Казақстан республикасының сыртқы саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2014 в 07:59, дипломная работа

Описание работы

Сонымен қатар, Қазақстан дипломатиясының мемлекеттік ұлттық мүдделерін білдіретін өзіндік бітім-сипаты бар екендігін айта кеткен жөн. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының, сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның мүшесі ретіндегі белсенді мемлекеттердің біріне айналуда. Бұл күндері біздің еліміздің Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастығы жөніндегі Кеңес, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық Кеңесі секілді форумдардағы үні анық естілуде.
Тақырыптың өзектілігі:
XX ғасырдың 90-шы жылдары әлем мемлекеттерінің халықаралық істердегі бұрынғы қатынастардың түбірімен қопарыла құлау кезеңі болды.
Бүгінде әлемдік саясат сахнасында жаңа дербес тәуелсіз мемлекеттер шықты. Солардың бірі Қазақстан Республикасы еді. Халықаралық істердегі, мемлекетаралық істерді шешуде Қазақ дипломатиясының шоқтығы биіктей түсуде.

Содержание работы

КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары

КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________

Файлы: 1 файл

дис раб.docx

— 203.46 Кб (Скачать файл)

«Біз ғаламдық экономика  мен демократиялық мемлекеттер  қауымдастығына барынша өскелең  дәрежеде интеграцияланып келе жатқан XXI ғасырдағы бейбітшіл, өркендеген және Егемен Қазақстанның жалпы көрінісіне қол жеткізу мақсатында екі ел арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға деген ұстанымымызды мәлімдейміз. Осы мақсаттар үшін біз терроризмге қарсы күресте және қырып жоятын қаруды таратпау, демократиялық, саяси, нарықтық және экономикалық реформалар, сондай-ақ, нарықтық инвестициялар мен энергетика қорларын дамыту жөніндегі өз ынтымақтастығымызды алға бастыра береміз.

Бұл мақсаттар одан әрі  біздің терроризм мен жаппай қырып-жоятын қаруды тарату қатерінің Америка Құрама Штаттары Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге, бүтіндей алғанда, бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне қатер төндіретіндігін мойындайтынымызды айғақтайды. Осыған орай, біз ондай қатерлерге қарсы тұрып, Қазақстанмен оның орталық-азиялық көршілерімен, Құрама Штаттармен, сондай-ақ, біздің еуропалық достарымызбен, әріптестерімізбен және одақтастарымызбен арадағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығымызды дамытуға ұмтыламыз. Осы мақсаттарға жету үшін біз ымтымақтастықты НАТО-ның «Бсйбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы шеңберінде де екіжақты негізде дамыта түсуге ниеттіміз.

Біз терроризмге қарсы  соғыстағы бірлескен қимылды  халықаралық коалиция шеңберінде де, ол аяқталғанға дейін жалғастыра беруге деген ниетімізді айғақтаймыз.

Біз өзіміздің кең өкілеттіліктегі Ауғанстан үкіметінің ел ішінде және көршілерімен бейбітшілікке қол жеткізуіне қолдау жасайтынымызды атап көрсетеміз. Сондай-ақ, біз Ауғанстанды қайта құруда бірге қызмет етуге, ынтымақтастыққа дайын екенімізді мәлімдейміз.

Қазақстанның ядролық  мәртебеден өз еркімен бас тартқан  бірінші ел екенін мойындай отырып, біз жаппай қырып жоятын қаруды таратпауға деген өзара ұстанымымызды айғақтаймыз. Тараптар барлық иеленуші елдердегі  қарулардың ядролық, химиялық және биологиялық  компоненттерінің нақтылы сақталуы мен есепке алу және олардың заңсыз айналымының алдын алуға ерекше назар аудару қажеттігіне өзара келісім білдіреді. Біз қатерді бірлесіп қысқарту туралы Американ-Қазақстан келісіміне сәйкес осы мәселелер бойынша өз ынтымақтастығымызды ұлғайтуға дайын екенімізді білдіреміз.

Қазақстан мен Құрама Штаттар Орталық Азиядағы қауіпсіздік  пен тұрақтылықты қамтамасыз ету  жөніндегі әріптестік рухтағы ынтымақтастықты  күшейте түспек. Екі жақ та Орталық  Азия мемлекеттері арасындағы сауда  және экономикалық байланыстарды басым салалар бойынша кеңейту, оның ішінде экологияны, су қорларын, көлік жүйесін қоса отырып, аймақтық интеграцияны тереңдету аймақтағы кауіпсіздікке негіз болады деп біледі. Құрама Штаттар шекаралық бақылауды күшейту және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс қабылетін арттырудағы Қазақстанға көмек көрсету бағдарламасын нығайту туралы мәселені қарайтын болады.

Біз нарық экономикасы  мен заңның үстемдігі біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты мен біздің қоғамымыздың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі неғұрлым тиімді тәсілдер екенін мойындаймыз. Құрама Штаттар мен Қазақстан екі жақты экономикалық, сауда және инвестициялық қарым қатынастарды, біздің елдеріміздің іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейту жолымен де алға бастыруға міндеттенеді. Бұл мақсаттарға жету инвестициялар жолындағы заңнамалық және әкімшілік кедергілерді жоюда, келісім шарттарға құрметті нығайтуды және заңның үстемдік құруын, коррупцияны азайтуды және Қазақстанның экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы елеулі табыстарын еселей түсуді қажет етеді.

Сондай-ақ, біз Қазақстанның стандартты және келісілген критерийлер  және оны Джексон Вэник түзетуінен шығару негізінде Бүкілдүниежүзілік  Сауда Ұйымына мүше болуына қолдау көрсету жолымен Қазақстанның ғаламдық экономикаға интеграциялануын алға бастыруға ықпалдаса бермекпіз,

Біз Қазақстанның мұнайы мен газы үшін экспорттық жолдарды диверсификациялауға, сондай-ақ энергетика қорларын ғаламдық көлемге жеткізуге  бағытталған энергетикалық әріптестікті нығайтуға деген өз ұмтылысымызды айғақтаймыз. Біз Каспий энергия қорларын монополиялармен және шектеулермен қысым жасалмаған, белгіленген географиялық бағыттармен жеткізуді қамтамасыз ететін көп векторлы құбыр жолдарын дамытудың бұл іс шарадағы шешуші элемент екенімен келістік. Біз таяудағы Каспий құбыр консорциумының (КТК) ашылуын қуаттаймыз және коммерциялық жағдайдағы Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай экспорты бағытын дамытуға өзіміздің қолдау жасайтынымызды атап көрсетеміз. Біз сол сияқты, шет ел инвесторларының құқыларын қорғауда және сот инстанцияларының, атап айтқанда, халықаралық төрелік соттардың шешімдерін кұрметтеуде бірлесе жүмыс істейтін боламыз.

Демократияның ұзақ мерзімді тұрақтылықтың бірден бір тетігі екенін мойындай отырып, біз өзіміздің  тәуелсіз ақпарат құралдары, жергілікті басқару, плюрализм, сондай-ақ, еркін де әділ сайлаулар тәрізді демократиялық институттар мен үрдістерді нығайтуға деген өзіміздің ниетімізді айғақтаймыз. Сонымен қатар, өзіміз мүшелері болып табылатын БҰҰ мен ЕҚЫҰ қолдау көрсететін заңның үстемдігін нығайту мен дін бостандығын және адамдардың басқа да әмбебап құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі өзіміздің өзара міндеттемелерімізді айғақтаймыз. Ең соңында, біз өзара сапарлар, үкіметтік емес ұйымдардың ынта білдірулері және іскер топтар өкілдері арасындағы байланыстар арқылы біздің елдеріміздің азаматтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуды өз міндетімізге аламыз.

2001 жылғы 11 қыркүйек  оқиғаларынан кейін, Қазақстан  АҚШ-пен оның халықаралық терроризмге  қарсы күрес коалициясына біріккен әріптестерінің алғашқылардың бірі болды. «Мызғымайтын бостандық» операциясының шеңберінде Америка жағына әуе дәлізі берілді. Сонымен бірге, олардың өтінуі бойынша, Иракқа қазақстандық инженер - сапер отряды жіберіліп, олар үш миллионнан артық жарылғыш заттарды залалсыздандырды.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2001 жылдың желтоқсанындағы АҚШ- қа ресми  сапары екі жақты қатынастар үшін айрықша маңызды болды. Н. Ә. Назарбаевтың АҚШ Президенті Дж Бушпен кездесуінің  нәтижесінде «Қазақстан - Америка  жаңа қатынастары туралы» бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Бұл құжатта екі елдің ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестіктерін дамыту туралы атап көрсетілді. Сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ арасындағы энергетикалық әріптестік туралы декларация қабылданып, ол энергетика саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың бұдан былайғы басымдықтарын айқындап берді.Қазақстан мен АҚШ-тың әскери ынтымақтастық саласындағы басымдықтары 2003 жылы қол қойылған Қазақстан мен АҚШ-тың Қарулы Күштері арасындағы Бесжылдық ынтымақтастық жоспарында анықталған. Мұның өзі ҚР Қарулы Күштерін нығайтуға жәрдемдесудің маңызды құралы болып табылады. Осының негізінде «Шетелдік әскери қаржыландыру», «Халықаралық әскери оқыту және әзірлеу» бағдарламалары және екі жақты ынтымақтастықтың басқа да бағдарламалары жүзеге асырылады. 2006 жылы АҚШ біздің елімізге 4,22 млн. доллар сомасына әскери-жабдық пен тренинг беруді жоспарлады.

Страницы:← предыдущая12345678910следующая →

Описание

Мақсаты мен міндеттері: 
- Диплом жұмысының мақсаты қазіргі замандағы Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары, ТМД, Еуроодақ елдерімен, Шығыс және Орталық Азия мемлекеттерімен АҚШ- мен Достық, Ынтымақтастық екі жақты және көп жақты қатынастарын зерттеп, зерделеу және мазмұнын ашу болып табылады.  
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап өтуге болады: 
- Қазақстанның қазіргі кезендегі географиялық және геосаяси орналасу жағдайын көрсету; 
- Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясаттағы, экономикадағы басым бағыттарын таныту; 
- Қазақстан мен ТМД, АҚШ, Азия құрлығындағы елдер, Еуроодақ елдерімен, ондағы дипломатиялық және экономикалық байланыстардың қалай өрбуде екенін атап көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3- 
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ 
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________ 
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері) 
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы 
 
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________ 
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы) 
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.) 
 
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________ 
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы 
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы 
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины 
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары 
 
КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________ 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________

 

 

І.2. « Қазақстан -2030» Қазақстан Республикасының  стратегиялық даму бағдарламасы.

Тәуелсіз Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуының жария етілгеніне биыл 11 жыл толуда.

Адамзат тарихына шаққанда қас – қағым сәт болып есептелінетін  осы мерзім ішінде еліміз маңыздылығы  жағынан ғасырларға тез келетіндей кезеңдерді басынан өткеріп үлгеруде. Стратегиялық  даму бағдарламасы қабылданған сан жылдар көпшілігіміздің есімізде саралануда. Нарықтық экономикаға бет бұрған сәтте ұлттық өндірісіміз дағдарысқа ұшырап, сөйтіп мыңдаған адамдар жұмыстан шеттетіліп, олар шарасыздықтың күйін кешуге мәжбүр болды. 

«Халқыңыз молшылықта болса  – Сіз неден таршылық көресіз?»  деп Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций айтқандай, неғұрлым кең мағынасында  алғанда, үкіметтің кез келген әрекетінің әлеуметтік, яғни қоғамдық маңызы бар екендігінде.

Бүгінгі күні Қазақстанның стратегиялық  дамуын айқындап берген басты құжаттың негізгі  бағыттары біртіндеп және өз ретімен жүзеге асырылуда. Осы аталған «Қазақстан 2030» стратегиясында «Қазақстанның миссиясы» ашылып көрсетілді. Ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі, жоғарғы деңгейдегі шет елдік инвестициялары бар дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өрлеу, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және игілігі, энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым, транспорт және байланыс;Олар елдің толық көлемді, кешенді және жүйелі дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Олардың ерекшелігі сонда, яғни әрбір басымдылық нақты және ерекше міндеттерді шеше отырып басқару, іске асыруды қамтамасыз етуде негізге алынған көзқарастардың кемелдігі мен жүйелілігі осында болып табылуда».

«Стратегия 2030» - бұл күрделі  және көп деңгейлі жұмыстың, дүниежүзілік экономиканың теориясы мен іс –  тәжірибесіне терең талдау жасаудың, тақырыптық, салалық және индикативтік жоспарлардың, математикалық және экономикалық себептердің, көптеген елдер бойынша қаншама сапарлардың және танымал зерттеулер мен пікірталастардың нәтижесі деп бағалануда. Стратегияны жасауға халықаралық ұйымдар, бәрінен бұрын БҰҰ үлкен көмек көрсетуде.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің әрекеттері бағдарламасында алға қойылған мақсаттар мен басты міндеттерді сараптауға бағытталған негізгі шаралардың  кешені көрсетілген.

  1. Ұлттық қауіпсіздік.

 

            Ұлттық қауіпсіздіктің  негізгі міндеттері мемлекеттің  егемендік пен территориялық тұтастығын нығайту. Орта Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтау және алмасымда, көп тармақты сыртқы саяси курсты жүргізу арқылы Қазақстанның айналасындағы бейбітшілік белдеуін кеңейте түсу болып табылады /6,153-б./.

Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталып тұрғанына куә болудамыз. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыруда.

Қазіргі таңда қауіпсіздіктің болымдығы анық: Егер еліміз қауіпсіздігін  сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі  қисынсыз болар еді.

Қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету үшін күшті мемлекет болуға және көрші мемлекеттермен берік және достық қарым – қатынаста болуда. Сондықтан да ең жақын және тарихи достас көрші Ресеймен арадағы қатынас дамуда. ҚХР – мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастар жалғасуда.

2005  жылдың қазанында  АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза  Райстың Қазақстанға сапары өзара  қатынастардың сенімділік сипатын  қуаттады. Қазақстанның мемлекеттік құрылыс саласындағы табыстарын атап өтіп, біздің республика өңірде, халықаралық қауіпсіздікті сақтау мен экономикалық дамуда жетекші ұстанымда тұрғанын мәлімдеді және бұл ретте АҚШ Қазақстанды Еуразия континентіндегі болашақ шешуші ел ретінде танитынын атап көрсетті.

2006 ж. 5 - 6 мамырында АҚШ  Вице - президенті Р. Чейнидің  Қазақстанға сапары екі ел  қатынастарына жаңа серпін берді.Кездесулер  мен жүргізілген келіссөздерде  энергетика саласына, қауіпсіздікті  қамтамасыз етуге, сауда-экономикалық  ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Орталық Азиядағы геосаяси жағдай туралы, аймақтық интеграция, Каспий бассейні мен Еуразиялық кеңістік жайында пікір алмасылды. АҚШ Вице-президентінің сапары аясында екі жақты байланыстарды кеңейтуге бағытталған құжаттарға да қол қойылды. Оның ішінде, Жаппай қырып жоятын қарулар инфрақұрылымын жоюға қатысты келісімді түзету, Ядролық материалдардың заңсыз қозғалысының алдын алу саласы бойынша ынтымақтастық туралы атқарушы келісім және Үкіметтер арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум бар.Қазақстан Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігі мен АҚШ Қорғаныс Министрлігі арасындағы жаппай қырып - жою қаруының инфрақұрылымдарын жоюға қатысты келісімге түзетуге қол қойылды. Бұл құжатқа сәйкес, жоғарыда аталған мақсаттарға АҚШ 158 млн. доллардан астам көлемде елеулі қаржы бөлетін болды. Тікелей «Шеврон» және «Мобилдің» қатысуы жағдайында Каспий тұрба құбыры консорциумы құрылып, 2001 жылы мұнай құбыры пайдалануға берілді. 2006 жылғы 16 маусымда Қазақстан Баку-Тбилиси-Жейхан Транскавказ мұнай құбырына косылды.

Информация о работе Казақстан республикасының сыртқы саясаты