Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 14:27, доклад

Описание работы

Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2010 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 688,1 млрд. теңгені құрады.
Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар Қазкоммерцбанктың зейнетақыны мен қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары бар. Банктың Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында және Қырғыз Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді.
Банктің негізгі акционерлері: «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ, Н.С.Сұбханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі.

Файлы: 1 файл

kazkom.docx

— 95.46 Кб (Скачать файл)

    Өтімділікті басқару

    Банк ішкі нарықтағы  қорды тарту бойынша жұмысты  күшейтпек: банктің негізгі мақсаты  – корпоративті депозиттік базаны  ұстап қалу, сондай-ақ бөлшек депозиттер  бойынша нарықтағы үлесті ұстап  тұру. 2010 жылы банктің еурооблигациялар немесе синдикатталған займдар бойынша төлемдері жоқ.

    Шығысты бақылау

    Маңызды тұрақтандыру факторының бірі ретінде шығысты төмен дәрежеде сақтап қалу банктің негізгі мақсаты болып табылады. 2009 жылдың қорытындысы бойынша, Қазкоммерцбанк салыстырмалы банктердің ішіндегі ең тиімді банк болып шықты.

    Тұрақтандыру  бойынша мемлекеттік бағдарламаларға  қатысу

    2007 жылы экономиканы тұрақтандыру бойынша іске қосылған алғашқы бағдарламалардан кейін Банк сондай бағдарламаларға қатысу өз стратегиясының маңызды бөлігі деп есептейді. Банк үлескерлерге, корпоративті клиенттерге, ШОБ субъектілеріне, ипотека алған қарызгерлерге қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы бағдарламаларға қатысып келеді.

 

Банктік шот ашу

 

Жеке тұлғаларға ағымдағы шот ашу  үшін қажетті құжаттар:

 

    Жеке куәлік (жаңа  үлгідегі төлқұжат),

    Тұлғаның салық  есебіне тұру фактісін растайтын  құжат (СТН).

 

Шет мемлекеттердің азаматтары шот ашқанда мына құжаттарды ұсынады:

 

    Жеке басын  куәландыратын құжат, 

    Тұлғаның салық есебіне тұру фактісін растайтын құжат (СТН).

    Шет ел азаматтарын  және азаматтық алмай, Қазақстан  Республикасында тұрып жатқан  тұлғалардың жеке басын куәландыратын  құжаттар:

        шет ел азаматтарының Қазақстан Республикасында тұру рұқсаты;

        азаматтығы  жоқ тұлғалардың куәліктері.

        Қазақстан  Республикасы аумағында уақытша  тұрып жатқан шет ел азаматтарының  жеке басын куәландыратын құжаты - азаматтығы бар елдің паспорты  болып табылады.

 

    2010 жылдың 07 маусымынан  бастап банктік шоттардың жаңа 20 санды нөмірлерге көшуіне байланысты, клиенттің банктік шотының нөмірі көрсетілген сенімхат негізінде уәкілетті тұлғаларға өзінің банктік шотын басқаруға құқық берген клиенттер Банкке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген, клиенттің жаңа шоты көрсетілген жаңа сенімхатты тапсыру қажет.

    Сауалдар туындаған  жағдайда, Call-орталыққа хабарласуды сұраймыз, байланыс телефоны +7 (727) 2585-444, 8-8000-8000-90 Қазақстан бойынша тегін.

 

Банктік шот ашу - Тарифтер.

    Жеке тұлғаның ағымдағы банктік шот шарты (стандарттық шарттары).

    Жеке тұлғаның ағымдағы банктік шоты шартына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлама

    Зейнетақы мен  әлеуметтік көмек ақы алу үшін банктік шот ашу

 

Банктік шоттармен жұмыс істеу

    Банк шоттарға тиесілі мынадай операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ қызмет көрсетумен байланысты банктік қызмет көрсетеді:

    Клиент шотына және оның басқа шоттарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттері мен резидент еместерінің шоттарынан  қолма-қол ақша түрінде немесе қолма-қол емес ақша түрінде келіп түскен ақшаны теңгеде және /немесе шетелдік валютада шотқа аударады.

    Клиенттің нұсқауы  бойынша, клиент шотынан оның  басқа шоттарына, Қазақстан Республикасы резиденттері немесе резиденттері еместердің басқа шоттарына  теңгеде және/немесе шетелдік валютада төлемдерді және ақша аударымын жүзеге асырады. Клиент шотынан төлемдер мен ақша аударымдары тек оның тапсырмасы бойынша немесе клиенттің нотариалды расталған сенімхаты бар үшінші тұлғаның тапсырмасы бойынша жүргізіледі;

    Клиент шоттан  теңге және/немесе шет елдік  валютада қолма-қол ақша ала алады. Үшінші тұлғаларға – ҚР резиденттері және резидент  еместерге шоттан теңге және/немесе шет елдік валютада қолма-қол ақша үшінші тұлғада клиенттің нотариалды расталған сенімхаты болғанда ғана беріледі;

    Клиент шоты  бойынша барлық шығын операцияларын  банк шотта бар сома шегінде  жүзеге асырады;

    Клиент талабы  бойынша шоттан үзінді-көшірме беріледі;

    Клиенттің өтініші  негізінде шотқа қатысты анықтама, сондай-ақ шоттан ақша аударылғанын растайтын телекстік  хабарлама беру;

    Клиенттің өтініші  бойынша шарт шеңберінде, банк  ішінде және банктен тыс жерлерде операциялар жасау мәселесі бойынша анықтама жинау;

    «Қазкоммерцбанк»  АҚ-ның кепілдіктегі чектерімен операциялар жасау;

    Клиенттің өтінішіне  сәйкес оның шотындағы ақша  сомасы шегінде қолма-қол валютаны және қолма-қол емес валютаны  сатып алу/сату операциясын жүзеге асыру.

    Банк банктік  операцияларды жүзеге асырғаны  және банктік қызметтер ұсынғаны  үшін клиенттен банк тарифтеріне  сәйкес комиссиялық сыйақы алады.

 

«Казкоммерцбанк»  АҚ акционерлерінің құрамы

   1 Банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы көлеміндегі әрбір Банк акционерінің жай акцияларға тікелей иелік ететін үлесі.

   2 ҒДҚ – негізгі активі Банктің жай акциялары болып табылатын ғаламдық депозитарлық қолхат. Банк ҒДҚ-ның номиналды ұстаушысы The Bank of New York болып табылады. Bank of New York-тің номиналды ұстауындағы акция көлемі ҒДҚ түріндегі акциялардың көлемін көрсетеді. ҒДҚ ерекшелігіне сәйкес, ҒДҚ-ның соңғы иелері туралы ақпарат тұрақты түрде берілмейді. Егер акция иелері туралы ақпарат болмаса, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, ол акциялар дауыс беретін акциялар болып саналмайды және акционерлер реестрінде ол акциялар ОД-ның номиналды ұстауындағы акциялар болып саналады. ҒДҚ иелері өздері жайлы ақпаратты қалаған уақытта ашуға құқылы. Ол үшін ақпаратты ОД-ге жіберу керек. Ақпарат ашылған күні ҒДҚ иелерінің акциялары дауыс беру құқығына ие болады. 

   3 Көрсетілген сан банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан, Қазақстан қор биржасының талаптарына сәйкес, Банктің маркет-мейкерімен сатып алынған акцияларды  алып тастағанда, әрбір есеп беру күні есептеледі.

 

Ірі акционерлер туралы ақпарат:

«ОАИК»

    «Орталық Азиялық инвестициялық компания» АҚ

   «Орталық Азиялық  инвестициялық компания» АҚ («ОАИК») қазақстандық холдингтік компания болып табылады. Аталған компания арқылы банктің топ-менджменті банк акцияларына иелік етеді.

    ОАИК-тің негізгі  акционерлері: Сұбханбердин Н.С., банктің  директорлар кеңесінің төрағасы (ОАИК-тегі үлесі - 87,21%) және Жүсіпова Н.А., банктің басқарма төрайымы (ОАИК-тегі үлесі - 12,79%).

    Қаржы бақылау  агенттігінің келісімімен, ОАИК-тің  банктік холдинг деген, ал Сұбханбердин  мырзаның банктің ірі тұлғасы деген ресми мәртебелері бар.

 

«Альнаир»

    Alnair Capital Holding АҚ («Альнаир») – Қазақстан Республикасының заңнамасының шеңберінде жұмыс істейді. Құрылтайшысы ұлы мәртебелі шейх Тахнун бин Заид аль-Нахаян болып табылатын жеке инвестициялық қор.

    Альнаир 2008 жылдан  бері Банк акционері болып  табылады. Сондай-ақ, оның "Alnair Capital" ЖШС бірге Қаржы қадағалау агенттігі берген банк холдингі деген ресми мәртебесі бар. Альнаир ҒДҚ түріндегі акцияларға иелік етеді. Ол акциялар ОД-ның номиналды ұстауындағы жалпы акциялардың көлеміне кіреді.

 

«Самұрық-Қазына»

    «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

    «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ («Қор») Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі.

    Қор, Банк кредиторларының мүддесін қорғау мен еліміздегі банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Үкіметтің шешімімен 2009 жылдан бері Банк капиталына кіреді.

    Қор, Банк және негізгі акционерлер қол қойған келісімдер топтамасында көрсетілген шарттар негізінде Қор шектеулі мерзімге ғана Банк акционері болып табылады. Келісімге сәйкес, Қор Банктің операциялық жұмысына араласпайды, Банкке оның ірі акционерлері бақылау жасайды. Осы себептен «Самұрық-Қазына» қоры өзіне тиесілі Банктің жай акцияларының бір бөлігін дауыс беру құқығын беретін сенімді басқаруға банктің ірі акционерлеріне тапсырды. Ал ОАИК, ЕҚДБ және Н.С.Сұбханбердин  мырза бәрін қосқанда орналастырылған жай акциялардың 50% + 1 акция бойынша дауыс беру құқығына ие. Банк акцияларын басымдылық құқығымен сатып алу құқығынан бас тартқандықтан негізгі акционерлер (ОАИК, Альнаир, Н.С. Сұбханбердин) Қорға тиесілі акцияларды сатып алуға опцион алды.

 

«ЕҚДБ»

    Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі

    Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) / European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) - Орталық Еуропадан бастап Орталық Азияға дейінгі елдерде нарықтық экономикаға қолдау көрсету үшін 1991 жылы құрылған халықаралық қаржы институты.

ЕҚДБ өз қаражатын бөлумен  қатар, қомақты шетел инвестицияларын  тартатын аймақтағы ірі инвестор. ЕҚДБ құрамына 61 мемлекет және екі халықаралық ұйым кіреді.

    ЕҚДБ 2003 жылдан бері Банк акционері болып табылады.

 

«Казкоммерцбанк» АҚ артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді  төлеу туралы

    «Казкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі- «Банк») 2011 жылғы 4 мамырда өткен Банк акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының шешіміне сәйкес және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес акционерлерге артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің төленуі жөнінде хабарлайды:

  1. Банктің атауы – «Казкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамы; орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Гагарин даңғ., 135 «ж»; Банктің банктік және басқа деректемелері - БСК KZKOKZKX , СТН 600400055239; БСН 911040000021, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ-дегі ЖСК KZ75125KZT1001300335, БСК NBRKKZKX; резиденттік белгісі - 1; экономика секторы - 4;
  2. дивидендттер төленетін кезең – күнтізбелік жыл;
  3. бір артықшылықты акцияға есептелген дивиденд мөлшері – Банк Акцияларын шығару Проспектісіне сәйкес дивиденд мөлшері белгіленген болып табылады, теңгемен көрсетіледі және бір артықшылықты акцияға келесі формула бойынша есептеледі: 0.04 х Банктің дивидендтер төленетін күнге сәйкес есептік бағамы. «Банктің есептік бағамы» деген ұғым Банктегі есептік бағам белгіленетін күннің алдындағы жұмыс күні Қазақстан қор биржасының таңғы (негізгі) сессиясында құрылған теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамын білдіреді;
  4. дивидендтерді төлеу басталатын күн – 2011 жылғы 12 желтоқсан, Банктің артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар Акционерлердің тізімі құрылатын күн, - 2011 жылғы 12 қараша;
  5. дивидендтерді төлеу тәртібі және нысаны – ақшаны акционерлердің - Банктің артықшылықты акцияларын ұстаушылардың банктік шоттарына ақшалай нысанда қолма-қол ақшасыз тәсілмен есепке қосу арқылы.

 

Басшылық

    Жарғыға сәйкес банктің Директорлар кеңесі (банктің басқарушы органы), Басқармасы (банктің атқарушы органы) және Аудиторлары бар.

Директорлар кеңесінің мүшелерін акционерлер сайлайды. Директорлар кеңесі Басқарманы сайлайды, сондай-ақ акционерлердің мүддесін қорғайды, банкті басқару жауапкершілігін өз мойнына алады және банктің стратегиясы мен жедел жобаларын бекітеді.

    Банктің ағымдағы жұмысын басқару бойынша бар жауапкершілікті Басқарма өз мойнына алады.

 

Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесінің төрағасы 

Нұржан Сәлкенұлы Сұбханбердин

    1965 жылы 29 қарашада  Алматыда дүниеге келген. Қазақ.

    1989 ж. Ломоносов  М.В. атындағы ММУ-ның экономика  факультетінің «саясаттық үнемдеу»  мамандығын үздік бітірген. 1989 жылдан бастап Қазақ ССР ғылым академиясының экономика институтының аспиранты

    1990 жылдан бастап  – бөлім бастығы, ал 1991 жылдан  бастап – «Медеу Банк» ААҚ  басқарма төрағасының бірінші орынбасары (сол 1991 жылы банк «Қазкоммерцбанк» ААҚ болып тіркелді).

    1993-2002жж. - «Қазкоммерцбанк»  ААҚ басқарма төрағасы

    2002 жылдан бастап -  «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар  кеңесінің төрағасы

    2003 жылы Қазкоммерцбанк  топ-менеджерлері құрған «Құс Жолы» қайырымдылық қорының ұйымдастырушылар кеңесінің мүшесі

Үйленген. Екі ұлы, алты қызы бар.

 

Директорлар кеңесінің мүшелері

Нина Аронқызы Жүсіпова

    Көкшетау облысы  Қызыл армия ауданы Тайынша  станциясында 3 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ.

1983 ж. АИНХ жоспарлы  экономика факультетінің «өнеркәсіпті  жоспарлау» мамандығын үздік бітірген.

1983 ж. бері – Қазақ  КСР ІІМ инспектор-бухгалтері, аға инспектор-бухгалтері, аға экономист.

1991 ж. бері – «Қазақстан»  республикалық құрылысы биржасының  бас бухгалтері

1994 ж. бері – Қазкоммерцбанктің  экономикалық анализ басқармасының  бастығы. 1995 ж. басында бас бухгалтер  – басқарма төрайымының орынбасары  болып тағайындалады, ал 1996 ж.  наурызынан бастап – «Қазкоммерцбанк»  ААҚ басқарма төрайымының бірінші орынбасары.

2002 ж. бастап – «Қазкоммерцбанк»  АҚ басқарма төрайымы

«Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне 10-жыл» медалімен марапатталған. 

 

Дмитрий  Владиславұлы Тулин

    Тулин мырза, 1956 жылы туған, Ресей азаматы.  Мәскеу қаржы институтының дипломына  (1973-1978 жылдар) және КСРО Экономика  және қаржы институтының экономика  ғылымдарының кандидаты дәрежесіне (1982-1985 жылдар) ие. 1978 жылдан бастап 1991 жылға дейін КСРО Мемлекеттік  банкінде қызмет атқарып, аға экономист қызметінен Басқарма мүшесі лауазымына дейін жетті. 1991 жылдан 1994 жылға дейін және 2004 жылдан 2006 жылға дейін Ресей Федерациясының Орталық банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1994 жылдан 1996 жылға дейін РФ бойынша Халықаралық валюта қорының Атқарушы директоры; 1996 жылдан 1999 жылға дейін – Внешторгбанк Басқарма Төрағасы; 1999 жылдан 2004 жылға дейін – Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің Аға кеңесшісі болды. 2006 жылдан 2012 жылға дейін Deloitte CIS компаниясының серіктесі болып табылады. Сонымен қатар 1992 жылдан бастап 2004 жылға дейінгі жылдар аралығында бірқатар банктердің, өндірістік компаниялардың және зерттеу институттарының Директорлар кеңесінің мүшесі болған (BCEN-Eurobank, Париж; Donau Bank, Вена; Ost-West Handelsbank, Франкфурт; Ресей коммерциялық банкі, Цюрих; Ресей коммерциялық банкі, Лимасол; Мәскеу халықаралық банкі, Мәскеу; Кубань Инвестициялық банкі, Краснодар; Bor Glassworks, Бор; GM-Avtovaz, Тольятти; Халықаралық қаржы институты, Вашингтон). Осыған қоса Ресей Федерациясының Орталық Банкі Төрағасының қарамағындағы кеңестік топтың және Қаржыгерлер гильдиясының (Ресей Қаржы министрінің басшылығындағы үкіметтік емес зерттеу орталығы) мүшесі болып табылады. Орыс, ағылшын, француз тілдерін жетік меңгерген. Қаржы, банктік қадағалау, корпоративтік басқару және қаржы есептілігі бойынша бірқатар жарияланымдары бар.  

Информация о работе Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады