Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 15:07, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық салу механизмi зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.

Содержание работы

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3

1 САЛЫҚ САЯСАТ ҮКІМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ ..................................................................................................5
1.1 Салық саясаттың экономикалық мәні, рөлі мен бағыттары .......................5
2.2 Салық саясаттың құралдары мен негізгі түрлері ........................................10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ ............................21
2.1 Қазақстан Республикасы салық саясаты құралдары, жүргізетін органдары және құқықтық негізі ..................................................................21
Нарықтық тепе-теңдiктi салық саясат арқылы реттеу .................................24

3 Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары ..........................................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................................35

Файлы: 1 файл

Saly_1179_sayasaty_1178_R_MAB_2014-0.docx

— 166.81 Кб (Скачать файл)

          Тепе-теңдік табыс көлеміне мультипликаторлық  әсер салық мөлшерінің  төмендеуіне  байланысты болады. Егер салық  төлеу мөлшері ∆T   төмендесе, онда қолда бар табыс  Yd = Y-T-ға  өседі.  Тұтыну шығындарына сәйкес  түрде  (∆T *b) көлеміне өседі, бұл  жағдай жоспарланған шығындарды  оңға қарай жоғары жылжытады  және тепе-теңдік өнім көлемін  Y1-ден Y2   көлеміне өсіреді.

        Ол  көлем       ∆Y = - ∆T * b / 1-b  тең.

        Мұндағы   ∆Y/ ∆T = -b / 1-b      салық  мультипликаторы деп алады.

        Салық  мультипликаторының механизмі, мемлекеттік  шығындар ммультипликаторы сияқты, салық көлемінің бір өзгерісіне  тұтынудың көп қатар өзгерісін  көрсетеді.

       Салық  мөлшері ∆T-ға  төмендесе:

  • Қолда бар табыс ∆T-ға өседі;

  • Тұтыну (∆T *b) шамасына өседі;

  • Жиынтық шығындар (∆T *b) шамасына өседі;

  • Жиынтық табыс (∆T *b) шамасына өседі;

  • Тұтыну  в (∆T *b) шамасына өседі;

  • Жиынтық шығындар (∆T *b2) шамасына өседі;

  • Жиынтық табыс (∆T *b2) шамасына өседі;

  • Тұтыну b (∆T  *b2) шамасына өседі;

      Егер де  мемлекеттік бюджетке берілетін  салық мөлшері табыс динамикасына  тәуелді деп алсақ, онда салық  функциясы төмендегідей түрде  жазылады:   [2,б. 160]

Т = t * Y (1)

 

      Егерде  мемлекеттік шығындар және автонамды  салық төлемдері бірдей көлемге  өзгерсе, онда тепе-теңдік өнім  көлемі де өседі. Мұндай жағдайда  юаланстық бюджет мультипликаторы  орын алады деп айтылады. Баланстық  бюджет мультипликаторы бірге  тең немесе бірден кіші.

Баланстық бюджет мультипликаторы бюджет тапшылығы мен артықшылығын мүлдем жоя алмайды. Бұл жерде табыс пен шығынды теңгеру туралыы айтылады. Демек (∆T = ∆G).

Мемлекеттің шығындарының өсуімен салыстырғанда салық мөлшерінің азаюынан мультипликаторлық әсер әлсіздеу. Бұл жағдай алгебралық өрнекте шығын мультипликаторының салық мультипликаторынан жоғары, үлкен екендігі арқылы көрсетілген.

Бұл құбылыс салықтың өзгерісіміен салыстырғанда мемлекеттік шығындардың табыстың көлеміне және тұтынуға әсерінің  күштілігімен байланысты болады. Бұл айырмашылық қазыналық саясат құралдарын таңдағанда анықтаушы болып есептеледі. Егер де қазыналық саясат экономикадағы мемлекеттік секторды кеңейту мақсатын көздесе, онда циклдық құлдырауды тоқтату үшін мемлекет шығындарын өсіреді, бұл құбылыс күшті ынталандырушы әсер береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТЫНА  ТАЛДАУ ЖАСАУ

 

2.1 Қазақстан Республикасы  салық саясаты құралдары, жүргізетін органдары және құқықтық негізі

 

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс. [13,б. 201]

Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Қазақстан Республикасы салық саясаты бүгінгі таңда жүргізілу барысы алдағы үш жылдық кезеңге алдын-ала жоспарлану негізінде іске асуда.

Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi салық саясатты айқындау процесі келесідей сипатта болады:

1. Орта мерзiмдi салық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:

    • мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;

    • бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;

    • бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;

    • республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;

    • бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;

    • мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;

    • ықтимал салық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады. [12,б. 187]

2. Орта мерзiмдi салық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы бекiтiлген орта мерзiмдi салық саясат, мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.

Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.

Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық шаруашыылқтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруға тиіс.

Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканын мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап отыр.

Экономиканы одан әрі тұрақты дамыту, жүргізіліп жатқан реформаларды тереңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингіне, қаржы құралдарына салық салуды және оның нормаларын жетілдіру жәек кәсіпкерлердің инвестициялық тартымдылықтарын күшейту инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтіледі. Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету үшін салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру, сондай-ақ инвестициялар көлемін өсіру және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру есебінен ел экономикасын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында орта мерзімді кезеңде салық саясатының негізгі бағыттары анықталады. Олар: [10,б. 23]

    • шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану аясын кеңейиу және оларды ең алдымен экономиканың шикізат емес секторына инвестиция тарту үшін шаралар қолдану;

    • Салықтық әкімшілендірк процесін одан әрі жетілдіру;

    • Салық салу және оның механизмін акпараттандыру және компьютрлендіру;

    • Қазақстандық экономиканың бәсеке қабілеттілігін күшейту мақсатында 2011 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды тұлғалардың кірістерінен  жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп ауыстыру мүмкіндігін қарау болып табылады деп көзделуде.

Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері мен салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалады.

Келесі 1-ші кестеден мемлекеттік бюджет кірістерінің 2011-2013 жылдарға арналған болжамын ЖІӨ-гі пайызбен көре аламыз.  [14,б. 35]

 

Кесте 1- Мемлекетік бюджет кірістерінің 2011-2013 жылдарға арналған ЖІӨ-гі үлесі

 

Атауы

2011

2012

2013

Кірістер

22,3

22,7

23,2

Салықтық түсімдер

21,3

21,5

22

Салықтық емес түсімдер

0,6

0,5

0,5

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

0,4

0,7

0,7


 

 

Қазақстанда 1991-1995 жылдар 1990 жылмен салыстырғанда ЖIӨ көлемi 38,6%-ға төмендедi, яғни жылына шамамен 8%-ды құрап отырды.  2000 жылға дейiнгi ЖIӨ көлемiнiң өсу қарқыны байқалғандығымен 1990 жылмен салыстырғанда 69,3% -құрады. Ал сонғы 2000-2011 жылдар аралығында ЖIӨ-нiң жиынтық өсiмi 70%-дан астам болды. Сонда ЖIӨ динамикасына назар аударатын болсақ Қазақстанда экономикалық өсудiң динамикасын келесi түрде көруге болады екен.   [9]

Экономикалық қауіпсіздіктің бүгінгі таңдағы екінші мәселесі инфляцияның жоғарғы деңгейінің орын алуы және оның ақша-несие саясаты белгілеген мөлшерлемесінен асып кетуі болып отыр.

2009-2011 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір мезгілде орындауға негізделетін болады. Тұтастай алғанда орта мерзімі кезеңде жүргізіліп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және мыналарға:

  • Денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;

  • Білім беруді дамытуға;

  • Әлеуметтік реформаларды одан әрітереңдетуге;

  • Идустриялық-инновациялық дамуды қолдауға;

  • Аграрлық секторды дамытуға; Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыруға;

  • Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;

  • Мемлекеттік қызметтердіңтиімділігін арттыруға бағытталып отыр.

Орта мерзімді кезенде салық саясаттың негізгі мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндететрін шешу үшін салық-бюджет құралдарын тиімді қолдану, атап айтқанда, Қазақстанды әлеуметтік және экономикалық жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі нарттыру болып табылады.  [2,б. 166]

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Нарықтық тепе-теңдiктi салық саясат арқылы реттеу

 

 

Қоғамдық шаруашылықта мемлекеттiң өмiр сүруiнiң негiзi бұл салық болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттiң нарықтық тепе-теңдiкке әсерiнiң бiрi ол салықтық реттеу болып табылады. Мемлекеттiң салық саясаты бұл нарықта ресурстарды көбейту, қоғамдық мақсаттарға бағытталған қызметтерге жұмсалады .

Мемлекеттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржымен қамтамасыз ететін бірден-бір құрал.

Қоғамдық шаруашылықта мемлекеттiң өмiр сүруiнiң негiзi бұл салық болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттiң нарықтық тепе-теңдiкке әсерiнiң бiрi ол салықтық реттеу болып табылады. Мемлекеттiң салық саясаты бұл нарықта ресурстарды көбейту, қоғамдық мақсаттарға бағытталған қызметтерге жұмсалады.

Орта мерзімді салық саясат республикалық бюджетті қалыптастырудың негізі және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде салық және бюджет саясатын қалыптастырған және іске асырған кезде үйлестіруші құжат болып табылады. /14/

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011-2013 жылдарға арналған орта мерзімді салық саясаты Қазақстан Республикасының Президентінің 207 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауын ескере отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуіштердің болжамы, мемлекеттік салалық бағдарламалар мен басқа стратегиялық  және бағдарламалық құжаттар негізінде әзірленген.

Орта мерзімді салық саясаттың мақсаттары мен міндеттері:

Орта мерзімді кезеңде салық саясаттың негізгі мақсаты ел экономикасының өсуін мемлекеттік басқарудың институционалдық негізін нығайту және жаңғырту жолымен жеделдетуге жәрдемдесетін, шығыстардың деңгейін ұлғайтпай оның тиімділігін арттыру есебінен мемлекеттің қаржылай мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге ықпал ететін болады:

    1. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісін енгізу мақсатында бюджет заңнамасын жетілдіру, бұл мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, бюджеттің жоспарларымен стратегиялық, орта мерзімді даму жоспарларын үйлестіру жүргізуге, бюджеттің әлеуметтік және инвестициялық құрамдауыштарын күшейту үшін қаржа ресурстарын оңтайландыру есебінен оларды босатуға мүмкіндік береді;

    1. Халықаралық есеп беру стандарттарына көшуіне байланысты салықтық және бухгалтерлік заңдылықтарды үндестіру;

Информация о работе Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары