Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 18:25, реферат
Дәріс мақсаты: Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруда, прогресшіл техника мен технологияны енгізуде, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және көздеген мақсаттарға жету жолында «Менеджмент» курсы зор ықпал етеді. Менеджменттің ғылым ретінде қалыптасуы және даму кезеңдері баяндалады. Сонымен қатар дәрістерде Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының қалыптасуы жайында түрлі мәселелер қарастырылған.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бежірей деген қызың болады.
Ішкенің сары су болады
Берсең итің де ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады,
Домалақ, домалақ түймедей дәрің болады,
Жастарға билігі жүрмес кәрің болады,
Ертеңіне сенбейтін күнің болады,
Бетіңнен алып түсетін інің болады,
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады,
Халықтың қанын сорған адамдар болады,
Қабағын түйіп, қайыр тілейтін
адамдар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ
Сарылып көлік тосасың,
Құны жоқ қағазды судай шашасың...
Осы сөздердің қазіргі кезде шындыққа ұласқаны ешқендай дәлелдеуді қажет етпейді күнделікті өмірде қөз алдымызда өтіпжатқан жағдай. Өмір тәжірибелерінен түйгені бар әр би өзінен кейінгі ұрпақтың да ел ұйтқысы, ел қамқоршысы болып өсіп жетілуі қажет екенін қаперлерінен шығармаған.
9.Би – ПСИХОЛОГ, ӘРТІС. Би –адамның жан дүниесін, мінез -құлқын бірер көргеннен – ақ тап баса алатын, өте қағылез, әдепті (этик), психолог болуы шарт. Сонымен бірге әділет сөзінің өзін қарсы пікір таластырушының арына, намысына тиіп өршелендіріп немесе, шешендік, ақындық айтыстарда ұшырасатындай жеке басының кемшілігін бетіне басып, жатым едің деп ту сыртын бермей, тура сөйлеген биді ғана халық пір тұтқан. Бірақ сол әділет сөздің өзін кімге қалай жеткізуді игермеген биді әлі жетілмеген би, сыңар қанат құс санатына қосқан. Сондықтан да, көсем билер қарсыласының жеті атасының бірінде кезіккен кемшілікті көріп, қара басының жеті мүшесіндегі бір кемтарлықты кекетіп, мошқап, мұқатып, шамдандырып алмай, байыпты сөйлегенде ғана діттегеніне жетеді.
«Тура биде - туған жоқ, туғанды биде - иман жоқ».-дейді халық Алтынға айырбастағысыз асыл да ақиқат сөз. Жақыным едің деп жалтақтамай,жан дүниесіне үңілумен бірге оның әрбір қимыл- қозғалысын, үн бояуын қалт жібермей, қадағалай білген. .Соған орай өзі де үн бояуын құбылтып, дауыс ырғағын бірде желдіртіп, бірде төкпектетіп, енді бірде ақ жауындай себелетіп сөйлеумен бірге, әр сөзінің мән-мағынасын ашатындай қимыл –қозғалысын, бет –пішінін, қас-қабағын «ойната» білген тамаша әртістік қабілет иелері. Сол арқылы жүректен шығып ,жүрекке жетіп отыруын көздеген .Әр оғаш қимыл, дауыстағы сенімсіз дік, бейсауат әрбір іркіліс –орашолақ ойдың көрінісі деп түйген .
Би – ТӘРБИЕШІ. «Бай болар бала айырбасшыл, би болар бола ағайыншыл», «Өсер елдің баласы он бесінде баспын дейді, өспес елдің баласы он бесінде жаспын дейді» секілді толып жатқан мақал –мәтелдердің әу бастағы иелері, мүмкін, билер шығар.Қалай болғанда да, би атанып, халыққа танылғандар: «Өзім болдым, өзім толдым, кейінгілер өздері білсін»,- деп келте ойлап, кем пішпегендер .Өйткені олар хал –қадірінше жоқ -жітіктің әлдіден әділетсіздік көрген әлсіздердің жоғын жоқтап, елдің кешегісі мен бүгінгісін ойлап, болашақ мүддесін көздеген жандар .Таудың аласармауын, бұлақтың сарқылмауын мұрат тұтқан әр би өзінің кейінгі ұрпақтың да ел ұйтқысы, ел қамқоршысы болып жетілуін қаперлерінен шығармаған. Мүмкіндігінше өз балаларының бірін, болмаса ат аяғы жетер жердегі көкірегінде сәулесі, көзінде оты бар жастарды қыран шалар қия биіктен танып, тәрбиелеп, баулып, баққан. Болашақта соларға ұқсап, ел мүддесін көздесем-ау деген талапты жастар ондай дуалы ауыз билерді өздері іздеп барып, бата алған. «Баталы ер арымас, деген де содан қалса керек.Үміт етіп,сенім артқан ондай жастарға батасын берумен бірге,өмір бойы өздерінің жинақтаған тәлім-тәрбиесін, ұлағат сөздерін құлақтарына құюдан жалықпаған.
Міне, қазіргі заманда «менеджер» деп аталатын басшылар нарықтық экономика жағдайына сай іскерлік қарым-қатынаста әріптестермен тіл табысуда, карамағындағыларды, жастарды тәрбиелеп, баулуда, сонымен бірге жалпы стратегиялық жоспарларды алдын ала болжап, білімділігін, көрегенділігін танытса, қазақ билері сияқты барлық мәселелер бойынша тар жерде тапқырлық танытса, Қазақстан Республикасы өркениетті елдер қатарына қосылуына жол ашылар еді.
Бақылау сұрақтары:
1.Ұйымның ішкі ортасының факторлары қандай?
2. Ұйымның сыртқы ортамен байланысы.
3. Менеджердің атқаратын міндеттері.
4. Менеджерге қойылатын талаптар.
5. Америка және Жапон менеджмент мектептерінің менеджерге қоятын талаптары.
6. Қапзақ билерінің басшы ретіндегі ерекшкліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ахметов К. Ғ. Менеджмент негіздері, Ақтөбе-Орал 2005ж.
2. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері, Алматы, 1993ж.
3. Бердалиев К. Менеджмент: лекциялар курсы- Алматы, 2005ж
3-дәріс. Басқаруды бір жүйеге келтіру
Дәрістің мақсаты: Жалпы жүйе туралы түсінік. Басқаруды бір жүйеге келтіре отырып, ұйымның мақсатына жету процесін түсіну. Әр маманның қызмет орнын және оның міндеттерін белгілеу арқылы ұйымның басқару құрылымын анықтау.
Негізгі терминдер басқарушы субъект, басқарылатын объект, жүйелік ықпал, жағдайлық ықпал.
Қарастырылатын сұрақтар
1. Жүйе туралы түсінік
2. Менеджменттегі жүйелік ықпал
3. Басқарушы және басқарылатын жүйелер
Басқаруды бір жүйеге келтіру үшін ең алдымен жалпы «жүйе» ұғымын түсініп, білу қажет. Табиғатта, қоғамда жүйенің бірнеше түрлері кездеседі, мысалы, биологиялық жүйе (өсімдіктердің өсуі, жан-жануарлардың дамуы, клеткалардың құрылымы т.с.с.), техникалық жүйе (сағат, компьютер, автомашиналардың детальдарының орналасуы), сандар жүйесі, білім жүйесі т.б. осы аталған жүйелерден басқа әлеуметтік-экономикалық жүйе болады. Менеджмент осы әлеуметтік-экономикалық жүйені басқарады.
Ұйым әлеуметтік-экономикалық жүйе арқылы дамиды, яғни ұйым дамып, мақсатына жету үшін оның құрылымын белгілі бір жүйеге келтіру қажеттігі туындайды.
Әрбір ұйым және оның басқару құрылымы тікелей еңбек бөлінісі арқылы деңгейлерге бөлінеді. Деңгейлерге бөліну арқылы әр басшының жауапкершілігі, лауазымы анықталып, соған байланысты олардың орындайтын жұмыс көлемі мен міндеттері белгіленеді. Социолог-ғалым Талкотт Парсонстың анықтауынша басқару деңгейлерінің негізгі үш түрі схемада көрсетілген, ол екі түрлі аталады.
2-сурет. Басқару деңгейлері
Жоғарғы басқару буыны – институционалды деңгей деп аталады, ондағы басшылар ұзақ мерзімге арналған негізгі мақсатты анықтап, ұйымның сыртқы ортаға бейімделу шараларын қарастырады.
Ортаңғы буын басшылары басқару деңгейіне жатады, олар ұйымның ішкі жағдайын үйлестіру, бөлімшелердің жұмысын қадағалау және міндеттерін белгілеу мәселелерімен шұғылданады.
Төменгі буындағы қызметкерлер техникалық деңгейге жатады, олар күнделікті жұмыс барысын қадағалап, өндірістің үздіксіз тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Әр деңгейде ұйымның бағытына, орындайтын жұмысына байланысты түрлі бөлімдер болады, ол бөлімдер мамандандырылуына, міндеттеріне байланысты әртүрлі бағытта тұрақты жұмыс атқару арқылы ұйымның көздеген мақсатына жетеді.
Осыдан шығатын қорытынды
Ұйым жүйелік ықпал арқылы ғана өз мақсатына жетеді, егер ұйым белгілі бір жүйеге келтірілмей, деңгейлерге бөлінбей, бытыраңқы жұмыс істесе, ол ешқашан көздеген мақсатына жете алмайды.
Басшы ұйымға бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше элементтер жиынтығы ретінде қарап, барлық іс-әрекеттерін сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімдей отырып қана мақсатқа жетеді. Жұмыс процесі үнемі тұрақты, бірқалыпта болмайды, ол сыртқы ортаның өзгерістеріне тәуелді, яғни сыртқы кауіп-қатерлерге қарсы тұрып, түрлі өзгерістерге бейімделе білу керек. Жұмыс барысында әртүрлі жағдайлардың кездесуіне байланысты жағдайлық ықпал арқылы басшы жұмысты ретке келтіріп, туындаған қиыншылықтарды жойып отыруы тиіс.
Басқаруды менеджменттің барлық функцияларының бір-бірімен үздіксіз байланысы ретінде түсіну керек, ол басқару процесі болып табылады.
Жүйелердің ашық және жабық типтері болады. Жабық жүйенің іс-әрекеті қоршаған ортаға белгілі бір уақыт шамасында тәуелсіз. Мысалы, сағат, теледидар, автомобиль бұзылып қалғанша оның ішіндегі детальдары белгілі бір жүйемен орналасу арқылы жұмыс істеп тұрады, бұлар - техникалық жүйелер, абстаркты түрде жабық жүйеге жатады.
Ал ашық жүйенің ерекшелігі – ол сыртқы ортамен үздіксіз тығыз байланыста болады. Менеджерлер ашық жүйемен жұмыс істейді, яғни ұйым ашық жүйеге жатады. Себебі, ұйым іс-әрекетін жалғастыру үшін сыртқы ортадан мәлімет, түрлі ресурстар алады (материалдар, адамдар, қаржы). Сыртқы ортадан алынған шикізатты тиімді басқару мен технологияның көмегі арқылы түрлендіріп, тауарды немесе қызметті сыртқы ортаға (нарыққа) сатады, сөйтіп сауда арқылы банкке ақша түседі, яғни ұйымның пайдасы артып, жұмысының тиімділік дәрежесі жоғарылайды.
Әрбір ұйымның өзі екі жүйеден құралады: басқарушы жүйе (басқарушы субъект) және басқарылатын жүйе (басқарушы объект). Басқарушы жүйеге барлық менеджерлер жатады, басқарылатын жүйеге материалдар, құрал-жабдық, шикізат, ғимараттар, қатардағы жұмысшылар жатады. Әр деңгейдегі басшылар өзінен жоғары деңгейдегі басшыларға қарағанда басқарылатын жүйе болып саналады да, өзінен кейінгі төменгі буынмен салыстырғанда басқарушы жүйе болып есептеледі.
Ұйымның өзі үлкен, күрделі жүйе болып саналады, ол бірнеше элементтерден, толып жатқан кіші жүйелерден, бөлімдерден тұрады және сол элементтердің әрқайсысының өз орны, міндеті, атқаратын функциялары болады. Егер әрбір элемент өз функциясын орындай алмаса, онда жүйелілік ықпал бұзылып, ұйымның дамуына кедергі келеді, яғни басқаруды бір жүйеге келтіру дегеніміз – ұйымдағы басшы қызметкерлердің деңгейлерін, жауапкершілігі мен лауазымдарын, қызмет орнын белгілеу болып табылады. Басқаруды бір жүйеге келтіру аса маңызды, ол ұйымның динамикалы дамуына ықпал етеді.
Жүйені кез келген типке қолдану - біршама шартты, абстракты ұғым.Философиялық жүйелер, сандар жүйесі, байланыс жүйелері,білім беру жүйелері, құрал-жабдық жүйелері дегендер болады. .Адам денесінің жеке органы да,жеке адамның өзі де,жеке машина немесе машина кешені де, яғни кейбір міндеттерді шешетін кез келген нәрсе жүйе бола алады.Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.
Жүйелілік -табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады.Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді.Табиғи байланысқан осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғышарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық элементтерін өзіне бағындыруға немесе оның жетіспейтін органдарын құруға бағытталады.
Жүйе дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын, жаңа қасиетке ие болатын өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, жүйелердің алуан түрлі формасы болады.Дегенмен, алуан түрлі бола тұрса да, бүкіл жүйені шартты түрде үш түрге бөлуге болады; техникалық, биологиялық, және әлеуметтік, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық..
Жүйедегі объектілерді оның элементтері деп атайды.Белгілі бір шамада дербес жұмыс істейтін бөлімдермен шамалы ғана байланысы бар жүйедегі басқа да дербес жұмыс бөлімдермен шамалы ғана байланысы бар жүйдегі элементтер жиынтығын жүйе тармақтары деп атайды.
Әлеуметтік-экономикалық жүйе ең күрделі, динамикалы дамитын, әрі өзін - өзі басқаратын жүйе саласына жатады. Басқа кез келген жүйе секілді, әлеуметтік-экономикалық жүйеге де негізгі қасиеттері мен белгілері тән, ал мұның өзі олардың қалыптасуы, жұмыс істеуі,әрі дамуы үшін ерекше маңызды .
Кез келген жүйе элементтері өзара тығыз байланысты, әрі белгілі бір әдіспен өзара әрекеттеседі.
4 - тақырып Басқару әдістері.
Дәрістің мақсаты Ұйымның көздеген мақсатына жету үшін карамағындағы адамдарға ықпал етуде қолданылатын басқару әдістерінің түрлерімен танысу.
Негізгі терминдер иерархиялық , коммерциялық есеп, ішкі фирмалық есеп, автократ, демократ, либерал
Басқару
– алдағы мақсатқа жетуге
күрделі процесс. Мысалы: мақсатты анықтау кезінде не нәрсеге қол жеткізу керек деген сұрақ болса, артынша – оған қалай, қандай жолмен ету тиімді деген сұрақ туындайды, яғни басқарудың ең ұтымды жолдарын, әдістерін қарастыруға тура келеді.