Қазақтың тарихында
Түріктің ірі компаниялары «Рам Диш Тиджарет»,
«Коч Холдинг», «Анадолу Грубу», «Энка
Холдинг», «Текфен Холдинг», «Джейлан
Иншаат Ахсель», «Окан Холдинг», «Алорко
Холдинг» - қызмет етуде. Қазақстан Республикасының
Статистикалық Агенттігінің мәлімдеуінше,
2005 жылы сауда айналымы 556,8 млн. долларға
жеткен. Экспорт 156,9 млн. доллар, ал импорт
399,5 млн. долларды құрауда. Қазақ экспорт
мұнай, металл, Түрік импорты құрылыс материалдары,
химиялық шикізат өнімдері.
Мәдени, білім беру салаларында
да, оң өзгерістер байқалуда. 1992 жылы Қазақстан
мен Түркия елбасылары қол қойған білім
мен ғылым саласындағы ынтымақтастық
келісімшарттары екі елдің осы саладағы
қарым – қатынасының өзара дамуының негізін
қалады. Ортақ тарихи және мәдени мұраларымызды
өсіп келе жатқан жастарымыздың жадына
сіңіру үшін білімпаз, ғылымпаз алатын
орны ерекше. Сол себептен, екі ел Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев пен Сүлейман Демуел
«Үлкен студент – оқушы жобасын іске асырды»
/23, 26-б./.
Жыл сайын білімдерін жетілдіру үшін
Қазақстаннан Түркияның Жоғары оқу орындарының
аспирантураларына қазақ жастары көптеп
жіберілуде. Бұл жайт жастардың таңдаған
мамандықтарын жете игеріп, сапалы білдім
алуының кепілі болуда. Осыған орай, екі
мемлекет арасындағы келісімге сәйкес
Түркия мен Қазақстанның Білім министрліктерінің
тарапынан жыл сайын дәстүрлі түрде емтихан
– сынақ өткізіледі. Іріктеу емтиханынан
жоғары баға алған оқу орындарына түсіп,
білім алу мүмкіндіктеріне ие болады.
Күні бүгінге дейін Қазақстанның Түркияға
білім алуға 2500 – дей жастар жіберіліп,
жыл сайын университет пен аспирантураларға
оқу үшін 150 – дей студент жолдама алуда.
Өз кезегінде, Қазақстанда, атап
айтқанда, 1992 жылы Көкшетау, Кентау қалаларында,
1993 – 1995 жылдар аралығында Алматы, Қызылорда,
Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Жамбыл, Жезқазған,
Қарағанды, Талдықорған, Астана, Қостанай,
Павлодар, Семей қалаларында қазақ – түрік
лицейлері ашылды. Бұл игі істер қазақ
– түрік бірлік қоры тарапынан іске асырылуда.
Осы лицейлерде оқушыларға қазіргі заманға
сай білім берілуде. Соның жарқын дәлелі
– осы лицейлерде оқитын оқушылардың
Қазақстанда, тіпті шетелдерде де ұйымдастырылған
әр түрлі пәндік олимпиадаларда жүлделі
орындарға ие болуы Қазақстандағы бұл
лицейлердің табысты да жемісті еңбектеріне
Түркияның Қазақстандағы бұрынғы Төтенше
және өкілетті елшісі Куртулуш мырза айрықша
назар аударып «Орталық Азияға жасалған
инвестицияның ең маңыздысы – білім ынтымақтастығы»
болғанын атап көрсетті.
1992 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы мен Түркия
Республикасы Үкіметтері арасындағы келісім шеңберінде Түркістан
қаласында түркі еліндегі тұңғыш халықтарының
Қазақ – Түрік университеті ашылды. Сүлеймен
Делиуен мырза екі ел басылары бастамасының
арқасында дүниеге келген бұл университеттің
қазіргі білім беру жүйесіне сай парасаттылыққа
тәрбиелейтін Түркия мен Қазақстан арасындағы
байланыстардың қол жеткізген ең маңызды
бір шарасы болғанын ашып көрсетіп еді.
Қазіргі таңда Университетте
14 мыңнан астам студент білім алуда. Оның
аспирантурасы мен магистратурасында жастар
өз білімін шыңдауда. Ұлы бабамыз, сопылық ілімді
таратушы Қожа Ахмет Яссауи есімі берілген
аталмыш жоғары оқу орнында жастардың
жақсы білім алып, ғылымды дамытуы үшін
барлық жағдай жасалуда. Университеттің
Алматыда, Шымкентте, Көкшетауда филлиалдары
бар.
Екі мемлекеттің білім саласындағы өзара байланыстарының
ең алғашқы игі қадамдарының бірі – Алматыда
Әлем тілдері университеті мен Анкара
Университеті арасында қол қойылған келісім
– шартқа сәйкес «ТОМЕР» - «Түрік тілін
оқыту орталығы» тарапынан ашылған дайындау
курстары екенін де айта кетуге болады.
Бұл курстарды Қазақстандық жастар тарапынан
айрықша қызығушылық болуы оның жанынан
түрік тілі және әдебиеті бөлімінің ашылуына
ықпал етті. Қазір мұнда Түркиядан келген
оқытушылар дәріс беруде. Бұл бөлімге
Түркия республикасының Қазақстандағы
елшілігінің Білім беру бөлімі тарапынан
да тікелей көмек, қолдау көрсетілуде.
Ал Әл – Фараби атындағы Университеттің
шығыстану факультетінде ашылған түрік
тілі және әдебиеті бөлімінде оқитын студенттерге
екінші курсты бітіргеннен кейін сол елдің
тілін, әдебиетін жетік меңгеріп шығу
үшін, он ай Түркияда оқуына жағдай жасалынуда.
1992 жылы қол қойылған екі жақты келісім шеңберінде
Түрік Дүниесін зерттеу Қоры көмегімен Алматының Абай атындағы
Мемлекеттік Университетінде және Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы
Университетте түрік тілі және әдебиеті бөлімдері ашылды.
Қазіргі уақытта осы университеттерде
160-тан астам маман даярлануда.
Сонымен қатар, Түрік Дүниесін
зерттеу Қорының қолдауымен Қызылорда,
Кентау және Атырау қалаларында да 1993
жылы ашылған қазақ – түрік лицейлерінде
оқушыларға сапалы білім берілуде. Қазақстанның
бас қаласы Астанаға Л.Н.Гумелев атындағы
Еуразия университетінің түрік тілі мен
әдебиеті бөлімінде (КАТЕV) тарапынан 25
қазақ – түрік лицей, 1 бастауыш мектеп
және 1996 жылы Алматыда екі ел Президенттерінің
бастамасымен Сүлеймен Делиуен атындағы
университет ашылғанын айта кетуге болады.
Университетте қазақ жастарымен бірге
түрік балалары да білім алуда. Студенттерге
қазақ, түрік тілдерімен қатар ағылшын
тілінде де дәріс берілуде. Бұл тоғыз оқу
орнында қазақ, түрік, оқытушыларымен
бірге АҚШ – тан келген мамандар да сабақ
беруде.
1997 – 1998 ж.ж. оқу жылының басында Түркия Республикасының
Қазақстандағы елшілігі осындағы білім беру және мәдениет орталығында
түрікше үйрену курстарының ашылуына себепкер болды. Бұл курстардың
ерекшелігі оған түрікше үйренгісі келген
әрбір адамның келіп, оқуға мүмкіндігі
бар. Күні бүгінге дейін осы курстан 200
– ге жуық адам оқып шықты.
Білім саласындағы байланыстарымыз
әскери білім беру жүйесінде де іскерлікпен
дамуда. Мәселен, Түркия Республикасы
әсери бас штабының басшысы, армия генералы
Қарадайыр мырза 1998 жылы наурыз айында
Қазақстанға ресми іс – сапармен келді.
Сондықтан журналистерге берген сұхбатында
Түркиядағы әскери оқу орындарында 97 –
ге жуық қазақ жастарының білім алып жатқанын
айтты.
Бүгінгі күнге дейін ол елдегі
әскери училищелерді бітірген офицерлердің
саны 50-ге жетті. Қазір сондағы әскери
- әуе училищесі мен әскери лицейлерде
66 курсант дәріс алуда. Сонымен қатар,
бұл салада Түркиядан Қазақстанға, Қазақстаннан
Түркияға тәжірибе алмасу үшін де мамандар
жіберілуде.
Қорыта келе айтарымыз, екі ел
арасындағы білім саласындағы байланыстар қарқынды
дамуда. Бұл игі істер аз ғана жылдардың нәтижесі
емес, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізген он
жеті жыл ішіндегі елеулі жетістіктер.
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
ІІІ.1. Оңтүстік Корея Республикасы
ХХ ғасырдың орта кезінде Азия
құрлығындағы шекаралардың белгіленуі
жаңа мемлекеттердің тарихи дамуы және
ұлттық құрамы ерекшеліктері ешбір ескерілместен,
мүлде қалай болса солай белгілену фактілері
анықталуда. Мұны бұрынғы отаршыл елдер
әдейі жасаған болатын. Азия құрлығындағы
өңірлік дау – дамайлар дүниенің басқа
бөлігінде болған емес. Осы аталған қарама
– қайшылықтарға қарамастан Қазақстан
Республикасы өзіндік даму жолын, қарым
– қатынасын нығайтуға ұмтылуда. Аталған
Азия елдерінің ішіндегі Оңтүстік Кореямен
дипломатиялық байланысына тоқталып кетейік.
1992жылы28қаңтарда Қазақстан мен Корея Респрубликасының арасында
екі жақты дипломатиялық қарым – қатынастардың орнығуымен
біздің елдеріміздің екі жақты ынтымақтастығы
әр түрлі бағытта дами бастады. Екі жақты
экономикалық қатынастардағы ұйымдық
мәселелерді 1992 жылы 3 шілдеде екі елдің
сауда жөніндегі үкіметаралық Келісімнің
негізінде құрылған үкіметаралық Қазақстан
– Оңтүстік Корея комиссиясы шеше бастады.
Қазіргі кездегі әлем Қазақстан
мен Корея республикаларының мүддесіне тікелей қатысы
бар түбегейлі және қарқынды өзгерістерді
бастан кешіруде: Астана мен Сеул БҰҰ мүшесі
ретінде осы процестің белсенді қатысушылары
болып табылып отыр. Әлемнің жетекші мемлекеттерімен
тығыз қатынас жасай отырып, өркениетті
қоғам құру үшін олардан айтарлықтай қолдау
табуда.
Халықаралық қатынастардың
өзгеруі, қырғи – қабақ соығс кезіндегі тайталастың аяқталуы
Қазақстандық және Кореядағы реформалардың
ілгерілеуі Азия континентіндегі ынтымақтастықтың
мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуде. Екі
мемлекет арасындағы қатынаста экономикалық
саяси және ғылыми – техникалық факторлар
үлкен рөл атқаруда.
КСРО тарап, Орталық Азияда жас мемлекеттер пайда
болған кезде басқа елдер сияқты Корея
Республикасы да осы стратегияның маңызды
аймақта өз қатынасының болу қажеттігін
сезінді. Корея Республикасы Орталық Азия
аймағына өзінің технологиядағы және
экономикадағы жетістіктері арқылы ықпал
етуге ұмтылды.
Қазақстан мен Корея Республикасын
бөліп тұрған жер қашықтығы халықтың әл
– ауқатын жақсарту үшін экономикалық
дамуды қамтамасыз ету керектігіне деген
біртұтас көзқарасқа бөгет басты шарты
ретінде сауда мен ынтымақтастықтың шекараны
кеңейтуді талап етеді. Ынтымақтастықтың
арта түсуіне 1995 жылы мамырда қол қойылған
Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы
арасындағы қатынастар мен ынтымақтастықтың
негізгі принциптері жөніндегі Декларация
үлкен ықпал етті.
Қазақстан ішкі саяси жағдайының
тұрақтылығы мен тыныштығы арқасында
Кореялық саясаткерлер мен кәсіпкерлерді
қызықтыруда әлемдік саясаттың басты
мәселелеріне Астана мен Сеулдың пікірлес
көзқарастары аймақтық және ғаламдық
тұрақтылықтың негізгі бағытта өзара
тиімді болуда. Қазақстан Корея Республикасымен
барлық бағытта өзара тиімді қарым – қатынасты
дамытуға ұмтылуда.
Басты міндет саяси қатынастың
деңгейіне сәйкес экономикалық ықпалдастықты кең көлемде жүргізу
болып табылады.
Қазақстан Корея Республикасы
үшін Ресейге, Еуропаға, Орталық Азия елдеріне
және табиғи ресурстардың орасан зор базарына
ең жақын жол болып саналады.
Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының сауда
– экономикалық ынтымақтастығы электрондық
және тұрмысқа қажетті техниканы, жұрт
кеңінен тұтынатын, ауыл шаруашылығы, медициналық тауарларды
өндіру саласында жүзеге асуда. Біздің
мемлекетіміз екі елдің арасындағы капитал
қозғалысы мәселелерін реттейтін негізгі
халықаралық келісімдер жасасты. Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасы
Үкіметі арасындағы 1996 жылы 20 наурыздағы,
1996 жылы 26 желтоқсанда күшіне енген инвестицияларды
қолдау мен өзара қорғау туралы келісім
инвестицияларды ынталандыруды және қорғауды
қамтамасыз етеді, сондай – ақ инвесторларға
өздерінің инвестициялары мен одан түскен
кірісті еркін иемденуіне кепілдік береді
/24, 25-б./.
Қазақстан өнімдері экспортының
құрамында минералды тыңайтқыштар, ядро
түзінділері, мыс, қорғасын, мырыш, шойын,
медикаментте, халық тұтынатын тауарлар,
автомобильдер импорттайды. Ұзақ мерзімді
кезеңде екі ел арасындағы сауда – экономикалық
ынтымақтастықтың мүмкіндігі елеулі дәрежеде
екі елдің шаруашылық құрамдары көп жағдайда
бір – бірін толықтыратындығымен айқындалуда.
Корея Республикасында көптеген минералдық
ресурстар жоқ. Қазақстан Оңтүстік Корея
экономикасында елеулі көлемде пайдаланылатын
шикізаттар мен материалдарды экспортқа
шығарушы болып табылады.
Қазақстан мен Корея Республикасында түбегейлі экономикалық
және саяси реформалардың басталуының
алғашқы шептерінің қоғамдық – саяси өмірдің негізгі бағыттарының
көптеген көрсеткіштері бойынша принциптік
айырмашылығы болуда. Сыртқы саясаттағы
белгілі бір ұқсастығына қарамастан екі
елдің реформалық жүрісіне әсерін тигізетін
әлеуметтік және экономикалық негізі,
ұлттық менталитеті, әйгілі дәстүрлері,
психологиялық көзқарастар, дүниетанымдық
ерекшеліктері мүлдем басқаша.
Қазақстан мен Корея Республикасы
сияқты мемлекеттер арасында өзара қарым
– қатынасты қалыптастыру процесі халықаралық
тәжірибесінің жаңа дағдысы болып саналады:
Біріншіден, ол әлемдік қоғамның назарын
өзіне көбірек назарын аударады; Екіншіден,
осы елдердің әрқайсысында болып жатқан
оқиғаларды, ең алдымен, жүргізіп жатқан
экономикалық реформаларды зейін қойып
зерттей бастады.
Қазақстандық және Корейлік
сыртқы саясат халықаралық қатынастар
субъектілерінің арасындағы өзара мүдделерді
толық есепке алу қажеттігіне негізделеді.
Тұтас алып қарағанды екі елдің сыртқы
саясаттағы беталысы келесі негізгі көзқарастар
бойынша қалыптасады:
Азия контитенттеріндегі тұрақты
халықаралық қатынастар экономикалық
және саяси реформаларды, сондай – ақ
мемлекет ішіндегі жаңартуларды жүргізуге
игі ықпал етеді;
Елдердің қоғамдық - саяси құрамы жағынан бір – бірінен айрымашылығы болғанымен, олар бірін – бірі ескермеуге тиіс емес, қайта мемлекеттік тәуелісіздіктің негізгі принциптерін өзара құрмет негізінде бейбіт қатар өмір сүруді және көп жақты ынтымақтастықты қамтамасыз етулері керек;
Мемлекеттер арасындағы екі
жақты қатынастар, оларда жүріп жатқан реформаларды салыстыру
көп полюсті және өзара тәуелділігімен
айқындалатын қазіргі заманғы халықаралық
қатынастардың өзіндік ерекшелігін есепке
алуға мүмкіндік беруде.
Астана мен Сеул жаңа реформалар
мен жаңғырту үшін әлеуметтік – саяси
негіздерінің айырмашылығына қарамастан,
жаңа жаһандық саяси ахуалдарға бірге
қосылды, бұл процесстердің барысына бір
мезгілде әр ел өзінше ықпал етуде. Ендігі
жерде олар жаһандық жаңа саяси қатынастардың
объектісі және олардың қатысушылары
болады. Жаһандық саяси кеңістіктің жаңа
жағдайында бұл елдердің әрқайсысының
рөлін және саяси халықаралық оқиғалардың
бұдан былайғы барысына қандай дәрежеде
ықпал ете алатынын уақыт көрсетеді.