Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 17:45, курсовая работа

Описание работы

Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.

Содержание работы

Кіріспе .....................................................................................................................3

I Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері
Кәсіпорынның қаржы менеджментінің мәні, түсінігі..................................5
Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент объектілері...................................8
Қаржылық тәуекел деңгейін төмендету әдістері........................................10
II Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің ұйымдық құрылымын және тәуекелділігін талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында)
2.1 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржылық менеджментінің құрылымы және қызметтерін талдау................................................................................................14
2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау.............................16
2.3 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау..........21

III Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары
3.1 Қаржы менеджментіндегі басқару қатынастары мен басқару құрылымын жетілдіру.................................................................................................................23
3.2 Қаржы менеджментіндегі тәуекелді басқару жүйесін дамыту...................24

Қорытынды ...........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29

Файлы: 1 файл

kurs_4543.doc

— 275.00 Кб (Скачать файл)

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе .....................................................................................................................3

 

I Кәсіпорынның қаржылық  менеджменті және тәуекелділігін  басқарудың экономикалық негіздері

    1. Кәсіпорынның қаржы менеджментінің мәні, түсінігі..................................5

    1. Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент объектілері...................................8

    1. Қаржылық тәуекел деңгейін төмендету әдістері........................................10

II Кәсіпорынның  қаржылық менеджментінің  ұйымдық құрылымын және тәуекелділігін талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында)

2.1 «Қазақтелеком»  АҚ-ның  қаржылық менеджментінің құрылымы және қызметтерін талдау................................................................................................14

2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау.............................16

2.3 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржы  тәуекелін басқару жүйесін талдау..........21

 

III Кәсіпорынның  қаржылық менеджментінің тұрақтылығын  арттыру жолдары

3.1 Қаржы менеджментіндегі басқару қатынастары мен  басқару құрылымын жетілдіру.................................................................................................................23

3.2 Қаржы менеджментіндегі  тәуекелді басқару жүйесін дамыту...................24

 

Қорытынды ...........................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29

Қосымшалар ..........................................................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Қаржы менеджменті –  бұл маңызды қаржылық шешім қабылдайтын  ғылым. Қаржы менеджменті кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсаттарына қол жеткізу үшін қаржысын басқаруға бағытталған ғылым. Қаржы менеджментінің ең басты бағыты ақша ағымын және айналым қаражаттарын басқару болып табылады. Сонымен, қаржы менеджменті функционалды тұрғыдан экономикалық басқарудың жүйесі және қаржы механизмінің бір бөлігі,  институционалды тұрғыдан қаржы менеджменті басқару органы, ал ұйымдастырушылық – құқықтық тұрғыдан кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады.

Инвестициялық кіріс кіргізу және меншікті капиталды жинақтау процесінде зейнетақы активтерін қаржылық басқарудың қажетті тәжірибесін жинақтау кезеңі жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған Қазақстан-2030 үндеуінде «Нарық - ол қатаң қаржылық жауапкершілікке негізделетін демократия», - деген тұжырым бар.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Жалпы сондай-ақ, қаржылық менеджменттің теориялық негіздері Ф.У. Тейлор, Ю.Ф. Бригхем, А.И. Балабанов, И.Т. Балабанов, Т.В. Теплова, Дж. Синка, А.Р. Горбунов, Е.С. Стоянова сияқгы ғалымдардьвд және басқа авторлардың ғылыми еңбектерінде зерттелген.

Тәуекелсіз кәсіпкерлік  болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар  әкеледі. Алайда барлық жерде шек  керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі  тиіс.    

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

      Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.     

 Нарықтық экономика жағдайында  өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе  аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.    

 Тәуекел мөлшеріне  және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел- менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.      

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелін басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, оны бағалау әдістері, тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері жазылған.       

Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын  мысалы ретінде «Қазақтелеком» акционерлік  қоғамының филиалы алынып, қаржылық жағдайы, қаржылық тәуекелді басқару жүйесі талданады.       

Үшінші бөлімінде қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы сөз болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Кәсіпорынның қаржылық  менеджменті және тәуекелділігін  басқарудың экономикалық негіздері

    1.  Кәсіпорынның қаржы менеджментінің мәні, түсінігі

Қаржы менеджменті басқару жүйесі ретінде. Қаржы менеджменті қаржы ресурстарының қозғалысының процесі кезіндегі шаруашылық субъектілердің арасында пайда болатын қаржылық ресурстардың қозғалысы мен қаржылық қатынастарды басқаруға бағытталған. Қаржы менеджменті басқару стратегиясымен тактикасынан тұрады. Стратегия дегеніміз – алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жалпы бағыттар мен қаражаттарды пайдалану әдістерін айтады. Бұл әдіске шешім қабылдау үшін белгілі ережелер мен шектеулер жиынтығы сәйкес келеді.

Қаржы менеджменті басқару жүйесі ретінде 2 жүйеден (подсистема) тұрады: басқарылатын жүйе, немесе басқару объектісі, және басқарушы жүйе, немесе басқару субъектісі. Қаржы менеджментінің жалпы кестесі (№1 кесте).

Кіру


Объектінің жағдайы туралы ақпарат                             Сыртқы ақпарат



Басқарушы жүйе (субъект)

Қаржылық ирекция және оның бөлімшелері

Қаржылық менеджер


                                                                        Командалық ақпарат

Басқарылатын жүйе (объект)

Қаржылық қатынастар

Ақшалай ағым

Капиталдың айналсоқтығы

Қаржылық ресурстар  және олардың құралу көздері




Шығу

 

Басқару объектісіне  ақша ағымын, құнның айналсоқтығын, шаруашылық субъектілермен  олардың шаруашылық процесіндегі бөлімшелерінің арасындағы қаржылық ресурстардың қозғалысымен қаржылық қатынастардың  жүзеге асыру жағдайының жиынтығы. Басқару субъектісі - әртүрлі формалардың басқару әсерімен объектінің қызметін мақсатты бағытта жүзеге асыратын арнайы адамдар тобы (қаржылық дирекция басқару аппараты ретінде, қаржылық менеджер басқарушы ретінде).

Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашылық жүргізуші субъсктілердің қаржысы базистік категория, яғни тап осындай нысанада жұмыс істейтін айырықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар объективті экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ ақша қорлары қозғалысының объектісі бар, субъектілердің нақтылы мүддслсрі жөнінде көрінетін кез келген қатыиастар сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы ағынының бағыттарын, олардың, қозғалысын ретке келтіруді қажет етеді. Бұл қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен, машығымен жәнсе іскерлігімен жасалатын субъективті (басқарушы іс-әрекеттері ақылы жүзеге асырылады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды құбылыстардың тарабынан бағдарлануы гиіс, бұл талаптарды үнемі ескеріп отыру тиіс, яғии базистің шарттарына бағынышты болуы тиіс. Бұл басқарылатын іс-әрекеттерге қаржы мененджменті ұғымы — тиімді пайдалану мақсатында косіпорынның ақша ағынының, кәсіпорынның бүкіл қаражат қозғалысы механизмін басқару жүйесі жатады.

Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы (басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберіндс әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып альш, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.

Қаржы менеджментінің анықтамасы. Қаржы менеджерінің рөлі, мақсаты  және міндеттері.

«Менджмент» деген сөз  ағылшыннан аударғанда басқару деген  мағына береді, демек қаржылық менджмент  – бұл қаржыны басқару, яғни кәсіпорындардың ақша айналамын және қаржылық ресурстарының қолдануын басқару.

Қаржының қазіргі заман  шеңберіндегі теориясында ғалым  ретінде қаржыны басқарудың методологиясы  мен техникасына арналған қолданбалы пән «Қаржылық менджмент» қалыптасқан.

Қаржыны басқаруда қолданылған жаңа әдістер басқару өрісінде жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіндік туғызды. Ол қаржы менеджері. Кәсіпорынның қаржы қызметінің басшысы (қаржы менеджері) жоғары білімді, кең көз – қарасты, ойшыл, келесі дамыған ғылымдардың: қаржы, статистика, есеп, қаржылық талдау, салық салу, бағаның құрылуы, және т.б. қорытындыларын өз қызметінде әдісін тауып қолданатын маман. 
Шағын бизнесте қаржыны басқару үшін бухгартер және экономисттің қызметтері жеткілікті, себебі қаржылық операциялар негізі ақша айналымынан тұратын қолма-қол ақшасыз есеппен щектеледі. 
Үлкен бизнестің қаржылық операцияларында мүлде басқа тактика қолданылады. Үлкен капиталдың үлкен ағымы және тиісті өнім қажеттілігін талап етеді. Сондықтан, үлкен бизнестің қаржысын басқару үшін қаржы бизнесі саласындағы арнайы дайындалған маман, қаржы теориясын, менеджмент негіздерін жете меңгерген – қаржы менеджлерін, бизнестің басты тұлғалары ретінде өте қажет.

Қаржы менеджментінің қазіргі  теориясының даму кезеңдері. 
Қазақстанда нарықтық қатыныстардың қалыптасуы көптеген біздің елде экономика салсында дәстүрлі ғылым және практика тауарлырының бөлімдерін елеулі өзгертіп ғана қоймай, біршама жаңа деп саналатын бағыттарды тез дамуының қажеттілігіне әкелді. Соңғылардың ішінде сөзсіз Батыста ең тез дамып келе жатқан бағыт болып саналатын бірқатар мамандықтарға (бухгалтер, экономист) және соңғы жылдары Қазақстанда пайда болған(аудитор, менеджер, қаржы менеджеріне) тікелей қатысы бар менеджменті кіреді.

Қаржылық менеджмент – экономикалық ғылымда қаржы, басқару, есеп және талдау салаларындағы теориялық практикамен сәтті біріктіріп келе жатқан перспективті бағыт.

Қаржылық менеджмент іс жүзінде қолданбалы ғылымдарға жатады. 
Жалпы түрде қай ғылым болмасын консептуалдық негіздері, оның тақырыбы мен әдістерін тұжырымдау және теңестіру арқылы көрсетіледі. 
Қаржылық менеджменттің ғылыми аппараты – бұл шаруашылық субъектілердің қаржылық қызметін басқарудың жалпығылыми және нақты ғылыми әдістерінің жиынтығы.

Фирмалардың ұйымдық  құрылымындағы қаржы службасы. 
Шаруашылық субъект қаржылық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қаржы службасын құрады. Қаржы службасының қызметінің басты мақсаттарына бағындырылған: олар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсу және табыс табу үшін алдын ала тұрақты жағдай жасау.

Фирманың қаржы службасының міндеттері:

1. тиімді басқару шешімдерін  қабылдау үшін қаржы құжаттарын  тез, сапалы және қажетті көлемде  дайындау;

2. кәсіпорынның басты  мақсатына жету үшін барлық  бөлімдердің қызметін байланыстыру  және бағыттау қабілеті;

3. шаруашылық субъектінің қаржы жоспарларының сапалы құрастырылуына жауапкершілікті;

4. нарықтық жағдайда  кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуі  бұл службасыз мүмкін еместігі.

Қаржы службасы біріңғай шаруашылық қызметті басқару механизмінің бөлігі, сол себептен кәсіпорнының басқа да службаларымен тығыз байланысты.

Нарықтық қатынастарының дамуымен, сыртқы рынокқа шығу қаржы  службасының алдында жаңа да сапалы міндеттер қояды. Олар: нарықтық экономикаға  парапар әдістермен каржылық ресурстарды  тиімді басқаруды ұйымдастыру. Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу қаржылық менеджмент деңгейінде ғана мүмкін.

 

    1.  Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент объектілері

Кәсіпорындарда қаржы  менеджментімің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметігің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.

Қаржы менеджменті уәждемелерге адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісгі қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іскс асыру жөніндегі кызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділгі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.

Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілгеріде баяндалған қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін — ақпаратты, жоспарлауды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды кіріктіреді. Қаржы менеджменті жузеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс істеуі, кәсіпорындардың қызметін мемелекеттік реттеуді заңнамалық реттемелеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметгі коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге мүмкімдік береді. Сөйтіп, кәсіпорындардың қаржы менеджментінің шеңбері нарықтық факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарында баскарушы субъектілердің басқарылу объектілеріне ықпал жасауының экономикалық элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады. Кәсіпорындардың қаржы менеджмснтінің жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы жалпы мемлекеттік қаржылардағыға қарағанда тым әртүрлі. Мысалы, кәсіпорындардың қаржы менеджменті әртүрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем тапсырмасы, төлем талабы (талап шоты), әртүрлі акредитинтер, есеп айырысу чектері және т.б.), барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы қағаздармен және валютамен жасалатып операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа хеджерлеу, кепілдік ипотекалық және сенімгерлік (трасттық) операциялар, қаржы және операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты нысандар мен әдістерді қамтиды; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша, қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржы құралдарының жинақталымы айтарлықтай кеңейеді

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары