Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 08:58, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Мемлекеттің пайда болуының себептері мен жолдары................................5
1.2 Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялар........................................6
1.3 Мемлекет анықтамасының әртүрлілігі............................................................9

2 МЕМЛЕКЕТ МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы.........................................................15
2.2 Мемлекет белгілері..........................................................................................16
2.3 ҚР-сы – демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет.........20

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................29

Файлы: 1 файл

МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.doc

— 226.00 Кб (Скачать файл)

Сонымен, мемлекет жалпы алғанда қоғамның қалыпты  тіршілік етіп, қызмет істеуіне, халыққа  және, әсіресе, әлеуметтік қысым көрген және оның қысымға ұшыраған категорияларына байланысты жалпы міндеттерді  шешіп жатқан кезде мемлекеттің ролі жағымды бағалануы керек.

Қысымға ұшыраған адамдардың  материалдық және рухани қажеттілктерін қанағаттандыруға,  халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамсыз етуге, олар үшін тіршілік етудің  қалыпты жағдайын жасауға бағытталған  азаматтарға медициналық, тұрмыстық- коммуналдық, білім беру және  басқа да  қызмет көрсету түрлерінің бір бөлігін мемлекет өз  мойнына  алады. Мемлекет  коммерциялық және басқа да  мемлекеттік емес ұйымдардың  халықтың тұрмысы төмен тобына әлеуметтік  қызмет көрсеткені үшін салықтық  жеңілдіктер  белгілеп, олардың  қайырымдылық қызметін ынталандырып отырады.

Қазіргі таңда  азаматтар  үшін мемлекет есебінен тұрғын үй құрылысын  жүргізудің, медициналық, мәдени-ағарту, ғылыми, мектеп, спорттық объектілерді салу бағдарламалары  жүргізілуде[9,21б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 МЕМЛЕКЕТ  МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

2.1 Мемлекет  мәні, әлеуметтік құндылығы

 

Мемлекетті  мәні  оның  функциялары  арқылы  нақтыланып көрініс табды.  Мемлекеттің  функциялары -   қоғамдық қатынастарға ықпал ететін мемлекеттің ерекше механизмі.  Ол мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді  шешуге негізделген мемлекеттік қызметтің негізгі  бағыттары болып табылады.  Оның белгілері мынадай:

- қоғамдық өмірдің басты   сферасында   тұрақты қалыптасқан мемлекет-тің  қызметі;

- мемлекеттің мәні мен оның  әлеуметтік бағытының арасындағы тікелей  байланыстығы;

- қоғам дамуының тарихи кезеңдеріндегі пайда болатын ірі нақтылы міндеттері мен мақсаттарын орындауға байланысты мемлекеттің қызметінің  бағыттылығы;

- билік мәжбүрлеу  әдістерін қолдануға қажетті белгілі бір нысандағы (көбінесе құқықтық)  функциясын   іске асыру.1

Өзінің   бағытына сәйкес мемлекет, әдетте,  өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына  белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет фунциясын құрады. Оның астарынан  мемлекеттануда мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын  түсіну қабылданған,  онда өзіне қажетті қарым – қатынас тәртібін бекіту мен алдыға қойған  мақсатқа қол жеткізу ниетін түсіну қиын емес. Мемлекет  қызметінің осы негізгі бағыттарының әрқайсысы тұтастық пен оқшаулықтың үлгісін көрсете отырып, белгілі бір  айқындығымен сипатталады; онда аз мөлшердегі компоненттер  жинағы міндетті түрде болады, ол компоненттер мемлекеттің дербес функциясының мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық  қатынастың қандай да  бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіп шығады, үшіншісінің – жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т.б. Мемлекеттің ықпал ету объектісі болып табылатын  бұл қатынастар  бір функцияны екіншісінен ерекшелейтін  белгі ретінде саналады.  Функцияның нақты мағынасы өзіне лайық  нысанға  ие болуға мұқтаж. Нысан түсінігі көп мағыналы, оның құрамына  функцияны жүзеге  асыру жүктелген мемлекеттік органдардың  жүйесі сияқты,  онымен құқықпен  байланысты  қызмет те (құқық шығарма-шылығы,  құқықты жүзеге асыру және құқық қорғау кіреді).

Мемлекет функциясының  оны жүзеге асыру әдісі сияқты мынандай  компонентін бөліп көрсету керек,  оның  астарынан  ара қатынасты:

 а) сенімді  және  мәжбүрлеуді, 

б) басқаруды орталықтандырудың  және орталықсыздан-дырудың  бастауын,

в) авторитарлық пен қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез  –құлық варианттарын еркін таңдау принциптерін түсінуге болады. 

 

2.2 Мемлекет  белгілері

Мемлекеттің қоғамнан және басқа да қоғамдық ұйымдардан айырмасын  білуге  көмектесетін,  өзіне тән белгілері болады.

Біріншіден,   мемлекеттің тұтас аумағы  болады,  онда сол елдің өз халқы тұрады және оған сол мемлекеттің саяси  өктемдігі   жүреді.  Сол аумақта өмір сүретін адамдар конституциялық құқықтары мен міндеттерін пайдаланып сол мемлекеттің азаматтарына  айналады.  Қандай мемлекет  болмасын өзінің аумағын сыртқы басқыншылықтан қорғау үшін  көп жағдайларды ұйымдастырады және  шешеді.

Мемлекеттің даму  барысында халықтың  аумақтық принципі бірқатар мемлекеттік-құқықтық  институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс орната алды, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған еді. Олардың ішінде  қандай да бір мемлекетке тиесілілігі бекітілген азаматтық институт ерекшеленеді.

Екіншіден, мемлекеттің  қоғамды, оның қызметін өз жөнінде басқаруға  құрылып, ерекше аппараты бар, саяси (өкіметі) билігі болады. Демократиялық  қоғамда өкімет халықпен бірге  болады, себебі ол мемлекеттің аппаратын құрғанда тікелей қатынасып, бөліктерінің қызметіне бақылау  жүргізеді.  Өзіне  жүктелген қызметті орындау үшін,  саяси өкімет,  заңдар  қабылдайды және    басқа да  бәріне  бірдей шешімдер шығарады.

Құқықтық заңдар, ел азаматтарының  қолдауына  ие болып, мемлекет жағынан заңды  қимыл  жасамай – ақ  ерікті түрде  іске асырылады.  Өкімет өзін азаматтық  қоғамға  қарсы  қоймайды  және  оның мүддесін қамтамасыз етуге, экономикасының  дамуына барынша материалдық  жағдайлар жасап, қажетті  өмір сүру  деңгейіне жеткізуді көздейді.

Үшіншіден, тек  мемлекет  ғана өзін тәуелсіз билік  иесі екендігін көрсетеді.  Мемлекеттік  өкімет -  жоғарғы, тәуелсіз   және бөлінбейді.   Оның жоғарылығы және тәуелсіздігі өзінен басқа, мысалы, партияларға не болмаса басқа да  ұйымдарға бөлінбейді, себебі мемлекет өзінің өкімет билігін ешқандай басқа ұйымдармен бөліспейді.  Мемлекеттің тәуелсіздігі халықтың тәуелсіздігіне қарсы  қойылмаған.

Қазақстан Республикасының  1995 жылғы Конституциясы  бойынша  тек  халық қана   өкіметті және  тәуелсіздікті ұстайды.  Халық  референдум арқылы мемлекеттік және қоғамдық, маңызды мәселелерді шешуге  құқығы  бар.  Мемлекеттің тәуелсіздігіне оның әртүрлі, қандай болса да өкіметтен тәуелсіздігі, ішкі және сыртқы проблемаларын шешу мүмкіндігіне  ие болғандығы [3,162б].

Төртіншіден,  мемлекеттің өзі ғана, бәрін тегіс  қамтитын ұйым.  Ол барлық халықты  біріктреді  және оның  атынан шығады.  Оның шешімінің, барлық азаматтарға  және олардың ұйымдарына міндеттілік маңызы бар.

Бесіншіден, тек  мемлекет қана, әлеуметтік қажеттілікке,  отан қорғауға, мемлекеттік аппаратты  ұстауға, өз  азаматтарынан және барлық ұйымдардан алым – салық  жинайды. 

Мемлекет -  тәуелсіз биліктің саяси ұйымы, өзінің пайдалы  қызметтері арқылы  қоғамның алдында  тұрған  шешуші  мәселелерді іске  асырады.

Мемлекет –  саяси биліктің ұйымы, нақтылы мүдделерді (таптық,  жалпыадамдық,  діни, ұлттық т.с.с.)  айырықша іске  асыруға  белгілі аумақ  көлемінде ықпал  етуші.

Мемлекетті  рулық   құрылыстың әлеуметтік  билігінен айырып қарауға көмектесетін, -оның мынадай белгілері:

  1. Көпшілік биліктің болуы, қоғамнан бөлініп алынған және елдің тұрғындарына сай келмейді (мемлекеттің міндетті  түрде басқару және  мәжбүрлеу  аппараты болады,  себебі көпшілік билік – шенеуліктер, әскер, полиция, соған қоса абақты және басқа мекемелер).
  2. Алым–салық жүйесі (мемлекеттік аппаратты және заттар өндірмей,    тек басқару  жұмысымен шұғылданатын адамдарды  асырауға қажет).
  3. Тұрғындарды  аумақтарға бөлу (мемлекет өз аумағында тұратын  тұрғындарды өзінің  билігімен біріктіріп,  қорғайды).
  4. Тәуелсіздік (мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік).
  5. Құқық (мемлекет құықсыз өмір сүре алмайды, себебі ол  мемлекеттік билікті заң жүзінде  бекітеді және соған  байланысты оны басқаларға мойындатады,   заңды қалпын және  мемлекеттің   қызметінің нысанын белгілейді.

Бірінші белгісі  мемлекете жария биліктің болуы . Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп шыққан, басқару негізгі жұмысына, кәсібіне, мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы-адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы-рулық басқару ұйымы білген емес. Ол тек қана басқарудын мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің рабайсыз үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқару жөніндегі мамандарға бөлінген сияқты. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысты тек қана басқару функцияларын емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына кақысы бар.

Мемлекеттін басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салык жинауға мәжбүр болуы. Салық — бұл мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінін экономикалык негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені каржының жетіспеуінен немесе болмауынан онын бүкіл тіршілігі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлык азаматтары, соларға коса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі саяси және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру,  мәдениет салаларын қолдауға, экономиканың манызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық кауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс пен құқық бұзушылыкден күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.

Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынпа бөлетіндігі жатады, ал алғашқы — рулық басқару ұйымының негізі мүлдем басқаша — қандас туысқандардың байланысы мен қарым-қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісінде басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі құқықтарын беріп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде, оларды басқару ұымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ен алдымен олардың аумақтық тиістілігін, тұрғылықты жерін ескереді.

Мемлекеттің бірнеше белгілері  бар:

1.Аумақтық (территориялық) бөліну. Алғашқы  қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру-ру, тайпа-тайпа болып тұратын. Жоғарғы өкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын. Ер-азаматтар қаруын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған.

Қоғам топтарға бөлінгеннен кейін  жағдай өзгерген. Өндірістің өркен-деуі,  еңбектің бөлінуі,  сауданың өсуі, халықтың көбеюі ру мен тайпаның  бұрынғы бірлігін бұзды. Түрлі  рулар мен тайпалардың мүшелері  кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды. Соның арқасында олар бір-бірімен араласады. Қолөнер мен сауда өркендеген соң қалалар пайда болады. Бұларға басқа ру, тайпалардан көптеген келімсек халық келіп қосылады. Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды. Штаттар, губерниялар, болыстар пайда болады. Мемлекеттің заңдары мен өкілеттілігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне де қатысты.

2. Ерекше өкімет аппараты. Құлдық дәуірінде құл иеленушілер  мен құлдардың арасында тап  күресі күшейді. Аз ғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша өкімет аппараты керек болды. Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, шенеуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б. құралдары арқылы жүзеге асырды. Алғашқы қауымдық қоғамда олар болмаған.

3. Мемлекеттің егемендігі. Ол – ішкі және сыртқы істерін  атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. Сондықтан ол бүкіл  қоғам атынан ресми істі жүргізе  алады. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана  құқығы бар.

4. Ашық күш қолдану,  зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс  жасағандары еркінен айырудан  бастап, өлім жазасына дейін кесе  алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар.

5. Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халық-тан салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болатын.

6. Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Мысалы, партия-ға, кәсіподаққа, т.т. кірсең де, кірмесең де өз еркінде. Ал мемлекетің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласың. Азаматтығы жоқ адам (апатридизм) құқықтық жағынан қорғансыз келеді. Ал азамат болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады. Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме бірлестіктерден ерекшелендіреді.

Сонымен, мемлекет деп  белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.

Адамзат тарихында мемлекеттің  пайда болуынан бері оның неше түрлі  тұрпаттары (типтері) болған. Мемлекеттің тұрпаты қоғамды қандай тап басқарып отырғанынан, қандай таптың диктатурасы болып табылатындығынан айқындалады. Тарихқа белгілі мемлекеттің тұрпаттарына мыналар жатады: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік. Кейбір зерттеушілер мемлекеттің азиялық тұрпаты туралы жазып жүр. Бірақ бұл мәселе онша негізделмеген. Себебі, Азияда мемлекеттің бірнеше түрі болғаны белгілі. Сондықтан ол әлі талас тудыруда.

Мемлекеттің тұрпаты әр түрде көрініс беруі мүмкін. Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Оның үш жағы бар: 1) басқару түрі, 2) саяси тәртібі, 3) мемлекеттік құрылысы.

Басқару түрі жоғары өкімет  билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.

Монархия - жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, тиюі. Сондықтан оның билігі – мұралық билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі.

Ал көпшілік Еуропа мемлекеттерінде  еркек адамдарға да, әйел адамдарға  да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау, мемлеекеттің міндеті. Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орагн шектемейді, жжоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Шектелген монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелегн монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы Үндістан.

Информация о работе Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы