Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 14:27, доклад

Описание работы

Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2010 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 688,1 млрд. теңгені құрады.
Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар Қазкоммерцбанктың зейнетақыны мен қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары бар. Банктың Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында және Қырғыз Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді.
Банктің негізгі акционерлері: «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ, Н.С.Сұбханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі.

Файлы: 1 файл

kazkom.docx

— 95.46 Кб (Скачать файл)

    (25.10.2011 ж. №11-99 Бөлшек дирекция шешімімен бекітілген)

    Кредит қаражаты  немесе өз қаражаты есебінен  сақтандыру сыйлықақысын төлеумен Банкке кепілге берілетін мүлікті сақтандыру.

    Кредит қаражаты  есебінен сақтандыру сыйлықақысын  төлеу арқылы қарыз алушы жеке  тұлғаларды, бірінші басшыларды, қарыз алушы заңды тұлғалардың қатысушыларын (акционерлерін) жинақталмайтын ерікті түрде жеке сақтандыру.

 

«Бизнес-айналымдар, бизнес-инвестициялар» кредит беру бағдарламасының стандартты шарттары:

 

    Кредит беру  мақсаты: инвестициялар (негізгі  құралдарды, соның ішінде коммерциялық  жылжымайтын мүліктерді сатып  алу және модернизациялау және  т.б.), айналым қаражатын толтыру,  инвестициялық мақсатқа/айналым қаражатын толтыруға берілген, бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыру.

    Мақсатты топ:  сауда, қызмет көрсету, өндіріс саласымен айналысатын жеке тұлғалар, соның ішінде жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар.

    Кредит беру  нысаны: инвестициялау мақсатында  – жаңартылмайтын кредит желісі; айналым қаражатын толтыруға  – кредит желісі (жаңартылатын/жаңартылмайтын).

    Кредит беру  валютасы: теңге/АҚШ доллары.

    Транш/кредит желісінің  сомасы: 150 000 000 теңгеге/1 000 000 АҚШ долларына дейін.

    Транш/жаңартылмайтын  кредит желісінің мерзімі:

        o инвестициялауға: 60 айға дейін;

        o айналым қаражатын толтыруға: кредит желісінің мерзімі – 36 айға дейін; кредит желісі аясындағы транш мерзімі – 12 айға дейін.

    Кредит сомасын  (негізгі борышты) қайтару бойынша  жеңілдік кезеңі: 6 айға дейін.

    Қамтамасыз ету:  «Казкоммерцбанк» АҚ талаптарына  сай келетін жылжымалы және  жылжымайтын мүлік кепілі.

    Кредит желісін  ұйымдастыру үшін комиссия: кредит  желісінің сомасынан 1% (кредит  желісі лимитін арттыру сомасы), бірақ 15 000 теңгеден/100 АҚШ долларынан  кем емес. (12.10.2010 ж. №4 Бас банктің  кредит комитетінің шешімімен  бекітілген)

    Қосымша шарттар:

        o Банкке кепілге берілетін мүлікті сақтандыру;

        o кредит айналымдарын «Казкоммерцбанк» АҚ-қа аудару.

 

* сыйақы мөлшерлемесі 01.02.2012ж. жағдай бойынша есептелген және кредит мерзіміне байланысты болады (15.07.2011 ж. №11-56 Бөлшек дирекцияның шешімімен бекітілген).

**кредит желісінің аясындағы  алғашқы кредит үшін жылдық  тиімді сыйақы мөлшерлемесі ұйымдастыру  үшін комиссияны есепке алғанда,  жылдық 16,3% басталды.

 *** 24.09.2010ж. №216 Бөлшек дирекцияның шешімімен бекітілген.

- тиімді сыйақы мөлшерлемесі кредит беру шарттарын өзгерту кезінде туындайтын комиссияны, сондай-ақ операциялық комиссияларды ескермей есептелген. Операциялық комиссиялардың базалық көлемі.

 

Коммерциялық  жылжымайтын мүлік лизингі

 

Мақсатты топ - жеке кәсіпкерлер; заңды тұлғалар;

 

    Лизинг заты:

        1 нұсқа:  Алматы қ. «Сайран» ТК («29 квартал»  ТК, Брусиловский к-сі, 163-үй, Шәкәрім  мен Құлымбетов көшелерінің арасында), «Үш-төбе» ТК (1-ықш. ауд., 26А-үй, Алтынсарин  – Ұлықбек көшлерінің қиылысына  жақын) және Астана қаласында  «Гранд Алатау» ТК (Желтоқсан  к-сі, 2/1-үй және 2/3-үй, Рысқұлов көшесінің  қиылысы) орналасқан, Астана қаласында  «Гранд Астана» ТК (Шәмші Қалдаяқов  к-сі, 11-үй) орналасқан коммерциялық  жылжымайтын мүлік.

        2 нұсқа:  бастапқы нарықтағы және қайталама  нарықтағы лизинг заты.

    Бағдарламаның әрекет етуі - Ақтөбе, Алматы, Атырау, Ақтау, Орал, Астана, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Шымкент, Талдықорған.

    Лизинг сомасы - 150 000 000 теңгеге дейін (аванстық  төлемді шығарғандағы лизинг  затының құны)

    Лизинг мерзімі  - 84 айға дейін

    Аванстық төлем  - лизинг затының құнынан 15%-дан  кем емес

 

Назар аударыңыз:

Аванстық төлемді төлеу  үшін лизинг алушының өз қаражаты болмаса, бағдарлама талаптарына сәйкес оны  төлеуге, Банк кредит беруі мүмкін.

 

Сыйақы мөлшерлемесі:

 

    1 нұсқа: жылдық 12,5%-дан (жылдық тиімді сыйақы мөлшелемесі** 13,81%-дан бастап)

    2 нұсқа: жылдық 13,5%-дан (жылдық тиімді сыйақы мөлшелемесі** 14,96%-дан бастап)

    Кредит валютасы - теңге

    Ұйымдастыру үшін  комиссия - лизинг сомасынан 1%, бірақ  15 000 теңгеден кем емес

 

MAN компаниясының  автокөліктерін лизингке беру

 

Сіздің MAN компаниясының  автокөліктерін артық шығынсыз сатып  алғыңыз келе ме?

ҚАЗКОМ ұсынған «MAN компаниясының  автокөліктерін лизингке беру» қаржыландыру бағдарламасын пайдаланыңыз!

 

Мақсатты топ – шағын  және орта бизнес субъектілері, ҚР резиденттері

 

Лизинг заты:

 

    седельді тягачтар, автобустар (жаңа);

    арнайы техника  (жаңа)

 

Лизинг сомасы - 7 500 000-нан 75 000 000 теңгеге дейін (лизинг затының  құны аванстық төлемді шегерумен)

 

Лизинг мерзімі — 37 айдан 60 айға дейін

 

Аванстық төлем:

седельді тягачтар, автобустар (жаңа) - 15%-дан жоғары,

арнайы техника (жаңа) — 30%-дан жоғары.

 

Сыйақы мөлшерлемесі:

 

    11% - лизинг заты  меншікті немесе кредит қаражаты  есебінен бір жолғы төлеммен лизингтің толық мерзіміне сақтандырылған жағдайда (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 16,44%** -дан бастап, көлікті сақтандыруды ескерумен).

    13% - лизинг заты  меншікті немесе кредит қаражаты  есебінен негізгі борыш қалдығынан  жыл сайынғы негізде сақтандырылған  жағдайда (жылдық тиімді сыйақы  мөлшерлемесі 16,16%**-дан бастап, көлікті  сақтандыруды ескерумен).

 

Кредит беру валютасы —  теңге.

 

Ұйымдастыру үшін комиссия — лизинг сомасынан 1%, бірақ 15 000 теңгеден кем емес

 

Қосымша шарттар: жобаның  «Бизнестің жол картасы – 2020»  Бағдарламасына қатысу мүмкіндігі.

 

*Жекелеп қызмет көрсету  дирекциясының 28.12.2012 жылғы №12-189 шешімімен бекітілген.

 ** Тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кредит беру шарттарын, сондай-ақ операциялық комиссияларды өзгерту барысында туындайтын комиссияларды есепке алусыз жүргізілген. Операциялық комиссиялардың базалық көлемі. сақтандыру бойынша тарифтер таңдап алынған сақтандыру шарттарына байланысты.

 

Айналымға берілетін тәуекелді тендерлік  кепілдік

 

Тендерге қатысқыңыз келе ме? КАЗКОМ-ның «Айналымға берілетін тәуекелді тендерлік кепілдік» бағдарламасын қолданыңыз! Сіз тұрақты банктің кепілдігін алып, уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдейсіз!

 

Кепілдік артықшылығы:

 

    өтінімді қарау мерзімі жылдам;

    кепілмен қамтамасыз ету ұсынудың қажеті жоқ;

    КАЗКОМ және  басқа ЕДБ-дағы айналымға кепілдік  беру

 

Кепілдік шарттары:

 

    Мақсаты: тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді  іске асыру үшін тендерге қатысу.

    Мақсатты топ:  «Казкоммерцбанк» АҚ-та және басқа  ЕДБ-да кредит айналымдары бар  ҚР резиденттері: жеке кәсіпкерлер;  заңды тұлғалар.

    Кредит беру валютасы: теңге.

    Кепілдіктің ең  жоғары сомасы:

        15 000 000 теңгеге дейін – КАЗКОМ-дағы  айналымдарға;

        3 000 000 теңгеге дейін – басқа ЕДБ-дағы айналымдарға.

    Кепілдіктің әрекет  ететін ең ұзақ мерзімі: 90 күнтізбелік  күннен аспауы тиіс.

    Желінің ең  ұзақ мерзімі: 6 ай.

    Қолжетімдік кезеңі: 3 ай.

    Кепілдік шығарылымы  үшін комиссия: 0%.

    Кепілдік бойынша  тәуекелділік үшін комиссия:

        КАЗКОМ-дағы  айналымдарға - әр кепілдік сомасынан 2%, ең төмені 15 600 теңге.

        (04.03.2011 ж. №11-21 Бөлшек дирекция шешімімен бекітілген)

        КАЗКОМ-дағы  айналымдарға - әр кепілдік сомасынан 3%, ең төмені 15 600 теңге.

        (11.03.2011 ж. №12-31 Бөлшек дирекция шешімімен бекітілген)

 

    Шарттар 23.08.2011ж. дейін жарамды. Шарттар мен тарифтер Банк шешімі бойынша бір жақты тәртіпте өзгеруі мүмкін.

 

Құрылымдық қаржыландыру

 

ФинансированиеҚұрылымдық  қаржыландыру «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның  негізгі міндеттерінің бірі өз клиенттерінің  қызметін қолдау және дамыту.

 

Біздің банк өз клиенттеріне шетелдік несие желілері шеңберінде қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді несиелеудің жаңа өнімдерін  ұсынуға дайын, атап айтқанда:

 

Сауданы қаржыландыру

 

    торговое финансированиеҚазіргі әлемде халықаралық сауданың мәнін қайта бағалау қиын. Қазақстандық экспортерлер, ірі сауда компаниялары, түрлі өнім өндірушілер, шикізат ипорттаушылар, аралық өнімдер мен қосалқы материалдар шығарушылар өздерінің экономикалық байланыстар географиясын үнемі кеңейте отырып, халықаралық саудаға белсене қатысады. Сенімді әріптестер, бағасы қымбат емес сапалы тауарлар, қаражат айналымының шапшаңдығы – міне кез келген компанияның табысты бизнесін құрайтын негізгілері.

 

    Сонымен бірге біздің клиенттердің шетелдік әріптестер ұсынған кезекті тауар партиясына төлем жасау үшін немесе экспортталатын өнімді сатып алу және жөнелтуге дайындау үшін меншікті қаржылық ресурстарының қажетті көлемі үнемі бола бермейді. Бұл жағдайда, бұдан шығар жол біреу – банкке келу.

 

    Біз клиенттерімізге шетелдік банктердің ҚКБ-да ашылған несие желілері есебінен сауда мәмілелерін қаржыландыру ұсынуға дайынбыз. Желінің тиімді шарттары банктің Қазақстанның қаржылық мекемелері арасындағы көшбасшылық позициясын бейнелейді. Арзан шетелдік ресурстарды пайдалану, бізге клиенттерімізге тартымды банктік өнімдер ұсынуға мүмкіндік береді, ал оларды пайдалану Сізге өз бизнесіңізді табыстырақ және тиімдірек жүргізуге көмектеседі.

 

Кімдер біздің клиент бола алады?

 

Егер Сіз:

 

Қазақстан Республикасында  тіркелген кәсіпорын болсаңыз;

Экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорын болсаңыз;

бір елден басқа елге тауар жеткізуге( дайын өнім, материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар және басқалар) сауда келісім-шарты бар кәсіпорын болсаңыз;

 меншікті қаражатын  пайдаланғысы келмейтін кәсіпорын  болсаңыз және/немесе Сізде қаржыландыруға мұқтаждық болса,

онда ҚКБ Сізге сауданы  қаржыландыру бойынша өз қызметтерін ұсынуға дайын.

    Сауданы қаржыландыру құралдары

    Сауданы қаржыландыру ерекшеліктері

    Неліктен ҚКБ?

    ҚКБ-ның жоғары  рейтингісі мен көшбасшылық позициясы  қаржыландырудың салыстырмалы түрде  төмен құнын ұсынуға мүмкіндік береді.

    ЭКА/Эксимбанктің  қатысуынсыз 5 жыл мерзімге дейін  сауда мәмілелерін қаржыландыру мүмкіндігі.

    Жоғарыбілікті  мамандардың көмегімен мәмілені оңтайлы құрылымдау жолымен қаржыландыру құнын төмендету мүмкіндігі.

Біз кез келген ауқымдағы  келісім-шарттарды қарауға мүдделіміз.

 

 

Жобаларды қаржыландыру

 

Жобаларды қаржыландыру дегеніміз не?   

    Қазкоммерцбанк (ҚКБ) өз клиенттерінің жобаларын орташа мерзімге және ұзақ мерзімге қаржыландырудың балама көздерін іздеу идеясын қолдайды және табысты дамытады.  

    Біздің клиенттердің инвестициялық бағдарламалары мен стратегиялық мақсаттарын іске асыру үшін ҚКБ тікелей немесе шетелдік қаржы институттарымен бірлесе ірі жобаларды қаржыландыру жолымен қаржыландыруды жеке құрылымдау қызметін ұсынады.

 

Қаржыландырудыңнегізгі  шарттары болып табылатындар:

 

  1.  Инвестициялықжоба болуы (жоба экономиканыңтүрлі салаларында пайдаланылуы мүмкін) Қаржыландыру сомасы – несиелеу лимиті жобаныңэкономикалықтиімділігіне және қарызгердіңнесие өтеу қабілеттілігіне байланысты анықталады.
  2. Несие беру мерзімі – 12 жылға дейін
  3. Негізгі борыш сомасы бойынша жеңілдетілген кезең – 2 жылға дейін
  4. Жобаны қарау мерзімі – 1 айға дейін

 

Кімдер біздің клиент бола алады?

 

 

Олар:

-Тұрақты қаржылық жағдайы бар,

- коммерциялық қызметін Қазақстанда жүзеге асыратын,

- қандай да бір заңсыз әрекеттерге тартылмаған,

- әлеуметтік және экологиялық  талаптарды ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес орындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркелген және әрекет ететін жеке кәсіпорындар.

Информация о работе Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады