің бүкіл территориясында  тең жүретін біртұтас конституция;

заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі;

биліктің муниципалды  органдарының жалпы мемлекеттік  органдарға бағынуы.

Мемлекет – нақты  ықпал (таптық, жалпы адамдық, діни, ұлттық т.с.с.) жасауға белгілі аумақ  көлеміндегі саяси өкіметтің құрылымы.

Мемлекеттің негізін  түсіну, мемлекет теориясының ең  маңызды мақсатының біріне жатады. Мемлекеттің табиғатын   зерттеу  – оның қыметіндегі және дамуындағы басты және  белгілеуші ерекшеліктерді ашу, оның  әлеуметтік  бағалылығын, қажеттілігін,  көпжақты   қарама -  қайшылығын, жақтарымен болмыс нысанын,  біртұтас әлеуметтік  институт  ретінде қабылдау.

Мемлекттің негізін  анықтауға  мына бағытты есепке алу қажет:

- қандай мемлекет болмасын, саяси өкіметтің құрылымы (формальды  жағынан);

- ол құрылым кімнің мүддесін қорғайды (мазмұнды  жағы).

Мемлекеттің  негізін  түсінуге  мынандай  жолдарды бөліп  айтуға боды:

- Таптық, бұл қалыпта мемлекет   экономикалық  жағынан  үстемдік ететін таптың саяси өкіметі.  Мұнда  мемлекет, тек үстем таптың мүддесін қорғайды.

- Жалпы әлеуметтік,  бұл қалыпта мемлекетті әртүрлі  таптардың, әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғайтын билік ретінде көруге  болады.

Қазіргі теория  шын мәніндегі мемлекеттің болмысын  көп өлшемдерге  байланысты қарауды ұсынады:   оны ұлттық, діни,  жағрапиялық және басқа жақтарына  байланысты.  Сонымен  қатар,  мемлекет  көпшіліктің  өкіметі,  адамдардан бөлінген, басқару аппараты бар,  материалдық жағдайы бар, өкіметтік қатынасқа және институттарға  әртүрлі  жүйелермен өткен, саяси ұйымдасқан – ассоциация ретінде көрінеді және мүшелері біртұтас  болып бірігіп, құқықтық  заңдарға бағынады.

Мемлекеттің дамуы –  мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі. 

Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:

1.  Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:

1) Ірі су каналдарын  жасау;

2) Суармалы ирригациялық  жүйелер құру;

3) Құрғақшылықпен күресу.

Міне осы күрделі  жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік  меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.

Сонымен, Шығыс елдеріндегі  мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:  
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;

-оны іске асыру  үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;

-барлық жұмысшыларды  бір орталықтан басқару жатады.

Мемлекеттің басқару  аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған  аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат  қалың бұқарадан алыстай түсіп  әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді. 

2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.

Афины мен Римде алғашқы  қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.

Германияда мемлекеттің  қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты.

Құқықтың дамуы –  адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері. 

Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.

Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

Мемлекеттің әлеуметтік  мақсаты  туралы  мәселе мемлекеттің  мәні туралы  мәселеге  тікелей  келіп тіреледі.  Сонымен қатар,  өзінің кейбір   аспектілерінде олар қиылысып та жатады.  Жалпы  айтқанда,  мемлекеттің әлеуметтік мақсаты үстемдік етуші тапқа немесе  билік жүргізуші артықшылықтары бар топқа тиімді немесе,  солармен қатар, сондай – ақ  халықтың кейбір  басқа топтарына тиімді тәртіпті бекітуден тұрады.  Мұндай жағдайда мемлекеттің бекітіп,  қорғап және оны жетілдіріп отырған тәртібі кімге пайдалы – үстемдік етуші тапқа ма,  билік жүргізетін  топқа ма  немесе  сондай – ақ  халықтың кейбір топтарына ма деген сұрақтардың жауабы  бұл мемлекеттің қандай екендігінен: прогрессивті ме немесе  реакцияшыл ма,  демократиялық па немесе  халыққа қарсы ма, содан мағлұмат береді.

Сонымен бірге  үстемдік етуші таптар, билік жүргізуші  артықшылығы бар топтар немесе  халықтың басқа топтары үшін мемлекет орнатқан тәртіптің пайдалылығы  неде екендігін көрсету де маңызды.  Аталған субъектілерді мемлекет белгілеген тәртіппен қамтамасыз ететін сол шынайы   материалдық  және рухани игіліктер мен құндылықтарды ашу керек.  Мұндай пайданың объектісі алуан түрлі болғандықтан, теория  жүзіндегі олардың  бейнесі де әр  түрлі болады. Сондықтан да саяси және мемлекеттік -  құқықтық  ойдың тарихында мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы мәселенің біріңғай шешімі жоқ. Алғашында абстрактылы ұғымдар басым болды: мысалы, Платонның, Аристотельдің,  Гегельдің пікірлері бойынша, мемлекет адамгершілікті бекітіп, қалыптастыру үшін қажет. Кейінірек  бұл түсінікке  басқа  әлеуметтік құндылықтар  келіп қосылды.  Мысалы,  Г.Гроций  мемлекеттің мақсаты жалпы игілік деп  санады,  Т.Гоббс -  жалпы қауіпсіздік  десе, Жан – Жак Руссо – жалпы еркіндік деді. Ал мемлекеттің қазіргі кездегі кең тараған жалпыға бірдей рахат тұрмыс теориясы,  мемлекеттің мақсаты халықтың     материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды, азаматтардың  өмірін,  денсаулығын және  абыройын болуы мүмкін озбырлық, қол сұғушылықтан сақтауды,  сондай – ақ  олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нақты жағдайлармен  қамтамасыз етуі деп біледі.

Информация о работе Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы