Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 14:27, доклад

Описание работы

Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2010 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 688,1 млрд. теңгені құрады.
Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар Қазкоммерцбанктың зейнетақыны мен қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары бар. Банктың Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында және Қырғыз Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді.
Банктің негізгі акционерлері: «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ, Н.С.Сұбханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі.

Файлы: 1 файл

kazkom.docx

— 95.46 Кб (Скачать файл)

Банк туралы

«Казкоммерцбанк»  АҚ

 

    Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) – Қазақстан мен Орта Азиядағы  ірі банктердің бірі. 2010 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 688,1 млрд. теңгені құрады.

     Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар Қазкоммерцбанктың зейнетақыны мен қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары бар. Банктың Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында және Қырғыз Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді.

    Банктің негізгі  акционерлері: «Орталық Азиялық  инвестициялық компаниясы» АҚ, Н.С.Сұбханбердин  мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ және Еуропаның Қайта  құру және Даму Банкі. 

    Банктің ізбасары  – Медеу Банкі 1990 жылғы шілдеде  құрылған болатын, ал 1991 жылғы  қазанда Қазкоммерцбанк болып  қайта тіркелді. 2006 жылдың қарашасында  КАЗКОМ ТМД-дағы банктердің бірі болып, Лондон қор биржасында ҒДҚ түрінде жалпы сомасы 845 млн. АҚШ долларын құрайтын IPO өткізді. Банк акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ресми тізімінде тіркелген (KASE).

    1991 жылы Медеу  Банкінің негізінде құрылған  «Казкоммерцбанк» АҚ, қазіргі уақытта  активі, несие қоржыны, таза кірісі және жалпы депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады.

     2010 жылғы 31 желтоқсанда қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2 688,1 млрд. теңгені құрады. Ал осы көлемнің 81%-ы, яғни 2 175 млрд. теңге клиенттердің алған қарызы.

    2010 жылы банк  басты компанияның акционерлеріне  тиесілі 21,9 млрд. теңге мөлшерінде  таза кіріс алды. 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 413,7 млрд. теңгені құрады.

    Шоғырландырылған  есеп-қисаптың негізінде есептелген капитал адекваттығының коэффициенті 2010 жылғы 31 желтоқсанда 20,1% құрады – 2009 жылдың соңымен салыстырғанда өзгерген жоқ. Ал бірінші дәрежелі капитал адекваттығының коэффициенті 16,2% құрады (2009 жылғы 31 желтоқсанда - 15,9%).

    Қаражат тартудың  негізгі көзі – банк депозиттері  болып табылады, олар қордың жалпы  көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2010 жылдың ішінде клиент депозиттері 1 506,8 млрд. теңгеге жетті. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы ірі банктердің бірі болып табылады.

    Депозиттер тартумен  қатар банк теңге және шетел  валютасындағы қарыз және несие  беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталар, инкассация, сондай-ақ бөлшек банкинг  сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады.

    2011 ж. 1 қаңтардағы  жағдай бойынша, Банк бас офисінен  басқа, Қазақстандағы 23 әмбебап  филиалға және 165 операциялық бөлімшеге  иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы ЕКБ пен ЖҚО-ны біріктірді). 

    Сондай-ақ Банктің  Қырғызстанда («Казкоммерцбанк Қырғызстан»  ЖАҚ), Ресейде («Москоммерцбанк»  КБ) және Тәжікстанда («Казкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар.

    2011 жылғы 1 қаңтардағы  жағдайға сәйкес, Банктің қолданыста 1 миллион 66 мың картасы бар. Қазкоммерцбанк Visa Inc., MasterCard Worldwide жүйелерінің төлем карталарын шығарады. Сондай-ақ American Express® Gold Card және American Express-тің The Platinum Card® карталарын теңге, еуро, АҚШ долларымен шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк.

    Сонымен қатар  Банк магниттік лента мен чипті  алмастыратын смарт-карталарға көшкен  Қазақстандағы бірінші банк болды. Және клиенттеріне кредиттік бонустық GoCard картасын ұсынатын жалғыз банк.

    Банктің банкоматтар  желісі бар. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес олардың саны - 1 208, соның ішінде ақша қабылдау функциясы бар (cash-in) банкоматтардың саны – 209. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 210 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 11 300 POS-терминалға қызмет көрсетеді. Соның 5 мың данасы Бонустық бағдарламаның әріптестерінде орналасқан.

    Қазкоммерцбанк  қашықтықтан қызмет көрсету бойынша  Қазақстандағы жетекші банк. 2011 жылғы  наурызда жеке тұлғаларға арналған Homebank.kz қаржы порталында тіркелген клиенттердің саны 300 000-нан асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz  порталдың және «Банк-Клиент» жүйесінің тұтынушылары 11 000 астам компанияны құрайды.

    Банк орташа  және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімге несие, сондай-ақ қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.

    Банктік қызметтен  басқа Банк өзге де қаржылық  қызметтер ұсынады. Қазақстанның  құнды қағаздар мен валюта  нарығының негізгі ойыншысы бола  отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау  операцияларын, ақша нарығындағы  операцияларды (құнды қағаздар  операцияларын қосқанда), компанияларға  ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен (алтын және күмісті қосқанда) мәміле жасауға (сату, сатып алу және сақтау) құқы бар. 2001 жылдан бастап Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.

 

«Қазкоммерцбанк»  АҚ жетістігі

 

    Қазкоммерцбанк 1990 жылдың 12 шілдесінде Қазақ Кеңес Социалистік Республиканың заңына сәйкес ашық акционерлік қоғам болып құрылған Медеу Банкінен бастау алады. Қазақстан мемлекет ретінде егемендік алғаннан кейін Медеу Банкі «Казкоммерцбанк» ААҚ болып қайта тіркеліп, банктік операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1991 жылғы 21 қазандағы № 48 лицензиясын алды. Бұл күн ресми түрде банктің туған күні болып саналады.

    Банктің Әділет министрлігі берген  №4466-1910-АҚ  тіркеу туралы  куәлігі бар. Банк және оның бас кеңсесі мына мекен-жай бойынша тіркелген: Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Гагарин д-лы, 135-Ж. Банк телефондары: + 7 (727) 2 58 56 70 және 258 51 85, факс: + 7 (727) 258 52 29. Қазкоммерцбанктың Интернеттегі мекен-жайы: http://www.kkb.kz.

    1994 жылғы сәуірде  Банк өзге қазақстандық коммерциялық  банк - «Астана Холдингпен»  бірікті. 1994 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық-есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық желісі арқылы негізгі іскерлік және халық көп қоныстанған орталықтарда орын тепті.

    1994 жылдан бері  Банк ҚР Ұлттық банкі мен  ҚР Қаржы министрлігі, сондай-ақ  Әлемдік банк, Еуропалық қайта  құру және даму банкі (ЕҚДБ), Ислам даму банкі, Kreditanstalt fur Wiederaufbau және Азия даму банкі секілді халықаралық қаржы институттары дайындаған және демеушілік көрсеткен бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысып келеді.

    1995 жылы Қазкоммерцбанк  қазақстандық кәсіпорындарды қайта құрылымдау мен жекешелендіру процесінде Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңесшісі болды.

    1996 жылы Банк  өзінің негізгі мақсаты - банктік  қызметтің халықаралық стандарттарға  сай болуына қол жеткізіп, үлкен қадам жасады. Қазкоммерцбанк «Deloitte & Touche» фирмасынан толық халықаралық аудиторлық тұжырымдама алған бірінші қазақстандық банк болды. Тағы бір маңызды оқиға – Орталық Азиядағы банктердің ішінде бірінші рет Қазкоммерцбанкке «Thomson BankWatch-BREE» рейтинг агенттігінен халықаралық рейтинг берілді.

   1997 жылғы сәуірде  Қазкоммерцбанк ЕҚДБ қаржыландырған, CCF Франция банкінің (Credit Commerciale de France) қолдауымен жеделдетілген институционалдық дамуды көздеген «твиннинг» бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші банк болды. 1999 жылы твиннинг аяқталып, банк еурооблигациялар нарығында белсенді жұмысқа кірісті.

    1997 жылы Қазкоммерцбанктің  әлемдік акциялар нарығына шығуы  бүкіл қазақстандық банк секторы  үшін аса маңызды жетістік болды. Бірінші рет қазақстандық банк негізгі әлемдік биржаларда американдық және ғаламдық депозитарлық қолхаттар (АДҚ және ҒДҚ) түрінде акциялар орналастырды. Нәтижесінде, КАЗКОМ 50 млн.доллар тартып, өз капиталын екі есе ұлғайтты.

    1997 жылғы Банк  және бүкіл қазақстандық банк  секторы үшін маңызды жетістік – осы уақытқа дейін қарызгер ретінде ҚР үкіметін ғана мойындаған немістің мемлекеттік «Hermes» экспорттық сақтандыру компаниясы Банкті қарызгер ретінде бекітті. Сондай-ақ 1997 жылы Қазкоммерцбанк қазақстандық банктер үшін синдикатталған кредиттер нарығын ашып берді және Банк 30 млн. доллар көлемінде өзінің бірінші халықаралық синдикатталған несиесін алды.

    1998 жылғы мамырда  Банк қазақстандық корпоративті  эмитенттердің ішінде бірінші болып үш жылға еурооблигациялар шығару арқылы 100 млн. АҚШ долларын тартты.

    2000 жылы банк  бөлшек нарығына шығып, 2001 жылдың  тамызында халықтың шұғыл депозиттерінің  мөлшері бойынша көшбасшы атанды. Банк бүгінгі күнге дейін көшбасшылықты ұстап келеді.

    2001 жылы Банк  елімізде бірінші болып тікелей DEG неміс банкінен 7 жылға ұзақ мерзімді несие алды (үкіметтің кепілдігінсіз!).

    2001 жыл – Бөлшек  нарығына шыққан Қазкоммерцбанк  үшін ерекше жыл болды. 

    2002 жылы Қазкоммерцбанк  Қырғызавтобанкінің 74% акциясын сатып  алып, банк атауы Қазкоммерцбанк  Қырғызстан деп өзгертілді. Бүгінгі күні еншілес құрылымның капиталындағы банктің үлесі 95,75% құрайды. 

    2002 жылдан бері  «Москоммерцбанк» КБ (ООО) (бұрынғы  Аймақаралық кәсіпкерлікті дамыту  банкі) Қазкоммерцбанктің Ресей  Федерациясындағы сенімді әрі стратегиялық серіктесі болып табылады. 2005 жылғы мамырда Қазкоммерцбанк Москоммерцбанктің жарғылық капиталындағы 60,04% үлесін сенімді басқаруға алды. 2007 жылғы ақпанда банк акцияның 52,11% сатып алып, 2008 жылы өз үлесін 100% жеткізеді.

    2003 жылы ЕҚДБ Банктің 15% жай акциясын сатып алып, Қазкоммерцбанк акционері атанады. Осылайша, қазақстандық банктердің ішінде КАЗКОМ бірінші болып сенімді қарызгер ретінде емес, «тартымды инвестиция» ретінде бағаланады.

    2004 жылғы маусымда  Қазкоммерцбанк Қазақстандағы бірінші корпоративті «Құс Жолы» қайырымдылық қорын құрды. Қордың басты мақсаты – тиімді қайырымдылықты ендіру, сондай-ақ әлеуметтік-жауапкершілікті қаржы институты ретінде банк стратегиясын жүзеге асыру.

    2005 жылғы сәуірде  Қазкоммерцбанк дамыған нарықтағы  жаңа Доу-Джонс индексіне енген  (Dow Jones CDX.EM Diversified Index) ТМД территориясындағы бірінші банк болды.

    2005 жылғы шілдеде  ABN AMRO Қазкоммерцбанкке зейнетақы активтері мен «ABN AMRO КаспийМұнайГаз» (қазіргі– «ГРАНТУМ ЖЗҚ» АҚ ) жинақтаушы зейнетақы қорының 80.01% үлесін сату туралы екі компания уағдаластыққа келеді.

    2005 жылғы желтоқсанда  Қазкоммерцбанк 1,3 млрд. доллар сомасына  синдикатталған займ туралы келісімге отырады. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық және Шығыс Еуропадағы және ТМД аймағындағы ең ірі мәміле болды. Ал халықаралық Trade Finance және Global Trade Review басылымдары аталған мәмілені «2005 жылдың мәмілесі» деп атады.

    2006 жылғы қарашада  Қазкоммерцбанк Лондон қор биржасында (LSE) 45,7 млн. $-ға акцияларды орналастырып, IPO-ны сәтті аяқтаған ТМД-дағы алғашқы банк болды.

    2007 жылғы желтоқсанда Тәжікстан Республикасының Әділет министрлігі жарғылық капиталы 10 млн. долларды құрайтын Қазкоммерцбанктің еншілес банкін тіркеді. Ал 2008 жылы Тәжікстан территориясында банктің жұмыс істеуіне лицензия алынған болатын.

    2008 жылғы шілдеде  арабтың жеке инвестициялық Alnair Capital Holding қоры банктің ірі акционері болды. 2009 жылы аталған қор Қазкоммерцбанк акцияларындағы үлесін 28,6% дейін көбейтті.

    2008 жылғы қазанда  ҚР үкіметі ел экономикасының нақты секторына қолдау көрсету мақсатында жасалған шараларды жүзеге асыру үшін стратегиялық серіктес ретінде Қазкоммерцбанкті таңдады. 2009 жылғы қаңтарда Қазкоммерцбанк пен оның негізгі акционерлері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен өзара түсіністік туралы Меморандумды жүзеге асыру туралы документтер пакетіне қол қойды. Аталған меморандумда банктің экономиканың нақты секторына қолдау көрсету бойынша Мемлекеттік тұрақтандыру бағдарламасына қатысудың негізгі шарттары көрсетілген. Бұл бағдарламаның шеңберінде 2009 жылғы мамырда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Қазкоммерцбанктің 21,2% акцияларын сатып алды.

    2008 жылы Қазкоммерцбанк  «Құс Жолы» қайырымдылық қорымен  және Visa компаниясымен бірге Қазақстандағы алғашқы қайырымдылық карталары – «Періште» картасын шығара бастайды. Картаның жылдық қызметі үшін алынатын төлемі банк кірісіне емес, «Құс Жолы» қорының шотына аударылады. Қор бұл қаражатты ауылдың шалғай аудандарында орналасқан перзентхана бөлімдеріне қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсайды.

    2009 жылы Қазкоммерцбанк  SMS-банкинг қызметін іске қосты. Бұл қызметтің көмегімен клиенттер мобильді телефондары арқылы өз шоттарына бақылау жүргізе алады.

    2011 жылғы мамырда  Қазкоммерцбанк борыш капиталының  постдағдарыстық нарығында 300 млн.доллар сомасына 7-жылдық еурооблигацияларды алғашқылардың бірі болып орналастырды.

    2011 жылғы сәуірде  КАЗКОМ IBM корпорациясымен бірге жаңа DATA-орталықты іске қосты. Аталған орталық банктің ақпараттық инфрақұрылымын апаттан қорғайды.

 

«Казкоммерцбанк»  АҚ стратегиясы

Қоржын сапасы

    Дағдарыс ықпалын төмендетіп, Банк тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған стратегияның басым бағыты - қазіргі клиенттер базасымен жұмыс істеп, актив сапасының дәрежесін бүгінгі күнге сай қамтамасыз ету. Тәуекелділіктерді басқару жүйесін жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыра отырып, Банк проблемалық клиенттермен жұмыс істеуді күшейтпек. Сондай-ақ әрбір клиентпен жеке жұмыс істеп, кредиттерді қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында клиенттердің бизнесін сауықтыру бойынша ынтымақтастықты жалғастырады.

Информация о работе Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады