Казақстан республикасының сыртқы саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2014 в 07:59, дипломная работа

Описание работы

Сонымен қатар, Қазақстан дипломатиясының мемлекеттік ұлттық мүдделерін білдіретін өзіндік бітім-сипаты бар екендігін айта кеткен жөн. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының, сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның мүшесі ретіндегі белсенді мемлекеттердің біріне айналуда. Бұл күндері біздің еліміздің Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастығы жөніндегі Кеңес, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық Кеңесі секілді форумдардағы үні анық естілуде.
Тақырыптың өзектілігі:
XX ғасырдың 90-шы жылдары әлем мемлекеттерінің халықаралық істердегі бұрынғы қатынастардың түбірімен қопарыла құлау кезеңі болды.
Бүгінде әлемдік саясат сахнасында жаңа дербес тәуелсіз мемлекеттер шықты. Солардың бірі Қазақстан Республикасы еді. Халықаралық істердегі, мемлекетаралық істерді шешуде Қазақ дипломатиясының шоқтығы биіктей түсуде.

Содержание работы

КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары

КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________

Файлы: 1 файл

дис раб.docx

— 203.46 Кб (Скачать файл)

Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2006 жылдың 1-ші жартысында 844,7 млн. долларға жетті, соның ішінде, Қазақстандық экспорт - 260,55 млн., импорт-584,15 млн. долларды құрады.Елбасы Н. Назарбаев 2006 жылғы халқымызға Жолдауында: «Қазақстан мен АҚШ арасында ұзақ мерзімді және тұрақты серіктестік қатынастар орнаған, бұлар халықаралық энергетикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күрес, демократиялық өзгерістерді жалғастыра беру мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың кең ауқымымен сипатталады», деп көрсетті /33, 5-б./.

2006 жылғы қыркүйекте  Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-қа алтыншы ресми сапары болды. Онда Елбасы АҚШ Президенті Джордж Бушпен «Қазақстан-Америка бірлескен мәлімдемесіне» қол қойды. Бұл құжатта: «Біз Қазақстанның және Құрама Штаттарының стратегиялық әріптестігімізді ілгерілетуде қол жеткізген прогресіне қанағаттанушылық білдіреміз... Қазақстан мен Құрама Штаттар демократиялық дамудың маңыздылығын қуаттайды және Қазақстанның өкілетті институттарды нығайту жөніндегі күш жігерді жеделдетуді жақтайды. ...Құрама Штаттар Қазақстанда демократияны ілгерілету, діни бостандықтарды нығайту және азаматтық қоғамға қолдау жасау жөніндегі күш-жігерге қолдау білдіреді,... Құрама Штаттар Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі секілді өзара түсіністікті ілгерілету жөніндегі халықаралық бастамасын, содай-ақ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес секілді бейбітшілікті нығайту жөніндегі бастамасын құттықтаймыз,... Біз Қазақстандағы жоғары байытылған Уранды араластыру жөніндегі жаңа келіссөзді және Қазақстанның жуырда басталған Ядролық ланкестікке қарсы күрес жөніндегі жаһандық бастаманы қолдауының нақты қадамы ретінде Ядролық саладағы таратпау режимін нығайту жөніндегі бекем саясатын құттықтаймыз,... Қазақстанның таңғажайып экономикалық табыстарын мойындай отырып, Құрама Штаттар Қазақстанның күшті, экономикалық дамыған мемлекетке айналуына жәрдемдесуін жалғастырады,... Құрама Штаттар Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше болуына қолдау білдіреді, ... Біздің халықтарымыз арасындағы достықты нығайту мақсатында біз студенттер айырбасын қоса алғанда, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастығымызды кеңейту ниетіндеміз,... Құрама Штаттар Қазақстанның өңірлік интеграциядағы көшбасшылығына қолдау білдіреді,... Біз заң аясында жүзеге асырылып жатқан сауда-саттыққа шекаралық өтулер мен кедендік рәсімдерді жақсарту, көліктік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, трансшекаралық ресурстарды пайдалану жолымен қолдау білдіруге міндеттенеміз» деп атап көрсетілген. Сонымен, дүниежүзіндегі саяси, экономикалық және әскери жағынан ең қуатты мемлекет - АҚШ пен Қазақстанның көпжақты қатынасы ойдағыдай дамып келеді деген қорытынды жасауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2005  жылдың қазанында  АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза  Райстың Қазақстанға сапары өзара  қатынастардың сенімділік сипатын  қуаттады. Қазақстанның мемлекеттік құрылыс саласындағы табыстарын атап өтіп, біздің республика өңірде, халықаралық қауіпсіздікті сақтау мен экономикалық дамуда жетекші ұстанымда тұрғанын мәлімдеді және бұл ретте АҚШ Қазақстанды Еуразия континентіндегі болашақ шешуші ел ретінде танитынын атап көрсетті.

2006 ж. 5 - 6 мамырында АҚШ  Вице - президенті Р. Чейнидің  Қазақстанға сапары екі ел  қатынастарына жаңа серпін берді.Кездесулер  мен жүргізілген келіссөздерде  энергетика саласына, қауіпсіздікті  қамтамасыз етуге, сауда-экономикалық  ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Орталық Азиядағы геосаяси жағдай туралы, аймақтық интеграция, Каспий бассейні мен Еуразиялық кеңістік жайында пікір алмасылды. АҚШ Вице-президентінің сапары аясында екі жақты байланыстарды кеңейтуге бағытталған құжаттарға да қол қойылды. Оның ішінде, Жаппай қырып жоятын қарулар инфрақұрылымын жоюға қатысты келісімді түзету, Ядролық материалдардың заңсыз қозғалысының алдын алу саласы бойынша ынтымақтастық туралы атқарушы келісім және Үкіметтер арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум бар.Қазақстан Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігі мен АҚШ Қорғаныс Министрлігі арасындағы жаппай қырып - жою қаруының инфрақұрылымдарын жоюға қатысты келісімге түзетуге қол қойылды. Бұл құжатқа сәйкес, жоғарыда аталған мақсаттарға АҚШ 158 млн. доллардан астам көлемде елеулі қаржы бөлетін болды. Тікелей «Шеврон» және «Мобилдің» қатысуы жағдайында Каспий тұрба құбыры консорциумы құрылып, 2001 жылы мұнай құбыры пайдалануға берілді. 2006 жылғы 16 маусымда Қазақстан Баку-Тбилиси-Жейхан Транскавказ мұнай құбырына косылды.

Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2006 жылдың 1-ші жартысында 844,7 млн. долларға жетті, соның ішінде, Қазақстандық экспорт - 260,55 млн., импорт-584,15 млн. долларды құрады.Елбасы Н. Назарбаев 2006 жылғы халқымызға Жолдауында: «Қазақстан мен АҚШ арасында ұзақ мерзімді және тұрақты серіктестік қатынастар орнаған, бұлар халықаралық энергетикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күрес, демократиялық өзгерістерді жалғастыра беру мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың кең ауқымымен сипатталады», деп көрсетті /33, 5-б./.

2006 жылғы қыркүйекте  Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-қа алтыншы ресми сапары болды. Онда Елбасы АҚШ Президенті Джордж Бушпен «Қазақстан-Америка бірлескен мәлімдемесіне» қол қойды. Бұл құжатта: «Біз Қазақстанның және Құрама Штаттарының стратегиялық әріптестігімізді ілгерілетуде қол жеткізген прогресіне қанағаттанушылық білдіреміз... Қазақстан мен Құрама Штаттар демократиялық дамудың маңыздылығын қуаттайды және Қазақстанның өкілетті институттарды нығайту жөніндегі күш жігерді жеделдетуді жақтайды. ...Құрама Штаттар Қазақстанда демократияны ілгерілету, діни бостандықтарды нығайту және азаматтық қоғамға қолдау жасау жөніндегі күш-жігерге қолдау білдіреді,... Құрама Штаттар Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі секілді өзара түсіністікті ілгерілету жөніндегі халықаралық бастамасын, содай-ақ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес секілді бейбітшілікті нығайту жөніндегі бастамасын құттықтаймыз,... Біз Қазақстандағы жоғары байытылған Уранды араластыру жөніндегі жаңа келіссөзді және Қазақстанның жуырда басталған Ядролық ланкестікке қарсы күрес жөніндегі жаһандық бастаманы қолдауының нақты қадамы ретінде Ядролық саладағы таратпау режимін нығайту жөніндегі бекем саясатын құттықтаймыз,... Қазақстанның таңғажайып экономикалық табыстарын мойындай отырып, Құрама Штаттар Қазақстанның күшті, экономикалық дамыған мемлекетке айналуына жәрдемдесуін жалғастырады,... Құрама Штаттар Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше болуына қолдау білдіреді, ... Біздің халықтарымыз арасындағы достықты нығайту мақсатында біз студенттер айырбасын қоса алғанда, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастығымызды кеңейту ниетіндеміз,... Құрама Штаттар Қазақстанның өңірлік интеграциядағы көшбасшылығына қолдау білдіреді,... Біз заң аясында жүзеге асырылып жатқан сауда-саттыққа шекаралық өтулер мен кедендік рәсімдерді жақсарту, көліктік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, трансшекаралық ресурстарды пайдалану жолымен қолдау білдіруге міндеттенеміз» деп атап көрсетілген. Сонымен, дүниежүзіндегі саяси, экономикалық және әскери жағынан ең қуатты мемлекет - АҚШ пен Қазақстанның көпжақты қатынасы ойдағыдай дамып келеді деген қорытынды жасауға болады.

 

 

 

 ҚОРЫТЫНДЫ

Біздің еліміздің халықаралық  қатынастар жүйесінде алатын орны ерекше.  Оның әлем өмірінде жаңа сипатта, жаңа қырдан көрінуіне бар болғаны 17 жыл ғана толып отыр. Қазақстанның сыртқы саясаты бейбітшілік пен ынтымақтастық бағытында нығайып дамуда. Тәуелсіздігіміздің 17-жылдық мерейтойы — біздің елдің ғана емес, барша әлем мемлекеттерінің де мерекесі. Әсіресе осы 17 жылда еліміздің дипломатиясының, сыртқы саясатының жетістіктері шетелдерде жоғары бағалануда. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан Қазақстан Республикасының дипломатиясын жоғары бағалағанын мақтанышпен айтуымызға болады.

 

             1990 жылы 25-қазанда егемендігін, 1991 жылы 16-желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған Казақстан — халықаралық дүниенің кең арнасына шыққаны айқын. Оның тәуелсіздігін 150-дей мемлекет мойындап, 125 мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының және тағы басқа көптеген ықпалды халықаралық ұйымдардың мүшесі болды. Мұның өзі Қазақстанның басқа елдерге кең танылуына және оның тәуелсіздігіне жол ашты. Оның үстіне демократиялық және зиялы мемлекет ретінде ол барлық мемлекеттермен тең, әрі өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алды. Бұл жерде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағдары сан қырлы дипломатиясына, ұлттық мемлекеттік дербестікті қалыптастыруға аса үлкен көңіл бөліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жемісті еңбегі деп айтуымызға болады.

Казақстанның әлемде бейбітшілікті орнатуда, ядролық қарудан бас тартуда сіңірген еңбегі мол. "Қазақстан Республикасының ядролық қарудан бас тартуы әлемдегі барлық елдерге бағдар болғандай керемет өнеге, деді Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Владимир Петровский, — Казақстан жай сөз емес, ядролық қарусыз дүние орнықтыру ісіне батыл да нақты істерімен үлес қосып келеді. Ол әлем халықтары қауымдастығында ерекше орны бар елге айналды" /34, 3-б/.

Бұл табыс, біздің пікірімізше, Қазақстан дипломатиясының XXI ғасыр басындағы әлемдегі бейбітшілік пен ынтымақтастыққа қосқан үлкен үлесі деуге болады.

Сонымен қатар, Қазақстан  дипломатиясының мемлекеттік ұлттық мүдделерін білдіретін өзіндік бітім-сипаты бар екендігін айтқан жөн. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің арасында Қазақстан Республикасы өзінің географиялық аумағы бойынша алтыншы, халқының саны бойынша елуінші орында. Казақстан Еуразия континентінің кіндігінде орналасқан ғажайып мемлекет болып табылады, өзінің тиімді географиялық орнымен ол Азия мен Еуропаны байланыстыратын өзіндік бір көпір десе де болғандай.

Бұл арада біздің мемлекетіміздің мақсаты мұндай жағдайды тиімді пайдаланып, сыртқы саясатта елге экономикалық та, моральдық та залал келмеуіне қол жеткізу, халықаралық қатынастардың психологиялық атмосферасы үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасау болып отырғанын атап өткен жөн. Өткен он алты жыл ішінде тәуелсіз, егемен қазақ мемлекетінің сыртқы істер министрлігі біздің сыртқы саясатымызда, ішкі жаңғыртуларды жүзеге асырып, алға басу, экономикалық реформаларды жүргізуге аса қажетті сыртқы қолдауларды алуға сәтті бағдар ұстау мәселесін берік қолға алды.

Тәуелсіз елдің әлемдік  істерге бару бағытындағы жалпы  фәлсафасы республика прагматизм сипаттары  мен принциптерін иемденетінін байқауда Қазақстанның әлемдік сахнадағы өмірлік мүдделері оның беделі мен көзқарасы көп жағдайда таяу мемлекеттерінің әрқайсымен толық ауқымды қатынастарды одан әрі дамытуға тығыз байланысты деп ойлаймыз. Сондықтан да әскери, саяси, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастықты, дағдарыстар мен қақтығысуларды реттеу мен жеңудің тетіктерін әзірлеуді қамтамасыз ететін тиімді ұйым ретінде достастықтың қалыптасуына бағытталған біздің бағытымыз барынша нәтижелі болуы тиіс. Осыған орай, Н.Ә.Назарбаевтың "Достық пен ынтымақтастық саясатын жүргізе отырып, біз Қазақстан шекарасының бүкіл бойында сенімді "қауіпсіздік белдеуін" жасай алдық. Мейлі ол таяу көрші, немесе бізден алыста жатқан ел болсын, қалай болғанда да Қазақстанның бірде-бір мемлекетпен арада қандайда бір елеулі қарама-қайшылығы немесе проблемасы жоқ — деп атап айтуы кездейсоқ емес. Қазақстанның болашағы әлемдегі әртүрлі континенттердің ынтымақтастық дәнекері болып тұруында. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысты саясатқа ерекше мән берілуде. Әсіресе, ТМД-ны нығайту Еуразияның ірі мемлекеті ретінде Қазақстанның стратегиялық мүдделері сай келетінін Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткен болатын.

Осыған орай, Қарабах  бойынша Қазақстанды ЕҚЫК-нің  Минск тобына қосу туралы мәселеге әзірлік жұмысына белсенді қатысқанын айта кеткен жөн.

Қазақстанның ресми  өкілдері Тәжікстанға осындай мақсатпен  бірнеше рет барып, ондағы Котты нүктелерде" болып, жауласушыларды жарастыруға жәрдем көрсетті. Бұл бейбіт бітімгершілік күш-жігер, көптеген елдер тарапынан, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЕҚЫК басшылығы тарапынан оң қолдау және онды пікірлер тудырды.

ТМД — субъектілері өздерінің  даму кезеңінің белгілі бір белесінен  өткенде өз халықтарының экономикалық және мәдени гүлденуі үшін, шын мәнінде  тәуелсіз мемлекеттер ретінде қалыптасу жолында жаңа Еуразия одағына бірігуге мүдделік танытып, өздерінің осыған ниеттестігін білдіруі керек. Сонда ғана қазіргі өмір талабына сай келер еді.

Республикамыздың ТМД  елдерімен екі жақты және көпжақты деңгейдегі ынтымақтастығына келер  болсақ, еліміздің дипломатиясы әсіресе, Ресей мен Қазақстанның достығына ерекше мән береді. Мәселе, екі мемлекет басшыларының 1998 жылдың шілдесінде Мәскеуде қол қойылған XXI ғасырға бағдарланған мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Декларациясы екі ел үшін маңызды тарихи, саяси мәнге ие. ТМД елдерімен мемлекет аралық қатынастардың толық жүйесін жасап, дамыту және біздің сыртқы саясатымыздың басқалармен тек құқықтық жағдайда болуы тұрақты мәнге ие болуда, бұл аса маңызды істердің бірі. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдің өзара мүдделікке тарихтың ортақтығы, екі ел экономикасының жоғары ынтымақтастық дәрежесі, ортақ шекараның ұзындығы, тағы басқа да көптеген факторлар әсер етіп отыр.

Еліміздің сыртқы саяси  бағытын қалыптастыру негізінде  Қазақстан дипломатиясы халықаралық  достық пен ынтымақтасудың азиялық және еуропалық бағыттарын құқықтық тең дәрежеде ұстауы принципін алға қойып отыр.Қазір іркіліктерсіз жұмыс істей бастаған Орталық - Азия экономикалық қоғамдастығының түпкілікті қалыптасқаны қуанарлық жәйт. Елімізде біздің осы қоғамдастық мемлекеттері басшыларының кезекті кездесулерінің өткізілуі — бұл мемлекеттермен қарым-қатынастарды нығайту Қазақстанның Азиялық аумағындағы қауіпсіздігін саяси-дипломатиялық құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, республика экономикасын Азия аймағындағы серпінді дамып келе жатқан интеграциялық прогрестерге қосу үшін маңызды. Бүгінде ауқымды және аймақтық проблемалардың кең кешені бойынша бұл мемлекеттермен өзара қарым-қатынас жасауға аса қажет елеулі мүмкіндіктер ашылды да. Мемлекет аралық интеграция аймақтық дамудың басты бағыты болып табылады. Батыс Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Оңтүстік Шығыс Азияда ортақ экономикалық және геосаяси мүдделер байланыстырып отырған қуатты блоктар мен аймақтық бірлестіктердің жұмыс істеуі — мұның бәрі Казақстанның сыртқы саясатындағы басты бағыттары бар екендігін көрсетуде.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

1.    Абдулпаттаев С.   Қазақстан Дипломатиясының кезеңдері.  // Ақиқат.  №8,  1999.

2.  Ыдырысов Е. Қазақстан тәуелсіздігінің  сыртқы  саяси  қырлары.  // Ақиқат №8, 2001.

3.   Назарбаев Н.   Ғасырлар  тоғысында.  –Алматы: “Өнер”,1996.

4. 5.  Абдулпаттаев.С. Қазақстан   Дипломатиясының кезеңдері. // Ақиқат.№8 1999..

6.   Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы  /90 сұрақ 90 жауап/.  -Астана, 2004.  

7. 8. 9. Назарбаев.Н.  Стратегия ресурсосбережение и переход к рынку. – Москва, 1993.

 

 

10,14. Тоқаев.Қ. Очерки  дипломата 2-книга.  –Алматы:  “Жібек  жолы”,      2007.

11.   Мансұров.Т. Қазақстан- Ресей қатынастары өзгерістер  дәуірінде 1991- 2001 жыл .- Алматы  “Қазақстан” 2006.

12.   Назарбаев.Н. Тарих толқынында .-Алматы 1999.

13,16,18.22. Ермекбаев.Н, Қойшыбаев.Г, Лама Шариф К. Казахстан  и страны  мира. Книга альбом – Алматы, Издательство “Өнер” 2006.

15,17. / Егемен Қазақстан  Айырмасы жоқ айыр қалпақты ағайын. 2006 жыл 5-шілде №115.

19,20,21,24. Абдулпаттаев.С. Еуропа  Одағы елдерімен қатынасы . // Ақиқат. №6 2007

23,25.  Аупбаев.А.  Қазақстан- Түркия: білім  саласындағы байланыстар . // Ақиқат.№2 2002. 

26,28.  Сәрсембаев.М.,Сарсембаев.Қ,   Қазақстандағы Кәрістер және халықаралық құқық ауқымындағы Қазақстан- Оңтүстік Корея қатынастары.  // Ақиқат №9 2007.

27.  Мен.Д.   Халықаралық қатынастар: Қазақстан- Корея Республикасы . // Ақиқат  №1 2002.                                                                                                                                                                      

Информация о работе Казақстан республикасының сыртқы саясаты