Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 14:27, доклад

Описание работы

Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2010 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 688,1 млрд. теңгені құрады.
Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар Қазкоммерцбанктың зейнетақыны мен қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары бар. Банктың Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында және Қырғыз Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді.
Банктің негізгі акционерлері: «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ, Н.С.Сұбханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі.

Файлы: 1 файл

kazkom.docx

— 95.46 Кб (Скачать файл)

 

«Казкоммерцбанк» АҚ-да шот ашуға қажетті құжаттар

 

   Аккредитивті шығару  үшін міндетті талап - «Казкоммерцбанк»  АҚ-да ашылған есеп-айырысу шотының болуы.

   Құжаттық инкассо  – бұл банктің Сатушы мен  Сатып алушы арасында дәнекер  бола отырып, Сатушыдан жеткізілген  тауар үшін құжаттарды алу  және оларды Сатып алушыға соңғының төлеміне/акцептісіне (келісіміне) айырбас ретінде тапсыру бойынша операциясы.

 

    Бұл ретте Банк  ешқандай төлем міндеттемелерін қабылдамайды, яғни тауар үшін төлем жасалмауының толық тәуекелділігін Сатушы көтереді.

 

Сатушы үшін артықшылықтар:

 

  1.   Мәліменің қарапайымдылығы мен құнының қымбат болмауы (құжаттық инкассо – құжаттық есептесулердің ең арзан әдісі).
  2.     Сатып алушы төлемді жүзеге асырған сәтке дейін тауарды өз бақылауында ұстауы.
  3.     Сатып алушының құжаттарға төлем жасау мерзімінде «Казкоммерцбанк» АҚ-да қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігі.

 

Сатып алушы үшін артықшылықтар:

  1. Мәміленің қарапайымдығы мен құнының қымбат болмауы.
  2. Сатып алушыға қызмет көрсететін банк ешқандай төлем міндеттемелерін қабылдамайды.
  3. Сатушыдан төлем жасаудың мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі.
  4. Қаржы айналымнан шығарылмайды.

 

Аккредитивтердің  түрлері

 

Келісім-шарттың талаптарына  байланысты аккредитивтердің келесі түрлері  қолданылуы мүмкін:

 

    Аудармалы (трансферабельді) аккредитив– бірінші бенефициар аударушы банкке аккредитивті толық көлемінде немесе ішінара басқа тұлғаға немесе тұлғаларға (екінші бенефициарға/бірнеше бенефициарға) тапсыру (аудару) жөнінде өтініш беру құқығын иеленетін аккредитив, аталған операция құжаттық аккредитивтерге арналған Бірыңғайландырылған ережелер мен дәстүрлермен анықталған тәртіпке сәйкес өткізіледі (UCP 600, 2007 ж. редакция).

    Стэнд-бай (резервті) аккредитив– бұл аккредитив талаптарына қатаң түрде сәйкес келетін төлем жасау талабы тапсырылған жағдайда, кепілгер-банктің бенефициарға аккредитив сомасымен шектелген төлемді төлеу бойынша кері шақырылмайтын міндеттемесі.

    Стэнд-бай аккредитив, негізінде, банктік кепілдіктің бір түрін білдіреді. Кепілдік сияқты, ол есептесу нысаны болып табылмайды және тараптар келісім-шарттың талаптарын бұзған жағдайда ғана төленеді (құжаттық аккредитивтен осымен ерекшеленеді).

    Револьверлі аккредитив – әдетте келісім-шартта белгіленген кесте бойынша анықталатын тауарды жеткізудің жүйелі топтамалары үшін есептесу барысында қолданылатын қайта басталатын аккредитив. Аккредитив кумулятивті негізде (аккредитив бойынша қолданылмаған қалдық үстіне аккредитив жаңғыртылатын сомаға қосылады) және кумулятивті емес негізде (аккредитив бойынша қолданылмаған қалдық оны жаңғырту барысында «күйіп кетеді») қайта басталуы мүмкін.

«Қызыл ескертпесі бар» аккредитив – Бенефициардың аванс алуы (аккредитив сомасының бір бөлігін аванспен төлеуді қарастыратын кез келген аккредитив).

 

Сізге расталған аккредитив қажет пе?

   Расталған аккредитив  – ол бойынша растаушы банк  аккредитив талаптарына сәйкес, аккредитив бойынша вексельдің  төлемін немесе акцептісін жүзеге асыру бойынша өз міндеттемесін (эмитент-банктің міндеттемелеріне қосымша ретінде) қосатын аккредитив.

    Егер сіз –  Сатып алушы болсаңыз, ал Сатушыға  қандай да бір жоғары дәрежелі банктің төлем міндеттемесі қажет болса, «Казкоммерцбанк» АҚ, бүкіл әлем бойынша корреспондент-банктердің ауқымды желісін қолдана отырып, жоғары дәрежелі банктің растауын қоса отырып, Сатушының пайдасына аккредитив шығарады.

    Егер сіз –  Сатушы болсаңыз және Сізде серіктесіңізге аккредитив шығарған банктің сенімділігінде күмән туындайтын болса, «Казкоммерцбанк» АҚ эмитент-банктің төлем міндеттемесіне қосымша ретінде өзінің міндеттемесін (растауын) қоса алады

 

  Аккредитив шығару  үшін не қажет?

    ҚР резиденттеріне/ бейрезиденттеріне арналған тарифтер

   «Казкоммерцбанк»  АҚ-да шот ашуға қажетті құжаттар

   Кепілдікті шығару  үшін міндетті талап - «Казкоммерцбанк»  АҚ-да ашылған есеп-айырысу шоттының болуы.

 

Аккредитивті  орындау әдістері

 

Аккредитивті орындау  әдісі міндетті түрде аккредитивтің  талаптарында көрсетіледі. Аккредитивті орындаудың негізгі 5 әдісі бар:

 

    Құжаттардың ұсынылуы бойынша төлем жасау арқылы. Төлем эмитент-банк немесе аккредитивте көрсетілген банк (растаушы/орындаушы) құжаттарды алған уақытта жүзеге асырылатын аккредитивті орындау тәсілі.

    Төлемді кейінге қалдыру арқылы. Төлем аккредитивте айтылған нақты уақыт кезеңі өткеннен кейін жүзеге асырылатын аккредитивті орындау тәсілі. Әдетте уақыт кезеңі құжаттар ұсынылған күннен кейінгі немесе жүк түсірілген күннен кейінгі күндер санымен белгіленеді.

    Аралас төлем. Құжаттар сомасының бір бөлігі төлемнің бір түрімен (құжаттардың ұсынылуы бойынша), екінші бөлігі – басқа түрімен (кейінге қалдырылған төлем арқылы) орындалады.

    Аудармалы вексельдің (тратта) акцепті арқылы. Тратта эмитент-банкпен немесе аккредитивте көрсетілген банкпен акцептелетін және төлем мерзімінің болуы барысында төленетін аккредитивті орындау тәсілі.

    Құжаттарды негоциациялау арқылы. Негоциациялаушы банк бенефициардан аккредитивке сәйкес ұсынылған құжаттарды, бенефициарға олардың құны ескертілген дисконтты шегерумен төлей отырып, аяғында эмитент-банктен өтеуді алу талабы орындалатын жағдайда, сатып алатын құжаттық аккредитивті орындау тәсілі.

 

Аккредитив  шығару үшін не қажет?

 

Құжаттар:

 

  1. Аккредитив шығару бойынша өтініштің түпнұсқасы: Аккредитивті шығару бойынша өтініш (83,5 Kb );
  2. Коммерциялық келісім-шарттың көшірмесі;
  3. Келісімге келудің 2 түрінің түпнұсқасы:

- Заңды тұлғаларға арналған келісу нысаны;

       - Жеке тұлғаларға арналған келісу нысаны.

  4) Аккредитив ашу туралы шарт. Өтелген аккредитив шығарылған жағдайда (өтеу валютасы аккредитив валютасына сәйкес келетін болса) шартқа қол қою талап етілмейді.

  5) Қамтамасыз ету бойынша қажетті құжаттарды ұсыну.

 

    Шығарылатын кепілдік бойынша қамтамасыз ету келесі тәсілдермен қалыптастырылуы мүмкін:

 

   - Аккредитив сомасының 100%-на тең болатын, кез келген валютадағы ақшалай өтеумен. Клиент тарапынан тек Банктің операциялық комиссиялары төленеді.

   - Клиенттің қолданыстағы кредиттік желісінің шеңберінде. Кредиттік желі бойынша қолданыстағы пайыздық мөлшерлемелерге сәйкес, Клиент тарапынан Банктің операциялық комиссиялары + тәуекелділіктер үшін комиссия төленеді.

   - Кепілді қамтамасыз етумен. Кепіл ретінде төмендегілер қабылдануы мүмкін: жылжымайтын мүлік, құрал-жабдықтар, алдағы уақытта түсетін ақша, депозиттегі ақша және т.б. Клиент тарапынан банктің операциялық комиссиялары + әр клеинт үшін жеке есептелетін және бекітілетін және ұсынылған кепілдердің өтімділігі мен сомасына байланысты тәуекелдер үшін комиссия төлейді.

   - Жоғарыда көрсетілген нұсқалардан тұратын аралас қамтамасыз етумен.

 

Есеп-шот операциялары

 

    «Қазкоммерцбанк» АҚ (ары қарай-банк) өз клиенттеріне – заңды  тұлғаларға (Қазақстан Республикасы резиденттері және резидент еместерге) ағымдағы банктік есеп-шоттарды ашуға және келешекте пайдалануға,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында операция өткізуге байланысты қызмет көрсетеді.

 

    Клиент ағымдағы есеп-шот бойынша операция жасау үшін қажетті шарттар:

 

   - Банкте ашылған ағымдағы есеп-шот;

   - Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес операция өткізу үшін төлем құжаттарын рәсімдеу, (төлемдік тапсырыс, валюта аударуға өтініш, конвертация жасауға өтініш және т.б.);

   - Валюталық операциялар жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының валютаны талап ету заңнамасымен бекітілген қажетті  құжаттарды  ұсыну арқылы төлем және ақша аударуды жүзеге асыра алады.

 

    Банкте ашылған ағымдағы есеп-шот бойынша Сіз келесі операцияларды жүзеге асыра аласыз:

 

   - Банк ішінде және өзге банктерге ақша аудара аласыз (теңгемен және шет ел валютасымен) - алынған және қойылған тауарлар, құралдар, өндірістік өнімдер, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін;

   - Жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақылық жарнаны төлей аласыз;

   - Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларына міндетті аударылатын қаржыны төлей аласыз;

   - Бюджетке салықты төлеу және өзге де міндетті төлемдерді төлей аласыз;

   - Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы келмейтін өзге де мақсаттарға пайдалана аласыз;

   - Қолма-қол ақшасыз шетелдік валюта конвертациялай аласыз (сату/сатып алу)

   - Қолма-қол ақшамен операцияларды жасай аласыз (ағымдағы есеп-шотқа ақша аудару және ағымдағы есеп-шоттан қолма-қол ақша алу)

 

    Банкте ашылған ағымдағы есеп-шот бойынша операция жасаудың артықшылықтары:

 

  -  Төлемдерді, аударымды және  клиенттердің есеп-шотқа тіркеп көрсеткен өзге де операцияларын жедел орындау;

  -  Әлемнің көптеген аймақтарына ақша аударуды жүзеге асыру мүмкіндігі;

  -  Операция жасауға рәсім жасаудың  тиімді әрі жеңіл тәсілі;

  -  Келісім-шарт бойынша төлемді ұлттық валютада да, шетел валютасында да төлеу мүмкіндігі;

  -  Резиденттер мен резиденттер еместің арасында төлемді жүзеге асыру кезінде кеңес алу мүмкіндігі (тексеру, тауарды кедендік рәсімдеуге дейін/кейін төлеуді қарастыратын келісім-шарт бойынша келісім құжатын рәсімдеу).

 

    Клиенттің төлем жасау/ақша аудару бойынша нұсқауын Банктің орындайтын уақыты (валюттендіру күні)

 

   - Банк аясында – «күнбе күн»;

   - Есеп-шоты өзге банктерде ашылған клиенттер үшін - 1-3 күнге дейін. Банк акцептеген төлем құжатында көрсетілген валюттендіру күніне байланысты.

 

Қызмет бағасы

    Ағымдағы есеп-шотпен жүргізілетін операциялар үшін Банк тарифтеріне сәйкес комиссиялық сыйақы алынады.

 

Зейнетақы мен  әлеуметтік көмек ақыны алу

 

 Үлкендерді құрметтеу  мен қамқорлық көрсету дәстүрі  бойынша, біз «Көрпе» жаңа қызметі арқылы

   - мемлекеттік зейнетақы және әлеуметтік көмек ақы төлеу орталығы (ЗТМО) мен

   - Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы мен әлеуметтік көмек алушылар үшін жайлылықтың жаңа қалыбын ұсынамыз.

 

ЗТМО-нан зейнетақы мен  әлеуметтік көмекақы алушылар үшін-«Ақшаны  беру кезінде комиссия алымынсыз»

 

«Көрпе» қызметінің ЗТМО арқылы зейнетақы алушылар үшін тиімділігі:

 

   - Сіз ЗТМО аударған зейнетақы немесе әлеуметтік көмекті шотыңыздан ешқандай төлемсіз ала-аласыз.

   - Шотыңыздағы қаржыны комиссиясыз жұмсай аласыз.

     1) Сондай-ақ ақшаны қолма-қол алу,

        2) Зейнетақы картасы арқылы Қазкоммерцбанктің әріптестер желісінде (супермаркеттерден және т.б)тауарлар мен қызмет ақысын төлеу

        3) Қазкоммерцбанктің кез-келген филиалынан Қазақстан бойынша ақша аударымдарын жасауды (өзіңізге, басқа адамдарға, заңды тұлғаларға) жүзеге асыра аласыз.

 

    ЗТМО-нан зейнетақы мен әлеуметтік көмек ақы алуға арналған арнайы шот немесе зейнетақы картасы

   ЖЗҚ арқылы төлемдер алатындар үшін "Көрпе"қызметінің тиімділігі

    Қазкоммерцбанктегі  шотыңызға ЗЖҚ-нан ақша түскен соң оны пайдалану үшін кез-келген тиімді банк қызметін пайдалана аласыз.

 

Мысалы:

 

   - қолма-қол ақша алу, шет ел валютасына аудару

   - несие төлеу, салымдарға қосу

   - өз шотыңызды жықындарыңыз бен туыстарыңыздың басқаруына мүмкіндік беру (сенім хат негізінде)

   - өз шотыңыздан ақша аудару

   - ақшаны Қазкоммерцбанктегі басқа да өз шоттарыңызға тегін аудару (салымдар, карталар, ағымдағы шоттар)

   - Қазкоммерцбанктің Қазақстан, Ресей* және Қырғызстандағы филиалдарына төмен бағамдар бойынша аударым жасау

  1. Москоммерцбанкке
  2. Қазкоммерцбанк Қырғызстанға

 

«Көрпе» қызметін пайдалану  арқылы Қазкоммерцбанктен зейнетақы  мен әлеуметтік төлем ақыларды алу үшін не істеу керек?

 

   - Банктен арнайы шот ашу (егер қаласаңыз арнайы зейнетақы картасын алыңыз)

Информация о работе Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады