Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 17:45, курсовая работа

Описание работы

Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.

Содержание работы

Кіріспе .....................................................................................................................3

I Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері
Кәсіпорынның қаржы менеджментінің мәні, түсінігі..................................5
Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент объектілері...................................8
Қаржылық тәуекел деңгейін төмендету әдістері........................................10
II Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің ұйымдық құрылымын және тәуекелділігін талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында)
2.1 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржылық менеджментінің құрылымы және қызметтерін талдау................................................................................................14
2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау.............................16
2.3 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау..........21

III Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары
3.1 Қаржы менеджментіндегі басқару қатынастары мен басқару құрылымын жетілдіру.................................................................................................................23
3.2 Қаржы менеджментіндегі тәуекелді басқару жүйесін дамыту...................24

Қорытынды ...........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29

Файлы: 1 файл

kurs_4543.doc

— 275.00 Кб (Скачать файл)

2.1 «Қазақтелеком»  АҚ-ның  қаржылық менеджментінің құрылымы және қызметтерін талдау

 

 

«Қазақтелеком»  ҰК» АҚ (бұдан әрі – Компания) Қазақстан Республикасының жалпы  қолданыстағы бірыңғай телекоммуникация желісінің ұлттық операторы болып табылады.

«Қазақтелеком»  ұлттық акционерлік компаниясы «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясын  құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы  № 666 қаулысына сәйкес ұлттық ауқымда  құрылатын, мемлекеттік өңірлік және мамандандырылған телекоммуникация кәсіпорындарының мүлкін Республиканың бүкіл аумағында кең ауқымды байланыс қызметтерінін көрсететін акционерлік қоғамның жарғылық қорына беру жолымен құрылды.

2004 жылғы 1 сәуірде  «Қазақтелеком» ҰАК-ты Астана қаласының Әділет басқармасы «Қазақтелеком» АҚ етіп қайта тіркеді.

Компания Қазақстанда  жұмыс істейтін 3 еншілес және бірлесіп бақыланатын («Алтел» АҚ (50 %), «Қазақстан GSM» ЖШС (49 %), «Нұрсәт» ЖАҚ (41,25 %)) ұйымға қатысушы немесе акционер болып табылады.

Компания мынадай  негiзгi қызметтердi көрсетедi:

жергілiктi, қалааралық, халықаралық телефон байланысы;

телеграф, телекс, деректер беру; 

спутниктiк байланыс;  

сым арқылы радиохабар тарату;  

байланыс арналарын  жалға беру.

Кадр саясатының мақсаты – бірыңғай командалық рухы болатын және Қоғам алдындағы тұрған міндеттерді адам қорларларының ұстанымын барынша жүзеге асыру мен корпоративтік өзараәрекеттесу құрылымдарының пәрменділігі арқылы сапалы және жедел шешуге қабілетті жоғары кәсіптік еңбек ұжымын құру.

Қоғам қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешеді:

    1. корпоративтік дәстүрлерді, клиенттке жоғары сапалы деңгейде қызмет көрсетуді және серіктестермен адал өзараәрекеттесуді қамтамасыз ету үшін еңбек ұжымындағы қатынастардың корпоративтік стандарттарын дамыту;
    2. өз қызметі саласындағы үздік мамандардың кәсіптік деңгейін көтеру және іздеу, тарту, ұстап қалу;
    3. әлеуетті мүмкіндіктері мен ынталы және шығармашыл ойлайтын қызметкерлердің тұрақты кәсіптік өсуін көрсету үшін жағдайлар жасау;
    4. жаңадан қабылданған қызметкерлердің бейімделуіне, олардың кәсіптік және шығармашылық әлеуетін тиімді пайдалануына жағдай жасай отырып, ықпал ету.
    5. қызметкердің (команда мүшесінің/Қоғамның) қабілеттілігін білу;
    6. Қоғамның игілігі үшін қызметкердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту;
    7. қызметкердің Қоғам қызметінің нәтижесіне, оның ішінде ұзақмерзімді дамуға үлесін әділ бағалау.
    8. "Қазақтелеком" АҚ (әрі қарай – Қоғам) кадр саясатының негізі қызметкердің Қоғам алдында қойылған стратегиялық және тактикалық міндеттердің жоғары кәсіптік деңгейде шешілуін қамтамасыз ете алатын кәсіптік және әлеуметтік дамуы, ауысу және қызметкерді қызметкердің сандық және сапалық құрамының қолайлы деңгейінде қолдау мен сақтау үдерістерінің дұрыс үйлесуі болып табылады.

Қатынастарды басқару мен қызметкерді дамыту теңдестірілген кешенде қолданылатын жұмыстыңәкімшілік (бұйрықтарына, өкімдеріне, құрылымдық бөлімшелер туралы ережесіне, лауазымдық нұсқауларына, жұмыстың регламенттеріне, ішкі тәртіп ережелеріне, санкцияларына және т.с.с.), экономикалық (материалдық ынталандыруға, сақтандыруға, несиелендіруге, оқуға, мамандық деңгейін көтеруге), әлеуметтік-психологиялық (психологиялық климатқа, іскерлік әдепке, материалдық емес дәлел тәсілдеріне, корпоративтік мәдениетке) әдістерінесүйенеді.

Жұмыс беруші әрбір қызметкермен еңбек заңнамасының талаптарын сақтай отырып, әлеуметтік серіктестік принциптеріне  негізделген тұрақты еңбек қатынастарын орнатуға ынталанады.

Жұмыс беруші кадр саясатын дұрыс түсінушілікке, қолдауға және жүзеге асыруға жауапты, және өз кезегінде Қоғам алдында қойылған міндеттерді түсінушілікке және оның жүзеге асырылуына әрбір қызметкердің жауапкершілігіне үміттенеді.

2010 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс, қызмет көрсету және тауарларды сатып алудың жалпы соммасы 656 млн. 087мың теңгені құраса, оның ішінде Отандық өндірушілерден тауарларды сатып алу 476 млн.теңге болды.

Басқару қатынастары  мынадай ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді: біріншіден, басқарушы және басқарушылар жүйелер арасындағы, яғни тікелей басқару субьектісі мен тікелей өндіріс арасындағы қатынастарға, басқарушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады.

Қаржылық тәуекелді  басқару принциптері. Тәуекелді  басқарудың мақсаттары мен міндеттерін  жүзеге асыру менеджерге фирма тәуекелдерін басқару принциптерін нақтылауды талап етеді.

Менеджер тәуекелді басқару  бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауда негізге  алатын  принциптер кәсіпорынның стратегиясымен анықталады. Егер кәсіпорын өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге  негізделсе, онда бағдарлама жасаушы жұмыс негізіне алатын сәйкесінше принциптері қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін    тәуекелді басқару әдісін таңдауды ұсынады. Мұндай нақты принцип мысалы компанияның барлық тәуекелдерді сыртқы ортаға шығаруға бағытталу принципі болып табылады.

Фирманың тиімді дамуы  үшін тәуекелдерді басқарудың міндетті түрде келесі принципін сақтауы  тиіс: фирма қызметін сыртқы  орта талаптарымен сәйкестендіру, оның ішінде берілген кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел  – менджментінің талаптарына сәйкес келу. 

Тәуекелді басқару функцияларының мәні  пәндік сипатты иеленбейтіндіктен, ол коммерциялық кәсіпорындардың интегралдық  құндылықтарын сақтауға бағытталғандықтан, бұл функцияларды орындау фирма  бөлімшелерінің және тәуекелді басқару  қызметкерлерінің біріккен күштерімен жүзеге асырылады. Тәуекелді басқару жүйесін орнату үшін біріншіден, мамандарды дайындау қажет, екіншіден, әрдайым біріккен тренингтер жүргізілуі тиіс.

 

 

2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау

 

 

     Батыс Қазақстандық облыстық телекоммуникациялық басқарма «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы болып табылады.

     «Қазақтелеком»  АҚ Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанынан, ҚР Министрлер Кабинетінің «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік қоғамын құру туралы» 1994 жылғы 17 маусым №666 Қаулысына сәйкес құрылып қызмет етеді.

      Қоғам  ҚР барлық территориясы бойынша  өз қызметін таратады, ол қоғамның  жарғылық қорына берілетін филиалдардан  тұрады. Филиалдар заңды тұлға  болып табылмайды. Филиалдар акционерлер Кеңесімен бекітілетін филиал туралы ереже негізінде өз қызметін атқарады.

     Жалпы төлемқабілетсіздік  жағдайы және барлық кәсіпорындардың  банкроттық іс әрекеттері және  нақты қаржылық жағдайды бағалау  қазіргі кезде маңызды орын алады. Мұндай бағалаудың басты критериі кәсіпорынның төлемқабілеттілік көрсеткіштері және өтімділік деңгейі болып табылады.

     Кәсіпорын  өтімділігін талдауға көшуден  бұрын, актив, баланс, кәсіпорын  өтімділігі не екенін анықтау  қажет. Өтімділіктің екі концепциясы белгілі. Бірінші концепцияға сәйкес, өтімділік – бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алуы. Келесі концепцияға сәйкес өтімділік – ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу дайындығы мен жылдамдығы. Кәсіпорынның өтімділік мәні өзімен бірге баланс өтімділігін ұсынады. Баланс өтімділігін талдау өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған актив қаражаттары және өтеу мерзімі бойынша топтастырылған пассив міндеттемелерін салыстыруға негізделеді. Өтімділік қаражаттары мен міндеттерді сәйкестендіру мынадай көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді: ағымдағы өтімділік пен перспективадағы өтімділік.

     Ағымдағы  өтімділік кәсіпорынның қарастырылатын  уақыт ішінде төлемқабілеттілігі  және төлемқабілетсіздігі туралы  куәландырады және келесі формуламен есептелінеді:

ТЛ = (  А1 + А2 ) – ( П1 + П2 ),     (формула 4)

мұндағы ТЛ – ағымдағы өтімділік, А1 және П1 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары.

     Перспективалық  өтімділік – бұл болашақтағы  түсімдер мен төлемдер негізінде болжау. Ол келесі формуламен есептелінеді:

ПЛ = А3 – П3,     (формула 5)

мұндағы ПЛ – перспективалық өтімділік, А3 және П3 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары/10,134б./.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте-1. «Қазақтелеком» АҚ филиалының өтімділігін талдау

 

 

 

Активтер

 

 

2009ж.

 

 

2010ж

 

 

Міндеттемелер

 

 

2009ж.

 

 

2010ж.

Төлемдік артықшылық(+). Жеткіліксіздік(-)

2009ж.

2010ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

Ең өтімді активтер, А1

9841

1861

Жедел міндеттемелер,

П1

918120

904030

-908279

-902169

Тез өтімді активтер,

A2

151381

142034

Қысқа мерзімді міндеттемелер,

П2

0

0

+151381

+142034

Баяу өтімді активтер,

A3

119729

82793

Ұзақ мерзімді міндеттемелер,

П3

0

0

+119729

+82793

Қиын өтімді активтер,

A4

2099281

2277002

Тұрақты міндеттемелер,

П4

1462112

1599660

+637169

+677342

БАЛАНС

2380232

2503690

БАЛАНС

2380232

2503690

-

-


 

     Баланс  өтімділігін талдау №1 аналитикалық кестеде көрсетілген. Абсолютті өтімділік көрсеткіштері (1) және (2) формулалары арқылы есептелінеді.

ТЛ2004  = ( 9841 + 151381 ) – ( 9181120 + 0 ) = - 756898 мың теңге

ТЛ2005 = ( 1861 + 142034 ) – ( 904030 + 0 ) = - 760135 мың теңге

ПЛ2004 = 119729 – 0 = 119729 мың теңге

ПЛ2005 = 82793 – 0 = 82793 мың теңге.

     Есептеу  нәтижелері кәсіпорынның есеп  беру кезеңінің соңына активтер  мен міндеттемлер бойынша топтар нәтижелерін сәйкестендіру келесі нәтижелерді көрсетті: А1 < П1, А2 > П2, А3 > П3, А4 < П4. Осыған байланысты баланс өтімділігін жеткілікті деп атауға болады. Кезеңнің басы мен соңындағы ағымдағы өтімділік көрсеткіштері төлемділік жеткіліксіздігін көрсетті, яғни қарастырылып отырған кезеңге жақын уақытта кәсіпорын өз міндеттемелерін  төлеуде қиындыққа шалдығады, бірақ перспективалық өтімділік көрсеткішінің өсімі болжамды төлемқабілеттілігінің артуын куәландырады, яғни болашақ ақшалай түсімдерге қарағанда кәсіпорын тқаржылық қиындықтарға ұшырамайды. Нәтижесінде есеп беру кезеңнің соңында кәсіпорын жеделдігі жоғарылау міндеттемелерінің 0,2 % төлей алады, бұл қаржылық жағдайдың шектелгендігін көрсетеді.

     Қаржылық  жағдайды талдаудың басты міндеті кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу болып табылады.

 

 

Кесте-2. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2009-2010 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын бағалау, мың теңгемен

 

Көрсеткіш атауы

Көрсеткіш мәні

      Өзгеріс  

2009 ж.

2010ж.

Абсолюттік

%-бен

1. Өзіндік қаражаттар  көздері

1462112

1599660

+137548

+9,41

2. Ұзақ мерзімді активтер

2103175

2279897

+176722

+8,4

3.Меншікті айналым  қаражаттары

-641063

-680237

-39174

+6,11

4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер

0

0

-

-

5. Запастар мен шығыстарды құру үшін меншікті айналым қаражаттары және ұзақ мерзімді міндеттемелер болуы

-641063

-680237

-39174

+6,11

6. Қысқа мерзімді міндеттемелер

918120

904030

-14090

-1,53

7. Запастар мен шығыстардың  құрылуының негізгі көздерінің  жалпы көлемі

277057

223793

-53264

-19,22

8.Запастар мен шығыстар  көлемі

115835

79898

-35937

-31,02

9. Запастар мен шығыстардың  құрылуы үшін меншікті айналым  қаражаттарының артықшылығы (жеткіліксіздігі)

-756898

-760135

-3237

+0,43

10. Запастар мен шығыстардың  құрылуы үшін негізгі құралдардың артықшылығы (жеткіліксіздігі)

+161222

+143895

-17327

-10,75


 

     «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тұрақтылығын жалпы бағалау №2 кестеде көрсетілген. Есептеу мәліметтері кезең басында кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты емес екенін көрсетеді. 2009 жылдың соңында қаржылық жағдайы нашарлаған және қаржылық тұрақсыздық жағдайды тұр. Бұл қорытынды келесілер негізінде жасалады:

- запастар мен шығыстар өзіндік айналым қаражаттарымен өтелмейді;

- кәсіпрын қаржылық жағдайының тұрақсыздығын ұстап тұрған басты себеп – запастар мен шығыстар өсімінен құрылу көздері өсімінің төмендеуі, пайда болу көздерінің жалпы көлемі 19,22%-ға төмендесе, запастар мен шығыстар құны 31,02% төмендеді.

 

 

 

 

 

 

 

Кесте-3 «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2009-2010 жылдардағы дебиторлық қарызын талдау

 

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары