Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 14:27, доклад
Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2010 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 688,1 млрд. теңгені құрады.
Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар Қазкоммерцбанктың зейнетақыны мен қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары бар. Банктың Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында және Қырғыз Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді.
Банктің негізгі акционерлері: «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ, Н.С.Сұбханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі.
Өкілетті мекемеге
ақпаратты Қазақстан
Клиенттердің
бағалы қағаздарының атаулы
Келісім-шартта
көрсетілген өзге де қызмет
түрлерін ұсынады.Бағалы
Вексель операциялары
Әлемдік тәжірибеде коммерциялық вексельдердің эмиссиясын жүзеге асыру эмитент үшін қарыз алудың үздік әдістерінің бірі болып табылады, бұл өз кезегінде әлемдік қаржы нарығында, сондай-ақ Ресей қаржы нарығында вексельдердің белсенді қатынасын дәлелдейді.
Отандық өндірушілердің бір жағынан айналыс ақшасының жетіспеушілігі, екінші жағынан ликвидті емес тауарларының болуы өндірістің айналым ақшаларын толтыру, негізгі қорды қайта өндіру мәселелерін негізінен бүгінгі таңда кең таралған қаржы құралы болып табылатын қымбат несиелер арқылы шешуге әкеліп соқтырады. Осылайша, қаржы институттарының жаңа ұсыныстарының жоқтығынан және білмегендіктерінен көптеген қаржы құралдары сұранысқа ие болмай отыр.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығын әртүрлі қаржы құралдарымен толықтыру үшін қолайлы жағдай туындап отыр. Дәл қазіргі таңда екінші деңгейлі банктердің, Ұлттық Банктің вексельдер нарығындағы белсенділігі артты.Стратегиялық маңызы бар өндіріс орындарын қаржыландыру және ҚР-ғы вексельдер қатынасының нарығын дамыту мақсатында 2000 жылы ҚР Ұлттық банкі бірінші-классты эмитенттердің вексельдерін қайта есептеу бағдарламасын енгізді. Ағымдағы уақытта ҚР Ұлттық Банкінде жаңару негізінде қайта есептеу үшін 300 млн. теңгеден 10 млрд. теңгеге дейінгі лимитпен «Қазатомпром» ҰАК АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Кегок» АҚ, «Қазақстан темір жолы» РМК, «Алматы құс» АҚ, «Астана-финанс» АҚ, «ҚазТрансКОМ» АҚ, ТК «Қазхром» АҚ, «Ордабасы корпорациясы» АҚ, «Продкорпорация» АҚ, «Өскемендік AES ЖЭО» АҚ сияқты бірнеше бірінші-классты эмитенттер анықталды.
Банк клиенттеріне жоғары мамандандырылған деңгейде қызмет көрсету мақсатында «Қазкоммерцбанк» АҚ несиелеудің «қарапайым» жоспарынан клиенттерді түрлі қаржы құралдарын, негізінен вексельдерді қолдана отырып қаржыландыруға көшеді.
«Қазкоммерцбанк» АҚ келесі кәсіпорындардың вексельдерін сатып алады:
«Өскемендік AES ЖЭО» АҚ;
«KEGOK» АҚ;
«Қазақтелеком» АҚ;
«Қазатомпром» ҰАК АҚ;
«Астана-финанс» АҚ;
ТК «Қазхром» АҚ;
«Продкорпорация» АҚ;
«Ордабасы корпорациясы» АҚ;
«KazTransCom» АҚ.
Құнды қағаздар
Мемлекеттік бағалы қағазда
Мемлекеттік бағалы қағаздар (ары қарай МБҚ) – мемлекет шығарған ұзақ мерзімді бағалы қағаздар. ҚР қаржы министрлігі немесе ҚР Ұлттық банкі эмитенті болып табылады.
МБҚ шығару формасы – құжатсыз формада.
МБҚ әртүрлі әдістермен орналасуы мүмкін (акциондарда, саудада, ашық саудада және жабық таратылуда және т.б.)
МБҚ сатып алушылары кез келген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ резиденттер еместер де болуы мүмкін.
МБҚ шығару мақсаты
Республикалық бюджет дефицитін инфляциясыз негізде қаржыландыру (қолданысқа қосымша ақша шығармай-ақ).
Мемлекеттік бағдарлама мақсатында қаржыландыру (тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б).
Экономикалық белсенділікті реттеу (қолданыстағы ақшаны, бағаға және инфляцияға әсер етуін, экономикалық өсімді, инвестцияның бағытын және т.б.)
Бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушыларына қаржының сенімді және жоғары ликвидті жинақталуы ұсынылады. (МБҚ бойынша кіріс инфляция деңгейінен артады).
Бағалы қағаздар нарығындағы кейбір түсініктер мен құрылымдар
Қазақстан Республикасындағы МБҚ-ның негізгі түрлері:
Қысқа мерзімді ГККО (МЕККАМ)
ҚР Қаржы министрлігі шығаратын 3, 6 және 12 айға ұсынатын қысқа мерзімді қазыналық міндеттер.
Міндеттеменің номиналды бағасы – 100 теңге
Міндеттеме құжатсыз формада шығарылады және ҚР Орталық депозиттарийінде есептеледі.
Міндеттеме дисконттық бағада, яғни ҚР Қаржы министрлігінің тапсырмасымен ҚР Ұлттық банкі өткізетін аукциондар арқылы төмен бағада орналастырылады. Аукционға қатысуға Алғашқы дилерлер ғана, яғни Қаржы министрлігінде тендерден өткен және келісімге отырған банктер мен компаниялардың ғана құқығы бар. Алғашқы дилерлер болып саналмайтын барлық инвесторлар Алғашқы дилерлермен қызмет көрсету келісім-шартына отыру арқылы ғана операция жасай алады. Алғашқы дилерлер субдепозитарийлердің функциясын атқарады. Аукционды өткізу мерзімі мен эмиссия көлемі аукцион шарттарында хабарланады.
Орта мерзімді ГСКО (МЕОКАМ),
Қысқа мерзімді ГВКО (МЕКАВМ)
ҚР Қаржы министрлігі шығаратын 3, 6, 9 және 12 айға ұсынатын қысқа мерзімді қазыналық валюталық міндеттер.
Міндеттеменің номиналды бағасы – 100 АҚШ доллары.
Міндеттеу құжатсыз формада шығарылады және ҚР Орталық депозитарийінде есептеледі.
МЕКАВМ орналастыру
және қолдану шарттары МЕККАМ-
Инвестор төлем жасалған күнгі Ұлттық банктің курс бағамына сәйкес төлейді.
Эмитент төлем жасалған күнгі Ұлттық банктiң курс бағамына сәйкес төлейді. .
Идекстелген ГКО (МЕЙКАМ)
Индекстелген
қазыналық міндеттемелер
Индекстелген
қазыналық міндеттемелер оның
ұстаушылары арасында
ҚР Ұлттық банкінің ноталары
ҚР Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары 7 күннен 91 күнге дейінгі ұсынысымен ҚР Ұлттық Банкімен белігеленеді. ҚР ҰБ қысқа мерзімді ноталардың орналасуы мен ұсынылу тізбегі МЕККАмдардың орналасуы мен ұсынылуы шарттарымен бірдей. Аукционнның өткізілу мерзімі және эмиссиялардың көлемі ҚР-ның Ұлттық Банкісімен реттеледі және аукцион шарттарында хабарланады.
Ұлттық жинақ облигациялары (ҰЖО)
Ұлттық жинақ облигациялары – 1 жылдық мерзіммен МЕККАМдардың 3 жылдық ұсыну мерзімінің кірісіне байланысты тоқсан сайынғы купондық мөлшерлеменің өзгерілуімен ҚР қаржы министрлігімен белгіленеді. Облигацияның номиналды құны -1000 теңге. Облигациялар құжатсыз формада шығарылады. ҰЖО Меккамға және НОТқа қарағанда номиналды бағамда тоқсанына бір рет енгізіліп, купонмен төленеді. Барлық иневесторлар облигацияларды сатып алуға өтініш ұсыну арқылы Қаржы агенттіктері арқылы қол жеткізеді. Қаржы агенттіктері (ҰЖО-ны тарату бойынша эмитентпен басты келісім-шартқа қол қойған алғашқы дилерлер) субдепозитариялардың қызметін орындайды. Эмиссия көлемі және жазылу мерзімі ҚР Қаржы министрлігімен реттеледі және жазылу шарттарында хабарланады. Қазіргі таңда ҰЖО-ға жазылу тоқсанына бір рет өткізіледі.
МБҚ –ның өзге де қаржы құралдарынан ерекшелігі
МБҚ эмиссиясы және МБҚ-дың кірісі салықпен белгіленбейді. Сенімділіктің жоғары деңгейі және капитал және оның кірісін жоғалтудың төменгі қаупі.
Қазкоммерцбанк бағалы қағаздар нарығында алғашқы дилер бола отырып, бағалы қағаздар операциясы бойынша қызметтің барлық түрін көрсетеді:
МБҚ аукциондарды екінші деңгейлі нарықта сатып алу;
МБҚ екінші деңгейлі нарықта сату;
МБҚ-ны өтеу мен сатудан түскен ақшаны жаңа МБҚ реинвестициялау;
Бағалы қағаздар мен ақшаны сақтау бойынша кастодиалды қызмет;
Кеңес, нұсқау, қоржынды сенімді басқару.
«Қазкоммерцбанк» АҚ-да бағалы қағаздар нарығында операция жүргізудің шарттары
«Қазкоммерцбанк» АҚ-та депо-шотын ашу үшін инвестор брокерлік қызмет үшін банкпен келісім-шартқа отырады және нотариалды бекітілген қолтаңба үлгілері мен мөр таңбасы белгіленген карточканы ұсынады. ҚР резиденттері еместер инвесторды ҚР заңнамасына және халықаралық құжаттар заңнамасына сәйкес идентификациялауға мүмкіндік беретін дәл осындай жұмыс істеуге құқық беретін мағлұматтар мен құжаттар тізбегін ұсынады.
Қазкоммерцбанктің, басқа да банктің клиенттері инвестор бола алады.
Бағалы қағаздармен операция өткізгені үшін банкке ұсынылатын комиссиялық сыйақы көлемі инвестор портфелінің көлеміне байланысты.
МБҚ нарығы – бұл еркін ақшаны салудың сенімді және ликвидті әдісі, қауіпсіз қосымша кіріс көзі. «Қазкоммерцбанк» АҚ сізді екі жаққа пайдалы шарттар негізінде әріптестік құруға шақырады.
Құнды қағаздар ОА"Казкоммерцбанк"
Бүгінгі таңда «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның (ҚКБ) мынадай құнды қағаздары айналыста жүр:
ҚКБ-ның жай атаулы акциялары,
ҚКБ-ның артықшылықты акциялары,
ҚКБ-ның бағынышты (субординированные) еурооблигациялары.
Бағалы қағаздар нарығындағы кейбір түсiніктер мен құрылымдар
Брокер – келісім негізінде сыйақы үшін, клиенттердің мүддесі негізінде және солардың есебінен, тапсырма беруімен бағалы қағаздар операциясын жүзеге асыратын делдал. Банк немесе арнайы брокерлік кеңсе болуы мүмкін.
Брокерлік қызмет келісім-шарты – брокер-дилер және оның клиенті арасындағы қызмет көрсетілетін келісім-шарт.
Дилер - өз атынан, өз ақшасына бағалы қағаздарды қайта сату барысында пайда табу мақсатымен немесе басқа да келісім-шарт жасау үшін бағалы қағаздармен келісім жасайтын кәсіби қатысушы.
Бағалы қағаздар депозитарийі – бағалы қағаздар иесінің құқығын, сондай-ақ бағалы қағаздардың дематериализациясын айқындайты және есеп бойынша қызметті жүзеге асыратын арнайы ұйым.
Инвестициялық шешім – бағалы қағаздар қоржынының құрылымын ұйымдастыру мен өзгерту әдістерін шешу.
Клиенттік тапсырыс – бағалы қағаздармен келісім жасау үшін клиент брокер-дилерге беретін құжат.
Комиссиялық кіріс – брокерлік қызмет келісім-шартында көрсетілген брокер-дилердің ақшалай сыйақысы.
Депо-шоты – бір-бірімен байланысты қолжазбалар мен құжаттардың сәйкестігі. Ол арқылы бағалы қағаздар, ақша және клиент идентификациясының есебі жүргізіледі.
Инвестор – бағалы қағаздарға қаржы салушы тұлға. Жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде резидент еместер де ивестор бола алады.
Аккредитив, құжаттық инкассо
Сіз сыртқы сауда келісім-шартын жасауды жоспарлап, қолайлы төлем нысанын таңдай алмай жүрсіз бе? Сатып алушы 100%-дық алдын ала төлемді жүзеге асыруды қаламайды, ал Сатушы алдын ала төлемсіз тауарды жеткізуді (немесе қызмет көрсетуді) қаламайды.
Біз Сізге Сатып алушыға да, Сатушыға да тәуекелділіктерді максималды төмендетуге мүмкіндік беретін ең оңтайлы есептесу әдісін ұсынамыз:
Құжаттық аккредитив – бұл аккредитивті шығарған банктің пайдасына аккредитив шығарылған тарапқа (Бенефициарға) аккредитив талаптарына сәйкес берілген құжаттардың сомасын төлеу бойынша банктің кері шақыртылмайтын міндеттемесі.
Аккредитивті қолданудың артықшылықтары:
Сатып алушы үшін:
Сатушы үшін:
Аккредитив шығару үшін не қажет?
ҚР резиденттеріне/ бейрезиденттеріне арналған тарифтер
Информация о работе Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады