2006 жылы қарашада Еуроодақ қабылдаған
мәлімдемеде былай делінген: «Әріптестік
және ынтымақтастық туралы келісімді
жүзеге асырудың жеті жылы Еуропалық Одақ
пен Қазақстан арасындағы қатынастың
деңгейі мен сапасын жоғары екенін көрсетуде.
Біз күшті әріптестігімізді жалпыға ортақ
игіліктің негізінде дамытудағы алға
басушылыққа, сауда – экономикалық ынтымақтастықтағы
қол жеткен жетістіктерімізге, жаңа жаһандық
көрсетулерге жауап берудегі энергетиканың
қауіпсіздік пен өркениеттердің тиімді
қатысуын қамтамасыз етудегі бірлескен
әрекеттерімізге қанағаттанғандық білдіреміз.
Біздің әріптестігіміз екі жақты экономикалық
байланыстардың тұрақты түрде кеңеюіне
ықпал етіп отырғандығын, 2007 жылдан бері
тауар айналымының үш есе өскендігін қанағаттанғандықпен
атап көрсетеміз» /18, 14-б./.
Қазақстан Еуропалық Одақтың
Орталық Азяиядағы ірі сауда – экономикалық
әріптесі болуда. 2005 жылы Қазақстанның
Еуроодақ елдерімен тауар айналымы 15,3
миллиард АҚШ долларын құрады.
Еуропалық Одақ елдері Қазақстан
экономикасына 24 млрд. даму инвестициясын
салуда. Негізгі инвесторлар Ұлыбритания
(жалпы көлемінің 13,7 %), Италия (7,1%), Нидерланды
(5,5%), Франция (1,7%), Германия (1,5%) болып табылуда.
Қазіргі таңда Орталық Азия
аймағы, әсіресе, Қазақстан Еуроодақ көлік саласындағы белді әріптесі
ретінде қалыптасуда. Аймақтың орналасқан
жері Шығыс пен Батысты байланыстыру үшін
өте қолайлы. Осы себептен Еуроодақ бұл
өңірден экономикалық прогматизм тұрғысынан
икемді әріптестер іздеуде. Экономикамызды
жеделдете жақсарту мақсатында Қазақстан
мен ынтымақтастыққа ұмтылуға мүдделенуде.
Бұл орайда Еуропалық әріптестеріміздің
отандық экономикалық түрлі, әсіресе,
жоғары технологияларға қатысты қолға
алған жобаларын дамытуына жағдай жасауда.
Басты экономикалық әріптес
болып табылатын Еуроодақпен қарым –
қатынастарды дамыту еліміздің сыртқы
саясатындағы маңызды бағыты болып табылуда.
Қазақстан мен Еуроодақ қарым – қатынастарында
қандай маңызды бағыттар бар деген сұраққа жауап
берер болсақ, аумақтық және халықаралық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін
алдымен атауымыз керек. Астанада 28 наурыз
күні тұжырымдамалық түрінде «Еуропа
Одағының Орталық Азиядағы стратегиясы»
атты құжат қабылданды.
1992 жылы Қазақстан Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық
кезегіне қатысушы болды. 1997 жылы бұл ұйым Еуропа – Атлантикалық
әріптестік кезегі деп өзгертілді.
1994 жылы 27 мамырда Қазақстан
«Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына қосылды. Бұл осы
бағдарламаның құжаттарға қол қою арқылы жүзеге асты.
1996 жылы Қазақстан мен НАТО арасындағы қауіпсіздік
туралы келісімге қол қойылды. Осы жылы Қарулы
күштердің мәртебесі туралы келісім жасалды.
Бұл құжаттар берілген ақпараттарды қорғау
жөніндегі екі жылдық өзара міндеттемесін
айқындап, әскери жаттығулар мен басқа
да шаралар өткізген кезде «Бейбітшілік
үшін әріптестік» бағдарламасы бойынша
әріптес елдер әскери бөлімшелерінің
мәртебесін айқындауға қызмет етеді /19,16-б./.
Қазақстан мен Германия арасындағы
ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі
Елбасы Н.Назарбаевтың 1992 жылы кыркүйекте
ГФР – ға жасалған алғашқы сапары барысында қаланып,
қазіргі таңға дейін жалғасуда. Сан жылдардан
бастап, екі мемлекет арасындағы саяси
және экономикалық байланыстарды дамыту
тұрақты сипат алуда.
Қазақстан Елбасының 2004 жылы
17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті
болып, сол кездегі канцлері Г.Шредермен
кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің
ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қатысты
мәселелерді талқылады. Қазақстан Елбасы
содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт – Петербургте
өткен «Үлкен сегіздік» саммитінде Германияның
жаңа канцлері А.Меркельмен кездесті.
2006 жылы каңтар – қараша
айлары ішінде екі ел арасындағы
сауда айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларын
құрады. Жалпылай алғанда, Германия Қазақстанмен
қарым қатынаста Ресей, Италия, Швейцария,
Қытай және Франциядан кейінгі алтыншы
орында. Германия біздің елге автомобильдер,
электр тауарларын, медициналық дәрі –
дәрмектер экспорттаса, Қазақстан Германияға
мұнай, металлдар мен химиялық шикізаттар
жөнелтуде. Сонымен қатар, қазақ жерінде
көптеген неміс фирмалары мен банктері
жұмыс істеуде. Олардың ішінде әлемге
танымал «Мерседес – Бенц», «Сименс»,
Достчебанк,, Коммерцбанк т.б. бар.
Қазақстанда саны жағынан айтарлықтай көп неміс диаспорасының
болуы, екі мемлекет арасындағы қарым – қатынастың
өзіне тән ерекшелігі болуда.
ГФР – ның Қазақстанға байланысты
сыртқы саясаты әр түрлі мақсатты көздеуде.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының
сол кездегі сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев:
«Бопп мәмілегерлігі Қазақстанға байланысты
экономикалық, саяси және демографиялық
мақсатты көздейді», - дей отырып, ол экономикалық
мақсаттың мәнін: «...күшейіп бара жатқан
бәсекелестік және өндірістің басымдылық
жағдайында Герман экономикасы үшін тұтыну
рыногын алып беру, сондай – ақ Қазақстанның
табиғи – шикізат қорларының дамуы перспективаларын
пайдалану» деп көрсетті /20, 36-б./.
ГФР жағының Қазақстанға қызығуының
көптеген объективті себептері бар. Қазақстанның
бай шикізат қоры мен энергетиканың потенциалы
неміс капиталы үшін тиімді аймақ бола
тұрып, көлік, телекоммуникациялау байланыс
желісінің нашар дамуы айтарлықтай қиындықтар
туғызуда. Мұндай қиындықтарға қарамастан
неміс жағының Қазақстанға экономикалық
қызығуының бір себебі – Республикамызда
неміс диаспорасының өмір сүруінде. Екі
ел арасында экономикалық байланысты
дамытуға қолайлы негіз жасалғанымен
кейінгі уақытта сауда – саттық, тауар
алмасу, несие беру, инвестицияларды тарту
саласындағы белсенділік алдыңғы жылдармен
салыстырғанда біршама төмендеп кеткен.
Мысалы, 1994 жылына дейін Қазақстан Республикасы
мен ГФР арасында жалпы көлемі «706 млн. 600
мың АҚШ долларын құрайтын несие беру
жөнінде 46 келісім шарт жасалынған» болса,
мұның «676 млн. 700 мыңы инвестициялық несие».
Азия елдері ішінде Қазақстанға несие
беруде Германия бірінші орынды иеленіп
отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан Германияның
жан – жақты қолдауын ұдайы сезінуде.
Германия Қазақстанға өз тарапынан тікелей
несие беріп қана қоймай «Еуропалық Одақтың
ТАСИС бағдарламасы бойынша батыс – еуропалық
банкілерден несие берілуіне қолдау көрсетуде».
Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде
«Еуропалық Одақ тарапынан көрсетіліп
отырған көмектің көлемі бойынша алдыңғы
орындардың бірінде».
Екі ел арасындағы экономикалық
қатынаста соңғы уақытта сауда – саттық
операциялары басым болуда неміс капиталы
Қазақстанға, негізінен, үкіметі тарапынан кепілдік
алған Гермес сақтандыру несие жүйесі
бойынша бөлінуде. Герман үкіметі тарапынан
жасалған осындай қамқорлықтың нәтижесінде
«Қазақстан Гермес сақтандыру компаниясы
арқылы 1996 жылы жалпы сомасы 100 млн. неміс
маркасын құрайтын несие алды». Мұндай
іс - әрекетті Герман үкіметінің Қазақстанмен
экономикалық байланысты дамытуға мүдделі
екендігінің дәлелі ретінде айтуда.
Неміс капиталының тау – кен,
мұнай өндіру, өңдеу, транспорт, машина
жасау салаларына ат салыспауы Герман
экономикасында мұндай дәстүрлі салалардың
әлсіз дамуында. Есесіне неміс экономикасында
автомобиль жасау, электротехника, химия
өндірістері жақсы дамыған. Германияның
мұндай саладағы зор тәжірибесі мен Қазақстаннның
мұндай саладағы зор экономикалық потенциалын
ұштастыра отырып, жұмыс жасау екі ел үшін
әлдеқайда тиімді болар еді. Сонда да Қазақстан
неміс капиталы үшін қолайлы әрі тиімді
аймақ болуда. Қазірдің өзінде «Германия
бірлескен кәсіпорындар мен фирмалары
саны жағынан Түркия, Қытай, АҚШ сияқты
елдерден кейін үшінші орында, ал Еуропа
елдері ішінде сегізінші орынды иеленуде»
/21, 38-б./.
Қазақстан мен Германия арасында
экономикалық қатынастары дамытуға бүкіл
негіз жасалынуда. Қазақстаннның зор экономикалық
потенциалы мен бай табиғи шикізат көздері
– қай елдің болсын капиталы үшін қолайлы
аймақ. Сондықтан пайдаланылмаған мүмкіндіктерді
және өткізіп алған уақыттың орнын толтыру
екі жақтың іскер топтарының белсенділігі
мен іскерлігіне байланысты.
Қазақстан Республикасының ЕуроОдағы
елдерінің ішінде алатын орны ерекше. Қазақстанның Ұлыбританиямен
қатынасы 1992 ж. 19 қаңтарда екі ел арасында
дипломатиялық қатынас орнатудан басталды.
1992 ж. шілдеде «Бритиш Газ» компаниясымен
келісімге қол қойылып, Каспий жағасындағы
Қара шығанақ кенін игеру басталды. 1994
ж. наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
Ұлыбританияға тұңғыш ресми сапары болып,
онда алты құжатқа қол қойылды, ең бастысы
Достық және Ынтымақтастық туралы бірлескен
декларация болды.
1995 жылы қазанда Лондонда Қазақстан Республикасының
елшілігі ашылып, ал Алматыда Британ Кеңесінің өкілдігі ашылды.
1998 жылы Қазақстан республикасының Сыртқы
істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Лондонда
болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2000
жылы Ұлыбританияда екі рет (қыркүйек
– қараша айларында) болды /22, 16-б./.
Екі ел арасындағы саяси байланыс
орнатуда 2003 жылы шілдеде Елбасы Н.Назарбаев пен
премьер – министр И.Тасмағанбетов арасында
халықаралық қауіпсіздік жөнінде телефонмен
сөйлесті. Сол жылы Ұлыбританияның негізгі
елшісі Лорд Левидің іс – сапары болды.
Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция
құюда үшінші орында. Инвестиция көлемі
4,3 млрд. долларды құрайды. 2005 жылы екі
ел арасындағы сауда айналымы 743,8 млн.
долларды құрады.
Қазақ экспорты – 320,5 млн. доллар,
ал импорт негізгі көздеуі 423,3 млн. доллар
болды. Қазақ елінің экспорттық негізгі көздері:
феррохром, сталь, мыс, жүн, былғары, бағалы
және жартылай бағалы металлдар. Ал импортқа
келер болсақ, аппаратура жабдықтары,
транспорт түрлері, оптикалық приборлар,
химиялық, алькогольдік, табак өнімдері,
азық – түлік түрлері. Инвестициялық саясатта,
экономикалық өрлеуде британ компаниялары
«Шели» және «Бритниш Газ» басты рөлде
орын алуда.
Қазақстан мен Франция арасындағы
дипломатиялық қарым – қатынас 1992 жылы
25 қазанда орнатылды. Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың 1992 жылы қыркүйектегі сапары
негізінде Достық, өзара түсіністік және
ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.
Қазақстан Франция елінің 24
– ші сауда жасаушы елі болып табылуда. Экономикалық
бірлестігінде Франция 12 – орында. Қазіргі
таңда Франция Қазақтанның батысындағы
одақтасы АҚШ, Германия сияқты елдердегідей
қарым – қатынас орнатуға ұмтылуда. Бұған
дәлел ретінде 4 млн. франк қаражат компьютер
құрал – жабдықтарын игеруге жұмсалуда.
1996 жылы 19 шілдеде 5 млн. франк Арал теңізінің
ауданындағы ауыз суға қажетті құрал –
жабдықтарға жұмсалды.
1997 жылы Франция Президенті Ж.Ширак
пен Елбасы Н.Назарбаев арасында жоғары
деңгейде саяси диалог орнады. 1995 – 1999
жылдры екі ел басшылары арасында алты
кездесу өтті. Аталған кездесулерде Халықаралық
және жергілікті жерлердің ең өзекті деген
мәселелері қаралды.
Қазақ – Француз елдерінің экономикалық
және сауда елінің байланыстары қарқынды
дамуда. Қазақ жерінде 38 француз елінің
компаниялары мен жеке кәсіпкерлер қызмет
етуде. Француз фирмалары мен жеңіл өнеркәсіп,
тамақ өнеркәсібі, құрылыс, денсаулық
сақтау, туризмде еңбек алмасуда. Екі ел
арасындағы тауар айналымы 1999 жылы 85 млн.
долларға жеткен. Қазақстан Франциямен
сауда байланыста 24 – орынды алуда. Ал
2005 жылы сауда айналымы 2956 млн. долларға
жетті. Қазақстан экспорты 2665,1 млн. доллар,
ал импорт 290,9 млн. доллар. Қазақ елінің
Франция жеріне мұнай, кен, химиялық өнімдер,
тері, бидай. Импортқа келсек, азық – түлік,
құрал – жабдықтардың бөліктері, автомашина,
үй тұрмысына қажетті электроника. Сонымен,
қатар элиталық тауарлар: шарап, сыр, теңіз
өнімдері, парфюмерия және косметика,
жоғары модадағы киім аксессуары.
Қазақ – Француз қарым – қатынасының жаңа
дамудағы импульсы- экономикалық қатынас.
2003 жылы 19-22 мамырда Елбасы Н.назарбаевтың
ұйымдастыруымен Алматы және Астана қалаларында
«Франция Қазақ жерінде» - атты экономикалық
форум өтті. 2005 жылы 3-9 қазанда Францияда
АО «Каз Космос» делегациясы Еуропа косметика
агенттігімен одақтасып, косметиканың
қыр – сырын меңгеріп келді. Қазіргі таңда
шет ел капиталының көп бөлігін француздар
құюда. Негізінен мұнай – газ секторына
қаржы құюда. Осы аталған секторда француз
компаниясы «Тотальт» байланысты жалғастыруда,
Қазақстан нарығында француз құрылыс
компаниялары «Булг» және «Винситт». Қазіргі
таңда 4 француз банкі «Сосьета Женераль»,
«Натексис Банк Попюлэр», «БНП Париба»
және «Калион» - қазақ елінде жұмыс істеуде.
Қазақ жерінде 40 шақты мұнай – газ,
тау – кен, энергетика, транспорттық компаниялар жұмыс
атқаруда.
Екі ел арасындағы Сот ісінде
қарым-қатынас жоғары деңгейде дамуда.
2004 жылы наурызда Қазақстан Республикасы
Жоғарғы соты Парижде болып, Француз сот
ісіндегі кейбір функцияларымен танысты.
Сонымен қатар, Француз Ұлттық магистратура
мектебінің жетекшілерімен де делегация
тобы кездесті. Негізгі қаралған мәселелер:
сот шешімдері, кадр даярлау. Жалпы қазақ
– француз қарым – қатынасы әр салада
жандануда. Жоғарыда атап көрсеткендей,
экономикалық – саяси, тағы да басқа салаларда.
Екі ел арасындағы дипломатиялық
байланыс 2002 жылы 27-28 қаршада Нидерландыға
барған алғашқы сапарында инвестицияларды
қолдау және өзара қорғау туралы, кеден
істеріндегі ынтымақтастық пен өзара
көмек туралы келісімдерге қол қойылды.
Қазақстан – Нидерланды арасындағы тауар
айналымы, 2004 жылдың 8 айы ішінде 391,3 млн.
долларды құрады. Қазақстанда онға жуық
бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олар жеміс
– жидек өнімдерін өңдеуге, қызмет көрсетуге,
халық тұтынатын тауарларды өндіруге
бағытталған. Екі ел арасында мұнай –
газ саласында ынтымақтастық жанды дамуда.
2006 жылы сауда айналымы 1 млрд. 900 миллион
АҚШ долларын құрады. Қазақстан экономикасына
жұмсаған инвестициясы 21 млрд. доллар
көлемінде болып отыр.
Қазақстан мен Нидерланды арасындағы
экономикалық, мәдени қарым – қатынас,
қазіргі таңда жедел дамуда.
Қазақстан мен Польша арасындағы
қатынас 1992 жылы 6 сәуірде дипломатиялық
қатынас орнатудан басталды. Елбасы Н.Назарбаев
1997 жылы қараша және 2002 жылы мамыр айларында
ресми сапармен Польшада болып, саяси
қатынас қазіргі заманның талаптарына
сәйкес дамуда. Екі ел арасындағы тауар
айналымы 2006 жылы 507,8 млн. доллар болды.
Қазақстан Польшаға мұнай, тыңайтқыш,
астық, құрылыс материалдарын, қара металл,
мақта экспорттаса, ол елден бізге өнеркәсіп
тауарлары, машина, электр техникалы құралдары,
жиһаз, полиграфия өнімдері мен азық –
түлік түрлері импортталуда. Бүгінгі елімізде
біріккен 90 кәсіпорын жұмыс істеуде, негізінен
олар геологиялық барлау, құрылыс, жиһаз
өндірісі мен фармацевтика салаларына
бейімделген.
Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігін жариялаумен басталған
Қазақстан – Түркия ресми қатынастарына
биыл 17 жыл толды. Бауырлас халықтардың
ежелден келе жатқан мығым байланыстарының
ресми сатыға көтерілуі маңызды тарихи
уақиға болып саналуда.
Қазақстанның тәуелсіздігін
алғаш таныған Түрік елі бүгінде
қатынастарды жақсы жолға қоюда. Қазақстан
Республикасы өзінің тұңғыш елшілігін
Түркия мемлекетінің көмегімен 1992 жылы
29 қазанда Анкарада ашты. Қазақ – Түрік
қатынасы барлық салада да жоғары деңгейде
қойылуда. Мәдени – тарихи тамырлас халықтың
стратегиялық әріптес болуға әрқашанда
ұмтылуда. Кейінгі жылдары екі ел арасындағы
саяси, әскери, сауда – экономикалық, мәдени
– гуманитарлық салада оң өзгерістер
байқалуда. Жалпы Түрік Инвестициясы 1993
– 2004 жылдары аралығында 836,1 млн. долларды
құраған.