Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 08:58, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Мемлекеттің пайда болуының себептері мен жолдары................................5
1.2 Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялар........................................6
1.3 Мемлекет анықтамасының әртүрлілігі............................................................9
2 МЕМЛЕКЕТ МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы.........................................................15
2.2 Мемлекет белгілері..........................................................................................16
2.3 ҚР-сы – демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет.........20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................29
Республика. Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса. Осындай мемлекеттік басқару формасы республика деп аталады. Республика мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика мемлекеттік деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты.
Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республикада болмайды. Республиканың ең бірінші – түрі Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20жасқа толған ер адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ.
Грецияның негізгі органы
– халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді
сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің
негізгі мәселелерін шешетін за
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі іске асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуел-сіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, Қазақстан Республика-сының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Қазақстанның тәуелсіздігін шет елдер таниды, олардың дипломатиялық органдары ашылып басқа елдерге үлгі болды.
1995 жылғы 30 тамызда
өткізілген республикалық референдумда
«Қазқстан Республиксының»
Қазақстан мемлекетінің негізгі мақсаттары Президентіміз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық» деген жолдауында анық көрсетіліп беріледі. Жолдауда еліміздің алдыңғы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының Стратегиясы» бойынша экономикалық дамуындағы жетістіктердің болғанын бағалау қажет.
Жолдауда, елміздің экономикалық дамуының келешегі «экономика-лық өрлеудің ұзақ мерзімдік басымдылығына» негізделуі тиіс екендігі көрсетіліп, таяу арадағы шешілетін үкімет алдындағы міндеттерді белгілейді. Біріншіден, қаржылық микроэкономикалық және тұрақты-лықты сақтау мақсатында, Үкімет пен Ұлттық Банктің тарапынан бюджет тапшылығын қысқарту, шикізат нарығында істейтін компания-лардың асып кеткен кірістерін алудың тетігін табу, жергілікті жерлерде басқару буындарын қысқартып, дәйекті түрдегі секторға көшіру қажеттігі көрсетілген[10,201б].
Екіншіден, экономикамыздағы банктер мен инвесторларға ашық қуатты жеке секторларға құру қажеттілігі, 2001-2002 жылдарда Президенттің Жарлығына сәйкес тиісті жерлерде жекешелендірудің аяқталуының қажеттігі айтылған.
Үшіншіден, Әлеуметтік қорғау мен еңбек қатынастары ауыл шаруашылығы саласындағы, аса қажетті жұмыстарды шешу жолдары анықталды. Әсіресе, басты міндеттердің біріне қуатты көлік коммункацияларын салып, модерлендіруге ерекше көңіл бөлінді. Осыған орай «Міне, сондықтан да 2001 жыл экономикалық жағынан Үкімет пен барлық әкімдер үшін автомобиль жолдарын салу мен жаңарту үшін болуға тиіс» - деп арнайы бағыт берілді.
Қоғамды демократияландыру бағытындағы, бірінші мәселеге барлығы заңдарға сүйеніп нақты құқықтық мемлекет құрудың қажет екендігін айта келіп, саяси жүйені демократияландыру мақсатындағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Соған байланысты сот жүйесінің тәуелсіздігін құқықтық реформаны жүргізу арқылы нығайтудың, өкілді өкімет органдарының өкілеттік билігін өсіріп, сайлау заңдарының негізінде сайланбалықты кеңейтудің азаматтық қоғам институттарын қолдаудың қажет екендігін анықтап берді.
Жолдауда, Ұлттық қауіпсіздіктің -мемлекеттік саясаттың негізі ретінде, жаңа қауіптің бетін қайтаратын ұлттық қауіпсіздіктің жаңа тетіктерінің жасалуы қажет екенін, аймақтық қауіпсіздіктің нақты жүйесін жасақтаудың жолдарын айқындап берді.
Ел тәуелсіздігінің жиырма жылы тұтас бір дәуір. Өйткені, осы бір тарихи жағынан алып қарағанда аз ғана уақыт ішінде басқа елдер мен халықтар тұтас жүз жылда бастан кешетін мейлінше қуатты, әрі мәні жағынан революциялық, қоғамдық түбегейлі өзгерістер болып өтті. Осындай бұлтарыс көп күрделі де тар жолда біз Қазақстанда егеменділіктің қалыптасуына қатысты мемлекеттік – құқықтық мәселелерді егжей-тегжей ой елегіне өткізуге ұмтыламыз.
Мемлекет дегеніміз - адамзат тарихының әмбебап субъектісі, өзгермейтін әлеуметтік құндылығы болып табылатын адамдардың тұрақты қарым-қатынас өнімі іспеттес. Әлбетте, мемлекет халық пен тұлғалардың бостандығын ұйымдастыруға және сақтауға қабілеті болуға тиіс. Алайда, тарихта ешкім халықтың кепілденген бостандығына делдал бола алмайды. Мемлекеттің ең маңызды белгілерінің бірі – егеменділік. Егеменділік қоғамның бүкіл саяси жүйесінің шоғырланған көрінісі. «Егемен» деген сөздің тарихи және этимологиялық мағынасы әлеуметтік қатынастардағы субъектілердің ерекшелігін танытады, яғни жоғарғы билікті жүзеге асыру барысында дербестік, тәуелсіздік қабілетін және шешім қабылдау кезінде оны іске асыруды субъективті жауаптылықты білдіреді.
Егемендік – субъект үшін игілік және проблема. Игілігі - өзінің субъектілігін толық көрсету мүмкіндігі, шығармашылық қасиетін дамыту және жүзеге асырудағы дербестігі мен тәуелсіздігі. Проблемасы - әлеуметтік үрдістерді басқаруда шешуші рөлді атқару қажеттілігі, міндеттілігі және жауаптылығы. Мемлекеттердің конституциясында халықтың егемендігі белгіленген. Халық егемендігінің саяси көрінісі мемлекеттің пайда болуы.
Егеменділік, ең жоғарғы
саяси құндылық. Егемендік – қоғамның
бүкіл саяси жүйесінің
Егеменділік иесі және мемлекеттік биліктің көзі көпұлтты халық болып табылады. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халықтың егемендігі конституциялық институттар жүйесі ретінде халықтың мемлекеттік үкіметінің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары түрінде жүзеге асуымен байланысты.
Егемендік туралы декларацияға дейін Қазақ КСР-інің меншікті ішкі әскері болмады. Республиканың мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдары Одақтың тиісті органдарының бөлігі болды және республиканың жоғары мемлекеттік органдарына бағынбады. Ал мұның өзі республиканың егемендігі жоқ екенінің елеулі көрсеткіштерінің бірі еді. Ал Егемендік туралы декларацияда Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі мен Қазақ КСР-і Президентіне бағынатын және солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-і толық құқықты деп ерекше атап көрсетілді.
Декларацияның келтірілген ережелері оның Қазақстанда социалистік мемлекеттік машинаны ығыстыруға, демократиялық құқықтық мемлекет құруға және одақтық мемлекеттегі өзінің мәртебесін түбегейлі өзгертуге негіз қалағаны туралы қорытынды жасау үшін жеткілікті негіздеме береді. Осылайша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның» қабылдануы дербес, егемен Қазақстан мемлекетін құрудың негізін қалады. Ол Қазақстан Республикасының дербес конституциялық заңдарының алғашқы конституциялық құжаты ретінде тарихқа енді.
Егеменділік жалпы теориясы негізінің ретроспекциясы оның қағидаларының қоғамдағы жоғарғы билікті ұстанушы мен жүзеге асырылу жолдары арқылы салынады. Осыған байланысты «монарх егемендігі», «халық егемендігі», «парламент егемендігі», «ұлттық егемендік», «тап егемендігі», «құқық егемендігі» және «мемлекеттік егемендік» идеялары дамиды.
Аталған әр қағиданың мазмұны жағынан өзгеше, өйткені пайда болу алғышарттарына байланысты нақты тарихи ерекше құбылыстар. Олардың әрқайсысы белгілі бір дәуірде экономикалық қарым-қатынас пен адам санасының рационализациясын қажет ететін қоғамның әлеуметтік жағдайының сапалы түр өзгертушіліктерін салыстырады.
Орта ғасырдағы егеменділік
туралы ілімді жетілдіру және соңғы
ғасырда оны дамыту, осы уақытқа
дейін мемлекеттің болашақ
Сондықтан да, өзара тәуелді, этникалық, әлеуметтік көп қабатты және экономикалық байланысқан әлемде мемлекеттік егеменділік идеясы өмір сүреді. Ол орта ғасырларда белгілі бір Еуропалық қағида түрінде ұғынылғаннан кейін іске асырыла бастады. Қоғамда қандай қарама-қайшылық болуына қарамастан, тайпалық, ұлттық, жеке тұлғалар арасында жалпы әлеуметтік сипатқа ие, олардың шығуына онтологиялық себебі болатын, олардың әртүрлі нысандары мемлекеттілікті өмірге сырттай шақырды.
Индивидтің әлеуметтік түйсігін өзіндік сақтауының өзіне тән инстинктен әлеуметті сырттағы және өзінің ішіндегі зиянды ықпалдан өзіндік қорғау туындайды. Индивидтің бір-біріне мұқтаждылығы мен мүдделігінің жиынтығы ретінде әлеуметтің өзіндік қорғау түйсігі әлеуметтік билікті тудырады. Осы биліктің тарихи қалыптасуының потестарлық күйінен мемлекеттік билік пен егеменділік пайда болады.
Монархия, аристократия және демократия бір-бірін толықтыру кезінде, ұзақ тарихи кезеңдерді бастарынан өткізеді. Бүгін де шартты түрде аз мөлшерде мемлекеттің тұлғасының орнына монархты ұсыну, мемлекет басшысын – президент немесе бас хатшыны басқа аристократтың орнына ағартушы (рулық, партиялық – номенклатуралық немесе кәсіпқой) бюрократияны ұсыну қиын емес, ал демократияны бір аумақта халық жиналысы нысанында, халық үкіметі түрінде жетілдіру (парламент немесе Кеңестер болса) азаматтардың (плебисциттер, референдум, петиция сұрау) өз еркімен көңіл білдіруін толықтыратын институттармен жетілдіру күрделі. Кез-келген типтегі «құлдық» немесе «әлеуметтік», «феодалдық» және «капиталистік» мемлекеттерде интегративті – күшті құрал, қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік қауіпсіздікті, соттық және қадағалаушы тексеріс, қаруланған күштер өмір сүреді.
Алғашқы қоғамдастықта табиғи пайда болған бұл институттар, олардың нақты қызметтері болған, бірақ өздерін көп бейнеде таныған жоқ, бірнеше өзін-өзі басқару органдарының болуы биліктің түрін қалыптастырды (көсем, ақсақалдар кеңесі, жасақ). Ұйымдасқан локальды күш ретінде, жалпының еркіне бағындыратын немесе уақыт өте келе аймақтық, орталықтандырылған биліктің мәні байқағанымыздай, егеменділік немесе мемлекеттік билік – қоғамда өзгерген жоқ. Ежелгі Египеттік патшалыққа үлкен мемлекеттік аппарат, шенеуліктердің бөлшек иерархиясы, әскері белгілі болған.
Өркениет тарихында әлеуметтік құрылым өзгереді, ал мемлекет қаланды. Себебі кез-келген қоғамның табиғатынан шығатын жалпы істер алғашқыда мемлекет үшін қосымша және екінші дәрежелі болса, кейін негізгі және міндетті болып ауысты. Мемлекет осы жалпы халықтың істерін шешу қажеттілігінен туындады, яғни сұғарым құрылыстарды салу, жер массивтерін игеру, мекендейтін ортаны қорғау. Осы істерді жүргізу барысында мемлекеттің қызметі таптық мүдделердің ықпалын сезінді, бірақ әлеуметтікті таптықта ерітіп, олардың табиғатын өзгертуге, ауыстыруға және мемлекеттің жалпы әрекетін тоқтатуға бағытталған ешбір таптық күші тарихта кездеспейді.
Егеменді билікті бақылау дәрежелерді сатумен, ірі байлықты тәркілеу жолымен мүліктік ерекшеліктерді түсіруге ұмтылды. Бәрінен байқалатыны, мемлекетте болуы мүмкін – саяси режимді тасымалдау, олар өздерін «ең жоғарғы демократия» деп жариялаған, мысалы, ХХ ғ. социал – большевиктер және ұлттық - әлеуметтік мемлекеттері, азаматтарға өте қатыгездікпен қараған және керісінше, скандинавиялық және батыс еуропалық елдер қатарындағы Англия, Японияда монархиялық қатынастарды «адам еркін тыныс алатын» шын мәнінде өркендеуші демократия үлгісіне қызмет етеді.
Егеменділік – адамзаттық
өмір сүрудің табиғи өзіндік ұйымдастырылуының
адамға тән еркіндік сезімі мен нәтижесі.
Өзін жануарлардан ерекше жан екенін
алғашқы ұғынған парасатты
Индивид еркіндігінің осындай
мөлшерін анықтау үшін олардың әр
қайсысына бірге өмір сүру барысында
олардың бастапқы қажеттіліктерін
қанағаттандыратын қажетті
Қоғам ядросы сияқты егеменділік сапасы біртіндеп қалыптасты. Бірінші болып, бірге тұрып, еңбек ету қажеттілігі сезімі мен түйсігінің адамзат иесінің ұғымынан шығатыны бірлік болды деп санаймыз. Көпшіліктен өз кезеңінде құзіретті жоғарғыға жалпы ерікті білдіру және шығарудан бірлік пайда болады.