Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 15:07, курсовая работа
Описание работы
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық салу механизмi зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.
1 САЛЫҚ САЯСАТ ҮКІМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ ..................................................................................................5 1.1 Салық саясаттың экономикалық мәні, рөлі мен бағыттары .......................5 2.2 Салық саясаттың құралдары мен негізгі түрлері ........................................10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ ............................21 2.1 Қазақстан Республикасы салық саясаты құралдары, жүргізетін органдары және құқықтық негізі ..................................................................21 Нарықтық тепе-теңдiктi салық саясат арқылы реттеу .................................24
3 Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары ..........................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................34 ПАЙДАЛНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................................35
1 САЛЫҚ САЯСАТ ҮКІМЕТТІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ ..................................................................................................5
1.1 Салық саясаттың экономикалық
мәні, рөлі мен бағыттары .......................5
2.2 Салық саясаттың құралдары
мен негізгі түрлері ........................................10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
САЛЫҚ САЯСАТЫ ............................21
2.1 Қазақстан Республикасы
салық саясаты құралдары, жүргізетін органдары
және құқықтық негізі ..................................................................21
Нарықтық тепе-теңдiктi салық саясат арқылы реттеу .................................24
3 Қазақстан Республикасы
салық саясатының даму келешегі мен орта
мерзімді жоспары ..........................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................34
Нарықтық қатынастардың құрылымында
да, мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi
салық жүйесi мен салық салу механизмi
зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер
пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет
құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан
салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және
жаңаруымен қабаттаса жүредi.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны
салық саясаты – бюджет (мемлекеттің шығыстары)
мен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз
етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің
процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға
кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін
көбейту немесе азайту арқылы мемлекет
олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп
отырады.
Салық саясат деген әртүрлі
көзқарастарды қорыта келе, салық саясат
– мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық
міндеттерді шешу үшін, үкіметпен қабылданатын
мемлекеттік шығындар мен салық салу шараларының
жиынтығы.
Мемлекеттік салық саясатын
– салықтар саласындағы іс- шаралары жүйесін
әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес
қоғам дамуының нақты кезаңдегі әлеуметтік
–экономикалық және басқа мақсаттар мен
міндеттеріне қарай жүргізеді.
Салық салу обьектісін бағалау
дәрежесіне қарай салықтар нақты және
жеке болып бөлінеді. Нақты салықтар –
мүліктердің сыртқы белгісіне қарай, нақтылы
табыстың түсуі есептелместен (жер салығы
, мүлікке салынатын салық, құнды қағаздарға
лынатын салық) салынады.
Жеке салықтар жеке адамдар
мен заңды мекемелердің қаражат жағдайына
байланысты (пайдаға салынатын салық,
табыс салығы, мұра немесе сыйға тартуға
ауысқан мүліктерге салынатын салық) салынады.
Қазіргі экономикалық дағдарыстан
әлі де құтыла алмай отырған еліміз үшін
салық жүйесін жетілдіру, дамыту тақырыбы
өте өзекті, маңызды және де керекті деп
ойлаймын.
Айта кету керек, 1995 жылы 24 сәуірде
Президенттің Заң күші бар жарлығымен
қабылданған «Салықтар және бюджетке
төленетін басқа да төлемдер туралы» Салық
Кодексі біздің еліміздің экономикасы
үшін үлкен қызмет атқарды. Жалпы ішкі
табыстың бүгінгі күні барлық ТМД
елдерімен салыстырғанда жоғары деңгейде
тұруы – соның айғағы.
Шетел инвестициялары біздің
экономикаға келтіру және бағыттау бағдарламалары
салық заңдылығымен айтылып жатқанын
айту керек. Жалпы қарап отырсақ, салық
кодексінің әлемдік стандартқа сай болуы
– шетелдік инвестицияның біздің елге
келуіне көп әсер беруі.
Біздің салық жүйеміздің жоғары
деңгейде көріне білгені елімізге көп
пайда келтіреді.
Сондықтан мен курстық жұмысымның
тақырыбын “Қазақстан Республикасының
салық саясаты ” деп алдым. Аталған
жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі
мен салық саясатының мәні мен маңызын
көрсету.
Бұл тақырыптың өзектілігі
еліміздің өтпелі экономикалық негіздегі
нарықтық қатынастарға өту барысында
ұлттық экономиканың тиімді дамып, әлемдегі
жоғары дамыған елдер қатарына қосылуы
үшін макроэкономикалық реттеулердің
негізгі қүралдарының бірі болып табылатын
салық саясаттың маңыздылығын, оның құрылымы
мен түрлерін, олардың экономикаға әсерлерін
қарастыру болып табылады.
Менің бұл курстық жұмысты орындаудағы
мақсатым салық саясаты- салықтар саласындағы
іс-шаралар жүйесін әзірлеген экономикалық
саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты
кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық
және басқа мақсаттар мен міндеттеріне
жетудің бірден – бір даңғыл жолы екендігін
айтып өту болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мен
курстық жұмысты орындау үстінде келесідей
міндеттерді айқындап алуым керек.Оларға:
Салық саясатының мәні, мазмұны;
Салық саясаттың экономикалық
мәнін және түрлерін талдау;
Салық саясаттының түрлеріне
және іске асу формасына байланысты олардың
экоеномикаға тигізер әсерлерін атап
өту;
Салық саясаттың негізгі құралы болып табылатын салықтардың нарық тепе-теңдігіне, макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін талдау;
Қазақстанның орта мерзімді
салық саясатына талдау жасау;
Қазақстан Республикасының
орта 2013-2014 жылдарға арналған орта мерзімді салық саясатының бағдары мен мақсатына тоқталып өту болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы
салық саясатының даму стратегиясын талдау
болып табылады.
Жұмыстың құрылымына тоқталатын
болсақ: бірінші бөлімде салық саясатының
теориялық аспектілеріне, формалары мен
түрлерін макроэкономикалық талдау жасалса,
ал екінші бөлімде ҚР-ның салық саясатының
жүргізілу барысы мен оның даму стратегиялары
қарастырылып өтілді.
1 САЛЫҚ САЯСАТЫ ҮКІМЕТТІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ
1.1 Салық саясаттың
экономикалық мәні, рөлі мен бағыттары
Макроэкономикалық реттеуде
мультипликатордың іс-әрекетінің жоғарыда
баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырылып
экономикалық циклдың сипатына қарай
дискрециялық салық саясаттың нұсқалары
тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы
салық саясат жүргізіледі, ол мыналарды
қарастырады:
Мемлекет шығыстарының көбеюі;
Салықтардың төмендеуі;
Мемлекеттің шығыстарының артуының
үлкен нәтижесін ескере отырып салық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі. [2,б. 154 ]
Қаржылық реттеудің басты мазмұны
салық саясаты – бюджет (мемлекеттің шығыстары)
мен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз
етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің
процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға
кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін
көбейту немесе азайту арқылы мемлекет
олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп
отырады.
Тежеушілік салық саясат бюджет
артығына жетуге бағдарланған болуы тиіс.
Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған
тежеушілік салық саясат кері бағыттарды
қамтиды:
Мемлекет шығыстарының азаюы;
Салықтардың көбеюі;
Осы аталған бағыттардың үйлесуі.
Дискрециялық емес салық
саясат акценттті нарықтық өзін-өзі реттеуге
қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне
аз араласуын қажет етеді.
Дискрециялық емес салық
саясат автоматты, яғни кіріктірме тұрақтандырғыштардың
механизмі негізінде іс-әрекет етеді.
Бұл жағдайда экономикалық циклдің түрлі
фазаларында салық алынымдарының сомасы
ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде
түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей
отырып, салық түсімдері өседі және автоматты
түрде экономикалық өсуді тежейді. Құлдырау
кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің
азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері
төмендейді. Келесі 1-ші суреттен мемлекеттің
шығыстары мөлшерінің (G сызығы) тұрақтылық
жағдайы кезінде бұл өзгерістер салықтардың
өзгерісі ( Т сызығы) көрсетілген: [8,б. 305
]
Автоматты тұрақтандырғыштардың
іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет
тапшылықтары мен артығын реттеу болып
табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында
қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет
артығы пайда болады, бұл инфляцияны тежеуге
жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің
жоғары деңгейі инфляциямен жалғасады;
құлдырау фазасында құлдырауды жоюға
ынталандыратын бюджет тапшылығы біртіндеп
өсе бастайды.
Т
G+Т Тапшылық
Артықшылық
G
0 Q1
Q2
Q3
1 - сурет – Экономикаға
салық өзгерісінің жалпы әсері
[2,б. 156 ]
Тәжірибеде тепе-теңдік үлгілерінде
қаралған тәуелділіктер қосымша факторлардың
әсерін бастан кешіреді:
Салық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы;
Ығыстыру әрекетінің іс
әрекеттілігі, бұл ақша нарығында пайыздық
мөлшерлемелердің өсуімен байланысты
үкімет шығыстарының көбеюі кезінде жекеше
инвестициялар элементтерінің қысқаруында
көрінеді.
Сұранымды ынталандыру жиынтық
ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың инфляциялық
көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық
шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;
ашық экономикада ұлттық өндірістің
жиынтық шығыстардың элементі ретінде
таза экспорттың мөлшерін өзгертетін
валюта бағамдары өзгерісінің ықпалын
басынан кешіреді. [7,б. 344 ]
Сондықтан ынталандырушы салық
саясаттың шаралары жоғарыда айтылған
факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі
мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар
мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды
экономиканы реттеудің негіз қалаушы
факторы ретінде болып көрінеді: мемлекет
жиынтық сұранымды ынталандыруға мүмкіндік
түғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің
артуына ықпал етеді, мемлекет көтере
сатып алудың деңгейін көтереді.
тұтыну сұранымын қусыруға
бағытталған жалақының өсуін шектеу;
шектеулі ақша – несие саясаты,
ақша эмиссиясына және Орталық банктегі
мемлекеттік қарыздарға лимит енгізу,
банк пайызының мөлшерлемесін өсіру;
бағаға және экспорт-импорт
операцияларына бақылауды әлсірету, экономиканың
экспорттық секторына ресурстардың қайта
құйылымын көтермелеу;
төлем балансын сауықтыру үшін
ұлттық ақша бірлігін девальвациялау;
Бірақ бұларды іске асыру үшін
келесі шараларды орындау керек:
ақша массасына бағдарланған
жоғары икемділік;
дүниежүзілік бағаларға ішкі
бағалардың икемділігі;
бағалардың қозғалысының тауарлар
қозғалысынан жоғары икемділігі;
экономикалық ресурстардың
едәуір өздерін алмастырушылығы.
Салықтар саласындағы салық
саясат олардың ықпал етуінің екі бағытын
қарастырады: сұранымға (кейнстік үлгі)
және ұсынымға (ұсыным теориясы). Бірінші
жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық
сұраным артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін
және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни
иняфляцияның қарқыны тездейді. [2,б. 155]
Екінші жағдайда салықтардың
төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді,
өйткені халықтың табыстары мен жинақ
ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті
инвестициялауы өседі. Қызметкерлердің
аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке
деген ынтаны арттырады, мұның өзі өндірістің
ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің
жалпы түрде өсуін, бағалардың төмендеуін
қамтамасыз етеді.
Мұнан басқа ұсыным экономикасының
теориясы салықтардың аса төмен мөлшерлемелері
салықтық түсімдердің сомаларын қысқартуға
міндетті еместігін, керісінше, салық
базасын кеңейту – ұлттық өндіріс пен
табыстың көбеюі және көлеңкелі экономиканың
азаюы есебінен салықтық түсімдердің
өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.
Салықтардың инвестициялық
қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі
ретінде салық салудың үдемелігі және
бюджет кірістері арасындағы тәуелділік
қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының
нарық жағдайында экономикасының дамуы,
мемлекеттің экономикалық саясатының
құрылымдық және қаржы саясаттарының
шешуші шараларына байланысты. Қаржы саясатының
негізі болып салық саясат, яғни үкіметтің
салық салу жүйесіндегі және мемлекеттік
шығындарды реттеуі төңірегінде жүргізетін
бюджеттік-салық саясаты саналады. Салықтардың
әлеуметтік-экономикалық мәні мен атқаратын
рөлі, қоғамның саяси және экономикалық
құрылғысына, мемлекеттің табиғаты мен
алдында тұрған міндеттеріне байланысты
анықталады.
Салық саясатқа мемлекттің
бюджет қорын бөлу қызметі де жатады, яғни
бір жағынан салық салу жүйесі арқылы
бюджеттің кіріс қорын толтыратын болса,
ал екінші жағынан – оларды экономикада
және қоғамда қажеттілік туындап отырған
салаларға немесе аумақтарға жұмсаумен,
бөлумен айналысады. Мемлекет дәр осы
қорлардың есебінен ұлттық қауіпсіздікті,
халықтың қоғамдық игіліктері мен қызметтерін
тұтынуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ
саяси, әлеуметтік, экологиялық және басқа
да көптеген мәселелерді шешеді.