Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 17:45, курсовая работа
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.
Кіріспе .....................................................................................................................3
I Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері
Кәсіпорынның қаржы менеджментінің мәні, түсінігі..................................5
Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент объектілері...................................8
Қаржылық тәуекел деңгейін төмендету әдістері........................................10
II Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің ұйымдық құрылымын және тәуекелділігін талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында)
2.1 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржылық менеджментінің құрылымы және қызметтерін талдау................................................................................................14
2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау.............................16
2.3 «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау..........21
III Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары
3.1 Қаржы менеджментіндегі басқару қатынастары мен басқару құрылымын жетілдіру.................................................................................................................23
3.2 Қаржы менеджментіндегі тәуекелді басқару жүйесін дамыту...................24
Қорытынды ...........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29
Қаржы менеджментін мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге болады:
1) ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және мақсатын анықтау;
2) ақша қаражаттарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін талдау;
3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-жоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс-әрекеттердің бағдарламасын жасау;
4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5) атқарылу барысына бақылау жасау жәнс қажетті түзетулер жасау;
6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және бағалау.
Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктерімен,, яғни жобаланған нұсқамен салыстырғанда табысгы кем алу немесе зияпның пайда болуы ықтималдығымен кездесіп отырады. Тәуекелдікті галдау оның көздсрі мсн себептсрін анықтаудан, ысыраптың белгілі бір деңгейінің ықтималдығын өлшеуді, яғни тәуекелдіктің қолайлы дәрежесін белгілеуден басталады. Тәуекелдік статистикалық, сараптық және құрамдастырылған әдісгермен анықталады. Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктің (барлық түрін — өндірістік, коммерциялық, қаржы тәуекелдіктерінің үйлесуін қажет етеді.
Алайда бизнеске экономикалық, сондай-ақ әлеуметтіх, саяси және табиги сипаттағы секілді көптеген құбылыстар да әсер етеді: өрлеу мен дағдарыстар, банк пайызының, бағалардың ауытқулары, тұтынушылар ұнатуларының, бәсекелестер іс-қимылының өзгеруі, үкіметтің көлденең (болжанбаған) шсшімдер қабылдауы, ереуілдер, табиғи катаклизмдер, апаттар және т.б.
Колайсыз уақиғалар болған кезде келеңсіз зардаптарды азайтуға ақшаны, өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді резервте сақтау есебінен қол жетеді; коммерциялық қызметті қайта бағдарлау жөніндегі алдын ала жасалған шаралар болуы мүмкін. Жиынтық, тәуекелді басқару кезіндегі кәсіпорынға төнетін тәуекелдердіңтүрлі тұрпаттарында бірігетін кәсіпорын қоржынын ортараптандырудың ерекше маңызы бар.
Хеджерлеудің көмегімен қаржы тәуекелдігін (қатерін) барынша азайтудың техникасы қолданылады. Бұл кездс негізгі келісіммен қатар үшінші тараппен қосымша мәміле жасалынады. Оның, шарты мынадай: негізгі мәміледегі қаржы ысыраптарына соқтыратым мән-жай болған кезде қатысушы залал шеккен ысыраптарды түгел немесе ішінара бейтараптандыра отырып, қарама-қарсы мәміледе ұтады. Хеджерлеу техникасында опциондар, фыочерстер, пайыздық айырбастар (своптар) сияқты және т.б. пайдаланылады.
Тәуекелдікті азайту мен төмендетудің дәсгүрлі әдісі мүліктік сақтандыру болып табылады, бұл кезде сақгандырылушыға (сақтамушыға) сақтандыру шартымен шарттасылған сақтандыру оқиғасы болған кезде төленетін сақтық төлемі камтамасыз етіледі.
Қаржы менеджментде маңызды объект ақша ағыны – құн (Д-Т-Д1) нысандарын жаңғыртудың және косылған құнды қалыптастырудың экономикалық процесттерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша агынының (ақша түсімі мен жалпы құрамына қаржы көмегімсн де қалыпасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ, басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсіміне анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден түскен түсім-ақша, онан кейіп несие ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауыдүркін-дүркін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылартөлеу, несиелерді өтеу салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.,) сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.
Қаржы менеджментінде ақша оның іс-әрекетінің мезгілдік (уақытша) межелдемелері тұрғысынан функцияларды атқару кезіндегі өзге нысанға, сапаға айналғанға дейін қаралады. Бұл аспектіде ақшаның "уақытша құнының "барлығы есепке алынады: мұндай сомада бүгінгі ақша мен келешектегі ақшаның сатып алу күші бірдей болмайды. Ақшаның қазіргі және келешектегі құны өзара қайтымды. Қазіргі (бүгінгі) қүн келешектегі құнға компаундингілеу — күрделі пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегі құны қазіргі құнға дисконттау — пайыздарды пайдаланып төмендету арқылы жеткізіледі. Ақшаның келешектегі құнының есеп-қисабында инфляцияның индекстерін есепке алу, яғни ақшаның құнын инфляциялык құнсыздануға төмендету қажет.
1.3 Қаржылық тәуекел деңгейін төмендету әдістері
Қаржы тәуекелдері түрлі әдістер мен тәсілдер көмегімен шешіледі. Қаржы тәуекелдерін шешу құралдары болып олардан қашу, ұстап қалу, беріп жіберу, деңгейін төмендету.
Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу мүмкіндігін қолданбауды білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді инвестордың жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру қоғамына, беріп жіберумен түсірдіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.
Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі принциптерге сүйенуі тиіс:
Бірінші принципке сүйенуде инвестор капитал салымын жасаудан бұрын тиіс:
Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал көлеміне тең, не одан кіші, не үлкен болуы мүмкін.
Портфельді инвестиция кезінде, яғни екінші ретті нарықта сатуға болатын бағалы қағаздарды сатып алған кезде шығыс көлемі әдетте шығыстанатын капитал көлемінен аз. Инвестордың өзіндік қаржылық ресурстардың қөлемі және максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің арақатынасы банкроттыққа апаратын тәуекел деңгейі. Ол тәуекел коэффициентімен өлшенеді:
Кр = У / С, (формула 1)
мұндағы Кр – тәуекел
коэффициенті;
У – максималды
мүмкін болатын шығыс сомасы;
С – нақты түскен қаражатттар есебімен өзіндік қаржылық ресурстар көлемі.
Екінші принципке сүйену инвестор шығыстың максималды мүмкін болатын көлемін біле отырып, оның тәуекелдің ықтималдылылығы қандай екенін анықтауды және тәуекелден (яғни шарадан) бас тарту, тәуекелді өз жауаптылығына алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру шешімін қабылдауды талап етеді
Үшінші принциптің қызмет етуі қаржы тәуекелін әсіресе беріп жіберуде көрінеді. Бұл жағдайда инвестор сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақы өзіне жағымды арақатынасын анықтау тиіс. Сақтандыру сыйақысы немесе сақтандыру жарнасы – бұл сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі үшін төлемі. Сақтандыру сомасы – материалдық құндылықтар (немесе сақтанушының азаматтық жауапкершілігі, өмірі жіне денсаулығы) сақтандырылған ақша сомасы. Егер шығыс көлемі сақтандыру сыйақысын үнемдеумен салыстырғанды үлкен болса, онда тәуекел ұсталынып қалуы тиіс емес, себебі инвестор тәуекелді өзіне алмау керек. Қаржы тәуекел деігейін төмендеті үшін түрлі әдістер қолданылады:
Диверсификациялау
өздерінің арасында тығыз байланысты
түрлі салым объектілері
Кейде инвестор нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпараттар жағдайында шешім қабылдайды. Әрине, егер инвесторда толық ақпарат болса, ол сапалы болжам жасап, тәуекел діңгейін төмендете алатын еді. Бұл жағдай ақпаратты тауар ретінде көрсетеді. Ақпарат бағалы тауар болып табылады, ол үшін инвестор үлкен ақша төлеуге дайын, олай болса, ақпаратқа капитал салымы кәсіпкерліктің бір сферасы болып табылады. Толық ақпарат құны толық ақпарат бар кездегі бір нәрсенің күтілетін сатып алу құны мен ақпарат толық емес жағдайдағы күтілетін құн арасындағы қатынасы ретінде есептеледі. Егер болжам нақты болып шықпаса да, қаражаттарды перспективаға өткізудің сапалы болжамын қамтамасыз ететін сұраныс пен өткізу нарығын зеттеуге салған тиімді.
Шектеу – шығыстар, сатулар, несиелер және тағы басқалардың шекті сомасын бекіту. Шектеу тәуекел деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып табылады және шектеуді банктер қарыз беруде, овердрафт келісімшартына отырғанда; шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарларды несиеге(несие карточкасы бойынша), жол чектері және еврочектер бойынша сату, инвесторлар капитал салымы сомасын анықтау кезінде қолданады.
Сақтандыру мәні – тәуекелден қашу үшін инвестор табыстың бөлігінен бас тартуға, яғни тәуекел деңгейін нөлге дейін төмендету үшін төлеуге дайын. Егер сақтандыру құны мүмкін болатын шығысқа тең болса, онда тәуекелге қарсы инвестор басынан кешу мүмкін кез келген қаржылық жоғалтуларды толық өтеуді қамтамасыз ететіндей сақтана алады. Қаржы тәуекелдерін сақтандыру оның деңгейін төмендету әдістерінің ең тараған түрі болып табылады. Сақтандыру – бұл ерекше қаржылық қатынастар. Бұл қатынастар үшін міндетті түрде екі жақ болуы қажет: сақтандырушы мен сақтанушы. Сақтандырушы сақтанушы төлемдері есебінен ақша қорын (сақтандыру немесе резервтік қор) құрады.
Сақтандыру үшін құрылып жатырған ақша қорының мақсатты бағыттылық сипаты тән, оның ресурстарын тек алдын ала келісілген жағдайлардағы жоғалтуларды өтеуге (көмек көрсету) жұмсау; қатынастардың ықтималдылық сипаты, себебі сәйкес жағдай қашан болатыны, оның күші қандай және қай сақтанушыға тиесілі болатыны алдын ала белгісіз; қаражаттардың қайтарымдылығы, себебі бұл қаражаттар барлық сақтанушылар бойынша зияндарды өтеу төлеміне бағытталған.
Сақтандыру процесінде сақтандыру қорын құруда қатысушылар арасында қаражаттарды қайта бөлу жүргізіледі: бір немесе бірнеше сақтанушы жоғалтуларын өтеу жоғалтуларды барлығына бөлу жолымен жүргізіледі. Белгілі бір кезеңде төлем жасаған сақтанушылар саны өтеу алатын сақтанушылар санынан үлкен болады.
Тәуекел менеджменті кәсіпкерлік қызметінің сферасы сақтандыру нарығы болып табылады. Сақтандыру нарығы – сақтандыру бойынша экономикалық қатынастардың пайда болу сферасы. Сақтандыру нарығы сақтандыру компанияларымен (қоғамдары) және мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен азаматтарға және шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ұсынылатын сақтандыру қызметтері сауда-саттық объектісі болып табылатын ақшалай қатынастар сферасымен түсіндіріледі.
Тәуекел- менеджменті тәуекелді басқару және экономикалық, нақтырақ айтқанда, осы басқару процессінде туындайтын қаржылық қатынастарды басқару жүйесі болып табылады.
Тәуекел- менеджменті басқарудың стратегиясы мен тактикасынан тұрады.
Басқару стратегиясы қойылған мақсаттарға жету үшін қаражаттарды пайдалану әдістері және бағыттарымен түсіндіріледі. Бұл әдіске шешімді қабылдау үшін белгілі бір ережелер мен шектеулер жиынтығы сәйкес келеді.
Тәуекел менеджментінде
басқару объектісі болып
Тәуекел менеджментінің басқару субъектісі – түрлі басқарушылық істің әдістері мен тәсілдері арқылы басқару объектінің мақсаттылық бағытты қызмет етуін жүзеге асыратын арнайы адамдар тобы (қаржы менеджері, сақтандыру маманы, аквизитор, актуарий, андеррайтер және т.б.).
Субъектінің басқару объектісіне әсер еті процессі, яғни басқару процессі басқаратын және басқарылатын ішкіжүйе арасында белгілі бір ақпаратты айналдыру жағдайында жүзеге асырылады. Басқару процессі оның нақты мазмұнынан тәуелсіз ақпараттарды алу, беру және қолдануды ұсынады. Тәуекел менеджментінде белгілі жағдайларда сенімді және жеткілікті ақпараттарды алу маңызды орын алады, себебі тәуекел жағдайында қызмет ету бойынша нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
II Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің ұйымдық құрылымын және тәуекелділігін талдау
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары