Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 18:25, реферат
Дәріс мақсаты: Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруда, прогресшіл техника мен технологияны енгізуде, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және көздеген мақсаттарға жету жолында «Менеджмент» курсы зор ықпал етеді. Менеджменттің ғылым ретінде қалыптасуы және даму кезеңдері баяндалады. Сонымен қатар дәрістерде Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының қалыптасуы жайында түрлі мәселелер қарастырылған.
- сенімділіктің болатын
себебі мынада: жұмыс істегісі
келетін адамдарда жұмыс
- бизнеске сену, кәсіпорынның басшысын бағалау, құрметтеу;
- іскерлік қызметте бәсекелестікке сену;
- жеке адамдардың діни наным-сеніміне, нәсіліне қарамастан құрметтеу;
- білімге сену және оны құрметтеу;
- қисынды процестерге ғылым мен техникаға сену;
- әртүрлі өзгерістердің маңыздылығына, бір нәрсені таңдаулы әдіспен істеу үшін эксперимент жасаудың қажеттілігіне сену.
Сыртқы этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі іс жүзінде қолданылатын адамның жеке басының жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан құралады. Ұйымға қатысты этикалық нормативтер азаматтық кодексте жазылған, ол нормативтерді әрбір қызметкер білуі тиіс (пара алу, қиянат жасау, залымдық, заңсыз ақша төлету, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу т.б.).
қаулылармен, әртүрлі комиссиялармен, ресми жаңалықтармен, сот шешімдерімен ұшырасып тұрады. Осы құжаттардың кейбіреуі жұмысшылардың, тұтынушылардың мүддесін қорғауға арналған. Кез-келген ұйымдағы басқарушының барлық іс-әрекеті кез-келген заңға немесе қаулыға қатысты және шешім қабылдар алдында басшылар заң кеңесшілерімен ақылдасады.
өткізіп немесе сол жақтан шикізат алып жүрген елдердің халықаралық жағдайлары өзгерсе, ұйымның жұмысына да ықпалын тигізуі мүмкін, сондықтан ұйым басшысы тығырықтан шығатын басқа да жолдарды қарастыруы тиіс. Яғни, жоғарыда аталған факторлар ұйымға жанама әсер етеді.
3.Менеджердің міндеттері, менеджерге қойылатын талаптар
Нарықтық экономикаға дейін республикаға белгілі ғалымдар менеджмент терминін қолданбай, барлық жағдайда басқару, басқаруды ұйымдастыру деп келді. Оның себебі, социалистік қоғамда «Менеджер» деген сөз капиталистік ұғым болып саналды. К.Маркс өзінің «Капиталында»: «Менеджер дегеніміз – жалдамалы қызметкер» - деген. Ал қызметкерді жалдау деген, қанаумен тең болды.
Менеджер дегеніміз заңды, экономиканы жаксы білетін, ұйымдастыру мәселелерімен шұғылданатын, жан-жакты білімді, білікті кез- келген адам. Менеджер басқарушы болғандықтан оның белгілі бір міндеттері болады және ол белгіленген уақытта орындалуы тиіс.
Менеджердің міндеттері:
1.Басшы қызметкерлерді іріктеп, жұмысты жүйелеп бөліп, әрқайсысының міндеттерін анықтайды.
2. Әрбір қызметкердің
мамандығына, жауапкершілігіне
3. Еңбек ақы құрылымын анықтап, қызметкерлердің штаттық кестесін белгілейд.
4. Жұмыс барысын бақылау арқылы мақтау немесе жазалау шараларын қолданады.
5. Еңбек нәтижесіне
байланысты жоғарылату, төмендету
және жұмыстан босату
Менеджер осы аталған міндеттерді орындай отырып, басқару ісінде, адамдармен қарым-қатынаста өзінің аса бағалы қасиеттерін көрсете білуі керек.
Менеджерге қойылатын талаптар:
Америка менеджмент мектебі менеджерге мынандай талаптар қояды:
Жапон менеджерлеріне тән қасиеттер:
Осы аталған талаптармен қоса басшы қоғам мүддесін өз мүддесімен қатар қоятын адал, жаны таза, парасатты адам болуы тиіс. Мысалы республикада нарықтық экономикаға өту кезінде шаруашылықтарды жекешелендіру процесі көбінесе кейбір шенеуніктердің шешімі арқылы жүзеге асып, мемлекет байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, ұйым мүшелеріне шаруашылықтың дамуы үшін айтарлықтай ештеңе қалмады.
Бұл жағдай басшылардың қоғам игілігінен гөрі өзінің жеке басының мүддесін ойлайтын, тәрбиелілігі, адамгершілігі төмен болғанын көрсетеді . Кейбір даңғой басшылар кәсіпорынның жұмысын өркендетуден гөрі, бар қаражатты өзінің жеке басының пайдасына жұмсап, ұйымды күйретеді.
Әрбір кәсіпорын өркендеп, дамуы үшін ең бірінші оның басшысы жан-жақты білімді, өндіріс технологиясын жақсы білетін, алдағыны болжай алатын, қарамағындағы адамдармен, әріптестермен іскерлік қарым-қатынас орната алатын, жан-дүниесі таза, өзіне өзі есеп бере алатын адам болуы керек.
Осындай зерттеулер нәтижесінде табысқа жету үшін әрбір жеке адамға тән мынандай сипаттамаларды келтіруге болады:
Осы жоғарыда аталған талаптарды ескере отырып, бүгінгі менеджерлер басшы ретінде бірнеше ғылымдардан хабары болу қажеттігі туындайды. Сондықтан, бұрынғы қазақ билерінен үлгі, өнеге алса, жұмысы нәтижелі болып, еліміз өркениетті елдер қатарына қосылуға мүмкіндік молаяр еді. Мысалы бұрынғы қазақ билерінің мынандай қасиеттері болған:
1. Би – КӨСЕМ. Би көпті көрген, яғни «көре-көре көсем болған», көкірек көзі қиянды шалатын, ойы орамды, көнені ғана біліп қоймай, болашақты да дөп басып, байламды, бағаналы болжам жасай алатын, әрдайым халық көңілінен шығатын жан болуы керек.
2. Би – ШЕШЕН. Би – майда сөздің мақпалы, сара сөздің саңлағы. Бірде астарлап, бірде мысқылдап, бірде түйдектетіп, сүйекке жеткізіп, мақтамен бауыздап, қажет жерінде қара тасты қақ айырып түсерлік семсерден бетер от ауызды, орақ тілді, ойы ұшқыр, қиялы қыран қанат, заңғар-заңғар ойлардан қас қағымда сөз зергерлейтін, ақпа, асыл сөздің мәйегі.
3. Би – АҚЫН. Бірақ ешбір би өзін ақынмын деп санамаған. Жұрт та оларды ешқашан ақын деп атамаған. Соған қарағанда, билердің шешендік пен ақындықты тең ұштастырып сөйлеуін соларға ғана тән әрі төл қасиет, заңды құбылыс деп санағандығынан болуы керек. Кезінде Төле биге адамның әр он жасы бір белес екен, соны ажыратып беріңізші, - деп қолқа салғанда былай жауап беріпті:
«...Он жасымда асық ойнадым, қызығына тоймадым; жиырмаға келдім: онда да балалығымды қоймадым; жиырма беске жеттім: жақсы іске сүйіндім, жаман іске күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлуларға шүйілдім; отызға келдім: алтайы қызыл түлкі болдым, қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, қатар-құрбының көңілін қалдырмадым; қырыққа келдім: арғымақтай аңқылдадым, тау қырандай шаңқылдадым, ақ алмастай жарқылдадым, дариядай сарқылдадым, елуге жеттім: биік бір қара төбенің басына шықтым, алды-артымды тегіс көрдім, бірақ қай жағы алыс, қай жағы жақын екенін байқамадым, дәулетімді шайқамадым; алпысқа жеттім: алты тарау жолға түстім, қыран құстай торға түстім; жетпіске келдім: жеңілгенімді білдім, билікті бала-шағаға бердім, айтқанына көндім, жетегіне жүрдім, сексенге келдім, оң жағым - от, сол жағым - су, тоқсанға келдім, жан-жағым – жалын, алдым –құз, артым – мұз. »
4. Би – ЗАҢГЕР. Бұрын даулы мәселені шешкен кезде кемінде үш би болған, бірі – айыптаушы (прокурор), екіншісі – ақтаушы (адвокат), үшіншісі – төбе би (судья). Ал сот дегеніміз – бір ғана судья, яғни үкім шығарушы дегенді білдіреді. Сондықтан биді сот деп емес, заңгер деп қараған дұрыс, әйтпесе, оның атқарар міндеті жалпыға түсінікті жағдайда би деп-ақ қалдырған жөн.
5. Би – ЕЛШІ (дипломат), МӘМІЛЕГЕР. «Жауластырмақ – жаушыдан, елдестірмек - елшіден», «Елшісіне қарап, елін таны» секілді тек қазаққа ғана тән емес, түркіден келе жатқан көптеген мақал-мәтелдерде қаншама терең мағына жатқаны, қазақ билерінің көптеген дау-дамайларды шешіп, талай келіспеушіліктерді ретке келтіргені белгілі .
6. Би – БАТЫР. Билер арасында қол бастап, жауға шауып, талай рет дүйім елдің сүйіспеншілігіне ие болған батырлар да аз болмаған. Жәнібек, Малайсары, Наурызбай, Райымбек, Сырым, Мұнасап секілді батыр билеріміздің тізімі көш құлаш.
Алайда бидің батырлығы қолына қару алып, жауға шабуында емес, қылышынан қан тамған қаһарлы хан-сұлтан немесе, етектен кесіп жең болмайтыны секілді, елдесуден кеткен ежелгі дұшпан алдында тұр екем деп именбей, керекті жерінде алдаспаннн өткір тілмен турап түсетін әділет сөзін айтуында деп саналған. Бидің әділ де өткір сөзі еттен өтіп, сүйекке жеткеннің өзінде, даңғой, қанқұйлы біреу болмаса, орынды айтылған сөзге ата жаудың өзі де қарсы қылыш көтермеген.
7. Би – САЯСАТКЕР, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ. Жоғапыда айтылғандай, би қоғамдық мәні бар мәселелердің бәріне араласып, ел мен ел арасындағы саяси жағдайларды шешуде хан-сұлтандардың негізгі тірегі – уәзір орнындағы кеңесшісі де болған. Хан қаншама қаһарлы дегеннің өзінде Билер кеңесінде көпшілік дауыспен қабылдаған шешімді жеке бұза бермеген. Әйгілі Әз Жәнібек ханның жанында ел ішінің, сыртқы саясаттың барлық мәселелерін талқылап, баға беріп, жөн-жоралғы сілтейтін алпыс биі болған деседі. Атақты Абылай ханның жанында үнемі кеңесші сегіз биі жүргені бүгінде баршаға аян. Ал иісі қазақтың басын біріктіріп, тұтас хандыққа қол жеткізген Әз Тәуке бүгінде ежелгі Гректің Солон заңымен үзеңгілес делініп жүрген «Жеті жарғыны» жазғанда, жанында ошақтың үш бұтындай тең тұрған үш арысымыз: Төле, Қазыбек, Әйтекелердің болып, солардың ақыл-кеңесіне сүйенгенін ешкім жоққа шығармайды.
8. Би – ОЙШЫЛ, ҒАЛЫМ. Биді ауыл арасындағы немесе ел мен ел арасындағы даулы мәселелерді шешумен ғана қоғамдық өмірге ат салысады деумен шектелсек, әлі де оның қадір-қасиетіне үстірт тоқталған болар едік. Ол халық тарихын, әдет-ғұрпын, салт-санасын жете меңгерумен бірге, заңғар-заңғар ой түйе білген философ, ғылымның әр саласынан жақсы хабардар, білімпаз жандар еді. Халықтар шежіресін, діни ілім-білімді зерделеумен қатар, күн, ай, жұлдыз, жер, су, тау, көк аспан мен жеті қат жердің асты-үстінде қыбырлаған қоңыздан бастап, барша аң, құстың, жан-жануарлардың сан алуан тірліктерін, қасиеттерін жете білген. Сонар-сонар пікір айтар жерде соларды салыстырмалы түрде мысалға келтіріп, сом-сом ой түйіп, өлмес қағидаға бергісіз қанатты сөздер қалдырған. Тек өткенді немесе көз алдарындағы көргенді ғана пайымдап, ой түйіп қоймай, болашаққа көріпкелдікпен болжау жасау да көбіне осы көсем билердің еншісіне тиген десек, асыра дәріптегендік емес. Мысал көп, дегенмен, солардың ішінде ең бір көнесі Мөңке бидің көрііпкелдікпен айтқан мынандай сөздеріне көңіл аударсақ жеткілікті:
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.