Басқару эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 18:25, реферат

Описание работы

Дәріс мақсаты: Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруда, прогресшіл техника мен технологияны енгізуде, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және көздеген мақсаттарға жету жолында «Менеджмент» курсы зор ықпал етеді. Менеджменттің ғылым ретінде қалыптасуы және даму кезеңдері баяндалады. Сонымен қатар дәрістерде Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының қалыптасуы жайында түрлі мәселелер қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Курс лекций каз. менеджм.doc

— 467.00 Кб (Скачать файл)

       Әдіс  – method, мақсатқа жету жолын зерттеу дегенді білдіреді.

       Белгілі бір адамға әсер етудегі амалды таңдаған кезде, оның жеке басының ерекшеліктерін, еңбекке қатысты-қатыссыз, себепті-себепсіз дәлелдерін, материалдық және рухани игіліктердің қайсысы ол үшін қымбат екенін ескеру қажет.

       Қарамағындағы  адамдарға әсер етудің негізгі  екі тәсілі болады:

              - көзін жеткізу; 

              - мәжбүр ету.      

Басшы


Көзін жеткізу           Мәжбүр ету


Орындаушы


       Кейбір  басшылар адамдардың бойында сену, көзін жеткізу қасиеттері болатынын ескермей, айқайлау, қорқыту, мәжбүр ету тәсілдерін ең бағалысы деп санайды. Мұндай әдісті қолданатындар білімі таяз, өмірден түйгені аз, адам жанын түсінбейтін, түсінгісі де келмейтін, менменшіл, мансапқор адамдар.

       Бірақ  өмірде дұрыс нәрсенің дұрыстығына  көзі жете бермейтін адамдар болады. Сондай жағдайда мәжбүр ету тәсілін қолдануға болады.

  1. Көзін жеткізу – қарамағындағыларға материалдық және моральдық тұрғыдан әсер ету арқылы адамның бойында қажетті мінез-құлық нормасын қалыптастыру.
  2. Мәжбүр ету – орындаушыға әкімшілік тұрғыдан әсер етудің бір түрі, мұнда орындаушының пікірі де, қалауы да ескерілмейді – бұл тәртіп бұзушыларға қолданылады.

       Басқару  әдістері дегеніміз ұйымның көздеген  мақсатына жету жолында басқарылатын жүйеге ықпал ету үшін қолданылатын тәсілдер мен амалдар жиынтығы.

       Басқару  әдістерінің үш түрі белгілі:       

  1. Әкімшілік ұйымдастыру әдістері дегеніміз басқарушы жүйенің иерархиялық дамуын ұйымдастыру - әр 

деңгейдегі  қызметкерлер өзіне жүктелген жауапкершілікті толық түсініп, жоғарғы деңгейден түскен жарлықтарды бұлжытпай орындауға міндеттілігі. Бұл әдіс басқаша  иерархиялық әдіс деп аталады. 

Әкімшілік ұйымдастыру  әдісін дұрыс пайдалану басқарудың экономикалық және әлеуметтік –психологиялық әдістерін кеңінен қолдануға ықпал етеді.

  1. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдісі – адамдардың бірлесіп орындаған жұмыстарындағы және жеке адамдар арасындағы ахуалды, яғни ұжымдағы ерекше психологиялық жағдайды зерттейді (басқаша мәдени әдіс деп аталады).

       Ұжымдағы  әлеуметтік-психологиялық басқару  әдістері – адамдардың әлеуметтік  мүдделері арқылы олардың мінез-құлқына  әсер ету тәсілдері мен формалары. 

       Әлеуметтік-психологиялық  әдісте мынандай шаралар жүзеге асырылуы тиіс:

  1. Қол астындағы адамдардың психологиясын, мінез-құлқын түсіну.
  2. Мақтау немесе жазалау шараларын қолдану.
  3. Адамдардың білімін, мәдени дәрежесін арттыруға ат салысу.
  4. Еңбекшілердің әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ету – мәдени орындар, кітапхана, спорт ғимарат-

тары, медициналық қызмет, әр түрлі тұрмыстық қызметтер (шеберханалар, дүкендер, монша шаштараз, т.б.)

  1. Экономикалық әдістерді пайдалану – бұл  барлық қызметкерлерді қызықтыратындай нарықтық

механизм қалыптастыру үшін барлық ынталандырулар мен экономикалық тетіктерді жеке және комплексті түрде пайдалану болып табылады. Басқарудың экономикалық әдістері нарықтық әдіс деп аталады.

       Басқарудың  экономикалық әдістері еңбек  ұжымы қажетті бағытта әрекет  етіп, өздерінің алдына қойған  міндеттерін жеке басының материалдық мүддесіне сәйкес келетіндей етіп шешуге экономикалық жағдай жасау арқылы жүзеге асырылады.

       Жеке  бастың материалдық мүддесі - әрбір қызметкердің өндіріске  қосатын үлесін арттыру және  сол еңбегі үшін барынша жоғары  мөлшерде материалдық ақы алуы болып табылады.

       Басқарудың  экономикалық әдістері коммерциялық  және ішкі фималық есеп арқылы  жүзеге асады.

       Коммерциялық  есеп – шығын мен пайданың  мөлшерін анықтау, өндіріске жұмсалған  барлық шығынды кіріспен толтыру, жұмысшылардың табысын молайтып, материалдық ынталандыру, яғни өндіру-сату арқылы кәсіпорында пайданың тұрақты болуын көздеу.

       Жалпы  өндіріс шығындарын азайту үшін:

  1. Технологияны жандандыру - өнімнің жаңа түрлерін енгізу, сапасын жақсарту;
  2. Еңбек өнімділігін арттыру;
  3. Көлікке, әкімшілікке кеткен шығындарды азайту – ең басты мәселе болып табылады.

       Ішкі  фирмалық есеп – құрамдас бөліктерге  бөлінген құрылымы бар күрделі ұйымдардағы бөлімшелердің бір-бірімен өзара байланысы.

       Ішкі  фирмалық есеп бір ғана ұйымның ішінде жүргізіледі. Ал, коммерциялық есеп - әртүрлі фирмалардың арасындағы байланысты және есеп айырысуды қамтитын шаруашылықты жүргізу әдісі.

       Коммерциялық  есепті қолданған сәтте баға  нақты бір деңгейде емес, әрбір  нарық деңгейіне, жағдайына байланысты өзгереді де, тауар-ақша байланысы толық жүзеге асуы тиіс (ұйым пайда түсіру керек).

       Ал  ішкі фирмалық есепті қолданғанда  баға ұйымның ішкі саясатына,  стратегиясына байланысты жоғарғы  басшылардың жетекшілігі арқылы  белгіленеді.

       Бұл  ұйымның жалпы мақсатын көздейтін  көптеген ішкі факторлармен байланысты  және өндіріс шығындарын реттеуші  ролін атқарады.

       Нарықтық  механизм қалыптастыру факторлары: өнім  (тауар), баға, нарық (рынок), бәсеке  (бәсеке арқылы тауардың  сапасы жақсарады, яғни сұраныс туады, сұраныс туған тауарды ұсынуға мүмкіндік бар.). Нарықтық механизм қалыптастыру процесі жүзеге асқан жағдайда бәсекеге қабілетті тауар көп мөлшерде сатылып, ұйымға пайда түскеннен кейін жұмысшылдардың материалдық мүддесінен шығу мүмкіндігі туады (сыйлық беру немесе еңбек ақыны жоғарлату арқылы).              

    Басшылық стилінің басшының өмір  тәжірибесіне, жеке басының ерекшеліктеріне, мінез-құлқы мен психологиясына және біліктілігі мен білімділігіне байланысты бірнеше түрлері болады. Кең тараған негізгі үш түріне тоқталамыз.

        1. Автократ басшы – бұл барлығына   «тек қана өзім білемін» деп  қарайтын басшы. Ондай басшылар  қарамағындағылардың пікірімен  санаспайды. Қандай мәселе болса  да  өз ойымен, өз қалауымен  шешеді.   Автократ басшылар көп жағдайда  «астымдағы тағым – басымдағы бағым» деп есептейді, сондықтан ондай басшылардан тоғышар басшы шығуы мүмкін. Осындай тоғышар басшылар жайында осыдан үш жүз жыл бұрын өмір сүрген қазақтың ақын-сыншы қайраткері Дулат Бабаханұлы былай деген -   

Қазіргі қазақ  ұлығы - жаман иттен несі кем,

                                                      Жемтік көрсе, қан көрсе – айрылар мүлде есінен.

                                                        Сендер ұлық болған соң, тандыр  болып суалды

                                                        Шалқар көлдей несібем!    

Дәл осындай жағдай біздің елімізде нарықтык экономикаға өту  кезеңінде  бұрынғы колхоз-совхоздарды  жекешелендіру кезінде нақты  байқалған. Мемлекеттің байлығын жеке меншікке аудару – тоғышар басшылардың жеке басының мүддесі үшін қызмет еткендй болып, еліміз дағдарысқа тап болды.

             2. Либерал басшы – білімі таяз, өз бетімен шешім қабылдай  алмайды.Ондай басшылар үнемі  жоғарғы басшылықтан үкім күтіп  отырады. Мүмкіндік болған жағдайда қарамағындағыларға жеңілдіктер жасап, тиімді іс-сапарларға да жіберіп тұрады. Либерал басшылардың мүддесі – басшылық қызметінде жүре беру («Сен тимесең – мен тимен»).

              3.  Демократ басшы – туындаған  мәселелер бойынша  қарамағындағылардың пікірімен санаса отырып шешім қабылдайды. Мұндай басшылар жайында – «Ұлық болсаң – кішік бол», - деген ұлағатты сөз бар. Демократ басшылар ұйымның мақсатын, қарамағындағы адамдардың мүддесін бірінші орынға қояды, сондықтан да ондай басшылар көпшіліктің пікірімен  де есептесіп отырады.

 

5 -  тақырып.  Басқару функциялары

Дәрістің мақсаты:  Мақсатқа жету жолында басқару функцияларының атқаратын ролін түсіну.  Жоспарлаудың мәні мен мағынасын  және жоспардың түрлерін талдау. 

Негізгі терминдер:     стратегия, тактика, индикативті жоспар, бизнес-жоспарлау.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Жоспарлау функциясы.

2. Стратегиялық жоспарлау.

3. Тиімді менеджмент  стратегиясы.

Басқару – адамдардың кәсіптік қызметі. Басқару дегеніміз  ұжымға және жеке адамдарға, олардың жұмыс процесіне мақсатты, жүйелі ықпал ету. Басқару функциялары, бұл –басқару процесі болып табылады, яғни басқару іс-әрекеттерін жүзеге асыру деген сөз.

Басқару процесі дегеніміз  бұл -- шешімді шығаруды, қабылдауды, қабылданған шешімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Басқару процесінде кім  не істеу керектігін анықтап, шешім  шығару қажет, оны орындау үшін жағдай жасап, қалай орындау керектігін айтып, түсіндіріп, жұмыс барысында пайда болған кемшіліктерді жою керек.

Әрбір ұйымда көздеген мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып табылады, ол барлық салаларда жүзеге асуы керек.

Ұйымда әртүрлі мақсат болуы мүмкін, мұның әсіресе әр түрлі типтегі ұймдарға қатысы бар. Басты мақсат, оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті дамыту және тиімділігін арттыру, ресурсты үнемдеу, табысты көбейту, еңбек өнімділігін арттыру, оны жан-жақты интенсивтендіру, ғылыми - техникалық прогресті арттыру, ұжымның әлеуметтік дамуы, жоғарғы еңбек өнімділігі үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, адамдарды, қоршаған ортаны қорғау және жақсарту.

Ұйымның тиімділігін  арттыру үшін мақсат айқын болуы  тиіс. Ұйымдағы толып жатқан мақсаттар  тиімді болуы үшін біріне бірі ықпал  етуі-бір мақсатқа жетуге қажетті  әрекет пен шешім, басқа мақсаттың жетістігіне бөгет жасамауы тиіс.

Ұйымның мақсатын орындау  үшін сыртқы орта мен ішкі мүмкіндіктердің  байланысы арқылы нақты міндеттерді  жүзеге асыратын басқару ісінің ерекше түрі – менеджменттің функциялары  деп аталады.

Іскер менеджер көздеген мақсатына жету үшін басқару функцияларын бұлжытпай орындауы тиіс. Басқару процесі жүзеге асу үшін мынандай негізгі функциялар орындалуы қажет:

  1. Жоспарлау
  2. Ұйымдастыру
  3. Мотивация
  4. Бақылау

 

1. Жоспарлау функциясы

Жоспарлау барлық басқару  қызметінің ішіндегі ең негізгісі болып саналады. Жоспарлау дегеніміз алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен амалдары, яғни жоспарлау арқылы көздеген мақсатқа қашан, қалай жету керек, қандай амал-тәсілдер қолдану керектігі анықталады. Жоспар туындаған жағдайларға байланысты өзгертуге ыңғайлы болуы керек.

Жоспарлау  үшін мынандай үш сұраққа жауап берілуі тиіс:

  1. Қазір біз қандай жағдайда тұрмыз?  -  қолда бар мүмкіндіктерді бағалау – қаржы жағдайы, құрал-жабдықтар деңгейі, басқа да ресурстардыңдайындық дәрежесін бағалау.
  2. Біз қайда бет аламызі? -  бәсекелкстер кімдер, тұтынушылардың талабы қандай, т.б.

3. Жұмысты қалай жүзеге  асырамыз ? – технология қандай, еңбек ресурстарының кәсіби шеберлігі, техника, құрал-жабдықтардың жаңа технологияға сәйкестігі. Міне, осы аталған мәселелерді мұқият талдау арқылы жоспар дайындау мүмкіндігі туады.

Жоспарлау қызметінің мерзіміне  байланысты жіктелуі:

  1. Стратегиялық жоспарлау – «стратегия» дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады. Стратегиялық жоспар негізгі үлкен мақсатты білдіреді, оны жоғары деңгей басшылары белгілеп, бекітеді және ол ұзақ мерзімдік жоспар (4 жылдан жоғары).

2.  Орта мерзімдік жоспарлау – 2-3 жылға белгіленеді, тактика мен стратегия аралығындағы жоспар.

      3. Тактикалық жоспарлау – ағымдағы күнделікті жоспар, стратегияға жету жолдары. 

       Индикативті жоспарлау – ұзақ мерзімге құрылған жоспарға өзгерістер немесе жаңалықтар енгізу. 

   Нарықтық экономика жағдайында негізгі жоспар – «Бизнес-жоспар» - деп аталады. 

 Бизнес-жоспар –  жоспарлау жүйесіндегі қоғам мақұлдаған әртүрлі ұйымдық құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын мақсатқа жету  жолы. Бизнес-жоспар дегеніміз субъект ұйымдастырып отырған өндірістің, қызмет көрсету т.б. мақсаттары мен оған жету жолдарын баяндай отырып, тауарды сату немесе қызмет көрсету арқылы пайда келтіру жолдарын анықтау. Бизнес- жоспар арқылы субъект өзінің кәсіпкерлік іс-әрекетіне қаржы (инвестиция немесе несие).     

       Жоспарлау қызметінің шаруашылық мазмұнына байланысты жіктелуі:

Информация о работе Басқару эволюциясы