Тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:54, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың қабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................3
1. Тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістері.
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері.......................................................5
1.2.Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері.............8
1.3. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері.............................................11
2. «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау
2.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау...................................................16
2.2. Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау...................22
2.3. Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру.............26
Қорытынды......................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................30

Файлы: 1 файл

курсовая (Автосохраненный).docx

— 73.19 Кб (Скачать файл)

    Экспресс-талдау  негізінде «Қазақтелеком» АҚ  филиалының тәуекелін талдауды  жалпы келесідей сипаттауға болады: қаржылық жағдай тұрақты; бірақ  өтімділік пен төлемқабілеттілікті  жоғарылату бойынша  іс-шаралар  жүргізу қажет. Тәуекелділік облысы  минималды тәуекелділік облысына  сәйкес келеді.

 

 

    2.3. Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру

 

Тәуекелділік жағдайында шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер кәсіпорынның қызметі түріне, қойылған мақсаттар  жету стратегиясына тәуелді болады. Сонымен бірге тәуекелді басқару  теориясы мен практикасымен тәуекелді  талдау барысында басшылыққа алынатын негізқалаушы принциптер орнатылған. Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерінің мүмкіндігінше тәуекел етуге  болады, екіншіден, азшылық үшін көпшілікпен  тәуекелге баруға болмайды.

   Тәуекелдерді талдаудан  кейін осы тәуекелдерді басқару  әдістерін талдау қажет. Әрине  бұл процестің ажырамас бөлігі  болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан  басқа тәуекелден қашу немесе  оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу,  сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды  резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды  айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдісі қолданылады.

   Тәуекелді төмендету  – тәуекелді жағдайдың болу  ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар  көлемін азайту. Тәуекелді басқару  әдісін таңдау кезінде тәуекел  түрі бойынша максималды мүмкін  болатын шығысты есептеу, оны  тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал  көлемімен сәйкестендіріп, барлық  мүмкін шығысты меншікті қаржылық  ресурстар көлемімен салыстыру  қажет.

   Тәуекел басқару  жүйесінің қызметін тиімді жүргізу  кәсіпорынды басқару жүйесінде  құрылымдық бөлімше-тәуекелді басқару  бөлімшесін құруды қарастырады.  Бұл бөлімше міндетті түрде тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауы керек.

   Кәсіпорын деңгейінде  мұндай бағдарлама жасау кәсіпорынның  қызметі мен құрылымының негізгі  элементі ішкі және сыртқы  тәуекелдерден қорғаныштылық және  тұрақтылықты кепілдендіретін тәуекелдерді басқаруды  қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын қызметтерінің түрлі жақтарына әсер етеді және ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кәсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсыныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.

    Кәсіпорынның  тәуекелді басқару бөлімшесі  бірнеше топтардан тұруы қажет.  Бөлімшенің құрамына кіретінәр  топқа ішінде білім облысы  әртүрлі мамандар болу керек:  ең алдымен – антитәуекелділік  басқарушы, маркетинг бойынша  маман, қаржы маманы, персоналды  басқару бойынша, жоспарлы-экономикалық  жұмыс бойынша, өндіріс бойынша  маман. Кәсіпорынның басқармасы  тәуекелді басқару мәселелерін  шешуде басты орын алады, өйткені  ол тәуекелді төмендету бойынша  шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық жағдайларда оларды  өткізу шешімдерін қабылдайды, антитәуекелділік  бағдарламамен бірге сыналатын  шешімдер қабылдайды. Тәуекел басқару бойынша шараларды тікелей өткізу кәсіпорынның негізгі өндірістік және басқарушылықбөлімшелерінің қызметіне қайшы келеді, олардың есеп беру көрсеткіштеріне жағымсыз әсерін тигізеді, себебі бұл шаралар жедел табыс әкелмейтіншығыстарды талап етеді. Сондықтан тәуекел басқару бойынша соңғы шешімдерді кәсіпорынның басқару органдарының ең жоғары органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді.

    Қаржылық тәуекелменбайланысты  мүмкін жоғалтуларды төмендетуде  қызығушылық тудыратын кез келген  кәсіпорын өзі үшін келесі  мәселелерді шешу қажет:

  • қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды бағалау;
  • фирма белгілі біртәуекелдерді өзінде қалдыра ма, яғни олар бойынша өзі жауапты бола ма, не олар бойынша жауапты басқа субъектілерге беретіндігі туралы шешім қабыладу тиіс;
  • негізгі мақсаты мүмкін жоғалтуларды төмендету болып табылатын тәуекелдерді басқару бағдарламасын жасау қажет.

Бұл міндетті тәуекелдер басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасау  негізінде мүмкін. Антитәуекелдік менежерде  тәуекелді басқару бойынша дұрыс  шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс.

    Тәуекелді басқарудын максаты  мен міндеттері.

Тәуекелді басқару бойынша  мақсатты шаралардың кез келген арнайы бағдарламасын  жасаудың мақсаты кәсіпорынның тәуекелділік жағдайларында сәтті қызмет еду  қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендету мәселелерін шешу мысалға  келесідей жүргізілуі мүмкін: бар  тәуекелді жою, мүмкіг тәуекелдің алдын  алу, мүмкін болатын зиянның тікелей  алдын алу, мүмкін болатын зиянның  жанама алдын алу. Мұндай бағдарламаны талдауда тәуекелді басқару бойынша  мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасының  мазмұны мен мақсаттары анықталады.

   Қаржылық тәуекелді басқару принциптері.  Тәуекелді басқарудың мақсаттары  мен міндеттерін жүзеге асыру  менеджерге фирма тәуекелдерін  басқару принциптерін нақтылауды  талап етеді. Менеджер тәуекелді  басқару бойынша мақсатты шаралардың  арнайы бағдарламасын жасауда  негізге алатын принциптер кәсіпорынның  стратегиясымен анықталады. Егер  кәсіпорын өзінің қаржылық тұрақтылығын  қамтамасыз етуге негізделсе, онда  бағдарлама жасаушы жұмыс негізіне  алатын сәйкесінше  принциптері  қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз  ететін тәуекелді басқару әдісін  таңдауды ұсынады. Мұндай нақты  принцип мысалы компанияның барлық  тәуекелдері сыртқы ортаға шағаруға  бағытталу принципі болып табылады. Фирманың тиімді дамуы үшін  тәуекелдерді басқарудың міндетті  түрде келесі принципін сақтауы  тиіс: фирма қызметін сыртқы орта талаптарымен сәйкестендіру, оның ішінде берілген кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел – менеджментінің талаптарына сәйкес келу.

 Тәуекелді  басқару функцияларының мәні  пәндік сипатты иеленбейтіндіктен,  ол коммерциялық кәсіпорындардың  интегралдық құндылықтарын сақтауға  бағытталғандықтан, бұл фунцияларды  орындау фирма бөлімшелерінің  және тәуекелді басқаруқызметкерлерінің  біріккен күштерімен жүзеге асырылады.  Тәуекелді басқару жүйесін ортану  үшін біріншіден, мамандарды дайындау  қажет, екіншіден біріккен тренингтер  жүргізілуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Берілген  курстық жұмыста қаржылық тәуекелді  бағалау және төмендету әдістері қарастырылған. Курстық жұмыстың қойылған мақсаты орындалды, яғни қаржылық тәуекелді  басқарубойынша жан-жақты теориялық  зерттеулер жүргізіліп, «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық жағдайын талдау, тәуекелді бағалау, тәуекел деңгейін төмендету әдістері, оларды басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды. Жұмыстың тоериялық бөлімінде тәуекел мәні және түрлері, тәуекелді бағалау әдістері зерттелді. Сонымен қатар қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ұсынылған.

   Жұмыстың  талдау бөлімінде «Қазақтелеком»  АҚ филиалының бухгалтерлік баланс  негізінде қаржылық жағдайы талданып, талдау негізінде тәуекелдерді  басқару жүйесіне баға берілді.  Жалпы қорыта келгенде, бұл кәсіпорынның  тәуекел облысы минималды тәуекел  облысына сәйкес келеді. Сондай  – ақ қаржылық тәуекелді басқару  жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар  берілген. Мысалы ұсыныстар ішінде  кәсіпорында тәуекелдерді басқару  бөлімшесін құру, оның құрамында  мамандар тізімі берілген.

    Сонымен,  тәуекелдерді басқару ролінің  маңыздылығын нығайту және оны  маманды қызмет сферасына шығару  бүгінгі таңда Қазақстандық экономиканың  тұрақты дамуына жетудің маңызды  міндеттерінің бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
  2. Балабанов И.Т. Риск-менеджмент. – М.:Финансы и статистика, 1996 
  3. Бланк И.А. Стратегия и тактика управления финансами. – Киев: ИТЕМлтд, АДЕФ-Украина, 1996.
  4. Ван Хорн Дж.К Основы управления финансами. – М.:Финансы и статистика ,1996.
  5. Вишняков Я.Д., Колосов.А.В., Шемякин В.Л. Оценка и анализ финансовых рисков предприятия в условия враждебной окружающей среды бизнеса. Менеджмент в России и за рубежом-2000г. №3,с.15-17
  6. Глухов В.В., Бахрамов Ю.М. Финансовый менеджмент. – С.Петербург: Специальная литература,1995
  7. Грабовой П.Г. Риски современном бизнесе. – М.:Аланс,1994.-240с
  8. Градов А.П. идр. Стратегия и тактика антикризисного управления фирмой. Специальная литература 1996-510с
  9. Лапуста М.Г.,Шаршукова Л.Г. Риски в предпринимательской деятельности Финансы и статистика
  10. Станиславчик Е.Н. Риск менеджмент на предприятии. Теория и практика, 2002ж
  11. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент Российская практика. Перспектива,1995ж
  12. Чернова Г.В.Практика управления рисками на уровне предприятия,2000ж, 176 бет
  13. Шеремет А.Д.,Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. Инфра, 1995ж
  14. http://www.telecom.kz/
  15. http://www.zona.kz/

 

 


Информация о работе Тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістері