Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 17:45, курсовая работа

Описание работы

Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.

Содержание работы

Кіріспе .....................................................................................................................3

I Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері
Кәсіпорынның қаржы менеджментінің мәні, түсінігі..................................5
Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент объектілері...................................8
Қаржылық тәуекел деңгейін төмендету әдістері........................................10
II Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің ұйымдық құрылымын және тәуекелділігін талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында)
2.1 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржылық менеджментінің құрылымы және қызметтерін талдау................................................................................................14
2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау.............................16
2.3 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау..........21

III Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары
3.1 Қаржы менеджментіндегі басқару қатынастары мен басқару құрылымын жетілдіру.................................................................................................................23
3.2 Қаржы менеджментіндегі тәуекелді басқару жүйесін дамыту...................24

Қорытынды ...........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29

Файлы: 1 файл

kurs_4543.doc

— 275.00 Кб (Скачать файл)

Бап атауы

       01.01.09

           01.01.10

Ауытқу(+,-)

Сома,

Мың тг

Үлес салмақ

 

Сома, мың тг

Үлес салмақ

Алынуға тиісті шоттар

138051

91,19

1332342

93,18

-5709

Басқа дебиторлық қарыз

13330

8,81

9692

6,82

-3638

Барлығы

151381

100

142034

100

-9347


 

     Дебиторлық  қарыз кәсіпорын активтерінің  негізігі бөлігі болып табылады. Дебиторлық қарыз жағдайын талдау №3 кестеде көрсетілген.

     Кесте мәліметтері  бойынша сатып алушылар мен  тапсырыс берушілермен есеп айырусулар  негізгі бөлікті құрайды. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздары қарыздардың жалпы сомасынан  01.01.2009 жылға 91,19% және 01.01.2010 жылға 93,18% құрайды. Дебиторлық қарыздың  9347 теңгеге немесе 6,2% төмендеу қаржылық тұрақтылық өсуін көрсетеді.

     Кез келген  кәсіпорынның қызмет ету тиімділігі  қажетті табыс әкелу мүмкіндігіне  тәуелді екені белгілі. Бұл  мүмкіндікті бағалау рентабельділікті  талдау арқылы жүргізіледі, ол  келесі сұрақтарға жауап беруге  көмек береді: алынған табыстар  мен шығарылған шығыстар қаншалықты тұрақты; жүргізілген шығыстардың қаншалықты өндірістік; кәсіпорынға капитал салымының тиімділігі; кәсіпорынды басқару қаншалықты тиімді және т.б.

     Ең алдымен,  «Қазақтелеком» АҚ филиалының  қаржылық нәтижелердің деңгейі  мен динамикасын талдау жүргізіледі. (қосымша-1)

     Талданған  кезеңде өткізуден түскен табыс 9,46% өсті, яғни кәсіпорын қызметінің масштабы өсті. Өзіндік құны 9,46% өсті. Өнімнің өзіндік құн өсуінің қарқыны өткізуден түскен табыстардың қарқынынан жоғары. Бұл кәсіпорында өндіріске шығыстарды өсіру бағытсыз жүргенін көрсетеді.

     Өткізуден  түскен табыс өсімі нәтижесінде  жалпы табыс 95475 теңгеге немесе 9,3% өсті. Сонымен қатар талданған кезде шығындар 23,09% өсті, сның ішінде жалпы және ұйымдастырушылық шығындары өсуі есебінен.

     Негізгі  қызметтен табыс 854117 теңгеден 909693 теңгеге немесе 6,5%-

ға өсті. Талданған  кезеңде кәсіпорында негізгі  емес қызметтен табыс 12,11%-

ға төмендеді. Осының нәтижесінде қарапайым қызмет табысынан  салық салуға дейін 917776 теңге құрады, яғни 6,31%-ға өсті. Қарапайым қызметтен табыс салығын төлемеу себебінен салық салудан кейін 22,26%-ға өсті және 2009 жылы 750651 мың теңге және 2010 жылы 917776 мың теңге құрады.

     Есеп беру  кезеңінде төтенше жағдайлар  бойынша шығыстар болмаған жағдайларынан таза табыс өзгеріссіз қалды, бірақ негізгі құралдарды қайта бағалау бөліміндегі таза табысты дұрыстау жүргізілді, оның нәтижесінде таза табыс кезең соңында 955704 мың теңге құрады және 22,47%-ға өсті.

Кесте-4. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2009-2010 жылдардағы рентабельділік көрсеткіштері

 

Көрсеткіш атауы

Есептеу

Көрсеткіш мәні

Өзгеріс мәні

 

2009ж

 

2010ж

1. Өнім рентабельділігі

(Таза табыс/өткізуден  табыс)*100

40,28

45,06

+4,78

2.Жалпы рентабельділік

(салық салудан бұрын  қарапайым қызметтен табыс/өткізуден түскен табыс)*100

44,56

43,27

-1,29

3.меншік капитал рентабельділігі

(таза табыс/меншікті капитал)*100

53,37

59,74

+6,37

4.Экономикалық рентабельділік

(таза табыс/баланс)*100

32,79

38,17

+5,38

5.Қор рентабельділігі

(таза табыс/ұзақ мерзімді активтер)*100

37,1

41,92

+20,87

6.Негізгі қызмет рентабельділігі

(негізгі қызметтен  табы/өткізілген өнімнің өзіндік  құны)*100

93,79

91,11

-2,68


 

     Рентабельділік  көрсеткіштерін талдау №4 кестеде көрсетілген.

     «Қазақтелеком»  АҚ филиалының рентабельділігін  сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу  келесі тұжырымдар жасауға мүмкіндік  береді. Сонымен, таза табыс бойынша  өнім рентабельділігін есептегенде, есеп беру кезеңінде әр бірлік бойынша өткізілген қызмет үшін 4,7% таза табыстың өсуі анықталды. Алайда, жалпы рентабельділік 1,29%-ға төмендеген.

     Меншікті  капитал рентабельділігін есептеу 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы «Қазақтелеком» АҚ иелері салған әр ақшалай бірлік таза табысты 6,37%-ға көбірек тапқан.

     Қор рентабельділігін  есептеу кезінде анықталатын  негізгі құралдар мен басқа  да ұзақ мерзімді активтерді  пайдалану тиімділігі 20,87%-ға өсті.

     Негізгі  қызмет рентабельділігін есептеу өткізуден табыстың төмендеуін көрсетті, 1 теңге шығысқа келетін 2009 жылмен салыстырғанда 2,68%-ға төмен.

     Өткізілген  талдау негізінде кәсіпорын қызметінің  жағымды және жағымсыз жақтарын  көрсетуге болады.

     «Қазақтелеком»  АҚ филиалының қызметінің жағымды жақтары келесілер болып табылады:

- жұмыс тәжірибесі үлкен мамандардың жоғары дәрежелілігі;

- негізгі өнімді өндіру және өткізу процесінің ұйымдастырылғандығы;

- өндірілетін өнімнің жоғары сапасы;

- кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін әрқашан жетілдіру.

     Кәсіпорын  қызметінің жағымсыз жағы:

- ұзақ мерзімді активтердің жоғары үдемелі салмағы және оның сомасының өсуі кәсіпорынның меншік қаражаттарын ағымдағы активтерге емес, айналымнан тыс активтерге салатынын куәландырады.

 

 

2.3 Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау

 

 

     Тәуекелді бағалау тәуекелді басқарудың жалпы жүйесінінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол тәуекел көлемін (деңгейін) сапалық не саналық әдіспен анықтау процесін білдіреді.

     Тәуекелді  сандық бағалау нақты шешімдерді алу мүмкіндігін береді. Алайда сандық бағалауды жүргізу ол үшін сәйкес келетін алғашқы ақпаратты алумен байланысты көптеген қиындықтар кездеседі. Қазақстанда ақпараттық қызмет нарығы дамымағандықтан, көбіне фактикалық ақпараттарды алу қиын. Ақпараттардың, уақыттың жеткіліксіздігімен, кейде қажетті мәліметтердің  байланысты бұл қиындықтар себебінен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде тәуекелді қатысты бағалау ерекше қызығушылықты тудырады. Бұл фирма иесі кәсіпкер, сонымен қатар оның серіктестері үшін тәуекелді бағалаудың ең қолайлы әдістердің бірі болып табылады.

     «Қазақтелеком»  АҚ филиалының тәуекелдерін бағалау  қаржылық есептілік негізінде  жүргізіледі. (қосымша-3)  «Қазақтелеком»  АҚ филиалының 2009-2010 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметіне экспресс–талдау көрсетілген, оның негізінде берілген кәсіпорынның тәуекелді басқару жүйесін талдау жүргізіледі.

     Кәсіпорынның  мүліктік жағдайын бағалауда  шаруашылық қаражаттардың сомасының  көрсеткіші кәсіпорынның балансында  көрсетілетін активтердің жалпы құндылық бағалауын көрсетеді. Активтердің құны 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 5,19%-ға өсті, ол кәсіпорынның мүліктік потенциалының өскенін көрсетеді. Модернизация коэффициентінің мәні (есептелген амортизацияның негізгі капиталдың бастапқы құнына қатынасы) 0,47-0,45 болса, оның нормативті мәні 0,3-0,5. Модернизация коэффициенті оптималды мән шегінде орналасқан. Ол кәсіпорын негізгі қорға салынған қаражаттарды интенсивті түрде босатқанын білдіреді.

     Кәсіпорынның  өтімділігін талдау меншікті айналым капиталы көлемінің 6,11%-ға өсімі жағымды нәтижелер бермеді, себебі оның көлемі жағымсыз болып табылады және кезең аяғына 680237 мың теңге құрады, яғни кәсіпорында ағымдағы активтерді жабу көзі болып табылатын меншік капитал бөлігі жетіспейді. Абсолютті өтімділік көрсеткіші кезең басына тек 0,01 теңге және кезең аяғына тек 0,002 теңге ағымдағы міндеттемелер ақша қаражат есебінен жедел өтелуі мүмкін екендігін көрсетеді. Критикалық өтімділік коэффициенті ағымдағы міндеттемелердің кезең басына 18% және кезең аяғына 16% шоттардағы қаражат және де есептесуден түсімдер есебінен жедел өтелу мүмкіндігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік көрсеткіші активтердің өтімділігінің жалпы баға беріп, 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы ағымдағы міндеттемелердің бір теңгесіне 16,67% төмен екенін көрсетеді. Запастарды өтеуде меншікті айналым капиталының үлесін есептеу динамикада 2,9 пунктіне мәннің төмендегенін көрсетеді, бұл – меншікті айналым капиталымен өтелетін запастар құнының бөлігінің төмендеуі, бұл жақсы беталыс емес, себебі кезең басында бұл үлес жағымсыз болды және 5,51 пунктіні құрады.

     Кәсіпорын  қаражаттарының тәуелсіздік (автономия)  коэффициенті кәсіпорын иелерінің  қаражаттардың жалпы сомасындағы  қызметке авансталатын меншік  үлесін сипаттайды. Қаржылық автономия коэффициентін есептеу қаржыландыру  көздерінің жалпы сомасындағы меншікті қаражаттар үлесі 4,92% өскенін көрсетеді. Бұл кәсіпорынның сыртқы инвесторлардан тәуекелділігінің төмендеуін көрсетеді, бұл жақсы беталыс, нормативті мәнге де сәйкес келеді.

    Меншік капиталдың ептілік (маневренность) коэффициенті меншік капиталдың қай бөлігі ағымдағы қызметті қаржыландыру үшін қолданылатынын, яғни қай бөлігі айналым қаражаттарына салынған, қай бөлігі капиталданғанын көрсетеді. Меншік капиталдың маневренность коэффициенті есеп беру кезеңінде 2,27% төмендеді.

     Қарыздық  және меншікті капитал қатынасының  көрсеткіші 9,52%-ға төмендеуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артуын және кәсіпорынның кредиторлардан тәуелділігінің төмендеуін куәландырады.

     Экспресс-талдау негізінде «Қазақтелеком» АҚ филиалының тәуекелін талдауды жалпы келесідей сипаттауға болады: қаржылық жаағдай тұрақты, бірақ өтімділік пен төлемқабілеттілікті жоғарылату бойынша іс-шаралар жүргізу қажет. Тәуекелділік облысы минималды тәуекелділік облысына сәйкес келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Кәсіпорынның қаржылық  менеджментінің тұрақтылығын арттыру  жолдары

3.1 Қаржы менеджментіндегі  басқару қатынастары мен  басқару  құрылымын жетілдіру

 

 

Қазіргі уақытта жүйелі көзқарас ғылым мен практиканың барлық салаларында кеңінен пайдаланылады. Мұның басты себебі, өндіргіш күштердің дамуы.

Басқар теориясы екі  бөліктен тұрса да, ғылым ретінде  біртұтас. Олардың біреуі қисынды  талдау негізінде өндірісті басқарудың жалпы заңдары мен қағидаларын  зерттейді. Екінші бөлігі басқару өнері деп аталады.

Басқару қатынастары  мынадай ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді: біріншіден, басқарушы және басқарушылар жүйелер арасындағы, яғни тікелей басқару субьектісі мен  тікелей өндіріс арасындағы қатынастарға, басқарушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады.

Өндірісті тікелей қоғамдық сипат деп алғанда оны басқару  қажет болып, оған мүмкіндік пайда  болады. «Басқару» - деп жазған К.Маркс , - бірлескен аралас еңбектің өз табиғатынан  туындайды, және содан туындайтын жалпы функцияларды атқарады.

Басқару теориясына талдау жасау, жалпылама  жалпы және жеке әдістер жүйесіне енгізіледі. Басқару  туралы нақты ғалымдардан айырмашылығы басқару теориясы өзінің пәніне байланысты жалпы басқарумен байланыстырылады.

Әрбір нақты жағдайда басқару әдістерін басқару органдары  дәл болжай білуі керек.

Адам ресурстарын басқару  барлық басшылармен жүргізіледі, сондықтан  да бұл зонадағы басқару жоғары деңгейден  төменгі деңгейге дейінгі барлық жұмысшылар қатысады.

Менеджменттің орталық фигурасын – процессионал (маман) болып табылады, жұмыстың даму болавшағын болжау қабілеттілігі бар, жағдайларды тез бағалайтын және мақсатына жету үшін оптималды шешім табатын басқарушы. Менеджер маманданған және жеке сапалы қасиеттермен қамтылуы қажет: жоғары компетенттік, ойлау қабілеттілігімен, тәуекелге ақылмен баруы, бекітілген жоспарын орындауға қабілеттілігі және ұжымда лидер болуы тиіс.

Менеджері кәсіпорындардағы, фирмалардағы және т.б. менеджмент деңгейіне  баға бере білуі қажет. Мұндай баға клиенттің несие қабілеттілігін талдаудың элементінің құралы болып табылады.

Ұжымда басқарудың негізгі  міндеті - өз әріптестермен сөйлеу, араласу қабілеттілігінен құралады.

Жұмыстың тиімділігін, басшылықтың оптимизациясын бақылаумен клиенттерге қызмет көрсетуі жоғарлату үшін:

  1. тиімді басқару құрылымын қамтамасыз ету;
  2. клиентпен байланысты болатын барлық бөлімшілер мен қызметтердегі клиенттерге қызмет ету мәдениетін енгізу;
  3. басшы тарапынан тиімді бақылау жүйесін өңдеу;
  4. әр бөлімнің иімділігін қамтамасыз ету;
  5. басқарудың негізгі процестерін құру немесе жетілдіру, мысалы стратегиялық және оперативті жоспарлау, қорытындыны бағалау және маниторинг, шешімдерді қабылдау, аудит, ақпараттарды басқару жүйесі.

Банктер және банктік  қызмет туралы заңға сәйкес, банкті ашуға рұқсат беруде бас тартуды санамағанда, банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензия келесідей жағдайларда қайта қайтарылып алынуы мүмкін:

  • Рұқсат бергеннен күннен бастап, 6 айдан аса уақыт ішінде банк өз қызметін бастамаса;
  • ҰБ белгілеген пруденциалдық нормативтерді, ҚР жұмыс істеп отырған банктік заңдарды жүйелі түрде бұзу, ҰБ белгілеген нормативтік актілерді бұзу жағдайлары анықталған кезде;
  • Заңмен белігеленген мәліметтер мен есеп берулерді жүйелі түрде бұрмалау;
  • Осы заңмен және банк жарғысы және т.б. қарастырылған тыс операцияларды жүргізу барысында.

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару  құрылымына және оның функционалдық  бөлімшелері мен әртүрлі қызметтерінің  құрылымына бөлінеді.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары